ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 05.12.2023
Просмотров: 34
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
57.
Өз Президентін сайлап алған, Тәуелсіздік туралы заңы қабылданған Қазақстан енді бұрынғы одақтас елдеріне алаң ұсынды. 21-желтоқсанда Кеңес одағының құрамында болған 15 елдің 11-інің басшылары Алатаудың бауырына жиналып «Алматы декларациясын» қабылдады. Бұған дейін 8-желтоқсан күні Минскіде Ресей,Беларусь, Украина үштігі ТМД-ны құру туралы Келісім хаттамасына қол қойған еді. Декларация осы құжаттың салмағын арттырды.Құжатта ең алдымен, ұйымға мүше мемлекеттердің тәуелсіздігі мен егемендігі құрметтеліп, тең құқығы сақталатыны қадап көрсетілді. Оның құндылығы да сол болды. Одан кейінгі кезекте елдің даму бағытын айқындау,ұлттық қауіпсіздікті, жаңа мемлекеттік шекаралардың тұтастығын қамтамасыз ету тұрды.
ТМД-дағы рөлі мен маңызын қарайтын болсак,Біріншіден –минералдық ресурстар байлығы.Барланған пайдалы қазбалардың кұны бойынша (АҚІП-та 8 трлн доллар болғанда, бізде 4 трлн доллар мөлшерінде) Қазақстан дүние жүзінде Бразилиямен бесінші-алтыншы орындарды бөліседі. Бұл — біздің еліміздің үлкен артықшылығы, оның әлемдік позициясының негізі. Осы жағдай біздің елімізге ірі шетелдік компаниялардың келуіне әсерін тигізді.Екіншіден, жер көлемінің аумақты болуы
Еуразиялық Одақ идеясы дегеніміз ең алдымен аумақтықтұтастығын,саяси егемендігін,және мемлекеттердің басқада тұрақты сипаттамаларын сақтайтын тәуелсізмемлекеттердің экономикалық одағының идеясы болыптабылады. Интеграцияның жаңа деңгейі бір сәтте жаңамемлекеттердің шекаралары арқылы бөлініп қалған көптеген адамдардың күнделікті проблемаларын шешугемүмкіндік береді.ТМД-ның оңтүстік шекаралардыңтұрақсыздық жағдайында Еуразиялық Одақ құрылуы одаққа мүше барлық елдердің сыртқы қауіпсіздігін қамтамасызетудің кепілі бола алады.Прогресшіл күштер бірлігінің идеялық және практикалық негізі Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынған «Мемлекеттердің ЕуразиялықОдағын кұру туралы жобасы» болып табылады.Жоба ТМД-да болып жатқан үрдістерге сәйкес келеді жәнехалықтардың интеграциясына бағытталады.
58.
1991 жылы КСРОыдырап, Одақтың құрамындағы елдер өз алдарына жеке мемлекет болып жатты. Солардың қатарында Қазақстан да болды.1991 жылы 16-желтоқсанда Қазақстанның Жоғарғы Кеңесі“Тәуелсіздік пен мемлекеттің егемендігі туралы” заңды қабылдады. Ескеретіні, Қазақстан КСРО құрамындағы елдердің арасында ең соңғысы болып Тәуелсіздігі туралы заңды қабылдады. Бұл заң 1990 жылы 25-қазанда қабылданған Қазақстанның Егемендігі туралы Декларациямен бірге Қазақ елінің елдігін нығайта түсті.
Қазақстанның Тәуелсіздігін ресми түрде ең алғаш болып мұхиттың арғы жағында жатқан Америка Құрама Штаттары мойындады,екінші болып Қытай, сонан соң Ұлыбритания мойындады. Оның артынан Моңғолия,Франция, Жапония,Оңтүстік Корея және Иран Ислам мемлекетімойындады.Иран— Қазақстанның тәуелсіздігін мойындаған алғашқы мұсылман мемлекет. Небары бірнеше аптаның ішінде әлемнің көптеген беделді елдері Қазақ елінің тәуелсіздігін мойындап, дипломатиялық қатынастар басталды.
59.
Қазақстанның мемлекеттік рәміздері ретінде туы, елтаңбасы және әнұраны
жатқызылады.
Қазақстан Pеспубликасының мемлекеттiк Елтаңбасы— Қазақстан Республикасының негiзгi мемлекеттiк рәмiздерiнiң бiрi.Қазақстан Республикасының Президентінің“Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк рәмiздерi туралы” конституциялық заң күшi бар Жарлығымен (24.1.1996) белгiленген.Қазақстан Pеспубликасының мемлекеттiк Елтаңбасының авторлары — Жандарбек Мәлiбеков пен Шотаман Уәлиханов.
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Туы– Қазақстан Республикасының мемлекеттiк негiзгi рәмiздердiң бiрi. ҚР Президентiнiң “Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк рәмiздерi туралы” конституциялық заң күшi бар Жарлығымен (24.1.1996) белгiленген. Мемлекеттік ту көгiлдiр түстi тiк бұрышты кездеме. Оның ортасында арайлы күн, күннiң астында қалықтаған қыран бейнеленген. Ағаш сабына бекiтiлген тұста — ұлттық оюлармен кестеленген тiк жолақ өрнектелген.Күн,арай,қыран және ою-өрнек — алтын түстi. Тудың енi ұзындығының жартысына тең. ҚР мемлекеттік туының авторы — суретшi Шәкен Ниязбеков.
Қазақстанның «Менің Қазақстаным»атты қазіргі әнұраны 2006 жылдыңқаңтарында қабылданған. Ол танымал аттас өлеңгенегізделген еді. Әнұранның сөзін жазған авторы —Жұмекен Нәжімеденов және композиторы —Шәмші Қалдаяқов.
60.
Қазақстан Республикасының Конституциясы 1993 жыл
Тәуелсіз Қазақстанның алғашқы Конституциясы 1993 жылы 28 қаңтарда ХІІ шақырылған Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің ІХ сессиясында қабылданды. Ол кіріспеден, 4 бөлім, 21 тарау және 131 баптан тұрады.
Конституция Қазақстан мемлекеттік егемендігін алған сәттен бергі көптеген құқықтық нормаларды:
халықтық егемендік
-
мемлекет тәуелсіздігі -
билікті бөлісу принципі -
қазақ тілін мемлекеттік деп тану -
Президентті мемлекет басшысы деп тану -
сот органдарын — Жоғарғы, Конституциялық және Жоғары Арбитраждық соттар және басқаларды қамтыды.
1993 жылғы Конституция негізіне парламенттік республика моделі алынды.[1]
Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жыл
Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жылы 30 тамызда қабылданды.
1995 жылы 30 тамызда республикада бүкілхалықтық референдум өтті, нәтижесінде Қазақстанның жаңа Конституциясы қабылданды. Дауыс беру еліміздің қалалары мен ауылдарындағы 10253 сайлау учаскелерінде жүрді. Бұл Конституцияның 1993 жылғы Конституциядан айырмашылығы оның мазмұнының сапасында еді. Жаңа Конституцияға алғаш рет азаматтың құқығына қатысты ғана емес, адам дүниеге келген сәттен одан ажырамас құқықтарына да қатысты нормалар енді. Ол бойынша Қазақстан Республикасының Президенті саяси жүйенің басты тұлғасы болып табылады, билік тармақтарынан жоғары тұрады. Бұл президенттік басқару жүйесіндегі мемлекетке сай келеді. Парламент туралы конституциялық бөлім өзгерістерге ұшырады.
1995 ж. желтоқсанда екі палаталы (жоғарғы палаталы — Сенат, төменгі палаталы —Мәжіліс) Парламентке сайлау өткізілді.
61.
1997 жылғы қазанда Н.Ә. Назарбаевтың "Қазақстан-2030” жолдауы жарияланды. Қаралған мәселелер:
1. Экономикалық дағдарыстан шығу жолдары.
2. Реформаларды аяқтау.
3. Алдыңғы қатарлы мемлекеттер қатарына қосылу.
4. "Қазақстан барысын” қалыптастыру.
Жолдауда болашаққа болжам, қазіргі жағдайға талдау жасалып, ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттары, республиканың дамуының ерекшеліктері айтылды. Бұл бағдарламада еліміздің саяси, әлеуметтік-экономикалық дамуының жақын арадағы және стратегиялық ұзақ мерзімдегі даму жолдары көрсетілген. Ұзақ мерзімдегі 7 басымдық:
1. Ұлттық қауіпсіздікті сақтау.
2. Ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамның топтасуын нығайту.
3. Нарықтық қатынастар негізінде экономикалық өсу.
4. Қазақстан азаматтарының денсаулығының білімі мен әл-ауқатын көтеру.
5. Энергетика ресурстарын жете пайдалану.
6. Инфрақұрым, көлік, байланысты дамыту.
7. Демократиялық кәсіби мемлекет құру.
Ұлттық қауіпсіздік басымдықтарының деңгейіне мықты демографиялық және көш-қон саясаты шығарылуға тиіс. Егер бұған немқұрайлықпен қарасақ, оның салдары өте ауыр болады.
62.
Н.Ә.Назарбаев əртүрлі-деңгейде сөйлеген сөзінде, оннан астам жарияланған еңбектерінде Тəуелсіз Қазақстанның өмір шындығына сай жаңа тарихын жазуға жəне сол арқылы халқымыздың жаңа тарихи санасын қалыптастыру ісіне басты назар аударуда. Ол өткен тарихын білмеген, өзінің ұлттық қасиет терінен айырылған халық қасіретке ұшырайтындығы туралы, өзінің жақсысы мен жайсаңын сыйламайтын адам басқаларға құрмет бола алмайтындығы жөнін-де те рең тұжырымдар жасады. Тарих ғылымы — ұлттың, елдің тəуелсіздігінің жəне тарихи сананы қалыптас тырудың тірегі. Өйткені Отан тарихы — оның əлемдік қауымдастықтағы орнын айқындайтын ең негізгі фактор болып саналады. Тарихсыз қоғам, халық, мемлекет болмайтыны белгілі. Бірақ сол тарихтың ғылымға негізделіп, шынайы, түбегейлі жан-жақты зерттелмеуі тарихи сананың ұлттық рухтың əлсіреуіне əкеледі
Бірінші бағыт — Қазақстан тарихының əртүрлі-деңгейдегі оқу орындарында ғы оқыту дəрежесін үнемі жетілдіріп отыру. Екінші бағыт — Отандық тарихты қолда бар құралдарды, мүмкіндіктерді пайдалана отырып, халық арасында кең насихаттау. Үшінші бағыт — Қазақстан тарихының тереңдей зерттелуі.
63.
Жалпыұлттық жоспарда 50 шара көзделген және олар жолдаудың барлық қағидаларын қамтитын бағыттар бойынша құрылымданған. Үкімет мүшелері мен әкімдердің жұмыссыздықты азайту және жұмыспен қамтылуды қамтамасыз ету көрсеткіштері бойынша қызметтерін бағалау жүйесін қоса алғанда мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін арттыру жөнінде шаралар кешені қабылданатын болады. Жолдауды іске асыру аясында өңірлік жұмыспен қамтылуды қамтамасыз етуге және кадрларды қайта даярлауға, әлеуметтік жұмыс орындары және жастар практикасы бағдарламаларын кеңейтуге айрықша салмақ түсіріледі. Бірқатар шаралар коммуналдық желілерді қайта жасақтауға және жаңғыртуға, республикалық және жергілікті маңыздағы жолдарды жөндеуге, қайта жасақтауға және салуға, әлеуметтік инфрақұрылымды жаңартуға және әрбір нақты елді мекенде жергілікті маңыздағы нысандарды абаттандыруға бағытталатын болады. Азық-түлік қауіпсіздігі мен экспортты әртараптандыруды қамтамасыз ету үшін агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі шаралар қабылданады.