Файл: Дстрлі оытуды кейбір толымсыз жатарын бадарламалап (жоспарлап) оыту технологиясы толтырады.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 05.12.2023
Просмотров: 56
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Дәстүрлі оқытудың кейбір толымсыз жақтарын бағдарламалап (жоспарлап) оқыту технологиясы толтырады. Бағдарламалы (компьютерлік) оқыту – оқыту процесін басқаруды жетілдіру, тексеруден өзін–өзі тексеруге, оқытудан өзін–өзі оқытуға көшу. Бағдарламалы оқытуда жаңа бағдарланған оқулықтар, оқыту құжаттары, үйрету (оқыту) машиналары қолданылды. Оқытудың бұл түрі 1960 жылдан бастап Б.Скиннер, Н.Краудер бастамасынан кейін, педагогика, психология және кибернетиканы ұштастырып пайдаланылады.Бағдарламалы оқытудың ерекшеліктері: оқу материалы жеке логикалы бөлшектерге бөлінеді; әр бөлімді меңгерген соң, оқушы өздігінен тест–сұрақтарға жауап береді; дұрыс жауап берілсе, келесі бөлімге өтеді; жауап қате болса, өзі бөлімді қайталап өтіп, сұрақтарға тағы да жауап береді.Бағдарламалап (жоспарлап)оқыту- оқыту бағдарламасына негізделген. Бұл бағдарламада 1)оқу материалының өзі; 2)оны меңгерудегі оқушының іс-әрекеті; 3) тексеру түрлерін бір тәртіппен ретке келтіреді.Бағдарламалап оқытудың үш принципі бар: сызықты, тармақты және аралас. Сызықты бағдарламада оқу материалы бірізділікпен беріледі. Тармақты бағдарламада әр оқушы керекті тармаққа өтіп, қайтадан оқып, қосымша түсініктеме алып, қатені жойып, негізгі сызыққа қайтып оралады. Мықты оқушылар негізгі сызықпен жүрсе, әлсіз оқушылар тармақтарға кіру арқылы нәтижеге жетеді. Аралас бағдарламада қиын тақырыптар тармақтарға бөлінеді, басқалары сызық бойынша орналасады.Бұл оқыту машинасыз және машиналы болып екіге бөлінеді. Машинасыз бағдарлама оқыту үшін арнайы оқулықтар, перфокарталар пайдаланылады, негізгі деректер көзі қағаз болады. Оқу нәтижесі біраз уақыттан соң бағаланады. Соңғы кезде машиналы бағдарламалап оқыту үшін компьютер кең қолданылуда. Тапсырмалар, мәтіндер, сұрақтар, жауаптар дисплей дидарында жазылып, сол мезгілде бағаланып тұрады. Шын мәнісінде бұл оқыту жүйесін компьютермен жүргізу өте тиімді, себебі оның көмегімен оқушының кез-келген сұраққа берген жауабы тез арада өңделіп, нәтижесі электронды түрде басылып шығады. Оқу үрдісінің дидактикалық мүмкіншіліктері де кең ашылады.Оқу бағдарламасы оқыту алгоритміне негізделген. Алгоритм – дұрыс жауапқа жетелейтін бірізді ақыл – ой және оқу іс–әрекеттерінің жүйесі. Білім мен біліктерді толық меңгеру үшін алгоритм оқушыларға оқу әрекетінің құрамы мен орындау тәртібін белгілейді. Оқу бағдарламасын құрастырудан алдын–ала оқу барысын басқару үшін алгоритм жасалынады. Алгоритм сапасы компьютерлік оқытудың сапасына тікелей ықпал жасайды. Сондықтан, компьютерлік оқытудың сапасы оқу бағдарламасы мен техника сапасына тәуелді.
Бағдарламалап оқытудың күшті жақтары:
-
– оқу материалының бөлшектенуі, -
– оқушының белсенді өзіндік жұмысы, -
– тұрақты тексеру, -
– оқыту қарқыны мен оқу материалы көлемінің даралануы, -
– техникалық оқыту құралдарын пайдалану. -
Бағдарламалап оқытудың кемшіліктері: -
– бағдарлама жасауға көп уақыт, күш, -
– мектептегі компьютерлердің саны мен сапасы жеткіліксіз.
-
1. Жай бақылаудан өзін-өзі бақылауға көшу -
2. Педагогикалық жүйені оқушының өз бетімен білім алуына бейімделу. -
Бұл әдіс бір бағытты деп аталады