Файл: Студентті зіндік жмысы 1 Оушыларды физиологиялы дамуы пніне кіріспе Жоспар.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 05.12.2023
Просмотров: 324
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Сонымен қатар үлкен ми сыңарлары қыртысының қалыпты функциясы организмде ауру процестері мен бөгде тітіркендіргіштердің болмауы шартты рефлекс қалыптастырудағы міндетті шарт болып табылады. Олай болмаған жағдайда, қалыптастырылатын және бекітіле түсетін рефлекстен басқа, бағдарлау немесе ішкі мүшелер (ішек, қуық және т.б. ) рефлексі де пайда болады.
3. Динамикалық стереотип – әдет және дағды негізі; иррадация, индукция; I. II сигналдық жүйе. Динамикалық стереотип. Организмге сыртқы ортадан бір мезгілде және бірінен соң бірі әсер ететін жағымды және жағымсыз тітіркендіргіштер жүйесінің дәл қайталанып отыруы стереотиптілік деп аталады. Мұндағы жүйелілік әрқайсысы белгілі шамадағы шартты рефлексті туғызатын тітіркендіргіштерге беркелкі, берік орныққан, байсалды әсерлер мен жағдайлар жүйесі арқылы жауап қайтарады.
Сыртқы орта құбылыстарының мұндай жүйелілігі (тәртібі) ми қыртысының қызметінде динамикалық стереотип, яғни біртұтас функция атқаратын комплекс түрінде сақталады, мұнда бір тітіркендіргіштің әсер етуі әр түрлі дәрежеде қайталанып отыратын жағдай мен басқа да стимулдардың бірізділігіне байланысты.
Егер әдетке айналған тітіркендіргіштер жүйесінің орнына бір ғана тітіркендіргішпен әсер етсе, одан стереотипте алмастырылған тітіркендіргішке тән нәтиже алынады. Демек, ми қыртысы қабылданған барлық импульстерді анализдеп және жауап әсерлерін синтездей отырып, организмнің аса күрделі біртұтас динамикалық жүйесі ретінде жұмыс істейді.
Стереотип қалыптастыру – ми қыртысының мейлінше күрделі синтездеуші қызметіне мысал. Бұл бүкіл нерв системасының неғұрлым қиын жұмысы. Орныққан стереотипті сақтау – ми қызметінің едәуір жеңіл формасы. Ми қыртысының динамикалық стереотипімен байланысқан шартты рефлекстердің жақсы пысықталған жүйесі болып табылатын әдеттер мен дағдылар, жұмысты ойланбастан және түсінбей істеу баршаға мәлім. Динамикалық стереотипті қалыптастырудың жас ерекшеліктері аңықталған. Мәселен, балалар мен жасөспірімдерде стереотипті түрде өтетін дағдырлар тезірек қалыптасады, ал қалыптасқандарының орнықтылығы шамалы болады және оңай өзгертіледі, жас ұлғайтын кезде керісінше болады.
Жоғары дәрежелі нерв қызметінің әлсіз типінде және нерв процестерінің қимылдылығы шамалы жағдайда адамның динамикалық стереотипін қайта өзгерту невроздың шығуына себепші болуы мүмкін.
Балаларды және жалпы алғанда адамдарды тәрбиелеу және оқыту жөніндегі бүкіл жұмыс ми қыртысының қызметін байытатын және жетілдіретін жаңа динамикалық стереотипті, жаңа әдеттерді қалыптастыруға бағытталады.Пайдаланылатын тәсілдер мен методика неғұрлым аз қолданылатын болса, ескі стереотипті жойып, жаңа стереотипті қалыптастыру соғұрлым жеңіл өтеді. Сонымен қатар, мектеп оқушыларымен жұмыс жүргізуде баланың активтілігі мен саналылығын ескеру қажет. Егер оқушы ұқыпты, тәртіпті, дені сау болуға тырысса, жаңа стереотипті қалыптастыру ойдағыдай өтеді.
Иррадиация — ауырсыну сезімінің үшкіл нерв бойымен бет-жақ тұсына тарауы. Мысалы, белгілі бір тіс ауырса, оның қақсаған, солқылдағаны самай бет, құлаққа дейін жетеді.
Жоғары жүйке қызметінің заңдары – И.П.Павлов ми қабығында жүріп отыратын қозу және тежелу процестерінің ішкізаңдылықтарын ашты. Ол осы процестердің алғаш пайда болған жерінен жайылатынын (иррадиация), кейін бір жергешоғырланатынын (концентрация) эксперименттік зерттеулер арқылы дәлелдеді. Иррадиация құбылысы шартты рефлекстердің мида жайылып, оның әлі берік жасалмаған кезінде көрінеді.
Мысалы, бала әліппеге үйрену кезеңінде «ы», «і» әріптерін айыра алмай қиналады, мұның себебі алғашқы кездеқозу процесінің бір орында тұрмай, жан-жаққа жайылуында болып отыр. Ми қабығында қозу мен тежелудің бір жерге жинақталып, шоғырлануы да (концентрация) үнемі болып отырады. Бірақ ол баяулау пайда болып, едәуір жүйке күшін қажет етеді.
Мысалы, жаңағы «ы», «і» әріптерінің таңбасын, олардың естілу ерекшеліктерін бала бірнеше рет қайталағаннан кейін ғана шатастырмай танитын болады. Қозу мен тежелу процестерінің жайылу және шоғырлану заңы организмөмірінде аса маңызды биологиялық рөл атқарады.
Мысалы, тежелу процесінің бірқалыпты жайылуы, көп жағдайларда ми сыңарлары қабығының клеткаларынмөлшерден тыс қажып кетуден сақтайды.
Мәселен, ұйқы – бұл мидың барлық алабына тежелудің жайылуы.
И.П.Павлов ұйқыны қорғаныс тежелуі деп атағанда, оны ми қабығын қажудан сақтайтын негізгі факторлардың бірі деп есептеген. Қозу мен тежелудің ішкі заңдылықтарының бірі – өзара индукция заңы. Бұл заң бойынша: егер мидың бір алабында қозу процесі туса, басқа бір алабында міндетті түрде тежелу процесі туады, керісінше, тежелу процесі болған жерде оған қарама-қарсы процесс – қозу пайда болады. Мидың бір алабында қозу тежелу процесімен қоршалатын болса, бұл құбылысты теріс индукция дейді.
Мысалы, адам бір нәрсе туралы барлық ынтасын салып ойланған кезде өзінің айналасында не болып жатқанын байқамайды. Бұл біздің миымызда теріс индукция, яғни күшті қозу процесінің болып отырғандығын көрсетеді. Екінші бір жағдайда ми қабығының бір алабында пайда болған тежелу айналасындағы алаптарда қозу процесін тудырады. Бұл құбылыс оң индукция деп аталынады. Оң және теріс индукциялар бір мезгілде пайда болса, бір мезгілдік индукция, бірінен кейін бірі пайда болса, бір ізділік индукциясы деп аталынады. Қозу мен тежелу процестерінің заңды байланысының арқасында біздің барлық іс-әрекетіміз, саналы тіршілігіміз бір қалыпта жүзегеасып отырады да, ми сыртқы дүниенің заттары мен құбылыстарын дұрыс бейнелейтін болады.
Нерв системасының көркем типінде бірінші сигналдық системаның жұмысы ширақ болады.
Мектеп оқушыларының организмінде өтпелі кезеңнің бірінші фазасында (11-13, 14 жаста) терең өзгерістер болады. Ішкі секреция бездерінің, атап айтқанда, жыныс бездерінің қызметі күшейіп, қосымша жыныстық белгілер пайда болады. Бұл кезеңде ми қыртысының функциялық активтілігінің айтарлықтай әлсірейтіні байқалады: оқушының сөзі мен сұрақтарға қайтаратын жауабы баяулап, сөздер қоры азаяды. Сөз сигналдарына (есте сақтау) шартты байланыстар түзілу процесі қиындағанда, көру, есту және басқа тітіркендіргіштерге шартты рефлекстер түзілу жылдамдығы артатыны аңықталған. Жасөспірімге оның физиологиялық ерекшеліктеріне қайшы келетін-талаптар қойылады. Одан тартымды, айқын сөйлеу, тез, логикалық ойлану, көлемді оқу материалын есте сақтау, яғни осы жастағы балалар үшін ерекше қиын болатын нәрселер талап етіледі.
Жыныстық жетілу кезеңінде ішкі мүшелер қауырт, әр келкі өседі. Вегетативтік нерв системасының күйіне эндокриндік бездер ерекше күшті әсер етеді, ол қозудың артуынан, ашуланшақ, өкпелегіш болудан байқалады: бас ауруы пайда болады, бас айналады, ұйқы қашады және т.с.с. Мұның бәрі нашар тамақтануға және мидың оттегімен жеткілікті қамтамасыз етілмеуіне байланысты болады. Бұл кезең әсіресе қыз балаларда ауыр өтеді. Соңдықтан бұл кезеңдегі ақыл-ой және дене еңбегі үстінде жасөспірімдер оңай әрі тез қажиды.
Өтпелі кезеңнің екінші фазасы (13-14-17 жас) бұдан да қауырт өтеді. Жасөспірімдердің бойы тез өседі, дене салмағы артады, организмнің төзімділігі кемін, ауруға шалдыққыш болады. Жасөспірімдердің деңесі дөрекіленіп, икемсіз келеді, қимылы ебдейсіз болады. Жоғары дәрежелі нерв қызметінде тежелуден жалпы қозу басым болады, тітіркендіргіштерді жіктеу қабілеттілігі кемиді. Мидың қызметі барған сайын төмендеп, қанмен жабдықтаудың одан әрі нашарлауы есебінен нерв системасы тез қажиды. Адамның барлық қимылының рефлекторлық табиғатты XIX ғасырдың аяғында анықталған болатын. Алайда бұл қағида ғылымда біртіндеп және зор қиындықпен тұжырымдалады. Өте ұзақ уақыт бойы барлық қимылды ерікті және еріксіз қимылдарға бөлді. Мұнда еріксіз қимылдарды ғана рефлекторлық 0имылдар деп есептейді. Ине шаншығында немесе температурамен әсер еткенде қолды тартып алуды, сондай – ақ кейбір барынша үйреншікті ишараларды осыған жатқызды. Адамның тілегі, еркә бойынша, яғни бір қарағанда, сыртқы әсердің себептері мен әрекет етуге түрткі жоқ жағдайда саналы түрде жасалған қимылдарды ерікті қимылдар деп түсінді. И.М. Сеченов қимылды бұлайша түсінудің қарсыласы болды. Ол «саналы және санасыз ірекеттің барлық актілері шығу тегі жөнінен рефлекстердің мәні» деп тұжырымдап, осы арқылы барлық қимылдың табиғатын физиологиялық негізге қойды.
И.П.Павловтың методикасы бойынша шартты рефлекстерді қалыптастыру адамның өмірі бойында ие болатын қимыл дағдыларының мәнін ашып көрсетуге мүмкіндік берді, ал оның сигналдық системалар туралы ілімі ойлауды материалистік тұрғыдан түсінуге негіз болды.
«Екінші сигналдық системаға қатысты процестердің творчестволық сипаты, - деп жазады А.Н.Кабанов, - қимылдың творчестволық табиғатын түсіндіреді адам үйренген қимылдарын қайталап қана қоймастан, сонымен қатар олардың негізінде жаңа қимылдар жасайды».
4. Ес, сана, ұйқы, гипноз. Сана — дегеніміз адам сезінген және аңғарған ішкі-сыртқы болмыс күйі. Ол таным, қиял, түйсік, ой, тілдік ұғым және жадыны қамттиды. Ол адам миында болатын ерекше құбылыс.
Ес— адамның бұрын көрген, естіген, білген нәрселері мен бейнелерін ойында ұзақ уақыт сақтап, қажет кезінде қайта жаңғырту қабілеті, жүйке жүйесінің негізгі.
Ұйқы – адам мен жануарлардың міндетті физиологиялық жағдайы. Бұл кезде сыртқы орта тітіркендіргіштеріне ешқандай жауап қайтарылмайды және организмде жүріп жататын физиологиялық процестердің белсенділігі төмендейді. Оның қалыпты ұйқы және терең ұйқы түрлері болады.
Гипноз (лат. hypnos -ұйқы) — сананың уақытша күйі; сана көлемінің күшеюімен және оны иландырудың мазмұнына барынша шоғырландыруымен сипатталады, мұның өзі индивидуумдық бақылау және өзін ұғыну функцияларының өзгеруімен байланысты. Гипноз гипноздаушының арнайы әсер етуінің нәтижесінде немесе мақсаткерлікпен өзін-өзі иландырудан пайда болады. Гипноздық жағдайдың өздігінен болатын ерекшеліктерін саралау керек. Күйдің өзінің тән сипаттамалары: барынша иланғыштық, гипноздан кейінгі амнезияның болуы (Гипноз сеансының мазмұнын, сондай-ақ гипноздау фактісінің өзін еріксізден ұмыту). Гипноз жағдайында субъектіге оған сананың әдеттегі жағдайында тән емес физиологиялық және психикалық реакциялар пайда болуы мүмкін.
5.Түс көру. Түс көру – қиял процесінің ұйқы кезіндегі енжар бейнесі. Түс көруді физиологиялық тұрғыда түсіндірген академик И.П.Павловтың пікірі бойынша ұйқы кезінде ми клеткаларының қызметі толық тежелмейді, кейбір бөлімдері ояу қалпындағыдай жұмыс істей береді. Ми қыртысының осындай бөліктерін “күзетші пункт” деп атайды. Күзетші пункттерде адамның бұрынғы көрген, естіген, дәмін татқан нәрселердің бейнелері (бейнелі ойдың ісін басқаратын оң жақ ми сыңарында) қайта “тіріледі”. Түсте ақылға сыймайтын бейнелердің туындауын мидағы сигнал жүйелерінің арасындағы байланыстың әлсіреп, бірінші сигнал жүйесінің іске қосылып, екінші сөздік сигналдардың толық тежелуімен түсіндіріледі. Осы түстерде алған әсерлердің болып көрмеген қиысулары ретінде түсіндірген И.М. Сеченов адамның ояу кезіндегі басынан кешкен оқиғалардың есепсіз көп фактілері себеп болады деп білді. Адамның дене мүшелеріндегі жайсыздық та әр түрлі түс көруге себеп болады. Түс көруді зерттеу бейсаналылықты танудың жолы, адамның жан жүйесін түсінуге ықпал етеді деп білген психоаналитиктер түс көруді физиологиялық, соматикалық емес, психологикалық құбылыс деп білді.