Файл: Студентті зіндік жмысы 1 Оушыларды физиологиялы дамуы пніне кіріспе Жоспар.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 05.12.2023

Просмотров: 321

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
синхронос – бірнеше құбылыстың уақыт жағынан сәйкестігі) еңбек реттеледі.

болуынан. Біздің және шет елдердің ғалымдарының айтуынша үйлесімді қозғалыстың дамуы қозғалыс кезіндегі коррекциялау (лат. коррекция – түзету, жөндеу) қабілетінің дамуына байланысты. Мүндай жөндеу шеттегі жағдайға байланысты қимыл жоспарын салыстыру арқылы жасалады. Бұларға қоса орталық жүйке жүйесіне басқа рецепторлардан (көру, вестибулярлық, тактильдік, дыбыс) келген импульстердің маңызы зор.

Сонымен, қозғалысты реттеуші механизмдерге ми қыртысындағы қүрылымдар, эфференттік және эфференттік кері байланыс жолдары жатады.

Баланың дамуына қимыл-қозғалыстардың әсер етуі. Адамның денесі мен қимыл-ойының дамуына қозғалыс күшті әсер етеді. Нәрестенің қозғалыс белсенділігіне бөгет жасағанда оның жалпы дамуы нашарлайды және кешігеді. Күнделікті тіршілікте орындалатын қимылдардың қосындысын адамның қозғалыс белсенділігі деп атайды. Қозғалыс белсенділігі ұйымдастырған және ұйымдастырылмаған қимылдардан тұрады. Ұйымдастырылған қозғалыс белсенділігіне дене шынықтыру жаттығулары, спорт, сабақ кезінде, белгілі еңбек әрекетіне байланысты пайда болған қозғалыстар жатады. Адам денесі үшін ұйымдастырылған қозғалыстардың маңызы зор. Сондықтан мектеп жасына дейінгі мекемелердегі балалардың мұндай қозғалыстарын дұрыс жоспарлап іске асыру арқылы балалардың қимыл-дағдыларын қалыптастыруға, саналы қозғалыстарын көбейтуге болады. Ұйымдастырылған қозғалыстар аз болуына байланысты соңғы жылдары балаларда г и п о -динамияның(қараңыз: лат. гипо + динамика-қозғалыс) белгілері пайда бола бастайды. Гиподинамия деп бүлшық еттердің қозгалыс белсенділігінің төмендеуін айтады. Бұл көбінесе бала аз қимылдағанда пайда болады. Қозғалыс белсенділігі тиімді мөлшерден асып кеткенде, мысалы, ауыр жұмыс, мөлшерсіз еңбекпен шұғылданғанда, гиподинамия пайда болады. Гиподинамия организмнің қызметін, қалыпты жағдайын бүзады. Себебі нерв-ет, жүрек-қан тамырлары, тыныс т. б. жүйелердің қызметі осы шектен тыс қозғалыс барысында қалпына келіп үлгермейді де, олардың зорығу белгілері байқалады. Сондықтан балалардың қозғалыс белсенділігін гигиеналық талапқа сәйкес жасына лайықтап ұйымдастырған жөн. Бүгуге қатысатын бұлшық еттері әлсіз болғандықтан және олардың қозғалыс нейрондарының еңбек қабілеті төмен болғандықтан мектепке дейінгі жастағы балалар сурет сабағында немесе басқа сабақта 4-5 минуттан кейін-ақ жиырылатын бұлшық еттері босайды да, мазасыздана бастайды: дұрыс отырмайды, сондықтан омыртқалары қисайып кетуі мүмкін. Әсіресе үзақ түрегеліп тұра алмайды. Осыған байланысты балаларды 2-3 минуттен артық тік тұрғызуға болмайды.


Тірек-қимыл жүйесінің бұзылуының алдын алу гигиенасы және оның маңызы. Баланың жататын төсегі, тамақ ішкенде, сурет салғанда отыратын үстелі мен орындығы, еңбек мөлшері, киімі гигиеналық талап бойынша жасына сәйкес болуы керек. Баланы дұрыс отыруға (партада отыру ережесін қараңыз), төсекте дұрыс жатуға дағдылану қажет. Үстелде дұрыс отыруға дағдыланса, арқа еттері күшейіп, омыртқа жотасының дұрыс өсуіне мүмкіндік туады. Физиологиялық және гигиеналық тұрғыдан қарағанда бала үстелде тік дұрыс отырып дағдылағанда омыртқа сүйектері қисаймай, дұрыс өседі, бұлшық еттері шынығады. Ірі қан тамырлары мен жүрегінің қызметі жақсы жетіледі. Ал дұрыс отырмаса, сүйектері қисайып, қан тамырлары қысылып, бұлшық еттері шынықпай бала тез шаршайды. Буыны қатпаған баланың омыртқа жотасында сколиоз, кифоз бен лордоздың патологиялық түрлері қалыптасады. Ондай баланың жалпы денсаулығы нашар болады.

Сұрақтар

1. Барлық ішкі мүшелер жүйелері мүшелерінің қызметтерін реттейтін жүйке жүйесінің бөлімі?

2. Денсаулықты сақтау, аурулардан алдын ала сақтану туралы ғылым?

3.  Ежелгі грек дәрігері, көне медицина реформаторы?

4. Жасөспірімдердің денесінің дамуының уақыттан бұрын, тез қарқынмен үдеп жүруі қалай аталды?

5. Физиология ғылымының негізін салушы ғалымдарының бірі?

6. Ағзаның ішкі немесе сыртқы тітіркендіргіштер әсеріне орталық жүйке жүйесінің қатысуымен қайтаратын жауабы?

7. Тірі ағзаның механикалық, физикалық және биохимиялық функцияларын зерттейді?

8. Жүйке ұлпасының негізін құрайтын жүйке жасушалары?

9. Нейрондарды бір-бірімен байланыстырады?

10. Қазақстанда физиология ғылымын қалыптастыра бастаған ғалым?

11. Жүйке торшаларының ұзын өсіндісі?

Студенттің өзіндік жұмысы №6

Жоғары жүйке әрекеті және олардың жас ерекшеліктері

Жоспар:

  1. И.М Сеченов пен И.П Павлов – жоғары нерв әрекеті туралы ілімнің негізін салушылар;

  2. Шартты рефлекс туралы ілім;

  3. Динамикалық стереотип – әдет және дағды негізі; иррадация, индукция; I. II сигналдық жүйе;

  4. Ес, сана, ұйқы, гипноз;

  5. Түс көру.


1. И.М Сеченов пен И.П Павлов – жоғары нерв әрекеті туралы ілімнің негізін салушылар. Адамның психикалыққызметі мидың анатомиялық тұтастығы мен атқаратын қызметіне тәуелділігін ежелгі уақыттан-ақ жорамалданған. Ми зақымданғанда сананың, естің, сөздің және т.б. бұзылатыны мәлім болады. Бұл ми жайында саналы қызмет ету мүшесі туралы ойлауға мәжбүр етті. Отандық физиологияның негізін қалаушы И.М.Сеченов 1863 жылы «Ми рефлекстері» деген жұмысын жазып, онда психиканың аса күрделі құбылыстары сыртқы ортаның әсерімен қалыптасады, олар негізінен алғанда орталық нерв системасының рефлекторлық әсерлері болып табылады деп тұжырымдады. Мұнда адам мен жануарлардың рефлекстері жеке алынған бір мүшеге ғана таралатын тар шеңберлі әсерлер емес, бүкіл ортамен байланысын қамтамасыз ететін нерв әсерінің неғұрлым ортақ механизмдері ретінде қабылданды. И.М.Сеченов адамның бұлшық ет қимылдарын ғана емес, сондай-ақ мидың қызметін білдіретін сөзді де рефлекстерге жатқызды.

И.М.Сеченовтың кітабы – сол кездегі философия мен жаратылыстанудың озат идеяларының алғашқы талантты синтезі. Ол орыстың ағартушы-демократтарының (Н.Г.Чернышевский, Н.А.Добролюбов, В.Г.Белинский және т.б.) ұлы идеяларының әсерімен жазылған. И.П.Павлов бұл кітапты «Сеченов ойының кемеңгер шарықтауы» деп атады. Бұл – барлық тіршілік құбылыстарына, оның ішінде организмнің сыртқы ортамен өзара әсеріне табиғи-ғылыми анализді қолдануға шақыру болды.

И.М.Сеченовтың кітабы жарық көргенге дейін физиологтар психикалық процестерді мидың физиологиялық қызметі арқылы түсіндіру мүмкіндігі туралы еске алудан да қорқатын. Үлкне ми сыңарларының қызметін объективті және эксперимент арқылы зерттеуге И.М.Сеченов пен оның ізбасарлары ғана жол ашты, мұның өзі кейін жоғары дәрежелі нерв қызметі туралы ілімді құруға мүмкіндік берді.

И.П.Павловтың рефлекстерді зерттеуі. И.П.Павловтың орталық нерв системасының едәуір ерте пайда болған түзінділері рефлекторлық әсерлерді тума (тұқым қуалайтын) нерв жолдары арқылы, ал үлкне ми сыңарларының қыртысы - жаңадан, яғни организмнің жеке тіршілігі процесінде сансыз көп тітіркендіргіштердің әсерімен қалыптасқан, яғни «жасалған» нерв жолдары арқылы жүзеге асыратынын эксперимент жүргізу негізінде дәлелдеді.

И.П. Павловтың физиологиядағы ғылыми қызмет кезеңі павловтық кезең деп аталады. Физиологияның таза физиологиялық деп есептелген процестерді зерттеуден психикалық процестерді зерттеуге көшуі осы кезеңнің бастамасы болды. Жалпы айтқанда бұл кезеңге мынадай ерекшеліктер тән: 1) организмді оның біртұтас күйінде және табиғи жағдайларда зерттеу; 2) организмнің ортамен өзара әсер етуі мен барлық тіршілік процестерінде ми қыртысының жетекші роль атқаратынын тану; 3) нервизм идеясы, яғни нерв системасының организм қызметінің әр түрлі көрінісіндегі жетекшілік ролін тану.


И.П.Павловтың астың түрі, иісі немесе ол туралы әңгіменің өзі сілекей бездерін қоздыратын адамның психикалық қозу күйі деп аталатын құбылыс қызықтырды. Сілекей бездерінің өзектері сыртқа шығарылған (ұзақ мерзімдік фистула қойылған) жануарларға эксперимент жүргізу арқылы ол қоршаған ортаның, белгілі бір жағдайлардың сілекей бөлінуіне әсер ететінін байқады. Мәселен, егер итті әлденеше рет азықтандыруда электр шамын жақса немесе қонырау соқса, бұлайша ұштастыруды бірнеше рет қайталаудан кейін онда осы тітіркендіргіштердің әсеріне ғана сілекей бөлінеді. И.П.Павлов организмнің мұндай әсерінен үлкен ми сыңарлары қыртысының атқаратын қызметін, яғни алдын ала көру немесе есту мүшесін тітіркендіру арқылы алғашында дәм рецепторларын тітіркендіруге, ал кейінірек алдыңғы тітіркендіргіштің тек біреуінің әсеріне рефлекторлық жауап қайтару құбылысын көрді.

И.П.Павловтың өзі жазғанындай, шартты рефлекстер туралы ілімнің құрылуы тамақ ішу алдында әсер ететін агенттерге сілекей бөлінуіне табиғи-ғылыми талдау жасаудан басталады. Ғалым бұл актіден сонымен бірге тұтастай және толық дәрежеде ғана физиологиялық құбылыс бола алатын қарапайым психикалық құбылысты көрді.

И.П. Павлов өзін «сыртқы құбылыстармен және олардың өзара қатынасымен ғана айналысатын объективті сырттай бақылаушы және эксперимент жүргізуші» орнына қойып, сілекей бездерінің психикалық қозуын «сапа жағынан алғанда айрықша рефлекстер» ретінде түсіндіре бастады. Ол мұны әрбір индивидуумның тіршілігі барысында қалыптасып, жоғары сатыдағы организмдердің бүкіл қызметін айқындаған жаңа рефлекторлық актілердің түзілуін басқаратын заңдылықтарды ашып көрсете отырып түсіндірді.

Материалистік негізде құрылған шартты рефлекстер туралы ілім арқылы И.П.Павлов биологияның, философияның, педагогика мен медицинаның дамуында жаңа дәуір ашты, өйткені ол жоғар құрылымды материяда – мида - өтетін процестердің механизмін ашты. Оның психикалық процестерді жаңа тұрғыдан түсіндіру ғылымдағы физиологиялық процестерді өмірде жоқ жанның әрекет ету формасына дейін көтеріп, организмнің барлық тіршілік ету актілеріндегі мидың реттеуші әсерін теріске шығаратын идеалистік бағыттың негізсіздігін дәлелдейді.

И.П.Павловтың жоғары дәрежелі нерв қызметі туралы материалистік ілімі медицина мен биологияда төңкеріс жасады, ғылыми проблемалар мен міндеттерді батыл қойып, шешуге мүмкіндік берді. Ол маркстік-лениндік философияның тазалығы жолында идеализммен және басқа реакциялық ілімдермен күресте қуатты идеологиялық қару болды.


2. Шартты рефлекс туралы ілім. Организмнің сыртқы және ішкі тітіркендіруге қайтаратын барлық жауап әсерлері рефлекстер деп аталады. Олар шартсыз және шартты рефлекстер деп аталатын екі топқа бөленеді.

Шартсыз рефлекстер – бұлар организмдердің осы түрінің өкілдеріне тән, іштен туа болған, тұрақты, тұқым қуалай берілетін әсерлер. Мысалы, қарашық, тізе, ахиллов және басқа рефлекстер.

Сонымен қатар, белгілі бір жаста, көбею кезеңінде және нерв системасы қалыпты дамығында ғана жүзеге асатын шартсыз рефлекстер болады.

18 апталық ұрыққа тән ему және қимыл рефлекстері шартсыз рефлекстердің қатарына жатады.

Шартсыз рефлекстер жануарлар мен адамда шартты рефлекстерді қалыптастырудың негізі болады. Олар балалар есейген сайын синтездік рефлекстер комплексіне айналып, организмнің сыртқы ортаға бейімделушілігін арттырады.

Шартты рефлекстер - бейімделуші, уақытша және қатаң түрдегі жеке рефлекстер. Олар үйретілген немесе табиғи ортаның әсеріне ұшырайтын түрдің бір немесе бірнеше өкілдеріне ғана тән болады. Шартты рефлекстер біртіндеп, белгілі бір ортада түзіліп, үлкен ми сыңарларының қалыпты жетілген қыртысы мен мидың төменгі бөлімдерінің атқартын функциясы болып табылады. Бұл тұрғыдан алғанда, шартты рефлекстер шартсыз рефлекстермен байланысты, өйткені олар белгілі бір материалдық субстраттың – нерв тканінің жауап әсері болып саналады.

Егер ұрпақтан-ұрпаққа рефлекстерді қалыптастыру жағдайлар тұрақты болса, онда рефлекстер тұқым қуалау, яғни шартсыз рефлекстерге айналуы мүмкін. Қызылшақа және қанаттанбаған балапандардың оларды азықтандыруға ұшып келген құстың ұяны қимылдатуына тұмсығын ашуы осындай рефлекске мысал бола алады. Ұяның қимылдауы азықтандырумен ұштасқандықтан, ал мұның өзі барлық ұрпақта қайталанатындықтан шартты рефлекс шартсыз рефлекске айналады. Алайда шартты рефлекстердің бәрі де жаңа сыртқы ортаға бейімделу әсерлері болып табылады. Ми қыртысын алып тастағанда шартты рефлекстер жойылып кетеді. Ми қыртысы зақымданған жоғары сатыдағы сүтқоректілер мен адам нағыз мүгедекке айналып, қажетті күтім болмаса, өлімге душар болады.

Шартты рефлекстердің түзілуі.Олардың түзілуі үшін мынадай жағдайлар қажет: 1) индифферентті (келешектегі шартты) тітіркендіргіш шартсыз тітіркендіргіштен бұрын әсер етуі тиіс (қорғану қимыл рефлексі үшін ең аз уақыт айырмашылығы 0,1 секундқа тең). Бұдан өзгеше реттілікте рефлекс қалыптаспайды немесе өте әлсіз болады да, тез сөнеді; 2) шартты тітіркендіргіштің әсер етуі белгілі бір уақыт бойы шартсыз тітіркендіргіштің әсер етуімен ұштасуы тиіс, яғни шартты тітіркендіргіш шарттсыз тітіркендіргішпен бекітіледі. Тітіркендіргіштердің осылайша ұштаса әсер етуін әлденеше рет қайталау керек.