Файл: Студентті зіндік жмысы 1 Оушыларды физиологиялы дамуы пніне кіріспе Жоспар.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 05.12.2023

Просмотров: 317

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Бағдарлау рефлексінің дамуы көру мен есту қабілетінін жинақталуы-нан көрінеді, бұл кезде ырықсыз, шашыранды қимылдар тежеледі. Егер өмірге келудің алғашқы күндерінде баланың ұйқысы және сергектік күйлері әлі нашар ажыратылатын болса, ал туған кезеңнің соңына қарай олар бөлініп, сергектік неғұрлым мазмұнды, белсенді сипат алады.

Пайда болған психикалық белсенділік ырықсыз қимыл белсенділігін баса білуден көрінеді. Екі-үш айға қарай балада үлкендерге көңіл аударудың ерекше түрлері көріне бастайды. Нәресте үлкен адамды қоршаған дүниемен жанасудың қажетті дәнекершісі кажеттерін қанағаттандырудың қайнар көзі ретінде бөліп қарайды. Біртіндеп баланың ересек адамнын көрінуіне байланысты жадырау комплексі деп аталатын, арнайы эмоциялы-қимыл реакциясы қалыптасады. Жадырау комплексі кол мен аяқтың екпінді қимылдарынан көрінеді. Бала өзіне еңкейген адамның бетіне тесіле қарап, оған жымиятын болады.

 Сезім міүшелерінің даму ерекшеліктері. Мүшелерді жаттықтырудың маңызы. Бала, көпшілік хайуанаттардың төліне қарағанда, әлдеқайда әлжуаз болып туа-ды. Жаңа туған нәресте сыртқы – әсердің көпшілігіне аяқтары мен қолдарын жөн – жосықсыз қимылдатып, қозғалтумен жауап береді. Алайда туа біткен мінез-құлық формаларының көптеген түрлерінің жоқтығы баланың әлсіздгі емес, керісінше күштілігі болып табылады.

Нәрестенің негізгі ерекшелігі —- жаңа тәжірибелерді игеру, адамға тән мінез-құлық формаларына ие болу мүмкіндігінің шексізді. Егер органикалық қажеттілік дәрежеде қанағаттандырылса, онда олар кешікпей өздерінің жетекшілік мәнін жояды және дұрыс режим мен тәрбие жағдайында жаңа қажеттіліктер (әсер алу, қимыл, үлкендермен қарым-қатынас қажеттіліктері) қалыптасады: солардың негізінде психикалық даму жүзеге асырылады.

Әсерленуге ұмтылу өзінің негізінде бағдарлау рефлексімен байланысты және баланың сезім мүшелерінің  әсерленуге әзірлігіне қарай дамиды. Жаңа туған баланың көру аппараты мен есту аппараты өмірінің бірінші күнінен бастап қызмет еткенмен, олардың жұмысы әлі де жетілмеген. Көру реакциясы жақын маңдағы жарықты ғана, есту реакциясы тек анық дыбысты ғана сезеді. Өмірінің алғашқы апталары мен айларында көру мен есту тез жетіледі. Бала заттардың қозғалысын көзімен бақылап, одан соң тұрған нәрсеге көз тоқтатып қарайды. Ол жай дыбысқа, атап айтқанда үлкендердің даусына елеңдей бастайды. Көру және есту тітіркендіргіштерге жауап ретінде бала әзірге сәл уқытқа ғана аяқ-қолының, басының қимылын тоқтатады, жылауын қояды, көру және есту шоғырландыруы туады.


Жаңа туған баланың маңызды ерекшелігі мынады: оның көруі мен естуі дене қозғалысынан жылдамырақ дамиды. Баланы алдымен қозғалысы жетілетін хайуанаттар тәнінен осы ерекшеліктері ажыратады.

Көру және есту аппараттары жұмысының дамуы, сыртқы тітіркендіргіш-терге реакцияны жетілдіру баланың нерв жүйесінің, ең алдымен оның миының пісіп жетілуі нәтижесінде жүзеге асады. Жаңа туған нәресте миының салмағы үлкен кісі миының 1/4-дей болады. Баладары нерв клеткаларының саны үлкендермен бірдей болғанымен, сәбиде ол клеткалар жеткіліксіз дамыған.. Осыған қарамастан туған бойда-ақ (тіпті шала балада да) шартты рефлекстердің пайда болуына толық мүмкіндік бар. Мұның өзі баланың сыртқы дүниемен байланыс орнатуына мидың жоғары бөлігі үлкен ми сыңарларының қыртысы, қатысатынын дәлелдейді. Бала өмірге келген алғашқы күннен бастап мидың салмағы тез артып, нерв талшықтары өседі және миелиндік қорғаныш қабыққа оранады. Мұның өзінде әсіресе сыртқы әсерге байланысты учаскелер тез қалыптасады. Үлкен ми сыңарлары қыртысының көру аясының көлемі екі апта ішінде бір жарым есе өседі.

Бірақ, мидың өсіп-жетілуі жаңа туған сәбидің сезім мүшелерінің дамуын өз-өзінен қамтамасыз етуі мүмкін деп ойлау дұрыс болмас еді. Бұл даму баланың сырттан алатын әсерінің ықпалымен өтеді. Оның үстіне мұндай әсерсіз жетілуінің өзі мүмкін емес. Жаңа туған кезеңдегі мидың дұрыс жетілуіне қажетті жағдай-сезім мүшелерін (анализаторларды) жаттықтыру, соның көмегімен сыртқы әлемнен алынатын әр түрлі сигналдардың миға өтуі. Егер бала сезіммен байланысты (сенсорлық) оқшаулау жағдайына тап болса (сыртқы әсердің жеткілікті мөлшерде болмауы), оның дамуы шұғыл тежеледі. Керісінше, егер сәби жеткілікті дәрежеде әсерленсе, онда бағдарлау рефлекстерінің тез дамуы (көру және естуге көңіл тоқтатудың пайда болуынан көрінеді) пайда болады, кенінгі қнмылдарды! меңгеруге және психикалық процестер мен сапалардың қалыптасуына негіз қаланады. Баланың нерв жүйесі мен сезім мүшелерінің дұрыс: дамуына қажетті көру және есту әсерінің түп негізі және бұл өте таңызды, осындай ықпалды ұйымдсатыушы болуы тиіс.  Үлкендер бір нәрсені баланың бетіне тақап, өзінің бетін төмен иіп, онымен сөйлеседі, сөйтіп сәбидің бағдарлау реакциясын белсенді ете түседі.

Эмоциялық өрісті дамыту. Жандану комплексі. Жаңа туған нәресте өмірге алғашқы қадамын шыңғырып жылаудан бастайды, бұл ілкіде шартсыз рефлекторлы сипатта болады. Алғашқы айқай-дауыс саңылауының тарылуының нәтижесі. Тарылу алғашқы тыныс рефлекстерін шығарады. Кейбір ғалымдар бірінші айқайды ұнамсыз сезімнің (эмоция) алғашқы көрінісі деп есептейді: тарылу тыныстың қысылуын туғызады. Осы жағдайда, шынында да бұлшық ет реакциясы мен эмоциялық көзқарасты ажырату ммаңызды емес, өйткені жаңа туған нәрестенің өмірлік тәжірибесі әлі жоқ. Алайда сәби жылу, ұйқы, тамақтану қажеттілігіне байланысты ұнамсыз түйсіктерге алғашқы күннен бастап-ақ шыңғырып жылаумен жауап береді деп сендіруге әбден болады. Баланың жылауы оның қарны ашуымен, жаялығының сулануымен т. б. негізделеді. Дұрыс тәрбие жағдайында нәрестенің құлақ тұндырарлық «іңгәсі» қарсылық сезімін күштірек білдіретін жылауға ауысады. Жылау әр түрлі қиналудың, дененің ауруы ма немесе жан қайғысы ма (әрине кейінірек) табиғи белгісіне айналады.



Ұнамды көңіл күйді білдіретін жымиып күлу жылаудан кейін пайда болады. Жағымды сезімнің алғашқы белгілері жымиып күлу сәби дүниеге келгеннен кейінгі бірінші айдың соңы мен екінші айдың басында, оның өзінде ол бала-ның көзі бір нәрсеге түскенде, немесе үлкендердің жылы сөз айтып, еркелете шақырғанына жауап ретінде байқалады. Бұдан мынадай қорытынды шығаруға болады: жағымды сезімнің пайда болуы үшін тек органикалық қажеттіліктің ғана қанағаттандырылуы жеткіліксіз. Ол жағымсыз сезімді ғана жойып, бала қуанышты әсерге бөленетіндей жағдай жасайды. Бірақ мұндай қуаныш әлдебір әсер алудан, әсіресе үлкендерге байланысты әсерленуден шығады.

Бірте-бірте  балада үлкендерге бағытталған жандану комплексі деп аталатын ерекше әсерленгіш қозғаушы реакция пайда болады. Жандану комплексі дегеніміз баланың өзіне қарап еңкейген адамға, көз тоқтатуы, оған жымиып күлімсіреуі қолдары мен аяқтарын қозғап, жай дыбыстар шығаруы. Үлкендермен қарым-қатынас жасау кезінде туған бұл көріністер — баланың алғашқы әлеуметтік қажеттілігі. Жандану комплексінің пайда болуы жаңа туған кезең мен нәрестелік кезең арасындағы  шекара болып табылады.





Студенттің өзіндік жұмысы №4

Жүйке жүйесінің маңызы. Бас миы және оның жас ерекшеліктері

Жоспар

  1. Жүйке жүйесі және оның жіктелуі

  2. Бас миы және оның ерекшеліктері

  3. Бас миының бөлімдері

  4. Үлкен ми сыңарлары, әрекеттері, жас ерекшеліктері.

1. Жүйке жүйесі және оның жіктелуі.Жүйке жүйесі мүшелерін негізінен жүйке ұлпасы құрайды. Жүйке жүйесі организмдегі орналасу орындары (топографиясына) мен құрылысына сәйкес: орталық және шеткі бөлімдер болып екіге бөлінеді.

Жүйке жүйесінің орталық бөліміне ми және жұлын, ал шеткі бөліміне — мидан және жұлыннан организмнің шеткі аумақтарына таралатын мүшелер: жүйке түбіршіктері, жүйкелер, жүйке тораптары, жүйке түйіндері (ганглийлері) және жүйке талшықтарының ұштары жатады.Организмдегі қызметтеріне байланысты жүйке жүйесін үш бөлімге бөледі.

Олар: 

  • сомалық (денелік), 

  • парасимпатикалық (ішкі мүшелік), 

  • симпатикалық (тамырлық).

Жүйке жүйесінің сомалық бөлімі - дене, яғни тірек-қимыл аппараты және тері жабыны мүшедерінің, парасимпатикалық бөлімі — ішкі мүшелер мен бездердің, симпатикалық бөлімі — тамырлар жүйесі мүшелерінің қызметтерін реттейді. Парасимпатикалық және симпатикалық бөлімдерді біріктіріп, жүйке жүйесінің вегетативтік бөлімі деп атайды.
Жұлын - орталық жүйке жүйесіне жатады. Жұлын цилиндр пішінді омыртқа жотасының өзегінде орналасқан, ұзындығы 42-45 см, салмағы 34-38 г. Жоғарғы шеті сопақша мимен жалғасады, төменгі шеті екінші арқа омыртқаға дейін созылын жатады. Жұлынның алдыңғы және артқы жағында ұзынынан созылған тік жүлгелері болады. Ол жұлынды оң және сол жақ жартыға бөліп тұрады. Жұлынның дәл ортасында іші жұлын сұйықтығына толы жұлын өзегі бар. Өзектің айналасында пішіні көбелекке ұқсаған жұлынның сұр заты (нейронның денесі мен қысқа өсінділерінің жиынтығы) бар. Сұр заттың сыртын ақ заты (нейронның ұзын өсіндісінің жиынтығы) қоршап жатады. Сонымен жұлын құрылысында ақ заты сыртында, сұр заты ішкі жағында орналасады.

Жұлынның сұр затының алдыңғы, артқы бүйірінде екіден түбірлері (өсінді) болады. Алдыңғы түбір козғалтқыш жүйке талшықтарынан, артқы түбір сезгіш жүйке талшықтарынан түзіледі. Әр омыртқаның бүйір тұсынан жұлыннан екі жаққа 31 жұп жұлын жүйкелері таралады. Әрбір жұлын жүйкелері алдыңғы және артқы түбірлердің қосылуынан пайда болады. Түбірлер омыртқааралық тесіктерден шығып, бірімен-бірі қосылып аралас жұлын жүйкелерін түзеді. Аралас жүйке дейтін себебі: жүйке талшықтарының бір тобы қозуды орталық жүйке жүйесіне, екіншісі одан қозуды шеткі мүшелерге өткізеді. Жұлыннан тарайтын жүйкелердің құрамында әрі сезгіш, әрі қозғалтқыш жүйке талшықтары болады. Жұлын жүйкелері қолдың, тұлғаның және аяқтың қаңқа бұлшықеттеріне таралады. Орталық жүйке жүйесіне өтетін қозу жұлынның тек артқы түбірі арқылы өтеді. Ал одан келетін козу жұлынның тек алдыңғы түбірі арқылы жүреді. Егер екі түбірден шыққан жүйке талшықтарының бірімен-бірі қосылған жері жарақаттанса (кесілсе), жүйкелердің сезгіштігі де, қозғалтқыштық әрекеті де жойылады.


Жұлын екі түрлі қызмет атқарады: рефлекстік және өткізгіштік.

Рефлекстік қызметі: жұлынның әр жерінде жүйке орталығы бар. Жүйке орталығы деп жұлынның түрлі бөлімінде орналасқан қандай да болмасын мүшенің жұмысын реттейтін жүйке жасушаларының жиынтығын айтады. Мысалы, тізе рефлексі орталығы жұлынның бел бөлімінде; зәр шығару орталығы сегізкөз бөлімінде; көз қарашығын үлкейтетін орталық арқа бөлімінде және т. б. орналасқан. Жұлынның жүйке орталықтары рецепторлар және мүшелермен тығыз байланысты. Қозғалтқыш нейрондары - дене, аяқ-қол бұлшықеттері, тыныс алу еттерінің жиырылуына әсер етеді. Жұлынның қатысуымен қозғалу рефлексі жүзеге асады. Жүрек, тыныс алу, ішкі мүшелер жұмысында өзгерістер болады.

Өткізгіштік қызметі орталыққа тебетін (өрлеу, қозуды миға жеткізу) және орталықтан тебетін (қозуды мидан жұлын арқылы мүшелерге жеткізу) өткізгіш жолдардан тұрады. Орталыққа тебетін өткізгіш жолдармен қозу миға беріледі. Орталықтан тебетін өткізгіш жолдар арқылы қозу мидан жұлынның төменгі бөлімдеріне, одан мүшелерге өтеді. Жұлынның қызметі тікелей мидың бақылауында болады.

Жұлынның да, мидың да сыртын үш түрлі қабықша қаптап жатады. Сыртқысы - қатты, ортаңғысы - торлы, ішкісі - жұмсақ қабық-шалар деп аталады. Ми мен жұлын жұмсақ қабығының қабынуынан көбіне сәбилер немесе жас балалар менингит - делбе деп аталатын жұқпалы ауруға шалдығуы мүмкін. Аурудың жалпы белгілері: бас ауырады, құсады, есінен айырылады және т. б.
2. Бас миы және оның ерекшеліктері.



Орталық нерв жүйесінің негізгі бөлігі – ми. Ол ми сауытында орналасқан. Ересек адамда мидың салмағы 1400-1450 грамм құрайды. Мидан 12 жұп жүйкелер тарап, миды көптеген ішкі мүшелермен, беттің, мойынның еттерімен, тілмен, көзбен байланыстырады және сезім мүшелерінен келген ақпаратты миға жеткізеді. Бұларға I - иіс, II - көру, III - көз қимылдатқыш, IV - шығыршық, V – үшкіл, VI – бұру, VII – бет, VIII – дыбыс, IX – тіл-жұтқыншақ, X – кезеген, XI – қосымша, XII – тіласты жүйкелері жатады. Ми артқы ми, (сопақша ми мен варолий көпірі), мишық, ортаңғы ми, аралық ми және екі ми сыңарларынан тұрады.

3. Бас миының бөлімдері.

Сопақша ми тікелей жұлынның жалғасы болып есептеледі.Сондықтан құрылысы жағынан жұлынға ұқсас болады.Орталық түтік мидың 4-ші қарыншасын түзеді.Сопақша мида 8-12-ші ми жүйкелерінің орталықтары жатады. Сопақша мида мидың 4-ші қарыншасының түп жағында күшті дамыған мидың торлы түзілімі болады. Сопақша мидың қуысы ,сайлары, нәзік және сына тәрізді шоқтары, жіп тәрізді денешіктері болады. Сопақша мида тыныс алу ,ас қорыту,қан айналым және басқа жүйелердің орталықтары орналасады және де ол жұлын сияқты рефлекстік ,өткізгіштік қызметтер атқарады.