Файл: Практикалы саба 13 Таырыбы Суды рамындаы мысты спектрофотометриялы діспен анытау.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 05.12.2023
Просмотров: 34
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Практикалық сабақ №13
Тақырыбы: Судың құрамындағы мысты спектрофотометриялық әдіспен анықтау.
Жұмыстың мақсаты. Судың құрамындағы мыстың мөлшерін анықтау.
Құрал мен реактивтер: Мыстың стандартты ерітіндісі (Т=2 мг/мл); NH4OH(конц.). Өлшеугіш колбалар (50 мл), пипеткалар, спектрофотометр
Жұмыстың барысы:
-
Анықтау әдістемесі. Калибрлық графикті құрастыру.
50 мл 5 өлшеугіш колбаларға 1,0; 2,5; 4,0; 5,5; 7,0 мл мыстың стандартты ерітіндісін құяды. Әр бір колбаға 5 мл ден концентрлі аммиак ерітіндісін қосады және колбадағы көлемді 50 мл ге дейін дистиллденген сумен жеткізеді. Колбадағы ерітінділерді араластырады және спектрофотометрде ертітінділердің оптикалық тығыздығын өлшейді. Толқын ұзындығы (l=550-570 нм). Салыстыру ерітінді ретінде дистиллденген суды алады.
2. Зерттеуге алынған суды анализдеу.
10 мл зерттеуге алынған суды 50 мл өлшеугіш колбаға құяды, оған 5 млконцентрлі аммиак ерітіндісін қосады және колбадағы көлемді 50 мл ге дейін дистиллденген сумен жеткізеді. Ерітіндіні араластырады және спектрофотометрде ерітіндінің оптикалық тығыздығын өлшейді.
3. Алынған нәтижелерді кестеге жазып, графикті тұрғызады.
№ стандартты ерітінді | Мыстың мөлшері | Оптикалық тығыздық |
| | |
Графикті келесі координатадарда тұрғызады: ох осінде - мыстың мөлшері, оу осінде - оптикалық тығыздық.
Калибрлық график бойынша зерттеуге алынған судағы темірдің мөлшерін анықтайды.
Тапсырма:
-
Зертханалық журналған жұмыстың әдістемесі жазу. -
Реакция тендеулерін жазу. -
Жұмысты орындауға қажетті реактивтерді дайындау есептеулерін жасау. -
Мыстың стандартты ерітіндісін қандай қосылыстан дайындайды? Есептеу жолын келтіру. -
Тәжірибені орындауға қажетті құралдың суретін салу. -
Жұмыстың байқауларын теория жүзінде жазу. -
Кюветаны таңдау ережесін жазу. -
Жұмысты орындау барысында қандай қалындығы бар кюветаны қолданамыз? -
Стандартты ерітінділердің құрамындағы мыстың мөлшерін қалай есептейміз? Есептеулерінді жазу. -
Графикті миллиметрлі қағазға салу. -
Калибрлық график бойынша зерттеуге алынған судағы мыстың мөлшерін анықтау. -
Сулы ерітіндегі мыстың қосылыстарына жалпы сипаттама беру. -
Мысты анықтау әдістерін сипаттау. -
Мысты анықтаудың аммиакты әдісіне толық сипаттама беру. -
Талдауға кедергі жасайтын заттарға сипаттама беру. -
Мыстың тірі ағзаларға үшін маңыздылығын жазу. -
Мыстың судағы санитарлық-нормативтік мөлшерін келтіру. -
"Ауыз судың сапасы" тақырыбы бойынша теориялық материалды оқып білу. -
"Ауыз судың сапасы" тақырыбы бойынша конспектіні дәріс дәптерлеріне жазу.