Файл: Курсты Жмыс мамандыы 0709000 Пайдалы азбаларды байыту (кен байыту).docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 05.12.2023
Просмотров: 52
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі
Қазақмыс корпорациясының Технологиялық колледжі
«ФЛОТАЦИЯЛЫҚ БАЙЫТУ ЖҰМЫСТАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ЖОСПАРЛАУ»
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Мамандығы: 0709000 «Пайдалы қазбаларды байыту (кен байыту)»
Практика жетешісі: Оспанова Н.У.
Муратова И.К.
Орындаған ОПИ-41 тобының студенті:
Максутова А.Е.
Сатпаев, 2022
МАЗМҰНЫ
Кіріспе | |
1 Жұмысты ұйымдастыру | |
1.1 Бөлімшедегі жұмысты ұйымдастыру | |
1.2 Кәсіпорынның жұмыс істеу тәртібі | |
1.3 Жұмыс орны мен еңбекті ғылыми ұйымдастыру | |
2 Бір жолғы шығындар мен эксплуатациялық шығындарды жоспарлау | |
2.1 Бір жолғы шығындарды есептеу | |
2.2 Электр энергия шығындарын есептеу | |
2.3 Амортизациялық шығындарды есептеу | |
2.4 Штатты жоспарлау және жұмысшылар, басқарушылар мен мамандардың тізімдік санын есептеу | |
2.5 Жұмысшылар, басқарушылар мен мамандардың еңбекақы қорын есептеу | |
2.6 Жылдық эксплуатациялық шығындарды есептеу | |
Қорытынды | |
Қолданылған әдебиеттер тізімі | |
Кіріспе
Кен қазбаларды игеру дәрежесі мына факторларға байланысты өседі: ірі кәсіпорындарда техникалық қаруландыру мен реконструкциялау; жаңа ірі кәсіпорындарды салу; пайдалы қазба кен орындарын өңдеу технологияларын жетілдіру; тау-кен жұмыстарын интенсификациялау және үздіксіз шоғырландыру кезінде барлық өндірістік процестерді автоматтандыру және кешенді механизацияны кеңінен енгізу. Техникалық қаруландыруды іске асырудан болатын экономикалық тиімділік тек қана өндірістік кешенді жетілдіргенде байқалады. Сондықтан жобаларда тиімді және перспективті технологияларды қолданумен қатар тау-кен жұмыстарын тиімді шоғырландыру кеніштің жылдық өнімділігін жоғарлату, қалдық пен кенді қазудың сандық және сапалық көрсеткіштерін жоғарлату сауалдарын қарастыру керек.
Пайдалы қазбалар — техниканың қазіргі жағдайында халық шаруашылығына табиғи күйінде немесе байытқаннан кейін пайдаланғанда жеткілікті экономикалық нәтиже бере алатын жер қойнында кездесетін табиғи минералдық заттар.
№1, 2 Жезқазған байыту фабрикалары Қазақстан Республикасы Қарағанды облысының Жезқазған қаласында орналасқан. №1,2 Жезқазған байыту фабрикасы "Қазақмыс" корпорациясы құрамына енеді. Байыту фабрикасы 1954 жылы іске қолсылған. Қазіргі уақытта дүниежүзі бойынша ең ірі мыс кенін байытушы кәсіпорны болып табылады. №1, 2 ЖБФ-да жерасты және ашық карьерлердің мыс сульфидті кендері, ашық (карьерлік) кеннің аралас және тотыққан мыс кендері, Жезқазған мыс зауытының шлактары өңделеді. №1, 2 Жезқазған байыту фабрикалары (ЖБФ № 1 және №2) екі байыту фабрикасын біріктіреді және олардың байыту циклдерінен алынған концентраттары Жезқазған мыс балқыту зауытында өңделеді. Жер қойнауынан ашық және жабық тәсілдермен өндірілген мыс кені Жезқазған байыту фабрикасына жеткізіледі. Фабриканың технологиялық схемасы бірнеше кезеңнен тұрады: вагондарды төгу; мыс кенін ұсақтау, елеу және ұнтақтау; флотация; концентратты қоюлау, сүзу және кептіру. Біріншісі - темір жол вагондары ғимараттарында темір жол вагондарымен шахталардан келетін кенді қабылдау. Темір жолмен мыс кені фабрикаға жеткізіледі. Олар вагон аударғыштар көмегімен түсіріледі. Екіншісі – ұсақтау бөлімдерінде кенді кезең-кезеңмен ұсақтау (ірі, орта және майда). Кен конвейер арқылы ұсатқыштарға түседі. Кеннің бір вагоны шамамен 10-20 секундта ұсақталады. Конусты ұнтақтағыштар қолданылады: кесектер жылжымалы және бекітілген конустар арасында жаншылу арқасында ұсақталады. Ірі ұсақтаудан кейін кен елеу, орташа және майда ұсақтау процестеріне түседі. Елеу, орташа жене майда ұсақтау процесі жүргізілетін цех. Елеу – әртүрлі кесекті кенді елеуіш беттері (елеуіш торлар суретте көрсетілген) көмегімен әртүрлі ірілікті кластарға бөлу процесі. Кенді дайындау сапасы уақытылы жаңартылып отыратын іріктеу електерінің сапасына байланысты. Елеу – елеуіштерде (грохоттарда) жүргізіледі. Майда ұсатудан кейін кен конвейерлер арқылы бас ғимаратқа түседі. Онда ұнтақтау және флотация бөлімдері орналасқан. Үшінші кезең - пульпа алу үшін барабанды диірмендерде кенді ұнтақтау және оны флотацияға жіберу. Мұндай диірмендердегі ұнтақтаушы орта - болат біліктер және әртүрлі диаметрдегі шойын немесе болат шарлар. Майда ұсатылған кен ұнтақтау процесіне түседі. Онда барабанды диірмендер мен классификаторлар, гидроциклондар орналасқан. Мұндай диірмендерде кен біртекті пульпа алынғанша сумен араластырылады. Төртінші кезең - флотация. Мыс минералдарының ұсақ ұнтақталған бөлшектері сулы ортада арнайы химиялық реагенттер қосу арқылы ауа көпіршіктерінің бетіне бекінеді. Мыс минералдарымен қапталған көпіршіктер көбік түзеді, ол дайын мыс концентратына айналғанша флотацияның келесі сатысына жіберіледі. Көпіршіктерге бекінбеген және камера түбіне тұнған бос тау жыныстары түйіршіктері байыту қалдықтары деп аталады. Флотациядан кейін қалдықтар құбырлар арқылы қалдықтарға жіберіледі. Флотация процесі флотомашиналарда жүргізіледі. Өңдеудің бесінші кезеңі - мыс концентратын қоюлау және сүзу. Бұл кезеңде флотация ар№1, 2 Жезқазған байыту фабрикаларының тауарлық өнімі - Жезқазған мыс балқыту зауытында өңделетін мыс концентраты.қылы алынған концентраттағы ылғалдылық азаяды. Қоюлау процесі қоюландырғыштарда (сгуститель), ал сүзу – сүзүіштерде (вакуум-фильтр) жүргізіледі. Механикалық флотациялық машиналар камералардың аз санында пульпа деңгейін реттеуді және қажет болған жағдайда аралық өнімдерді соруды талап ететін флотацияның дамыған схемаларында кәдімгі ірілік пульпасын флотациялау үшін (74 мкм сыныпты ұстау кезінде ең үлкен ірілігі кемінде 50%) кеңінен қолданылады. Механикалық машиналарды пайдалану зауытта үрлеуді болдырмауға мүмкіндік береді. Полиметалл кендерін байытуда, күрделі қайта өңдеу схемаларымен, әдетте, қосымша сорғыларды орнатпай, өнеркәсіптік өнімдерді тасымалдауды қамтамасыз ететін механикалық машиналар қолданылады.
1 ЖҰМЫСТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ
-
Бөлімшедегі жұмысты ұйымдастыру
Өндірісті ұйымдастырудың негізгі міндеттерінің бірі кенішпен оның бөлімшелерінің ұтымды жұмыс істеу тәртібін таңдау. Ол негізгі қорлардың, әсіресе активті бөліктерімен еңбек өнімділігін уақытқа қолдануға үлкен әсерін тигізеді. Кәсіпорын негізі және көмекші өндірістен құрылады. Негізгі өндіріс шахтадағы кен өндірістік тікелей ұйымдастырумен айналысуды құрастырады.
Көмекші өндіріске негізгі өндірісті жүзеге асыруға қызмет жасайтын процестер жатады.
Кәсіпорынның жұмыс істеу тәртібі оның өндірістік қызметінің ұзақтылығымен ережесін орнату, ол жыл ішінде жұмысқа жарамды және жарамсыз күндерді, тәуліктегі ауысымдар саны мен ауысым ұзақтылығын анықтайды. Жарамды жмыс күндер үзілісті және үзіліссіз күндер болып бөлінеді.Жалпы кәсіпорын дегеніміз – нарықтық экономиканың субъектісі- нарықтық экономика жағдайға байланысты іс-әркекет жасайды. Ресурстарды бөлу, бағаның ауытқуы-нарықтықтың заңдылықтарына сәйкес өзгереді.
Кез-келген кәсіпорынның қызметінің жоспарлануы өндірістік бағдарламаға сай жүргізіледі. Өндірістік бағдарламаның жоспарында қандай тауар түрін және қанша көлемде шығару керектігі жайлы айтылады.
Өзара байланысты ұйымдастыру мәселелерін шешу, жылдық уақытпен жұмыс кезегінедейінгі аралықтағы күнтізбелік уақыт кезеңінің ішіндегі тау-кен өндіру жұмыстары мен өндірістік ресурстардың арасындағы сәйкестіктердегі өз реттерімен сақтау, олардың тиімділігін анықтап, белгілей ұйымдастыруды жоспарлаудың мағынасына жатады. Ұйымдастыруда жоспарлаудың нақты құрам жұмыстардың кешенді мезеттік кестелері болып табылады және оның мақсаты да барынша жақсы нәтижеиен тапсырылған жұмыстарды орындайтындай мезеттік кесте құру. Ұйымдастыруды жоспарлаудың негізін әр түрлі өндіріс салаларының жұмыстарын жоспарлау және олардың түрлерімен,алатын көлемінің орындалуына байланысты құрылады.
Өндірісті ұйымдастырудың негізгі міндеттерінің бірі кенішпен оның бөлімшелерінің ұтымды жұмыс істеу тәртібін таңдау. Ол негізгі қорлардың, әсіресе активті бөліктерімен еңбек өнімділігін уақытқа қолдануға үлкен әсерін тигізеді.
Кәсіпорын негізі және көмекші өндірістен құрылады. Негізгі өндіріс шахтадағы кен өндірістік тікелей ұйымдастырумен айналысуды құрастырады.
Көмекші өндіріске негізгі өндірісті жүзеге асыруға қызмет жасайтын процестер жатады.
Кәсіпорынның жұмыс істеу тәртібі оның өндірістік қызметінің ұзақтылығымен ережесін орнату, ол жыл ішінде жұмысқа жарамды және жарамсыз күндерді, тәуліктегі ауысымдар саны мен ауысым ұзақтылығын анықтайды. Жарамды жмыс күндер үзілісті және үзіліссіз күндер болып бөлінеді.
1.2Кәсіпорының жұмыс істеу тәртібі
Үзіліссіз – жұмыс тәртібі жыл ішіндегі мерекелік күндерді қоспағанда 357 – 365 күндерді құрайды.
Үзілісті – жұмыс тәртібі жалпы демалыс күндердің болуымен сипатталады.
Жұмыс істеу тәртібі- бұл жыл ішіндегі жұмысқа жарамды және жарамсыз күндер, тәуліктегі жұмыс ауысымдары мен бір жұмыс ауысымының ұзақтығын анықтайтын өндірістік қызметтің ұзақтығымен тағайындалған ережесі.
Кәсіпорынның жылдық тәртібі үзілісті және үзіліссіз болуы мүмкін.
Үзілісті жұмыс күні жалпы демалыс күндерінің болуымен ерекшеленеді. Үзіліспен жұмыс істегенде алты күндік 305-309, екі демалысты аптада 253-260 күнді құрайды.
Үзіліссіз жұмыс тәртібі мерекелік күндермен тоқтап қалуларды санамығанда жұмыс жыл бойы атқарылатын жұмыс тәртібін айтады. Үзіліссіз жұмыс кезінде кәсіпорын мен бөлімдері жалпы демалыс күндерінсіз жұмыс істейді.
Екі демалысты аптада 8 сағаттық ауысым кезінде 1сағат жоспарлы жұмыс уақыты кем болады. Сондықтан әр аптада 1 демалыс күні жұмыс күні болып есептеледі. Сонда жылдағы жұмыс күндері 260 күндерді құрайды.
Кеніштін орналасқан жұмыс тәртібі негізінде әр айдағы жұмыскерлердің жұмысқа шығу графигі жасалады. График жасау кезінде жұмыс уақытының орташа айлық нормативі алынады (орташа айлық норматив 175,6 сағат). Егер кәсіп орын 2 күндік демалыс аптасымен жұмыс істесе 3 бригадалық график құрылады.
Үзіліссіз жұмыс істегенде 357 – 365 күн, үзіліспен жұмыс істегенде 6 күндік жұмыс аптада 305 – 309, екі демалыс аптада 253 – 260 күн жұмыс істейді.
Тәліктік жұмыс қалпы тәуліктегі жұмыс кезегінің санымен анықтлады. Шахталарда жұмыс қалыпы 6сағатпен 4 жұмыс кезегі, кеніштерде 2 – 3 жұмыс кезегі болады.
Жұмыс кезегіндегі уақыт 8 сағат, жылдық мереке 14 күн. Жыл ішіндегі екі күндік демалыс 152 күн, аптадағы жұмыс уақыты 36 сағат.
1.3 Жұмыс орны мен еңбекті ғылыми ұйымдастыру
Тау – кен кәсіпорындарының жұмысының техника – экономикалық көрсеткіштерінің үзіліссіз өсімін, жұмыстарды кешенді механикаландыру мен автоматтандыру
, технологияны жетілдіру, өндірісті ұйымдастыру, басқарумен қатар еңбекті ұйымдастырудың прогресивтік формалары мен тәсілдері енгізілсе ғана игеруге болады.
Еңбекті ғылыми ұйымдастыру – еңбектік әдістерді, жұмыс процестері мен операцияларын жетілдіру, жұмыс орындарында санитарлы – гигиеналық жағдай жасау, жұмыскерлердің жұмыс уақытың тиімді қалыптастыру,еңбегін ұтымды мамандандыру мен кооперациялау бойынша техникалық, технологиялық ұйымдастырушылық, әлеуметтік және экономикалық шараларды ұйымдастыру қажет. Еңбекті ғылыми ұйымдастыру арқылы мынадай нәтижелерді алуға болады:
1. Жұмыскерлердің жұмыс қабылеттілігінің жоғарлауы.
2. Жұмыскерлердің оқытылуы мен квалификатциясының өсуі.
3. Құрал жабдық пен жұмыс уақытың толық пайдалануды келістіру.
4. Материалдардың және қаржылқ ресурстардың эканомикасы.
5. Өнімінің сапасының жоғарлауы.
6. Еңбек шарттарымен жұмыс қауіпсіздігінің орнатылуы және жұмыскерлердің еңбек ақысының жоғарлауы.
Жұмыс орны- бұл жұмыскерлердің еңбегін жұмсайтын негізгі орын. Ол техника және технологиялық нормативтер негізінде анықталады және жұмыскерлердің алдына қойған нақты міндеттерді шешшу үшін қажет техникалық және басқада құралдармен жабдықталуы. Жұмыс орындары өндірістік немесе қызметтік аланның бір бөлігін алады, соған сәйкес еңбек құралдарымен заттарын орналасады.
Өндірістік процестін ерекшеліктеріне және орындалатын жұмыс сипаттына байланысты жұмыс байланысты жұмыс орындары қарапайым және жай, көп станокты, коллективті, стационарлы және қозғалмалы немесе кеңістікті болып бөлінеді.
1. Жай жұмыс орындары – жұмыскерлердің бір агрегатпен қызмет көрсетуімен ерекшеленеді.
2. Көп станокты жұмыс орындары – бір жұмыскер бір мезгілде бірнеше агрегатпен қызметатқарады.
3. Коллективтік жұмыс орындары – химялық, металлургиялық, ірі көлік құралдарында қолданылады. Мұнда бір агрегатпен бірнеше адам қызмет жасайды.
4. Стационарлы жұмыс орны – бекітілген өндірістік аланда орналасады және еңбектің стацинарлы құралдарымен жабдықталады.
5. Қозғалмалы жұмыс орны – оған жол салу бойынша қызмет көрсететін кәсіпорындар жатады.
6. Кеңістікті жұмыс орындары - өнім түріне, еңбек құрамына байланныссыз жұмыс сипатымен анықталады.
Жұмыс орны дегеніміз бір немесе бірнеше жұмыскерлердің өндірістік операцияны немесе жұмысты орындайтың техникалық құрал жабдықталған зонасы. Жұмыс орның ұйымдастыру белгілі тәртіппен орналастырылған еңбектік заттармен және құралдармен жабдықтау. Жұмыс орны әдетте былай бағаланады: