Файл: 1 мамыр азастан халытарыны бірлігі кні. трбие сааты Масаты.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 05.12.2023
Просмотров: 51
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні.
тәрбие сағаты
Мақсаты: көпұлтты Қазақстан Республикасының халықтар достығы – еліміздің бірлігінің кепілдігі екендігін таныту. Әр халықтың өнері, оның рухани байлығының негізін баланың жүрегіне өз ұлтының тілін, дінін біле отырып, өзге ұлттың рухани байлығын сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Плакаттар, интербелсенді тақта, әр түрлі ұлттық қиімдер.
Барысы.
1-Жүргізуші:
Армысыздар құрметті қонақтар, қадірлі балалар!
1-Мамыр – Қазақстан халқының ынтымағы мен бірлігі мерекесі құтты болсын! Бүгінгі күн ерекше, өйткені 1-Мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесіне орай тәрбие сағаты өткізіліп отыр. Қазақстан түрлі ұлттардың басын қосқан ұлы мекен. Олардың салт-дәстүрлері, тілі мен мәдениеті жоғалмас үшін қолайлы жағдай жасалған.
2-Жүргізуші:
Қазақстан халқы Ассамблеясы - 1995 жылғы 1 наурызда Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен құрылған кеңесші орган. Елбасы Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясын құру идеясын алғаш рет 1992 жылы Тәуелсіздіктің бірінші жылына арналған Қазақстан халқының бірінші форумында жариялады. Сіздер білесіздер, кең байтақ Қазақстанда 136 ұлт өкілдері тұрып жатыр. Әрине, бұл қазақ халқының ұлылығынан, "Кең болсаң, кем болмайсың" дегендей қазақ халқының пейілінің кеңдігінен басқа ұлт өкілдерінің тұрып жатқан жайы бар.
1-Жүргізуші:
Қазіргі уақытта Ассамблея құрамында 394 мүше бар.Ассамблеяның басты ерекшеліктерінің бірі - еліміздің жоғары заң шығару органында -этностық топтар мүдделерінің кепілді өкілдік етуін қамтамасыз етуі болып табылады. «Бірлік бар жерде бақыт бар», «Ынтымақ-достық кепілі». Біздің Отанымыз — Қазақстан. Бүгінгі Қазақстан дүниежүзінде көптеген мемлекеттер таныған ел. Оның өз Елтаңбасы, Туы, Әнұраны бар. Еліміз өз тәуелсіздігін 1991 жылы 16 – желтоқсанда алды.
2-Жүргізуші:
Мамырдың бірі, достық күні
Ән салып, билеген халықтың үні.
Тұтасып, тойлаған ұлттар,
Керемет мереке, мамырдың бірі.
Бүгінгі мерекеге сыныбымыздың барлық оқушылары өздерінің өнерлерін алып келіп отыр.
1-Жүргізуші:
Сыныбымыз 5 түрлі ұлт өкілдеріне бөлінді. Олар: ағылшын халқы, үнді халқы, орыс халқы, өзбек және корей халықтары.
Ұлт өкілдері кезеңдер бойынша өнерлерін көрсетеді.
2-Жүргізуші:
1-кезең – Сәлемдесу. Қатысушылар өздеріне берілген халықты таныстырулары тиіс.
2-кезең – Өз өнері. Халықтар өз өнерлерін паш етеді.
3-кезең – Ұлттық тағам. Қатысушылар ұлттық тағамдарымен таныстырады.
4-кезең – Ұлттық киімдер шеруі. Халықтар ұлттық киім үлгісін көрсетеді.
1-Жүргізуші:
Тілі басқа тілегі бір біргеміз,
Өздеріңмен жүздесеміз күнде біз.
Мақсат ортақ, бейбітшілік ұран боп
Татулықтан бұзылмасын іргеміз – деп, 1-кезең сәлемдесуге кезек берейік.
Корей халқы: Аружан, Д.Айару, Раян, Жалғас, Шахислам
Өзбек халқы: Қ.Айару, Айзере, Самрат, Әбубәкір, Азамат
Үнді халқы: Әсия, Әлиша, Дінислам, Ахметжан, Ақарыс
Ағылшын халқы: Әзиза, Жанель, Абай, Альмансур, Мирас
Орыс халқы: Көркем, Айдана, Әмір, Нұрғали, Айсұлтан
2-Жүргізуші:
Бірлігі мен ынтымағы халықтың,
Көзімізде жарқырайды жарық күн,
Ырыс, дәулет, бақыт үшін халықтың,
Жайнай берсін, жайнай берсін жарық күн.
1-Жүргізуші: Кәрістер – Оңтүстік және Солтүстік Кореяның байырғы тұрғындарын құраушы халық. Сондай-ақ этнос өкілдері Қазақстанда, Австралияда, Қытайда, Ресейде, Солтүстік Америкада, Өзбекстан мен Жапонияда тұрады. Халықтың жалпы саны – 80 миллионнан астам адам. Алтай тіл шоғырының тунгус-маньчжур тобына жататын корей тілінде сөйлейді. Этнос өкілдерінің көпшілігі буддизм мен христиандықты ұстанады.
2-кезең, өз өнері. Сахнаға корей ұлтының өкілдерін шақырамыз.
Корей биі және таэквондо спорт өнерін көрсетеді.
2-Жүргізуші:
Өзбектер – Өзбекстанның байырғы тұрғындарын құраушы халық. Этностың жекелеген өкілдері, Қазақстанда, Ауғанстанда, Еуропа елдерінде, Қырғызстанда, Ресей мен АҚШ-та тұрады. Этностың жалпы саны – 30 миллионға жуық адам. Алтай тіл шоғырына түркі тобына кіретін өзбек тілінде сөйлейді. Жазуының негізі латын алфавиті. Өзбектер қазақ жеріне ежелден-ақ қоныстанған. Олар тұтас тұрып жатқан дәстүрлі аймақ — Түркістан облысы.
Келесі өзбек халқының өнерін тамашалайық.
1-жүргізуші:
Азия жерінде орналасқан көне елдердің бірі — Үндістан. Үндістан елі – өз ара сан алуаны мол салттарымен, ескі өркениетімен баршаға әйгілі мемлекеттердің кейбірі деп айтуға болады. Үндістан – кең етек жайған діни жағдайы, басқа да өз ара рухани ескерткіштерінің, билері мен әуендерінің, көрікті үнді фильмдері мен жағымды иісті үнді шайының елі болып табылады.
Сахнаға Үнді халқын шақырамыз. Үнді халқының биі.
2-Жүргізуші:
Ағылшындар— ағылшынтілді германдық ұлт, Ұлыбританияның негізгі халқы. Британ империясының бұрынғы отарлары: АҚШ-та, Аустралияда, Канадада, Жаңа Зеландияда ірі диаспоралары бар.
Енді сахнаға ағылшын халқын шақырамыз.
1-Жүргізуші:
Орыстар – Ресейдің байырғы тұрғындарын құраушы халық. Этностың жүзмыңдаған өкілі Қазақстанда, Беларусьта, АҚШ пен Украинада тұрады. Этностың жалпы саны – 133 миллионға жуық адам. Орыс этносы - саны жағынан еліміздегі екінші этникалық топ және тұрғындардың 23,3%-ын құрайды. Ірі орыс тілді қауымдастықтар Алматы, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары, Алматы қалаларында орналасқан.
Келесі орыс халқының өнерін тамашалайық.
2-жүргізуші:
Достық бізге тым ыстық,
Бірлік – байлық, ырыс – құт.
Жарқырасын күніміз,
Жаса, жаса тыныштық!
Келесі кезеңге кезек берейік. Ұлттық тағам. Қатысушылар ұлттық тағамдарымен таныстырады.
1-жүргізуші:
4-кезең – Ұлттық киімдер шеруі. Халықтар ұлттық киім үлгісін көрсетеді.
2-Жүргізуші: «Қазақта бірлік болмай,тірлік болмайды»-деген ұлағатты ұғым бар.Ендеше елімізде бейбіт өмір сүріп жатқан ұлттармен ұлыстар өкілдерінің татулығы артып,Қазақ елінің нығайып,өркендеуіне өз үлесімізді қоса берейік.
1-Жүргізуші:
Ұлыстарымыз тамыр болған ежелден,
Кімдер қашсын қазақтайын ер елден
Достығымыз ғасырларға жарасқан
Туған елім,шарықтай бер кемелден!
Осымен 1 мамыр - Қазақстан Халықтарының Бірлігі күніне арналған мерекелік бағдарлама аяқталды. Мереке құтты болсын ағайын!