Файл: Студентті зіндік жмысы 1 Оушыларды физиологиялы дамуы пніне кіріспе Жоспар.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 05.12.2023

Просмотров: 312

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Мұндай мәліметтер қазақ балаларының өсуінде де кездеседі. Айталық, 1976 жылғы Алматы қаласының 13 жастағы оқушыларының бойы орта шамамен 152 см, салмағы 44,17 кг, кеуде шеңбері 78,13 см болса (Алиакбарова, 1993,1995), 1950 жылдары ол керсеткіштер 146,6 см; 37,03 кг; 70,67 см (Шәкенов, 1960) болған, ал 1980 жылдары айтарлықтай айырмашылықтың бар екенін керуге болады.
Өсу мен дамудың акселерациясының бірнеше белгілері бар:
  • Жаңа туған нәрестелердің ірі болуы (1970-80 жылдары Алматыда туған нәрестелер 1950-1955 жылдары туған сәбилерден 3-4 см ұзын, 0,4-0,5 кг ауыр);
  • белгілі бір жас мерзімінде балалар мен жастардың денесінің ірі болуы;
  • ерте жыныстық жетілу (қазіргі жастарда жыныстық жетілу белгілері 1,5-2 жыл ерте басталып, ерте аяқталады; оның белгілері: мысалы, қыздардың етек кірінің 10-12 жаста басталып, сүт бездерінің ерте жетілуі, жамбас сүйектерінің өсуі);
  • Баланың сүйегі ерте қатады сүйектің қатуының белгісі:баланың сүт тістері 1-2 жыл ерте шығып, тұрақты тістері ерте пайда болады, мандай еңбегі ерте жабылады. Қазіргі кезде нәрестенің мандай еңбегінің 9-10 айда жабылуы қалыпты жағдай деп есептеледi;
  • жастардың бойының өсуі ерте тоқталады: қалыпты жағдайда жігіттерде 22-24 жаста, қыздарда 20-22 жаста бойының өсуі тоқталса, акселераттарда өсу;
  • 2 жылдай бұрын аяқталады (өсуі мен дамуының акселерациясы байқалатын жастарды акселерат деп атайды), Яғни жігіттердің бойы 20-22 жаста, қыздардың бойы 18-20 жаста өсуін тоқтатады.
Өсу мен дамудың акселерациясының себептері туралы бірнеше болжамдар бар (генетикалық, гетерозистік, гелиогендік, урбанизациялык, әлеуметтік-экономикалық, т.б.), бірақ олардың әрқайсысы жеке алғанда өсу мен дамудың акселерациясын толық дәлелдей алмайды. Сондықтан 80-90-шы жылдары ұсынылған өсу мен дамудың акселерациясы комплексті (бірнеше) себептерге байланысты пайда болады деген тұжырымдар шындыққа көбірек үйлеседі.







Студенттің өзіндік жұмысы №3

Жүйке жүйесінің физиологиясы мен анатомиясы және олардың жас ерекшеліктері

Жоспар

  1. Нейрон. Нейронның құрылысы мен қасиеттері

  2. Рефлекс және оның доғасы

  3. Жүйке жүйесінің маңызы

  4. Жүйке жүйесінің құрылысы

  5. Баланың жүйке жүйесінің даму ерекшеліктері.


1. Нейрон. Нейронның құрылысы мен қасиеттері.

Нейрон деп жүйке торшасы мен оның өсінділердің жиынтығын айтады. Ол жүйке жүйесінің құрылымдық және функционалдық негізі болып табылады. Нейрон құрамында төрт құрылым болады: торша тұлғасы-денесіне (сома), қысқа өсінділер – дендриттер, ұзын өсінді – аксон ұшы немесе терминалдар. Нейронның аталған бөліктерінің әрқайсысы өзіне ғана тән қызмет атқарады.

Нейронның құрылысы қызметі.



Нейрон тұлғасы (сома) синтез процесін жүргізеді. Оның құрамында ядро, рибосомалар, эндоплазмалық тор және басқа қосындылар болады. Мұнда медиаторлар, торша белоктары және басқа компоненттер түзіледі. Ол зақымданса бүкіл нейрон қызметі бұзылады.

Аксон – тітіркеністі басқа торшаларға – жүйке, ет немесе секреторлық торшаларға – жеткізеді. Аксон – жүйке торшаларының ұзын өсіндісі. Ол Орталық жүйке жүйесін шеткі ағзалармен байланыстырады. Сезімтал (сенсорлық) нейрондар аксоны тітіркеністі шеткі рецепторлардан Орталық жүйке жүйесіне жеткізеді. Қозғағыш (моторлық) нейрондар аксоны тітіркеністі Орталық жүйке жүйесінен дене еттеріне жеткізеді. Орталық жүйке жүйесі  ішкі ағзалармен де аксон арқылы байланысады. Аксонның қызметі – тітіркеністі өткізу. Тітіркеніс электр потенциялының туындауы нәтижесінде пайда болады да, аксон бойымен сомадан нерв ұшына дейін толқын сипатта таралады. Аяқталар жерінде аксон тарамданып, жіңішке тармақтар (терминалдар) түзеді де, әрбір терминал өздері жалғасатын торшалармен арнаулы жалғамалар – синапс, құрайды.

Дендриттер – нерв торшаларының қысқа өсінділерінің бұтақтана тармақтануының нәтижесінде пайда болады. Әрбір нейрон дендриттерімен жүздеген, тіпті мыңдаған аксон терминалдары жалғасады. Әр бір қозған терминал медиатор бөледі де, дендрит мембранасының өтімділігіне әсер етіп, электр потенциялын тудырады. Дендритте пайда болған синапстық потенциял одан әрі сома арқылы аксонның басқа сегменттеріне – ұшына беріледі.

Нейрондар атқаратын қызметіне қарай үш топқа бөлінеді.

  • Бірінші топқа тітіркеністі рецепторлардан ОЖЖ-не жеткізетін нейрондар жатады. Оларды сезімтал немесе орталыққа тепкіш жүйке талшықтары дейді.

  • Нейрондарың екінші тобы қозудың ОЖЖ-нен басқа торшаларға, ұлпаларға, мүшелерге жеткізіледі. Олардың эфференттік немесе қозғыш нейрондар деп атайды. Бұл нейрондардың шеткей жүйке тамырлар құрамына енетін ұзын өсінділерін орталықтан тепкіш немесе қозғыш жүйке талшықтары дейді.

  • Нейрондардың үшінші тобына сезімтал және қозғыш торшаларды бір-бірімен байланыстыратын аралық немесе жалғастырушы жүйке торшалары жатады. Жалғастырушы нейрондар тек ОЖЖ-сі аумағында орналасады.


Орталық, немесе нейрон аралық, синапс деп аксон ұшының басқа жүйке торшаларының денесімен не өсінділерімен жалғасқан жерін айтады. Бір аралық не қозғыш нейрон беткейімен басқа жүздеген, тіпті мыңдаған нейрондар аксондары жанасады. Орталық синапстар орын тепкен жеріне қарай аксосомалық, аксодендриттік, аксоаксолық болып бөлінеді. Аксон басқа жүйке торшаларының денесімен жалғасса оны аксосомалық, дендритімен жалғасса – аксодендриттік, ал аксонымен жалғасса – аксоаксолық деп атайды.

Қызметіне қарай орталық синапстар қоздырғыш және тежеуші болып бөлінеді. Қоздырғыш синапстар негізінен аксодендриттік болып келеді. Олардың синапстық саңылауы кеңірек (300 А шамасында), артық шептік мембранасы қалың және тығыз болады. Синапс саңлауында табақшалар түрінде бос жатқан қосындылар кездесді, медиаторлы көпіршіктері ірі, дөңгелек пішінді келеді. Тежегіш синапстар саңылауы қоздырғыш синапстар саңылауынан 1,5-2 есе кем, артық шептік мембранасы жұқа, медиаторлы көпіршіктері майда, сопақша келеді де, саңлауда қосындылар болмайды.

Аксон ұшына жеткен тітіркеніс әсерімен синапс көпіршіктерінен медиатор бөлінеді. Бұл мембранаға жақындап, онымен жабысады да, медиатор синапстық саңлауға бөлінеді. Бұл құбылысты экзопитоз деп атайды. Медиаторы бөлініп, солға көпіршік мембранасы алғы шептік мембранаға қосылсып кетеді де, оның беткейін үлкейте түседі. Оған кейін алғы шептік мембрананың бір жері аксон ұшының ішіне қарай томпайып шығады да, қайтадан медиатор жинақтайтын көпіршік пайда болады. Бұл құбылысты эндоцитоз дейді.

2. Рефлекс және оның доғасы. Орталық жүйке жүйесі  өз қызметін рефлекс түрінде атқарады. Рефлекс деп организмнің әр түрлі ішкі немесе сыртқы әсерлерге орталық жүйке жүйесінің қатысуымен қайтаратын жауабын айтады. Ал, рефлекстің атқарлуын қамтамасыз ететін анатомиялық жолды рефлекс жолы, немесе рефлекс доғасы дейді.

Рефлекс дененің белгілі бір бөлігінде орналасқан рецепторлардың тітіркенуінен басталады. Дененің белгілі бір рефлекс тудыратын аймағын рефлексогендік аймақ, немесе рефлекс өрісі деп атайды.

Рефлекс алуан түрлі болады, сондықтан оны бірнеше принципті негізге ала отырып жіктеуге болады.

  • Биологиялық маңызына қарай рефлекстер қоректік, сақтану, жыныстық, ұрпақ қорғау бағдарлау т.б. болып бөлінеді.

  • Рецепторлар табиғатына қарай рефлекстер экстерорецептивтік, интерорецептивтік, проприорецептивтік болып бөлінеді.

  • Нейрондардың орналасуына қарай рефлекстер жұлқындық, бұл барлық, межэнцефальдық, диэнцефалдық және қырсықтық болып жіктеледі.




Рефлекстің бұл негізінде жіктелуі көп жағдайда шартты топтастыру болып табылады, себебі Орталық жүйке жүйесі  әр түрлі құрлымдары арасында тығыз морфологиялық және функционалдық байланыс болады.

Нерв орталығы деп организмнің белгілі бір қызметін реттейтін Орталық жүйке жүйесіндегі  нейрондар жиынтығын айтады. Организмде қанша рецепторлық қызмет болса, сонша нерв орталығы болады. Мысалы, тыныс алу, қан айналым, ас қорыту, сілекей бөлу, жылу реттеу т.с.с.

3. Жүйке жүйесінің маңызы

  • Жүйке жүйесі денедегі мүшелердің жұмысын реттейді. Мысалы, жүрек пен бұлшықеттердің жиырылуы; сүйектердің қозғалысқа келуі; тер, сілекей, сүт, қарын сөлінің бөлінуі және т. б. Осы әрекеттердің барлығы да тікелей жүйке жүйесінің қатысуымен жүреді.

  • Барлық мүшелер мен мүшелер жүйесінің бірімен-бірінің байланысы үйлесімді жұмыс істеуін басқарады. Мысалы, адам жүгіргенде аяқ бұлшықеттерінің жұмысы күшейетіндіктен, зат алмасу үдерісі қарқынды жүреді; тынысалу мен жүрек соғысы жиілейді; қан аз баратындықтан, асқорыту мүшелерінің жұмысы баяулайды.

  • Жүйке жүйесі ағза мен сыртқы ортаның байланысын қамтамасыз етеді. Сыртқы ортаның әр түрлі құбылыстарынан қорғану әрекеті адамның жүйке жүйесінің әсерінен болады. Мысалы, жақын келген көлікті (машина, трамвай, троллейбус және т. б.) өтіп кеткенше тоқтап күтіп тұру; аса ыстық немесе суықтан қорғану; денені зақымдайтын заттарға жоламау және т. б. Адамның ойлауы, саналы мінез-құлқы жүйке жүйесінің күрделі дамуына тәуелді (бағынышты).

4. Жүйке жүйесінің құрылысы. Адамның психикасы мен жан дүниесінің сырын жақсы түсініп, оның мән-жайына қанығу үшін ми мен пси­хиканың, материя мен сананың қарым-қатынасын біліп, жүйке жүйесінің құрылысы мен қызметі жайындағы қажетті мәліметтерді білу керек. Жоғары жүйке жүйе­сінің қызметі және оның заңдылықтары — психология ғылымының табиғи- ғылыми негізін құрайтын іргетас. Жануарлар мен адамдардың психикалық әрекетінің материалдық негізі — мидың және оның бѳліктерінің құрылысы екендігі тәжірибелік зерттеулер арқылы ғылыми тұрғыдан анықталған.

Жүйке жүйесі организмнің сыртқы ортамен байланысын ліүзеге асырып, айналадағы әсер еткен түтіркендіргіштерге жауап қайтарады. Сондай-ақ, ол түрлі дене мүшелерінің, клеткалардың қызметін, зат алмасуы мен қан айналысын реттеп, сыртқы ортаның ѳзгеруіне бейімделіп отырады. Жүйке жүйесі 
нейрон деп аталатын жеке клеткалардан құралған. Нейрондардың үзын тармақты аксон, қысқа тармақты дендрит дейтін екі түрлі тармағы бар. Нейрондардың тарамдала келіп, ѳзара түйінделіп бітетін жерін жүйке орталықтары дейді. Бұлар орталық, шеткі (перифериялық) Және ішкі (вегетативтік) жүйке жүйелерінің өне бойына орналасқан.

Орталық жүйке жүйесіне жұлын және ми, ал периферия- лык жүйке жүйесіне ми мен жұлын нервтерінен тарайтын эр түрлі шеткі нервтер жата­ды. Орталық жүйке жүйесінің бѳліктері кѳп қатарлы үйдің құрылымына ұқсас, олар бірі- нің үстіне бірі орналаса біткен. Осы бѳліктердің жоғарғысы- ның қызметі тѳменгілеріне қа­рағанда барынша күрделі бо­лып кедеді. Орталық жүйке жүйесінің тѳменгі бѳлімі — жұлын жуандығы 1 см-дей омыртқа қуысының ішіне орналас­қан, оның ұзындығы ересек адамдарда 45 см-ге дейін жетеді. Жұлыннан жан-жаққа 31 жұп нерв талшығы тарайды. Олардың бір тобы ортаға те- бетін, екінші бір тобы шетке тебетін нерв деп аталады. Жұлын біздің аяқ-қолымызды жинау, керіп-созу сияқты басқа да қарапайым қозғалыстары-Адамның ортмыздың орталығы болып саналық (перифериялық) жүйке жүлгесі болады.Бас миы жұлын шеті.Орталық жүйке жүйесінің(перифериялық жүйке жүйесі) жоғарғы бөлігі ми оның орташа салмағы — ересек адамдарда 1400 граммдай. Мұнда сопақіпа, ортаңғы және аралық ми — бәрі қосылып, ми бағанасын құрайды. Омыртқалы жануарлардың ми бағанасының атқаратын қызметі ерек­ше. Сопакша мидың сырт жағында формасы ағаш жапырағына ұқсас мишық (қарақұс) орналасқан. Мишық организмнің қозғалысына, оның бірқалыпты жүріс-тұрысы.

5. Баланың жүйке жүйесінің даму ерекшеліктері. Жаңа туған бала (туған сәттен бір-екі айға дейін). Бала көптеген жануарлардың төліне қарағанда дәрменсіз болып туылады. Оның шартсыз рефлекстік мінез-құлық формаларының қоры, сыртқы ортаға бейімделулері біршама шағын мөлшерде болады. Олар түрлі физиологиялық функциялардың өтуін реттеуші: сору рефлексі, қорғану және бағдарлау рефлекстері, сондай-ақ бірқатар арнайы қозғалыс рефлекстері, жармасу және сүйену рефлекстері, аттап басу рефлекстері және т. б. жатады. Олардың бәрі баланың сезім мүшелері сияқты туылатын сәтке қарай тиісті мөлшерде дамып жетілетін жүйке және ми қабығы асты нерв орталықтарымен реттеліп отырады. Сыртқы, әсерлердің көпшілігіне нәресте қолдары мен аяқтарының жалпы, жіктелмеген қимылдарымен жауап қайтарады. Үлкен ми сыңарларының қабығы әлі толық қалыптасып болмаған: нерв клеткаларының тармақтануы жок, дерлік, өткізгіш жолдар сақтағыш миелин қабықтарымен қапталмаған. Бұл қозудың кең жайылып кетуіне және шартты рефлекстердің пайда болуының қиындауына жеткізеді. Туа біткен мінез-құлықтың көптеген түрлерінің болмауы баланың әлсіздігін емес, қайта күштілігін білдіреді, өйткені ол адамға тән жаңа тәжірибені игерудін, мінез-құлықтың жаңа формаларын шексіз игерудің мүмкіндігіне ие болады. Жаңа туған кезеңдегі мидың қалыпты жетілуінің қажетті шарты — анализаторлардың белсенді қызмет атқаруы. Егер бала сенсорлық оқшаулану жағдайына түссе (тиісті мөлшердегі сырт әсерлердің болмауы), оның дамуы күрт баяулайды. Жаңа туған баланың дамуының айрықша ерекшелігі сол, оның соматикалық (дене) кимылдарынан гөрі анализаторлар іс-әрекеттері тезірек қалыптасады, соның ішінде әсіресе көру, есту тәрізді жоғары анализаторлардың іс-әрекеттері қарқынды қалыптасады. Осының негізінде бағдарлау рефлексі дамиды және сан алуан шартты рефлекстік байланыстар жасала бастайды. Көптеген жаңа туған балаларда алғашқы он күн ішінде тамақтану қалпына байланысты шартты рефлекс пайда болады. Алғашкы екі айда барлық анализаторлардан шартты рефлекстер жасалады.