ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 05.12.2023
Просмотров: 501
Скачиваний: 4
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
СОДЕРЖАНИЕ
Рефлексия
Педагог қорытынды жасайды. Балаларды мадақтайды.
-
ҰОҚ қай бөлімі сендерге көбірек ұнады? -
Балабақшада қандай ойын-сауықтар өткізіледі?
№ 63-64 ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН ОҚУ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖОСПАРЫ
Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Музыка
Тақырыбы: «Ән салып, би билейміз»
Мақсаты: Балаларда бірігіп аспапта ойнау дағдыларын қалыптастыру.
Міндеттері: Музыкалық дыбысталуының сипаттамасына сүйене отырып, бейненің мазмұны мен музыкалық мәнерліліктің элементтерімен байланыстыру.
Қолмен әннің бағытын көрсете отырып, әуеннің жоғарғы-төменгі қозғалысын ажырату. Ән арқылы балаларды адамгершілікке, инабаттылыққа тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже:
Жасайды: ән орындайды, әуеннің жоғарғы-төменгі қозғалысын ажыратады.
Түсінеді: музыкалық аспаптарды дыбыстарынан ажырату түсінеді.
Қолданады: музыкаға сәйкес қимылдар орындайды, билейды. Қолданылатын көрнекі құралдар: музыкалық аспаптар, металлофон, нота хрестоматиясы.
Полилингвальді компонент: ән – песня – song, би – танец – dance.
ҰОҚ барысы
-
Ұйымдастыру кезеңі
Балалар көңілді музыка әуенімен шеңбер бойымен жүріп, қоянша секіріп, құстай ұшып, аюдай қорбаңдап, қасқырдай ырылдап жүреді.
Музыка ауысқанда өз беттерінше жаңа әуенге ілесіп қимылдар жасайды.
-
Негізгі кезең
Домбырам күмбірлеп, күй шерте аламын, Бұрала би билеп, сурет те саламын, –
деп, «Біз өнерпаз баламыз» атты шағын концерт ұйымдастыру.
Музыкалық-ырғақтық
қимылдар:«Мерекелік марш» (Б. Дәлденбай).
Музыка әуеніне ілесіп, аяқты тізеден көтеріп нық басып, бойды тік ұстап, екі қолды кезек-кезек сермеп жүру.
Музыкатыңдау:«Балдырғандар маршы» (К. Қуатбаев).
Музыка тыңдап,сипаты туралы сұрау, әуенді тыңдап, қандай көңіл күйде болғандарын сұрау.
Ән айтар алдында дауыс жаттығуын жасап, әуенді таза айтуға ұмтылу.
Әнайту:«Балдырғандар әні» (Г. Жотаева).
Балалармен әннің көңіл күйін анықтау, сипатына көңіл бөлу. Мазмұнына тоқталып, әнді үйрену.
Үйренген «Біз бақытты баламыз» әнін (Ә. Қонысбеков) еске түсіру, сөздерін анық айтуға, ән ырғағымен орындауға баулу.
Билер:«Еркебұлан» («Билеп үйренейік» жинағынан).
Балаларға бидің қимылдарын көрсету, өз беттерінше жасатып үйрету, әуенге қосылып
1-2 қимылдарын үйрену.
Ойындар,хороводтар:«Соқыртеке» (Е. Хасанғалиев).
Педагог ойын шартын түсіндіреді. Балалар бір-бірінің қолынан ұстап, шеңбер жасап тұрады, 3-4 бала шеңбердің сырт жағында тұрады. Ортада – «соқыртеке».
Балалар шеңбермен айналып жүріп, әннің 1-шумағын айтады. 2-шумақты «соқыртеке» айтады. 2-шумақ басталғанда балалар бекіткен қолдарын жоғары көтереді, ал сыртта тұрған балалар ішке еніп, «соқыртекеге» ұсталып қалмас үшін жан-жаққа жүгіреді.
"Соқыртеке" біреуді ұстап алуға тырысады. Егер ұстап алса, әннің 4-шумағын айтады, ойын қайталанғанда ұсталған бала "соқыртеке" болады. Егер де ұстай алмаса,
әннің 2-шумағын айтып, қайтадан"соқыртеке" болып қалады.
Музыкалық аспапта ойнау:«Атқа мініп шабамыз» (В. Агафонников). Алдымен балаларға әуенді ойнап, қандай музыкаға ұқсайтындарын сұрау. Балалардан музыка
ырғағына сәйкес қол соғуды сұрайды.
Аспаптарды таратып беріп, орындау ретін түсіндіреді. Балалар аспапта ойнағанда ырғақты ұстап отырып, әуенге ілесе ұрмалы аспаптарымен ойнайды.
- 1 ... 32 33 34 35 36 37 38 39 40
Рефлексия
Педагог қорытынды жасайды. Балаларды мадақтайды. Бүгін қандай музыка тыңдап, қандай ән үйрендік?
Сендерге осы оқу қызметінің қай бөлімі көбірек ұнайды?
№ 65-66 ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН ОҚУ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖОСПАРЫ
Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Музыка
Тақырыбы: «Музыка әлеміне саяхат»
Мақсаты: Ғажайып музыка әлемі туралы балаларға әңгіме өткізу, музыка құдіретін түсіне білуге жетелеу.
Міндеттері: Лирикалық байсалды әуендерді қабылдап, қарқындық өзгерісін белгілеу. Фортепианоның сүйемелдеуімен немесе сүйемелдеуінсіз, жалғыз немесе топпен ән айту. Музыка сипатына сәйкес таныс би қимылдарын қолданып, би ойластыру.
Жеңіл әуендерді ансамбльмен балаларға арналған музыкалық аспаптарда фортепианоның сүйемелдеуімен, уақытында қосылып айту, ырғақтық бейнесін анық бере отырып ойнауды дамыту. Балаларды ептілікке, жинақылыққа тәрбиелеу.
Күтілетін нәтижелер:
Жасайды: музыка ырғағына ілесіп би қимылдарын ырғақпен жасайды, әндерді орындайды.
Түсінеді: опера, балет туралы түсініктерді.
Қолданады: аспаптарда ойнаудың қарапайым дағдыларын, ойынға катысады. Қолданылатын көрнекі құралдар: үнтаспа, интерактивті тақтадан Абай атындағы опера және балет театрының суреттері, әртістердін суреттері, нота хрестоматиясы.
Полилингвальді компонент: опера – опера – operah; балет – балет – ballet.
ҰОҚ барысы
-
Ұйымдастыру кезеңі
«Бақытты балалық шақ» («Мен бақытты баламын» СD) балалар музыка залына кіріп,
осы музыка әуенімен қимылдарын жасайды.
-
Негізгі кезең
Музыкалық-ырғақтыққимылдар:«Полька» (М. Красев).
Балаларды шеңбер бойымен жүргізіп, музыка әуеніне ілесе жеңіл қимылдар жасауға талпынту, серіппе, аяқты өкшеге қойып үйрену, қол ұстасып жеңіл секіру.
Балаларға интерактивті тақтадан Алматы қаласындағы Абай атындағы Опера және балет театрының ғимаратын көрсетіп, ондағы әртістердің суреттерімен таныстыру, балаларға бұл өнердің ең биік шыңы екенін айтып түсіндіру.
Музыка тыңдау:«Қыз Жібек» операсынан үзінді (үнтаспа, Е. Брусиловский). Балаларға опера туралы мағлұмат беру.
-
Сендер фильм көргенде сөздерін тыңдап түсінесіңдер, ал операда барлық көріністерін әнмен көрсетеді. Қайғылы оқиғаны да, көңілді оқиғаны да ән арқылы жеткізеді. Ал балет өнерінде барлық құбылыстарды би арқылы көрсетеді.
Ол үшін олар көп дайындалады, еңбектенеді.
Ән айтар алдында дауыс жаттығуын жасап, әуенді таза айтуға ұмтылу.
Ән айту:«Біз бақытты баламыз» (К. Қуатбаев). Әнді көңілді, сөздерін таза, анық айтуға көңіл бөлу.
Ән айтар алдында ережелерді еске түсіріп, иықты көтермей, бір-бірін тыңдап айтуды естен шығармауларын ескерту.
Үйренген «Балдырғандар әнін» (Г. Жотаева) еске түсіру, сөздерін анық айтуға, ән ырғағымен орындауға баулу.
Билер:«Еркебұлан» («Билеп үйренейік» жинағынан).
Биді әрі қарай жалғастырып, бірдей қимыл жасауға ұмтылдыру.
Ойындар,хороводтар:«Үйшік» (В. Витлин).
Ойынды еске түсіріп, үйшікте тұратындар біртіндеп