Файл: Студентті зіндік жмысы 1 Оушыларды физиологиялы дамуы пніне кіріспе Жоспар.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 05.12.2023
Просмотров: 325
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Студенттің өзіндік жұмысы №7
Сенсорлық жүйелердің физиологиясы мен гигиенасы
Жоспар:
-
Ағзаның сенсорлық жүйесі; -
Талдағыштардың қызметі, қасиеттері; -
Көру талдағыштары; -
Есту талдағышы.
-
Ағзаның сенсорлық жүйесі. Сенсорлық жүйе (лат. organum sensuum, лат. organon — мүше, ағза; лат. sensuum — қабылдау, сезу) — ішкі және сыртқы ортаның түрлі әсерлерін қабылдайтын сезім жүйесі талдағыштардың (анализаторлардың) шеткі бөлігі, яғни рецепторлар.
1. Визуалдық (В).
Бұл біздің нені көретініміз. Бейнелер (образдар), суреттер, кино. Визуалдық жүйе сыртқы сигналдарды (сіз қазір мониторға қарап және сөздер мен әріптерді көресіз), сондай-ақ ішкі бейнелерді (сіз өзіңіздің көз алдыңызға үлкен пілді келтіре аласыз) де өңдей алатындығына назар аударуға болады. Визуалдық жүйе бір қатар қайталамас сипаттамалар мен қасиеттерді иеленеді. Біріншіден, ол өте жылдам. Сіз енді бұл сөйлем қатарын аяғына дейін оқып үлгірмейсіз. Сонымен қатар баста әр түрлі суреттердің орасан мол саны жылт етіп көрінеді, мысалы, сол піл, пілдің балалары, жираф және тағы бірдеме. Екіншіден, бейнелерді қабылдау параллельді (бір мезгілде) жүруі мүмкін. Сіз өзіңізге жайлы түрде өзіңізге алманы да, алмұртты да, жүзімді де, шарап бөтелкесін де және тағы бірдеңені бір мезетте көз алдыңызға келтіре аласыз. Бұл екі қасиет нәтижесінде визуалдық жүйе ақпараттың үлкен көлемін өңдей алады.
Үшіншіден, визуалдық жүйе құрастырмалы (конструктивті), яғни біз тіпті бұрын көрмеген суреттерді де көре аламыз. Мысалы, симультивті тринклюкатор қандай болуы мүмкін? Оны елестеттіңіз бе? Ал күлгін теңбілдері, көгілдір құлақтары және құйрығында жасыл бантигі бар қызғылт піл ше? Визуалдық жүйенің тағы бір ерекшелігі бар – диссоциацияға бейімділік. Бұл жөнінде біз сізбен өткен шығарылымда әңгімелестік. Сіз бір кездері америкалық төбешіктерде сырғанадыңыз ба? Немесе төбелеске қатыстыңыз ба? Эмоциялар қандай? Көп пе? Бұл ақпаратты, оның ішінде көру ақпаратын ассоцирленген (тікелей) қабылдау. Ал енді америкалық төбешіктерді сырғанағандарды немесе төбелескендерді сыртынан қарап тұрсыз деп елестетіңіз. Енді эмоцияларға не болды? Аз ба? Ал мүмкін мүлдем жоқ шығар? Бұл диссоциация дегеніміздің нақ өзі.
2. Аудиалдық (А)
Бұл біздің не есітетініміз. Тіл, желдің ысқыруы немесе тамған судың дыбысы сияқты. Және сәйкесінше, дыбыстың интонациялары, тембрі, биіктігі. Және де әрине біздің сүйікті ішкі дауысымыз – біздің өзгермейтін сыншымыз және жағыпазымыз. Аудиалдық жүйе сыртқы дыбыс сигналдарын да (сіз, ең кемі қазір жұмыс істеп тұрған процессордың және желдеткіштік дыбысты) және ішкі сигналдарды да (көбісі, мысалы, не оқығандығын іштен сыбырлап айтады) естисіз. Аудиалды жүйенің өз қасиеттері бар. Олар ретті және барынша баяу. Мен сәл жоғарыда жазған сол барлық жемістерді атап шығу үшін барынша көбірек уақыт қажет және сіз бір мезгілде оларды санап шыға алмайсыз. Бір мезетте үш сөзді айтып көріңіз. Кәні, қалай, орындалды ма? Иә, солай. Сондықтан аудиалды жүйе ақпараттың аздау көлемін өңдейді, оның орнына ол өте ойға қонарлық (логикалық) және ретімен келеді. Құрастыру аудиалды жүйеге де тән, әйтпесе бізде осыншама әр түрлі музыкалық жанрлар, композиторлар мен әншілер болмас еді.
3. Кинестетикалық (К).
(«Кинес» – грекше «дене» деген сөзден. Біздің нені сезінетініміз. Бұған Иіс пен Дәм жатқызылады. Кинестетиканы 3 бөлікке: тактилдік – терінің сезінуі; ішкі (немесе пропреоцептивтік) – бұлшық еттік, қарындағы сезім, жылу; мета-сезінулер (немесе эмоциялар мен сезімдер) – қатынас: қуаныш, махаббат, бақыт, қайғы және басқалары туралы бағалаушы сезімдерге бөлуге болады.
Мета-сезінулер әдетте кеуде аумағында орналасқан және кейде мойын мен басты қамтиды. Бұл ең баяу жүйе, бірақ оның орнына ең шынайы (ассоцирленген қабылдау) сезімдер ешқашан сіздің сыртыңызда болмайды. Сіз отырған орындықтың аяғы ауырмайды.
Кез-келген сезімдер бізден тікелей бізбен тікелей толғаныста болады, және сіз өзіңіздің соңғы демалысыңызды немесе тағы қандай да бір жағымды оқиғаны еске түсірсеңіз, онда сол кезде болған сол эмоцияларды қайтадан сезіне аласыз. Бірақ оларды сіз дәл қазір сезіне аласыз!
Алайда ең қызықтысы мынада, адам қалған басқалардан артық көріп бір каналды таңдайтын сияқты бұл визуал барынша ештеңе естімейді немесе сезінбейді дегенді білдірмейді. Бұл тек ол үшін көру бәрінен маңызды дегенді білдіреді. Бұл үш есіктің болғаны сияқты: бірі айқара, басқасы жартылай, ашылған, ал үшіншісінің тар тесігі ғана бар. Өз клиентіңіздің сөзіне құлақ салыңыз, оның тұрпатына (позасына), ишараттарына, тыныс алуына, қатынас сипатына назар аударыңыз. Бұл сізге раппорт орнатуға және барынша сапалы нәтиже алуға көмектеседі.
2.Талдағыштардың қызметі, қасиеттері. Анализаторлар немесе талдағыштар (анализаторы); (көне грекше: ἀνάλυσις - жіктелу, талдау) — шеткі қабылдағыш бөлімдерден басталып, ми орталықтарында аяқталатын күрделі жүйке механизмі, яғни ол дененің сыртқы және ішкі ортасын жүйке жүйесінің орталық бөлігімен байланыстырып түрған рефлекторлық доганың сезімтал бөлігі. Талдағыштар үш бөлімнен тұрады: 1) тітіркеністі қабылдайтын шеткі бөлім (рецепторлар); 2) жүйкелік қозуды өткізетін аралық бөлім; 3) қабылданған сезімге талдау жасалынатын ми жабынындағы және қыртыс астындағы сезімтал орталық бөлім. Анализаторлардың көмегімен адам организімі мен қоршаған орта арасында байланыс қалыптасады. Сонымен қатар, олар организмдегі зат алмасу процесінің қалыпты өтуі, үлпалар мен мүшелердің қанмен жабдықталуы, әртүрлі жүйелер қызметінің үйлесімді реттелуі туралы ақпараттармен орталық жүйке жүйесін хабардар етіп отырады.
3. Көру талдағыштары. Көру талдағышы немесе көру анализаторы (analisatoris visae, гр. analysis — талдау, лат. visa - көру) - жарық пен түсті ажыратуға бейімделген талдағыш. Көру талдағышы — көру рецепторынан (көз алмасы), өткізгіш жолдан (көру жүйкесі) және мидағы орталықтардан тұрады. Жарықты қабылдайтын рецепторлар (сезімтал фоторецепторлы нейроциттер дендриттері) көз алмасының ішкі торлы қабығында орналасқан. Көру талдағышының өткізгіш жолы - ми жүйкелерінің II жұбы сезімтал көру жүйкесі. Осы жүйке талшықтары мидың имек денесінде, көру төмпектерінің артқы ядроларында және төрт төмпектің алдыңғы төмпектерінде орналасқан қыртысастылық орталықтарда аяқталады. Қыртысастылық орталықтардан басталатын орталық сезімтал өткізгіш жолдар, жүйке толқынын ми қыртысының шүйде аймағындағы қыртыстық орталыққа жеткізеді.
4. Есту талдағышы. Организмнің есті функциясының пайда болуы дыбыспен байланысты. Дыбыс физикалық құбылыс ретінде серпімді орта бөлшектерінің төрбелмелі қозғалыстары болып табылады. Бұл тербелістер талқын түрінде ауада, суда және қатты денелерде тарайды. Есту анализаторы ауамың периодты тербелістерін қабылдап, олардың механикалық энергиясын нерв қозуына трансформациялайды – қабылданудың субъективі; түрі –есті түйсігі.
Анализатордың шеткі бөлімі – құлақ, ол сыртқы, ортаңғы және ішкі болып бөлінеді.
Сыртқы құлақты – құлақ қалғаны мен сыртқы есету жолы (түтігі құрайды). Құлак қалқаны арқылы ұсталған дыбыс толқындары сыртқы есту жолымен (ұзымдыны – 21-27 мм, диаметрі – 6-8 мм) өтіп, дабыл жарғағына жететі. Дабыл жарғағы қалындығы 0,1 мм, тамшықтардан тоқылған, сыртқы құлақты ортаңғы құлақтан (дабыл қуысынан) бөліп тұратын қалңа. Пішіні ішке қарай иілген воронка тәрізді. Ол артқы есту жолы арқылыл жеткен дыбыс тербелістерінің әсерінен тербеліске келеді.
Ортаңғы құлақ қуысы ауамен толып тұрады. Онда өзара байланысқан үш сүйектен тұратын тәзбен бар: балғашық, төс және үзеңгі. Бұлар дабыл жарғағының тербелісін ішкі құлақ қарай откізеді. Балғашықтың тұтқа жағы дабыл жарғағамен, ал екінші жағы төскен байланысқан. Төске ішкі құлақ жағынан үзңгі сүйек келіп байланысады. Үзеңгіге оның алдынадағы сүйектер арқылы амплитудасы келіген, бірақ күні өскен тербелістер келеді. Қеңсі табаны ішкі құлақты ортаңғы құлықтан бөліп тұрған сопақша терезе жарғағына жалғасады. Сонаңша терезе мембранасына жететін дыбыс толқындарының қысымы 22 ел өседі. Бұл жағдайдың маңызы ерекше. Осының арқасында дабыл жарғанына әсер мембранасының кедергісін жеңіл ұлу түтіктегі сұйықтың бағаның қозғалысқа келтіре алады.
Ішкі құлақ пен ортаңғы құлақ арасындағы қабырғада сопақша терезеден басқа, мембранамен қапталған дөңгелек терезе болады. Сонақша терезе арқылы туған ұлу түтіктегі сүйықтың тербелісі әлсіремей (өшусіз) доңгелен терезеге жетеді. Егер осы терезедегі мембрана болмаса, сүйықтықтың сығылмайтындығынан оның тербелісі бөлмас еді.
Студенттің өзіндік жұмысы №8
Жасөспірімдердің ішкі секреция бездері
Жоспар:
-
Эндокриндік жүйе; -
Сыртқы секреция бездері; -
Ішкі секреция бездері; -
Гормондар және олардың қасиеттері;
1.Эндокриндік жүйе. Эндокриндік жүйе — ағзаның гуморальды реттелуінде маңызды рөл атқарады. Бұл жерде гуморальды реттелу дегеніміз — қанның құрамындағы гормондар және минералдық заттардың әсерлері арқылы организм қызметінің реттелуі. Ол ағзаның ішкі ортасына арнаулы биологиялық белсенді заттарды бөліп шығарады. Ішкі секреция бездері шығарған заттар гормон деп аталады. Бездер бөлген гормондар қанның ағысымен ішкі мүшелерге және мүшелер жүйелеріне келіп, олардың жұмысына әсер етеді.
Организмде бездерді үш топқа бөледі:
-
Сыртқы секреция бездері (бауыр, сілекей, ұйқы және ішек бездері); -
Ішкі секреция бездері (гипофиз, эпифиз, қалқанша без, қалқанша маңы бездері, тимус, бүйрек үсті бездері); -
Аралас секреция бездері (жыныс бездері, ұйқы безі).