Файл: Алашында философия термині кезкелген білімні жиынтыына атысты болды. Бл трыда философия дін, математика, жаратылыстану, білім жне саясат атарлылармен тыыз байланысты болды.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 05.12.2023
Просмотров: 27
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Алғашында «философия» термині кез-келген білімнің жиынтығына қатысты болды. Бұл тұрғыда философия дін, математика, жаратылыстану, білім және саясат қатарлылармен тығыз байланысты болды. Ньютонның «Табиғат философиясының математикалық қағидалары» (1687) кітабы ХХІғ-да физика кітабы ретінде жіктелсе, кезінде философиялық кітап ретінде танылып, мұндағы «табиғат философиясы» (кейде натурфилософия) термині сол замандағы астрономия, медицина және физика секілді пәндерді қамтыды. Академия 1-дің бірінші бөлімінде, Цицерон философияны логика, физика және этика сынды үш бөлімге бөліп, Эпикурдың өз ілімін канон, физика және этика қатарлыларға бөлуіне еліктеді.
ІІІ ғ-да өмір сүрген биограф, тұңғыш философия тарихшысы Диоген Лаэртс «Ұлы философтардың өмірі мен идеялары» кітабының 13-ші бөлімінде Философиялық ізденістерді дәстүрлі түрде үш бөлікке бөлді:Табиғат философиясы (яғни физика, грек. ta physika, «табиғатқа қатысты») - физикалық әлемдегі трансформацияның құрылымы мен процессін зерттейтін ғылым;Морал философиясы (яғни этика, грек. êthika «мінезге, бейім, әдепке қатысты») - жақсылықты, дұрыс пен бұрысты, әділеттілік пен ізгілікті зерттейді;Метафизикалық философия (яғни логика, грек. logikós, «ақылға, сөйлеуге қатысты») - болмыс, себептілік, Тәңір, логика, формалар және басқа абстракт объектілерді, зерттейді. (мета та физика, 'физикадан' кейін) зерттейді. (грек. Meta ta physika – «Физиканың кейінінде») Философияны мұндай бөлу ескірген жоқ, тек өзгерді:
Табиғат философиясы - әртүрлі жаратылыстану ғылымдарына, әсіресе физика, астрономия, химия, биология және космологияға бөлінді; Морал философиясы - әлеуметтік ғылымдарды туғызды, сондай-аө құндылықтар теориясын қамтыды (мысалы, этика, эстетика, саяси философия және тб.);Метафизикалық философия - логика, математика және ғылым философиясы секілді формалды ғылымдарға жол берді, әрі эпистемология, космология және тб.-ларды әлі де қамтиды.
Философия термині көне грек тілінен аударғанда даналыққа құштарлық, ал көне үнді тілінен аударғанда ақиқатты көру деген мағынаны береді.
«Философ» сөзін ең алғаш рет интеллектуалды білімге ұмтылып, дұрыс өмір сүруге тырысқан адамдарды оқшаулау мақсатында көне грек математигі мен философы Пифагор қолданған.
Философия терминін түсіндіріп, оны ерекше ғылымның түрі ретінде негіздеген Платон. Көне дүниеде философия деп аталған білім ғылымдардың алғашқы негіздері, практикалық байқаумен, қорытындылармен қатар адамдардың әлем туралы адам тіршілігінің мәні мен мақсаты, өзі туралы мәліметтерді біріктірді.
Философияның қалыптасуы әлем туралы білімдер мен адамдардың өмірлік тәжірибесінің үйлесімділігін іздестіретін ерекше рухани ұстанымның пайда болуын паш етті. Философия даналыққа апаратын жол, яғни даналық философиядан да жоғары, оған философияның көмегімен көтерілуге болады.
Даналық дегеніміз - әр нәрсенің шегін білу, байыбына бару, себебін түсіну, асықпай, аптықпай шешім қабылдау, яғни ол – адамның интеллектуалдық мүмкіндігінің шыңы, адам армандайтын рухани биіктік.
Алғашқы философиялық теориялар өзінің мағынасы жағынан синкретті, яғни жиынтық білім болды. Өйткені, оның құрамында әлем мен адам туралы барлық білімдер сонымен қатар, математиканың, тарихтың, астрономияның, механиканың, медицинаның, этиканың, эстетиканың бастаулары орын алды. Антикалық философияның кез келген өкілінің әмбебап ойшыл, энциклопедиялық ғалым болғандығы жай ғана кездейсоқтық болмаса керек.2000-нан астам жыл тарихында философияның пәні ұдайы өзгеріп, дамып отырды. Бірақ оның болмысында жылдар, ғасырлар өтсе де өзгермейтін тұрақты, тек оған ғана тән ерекшеліктері болды. Философияның іргелі сұрақтары дүниетаным мәселелерімен тығыз байланысты.
Дүниетаным немесе дүниеге көзқарас, адамның сыртқы дүние қоршаған ортаға, өзіне - өзінің, басқаларға қарым – қатынасы туралы мәліметтердің жиынтығы. Сонымен қатар, ол адамның бағыт бағдарын, сенімі мен идеалдарын, принциптерін, ұмтылыстарын білдіреді.
Дүниетаным адамның өзі және қоршаған орта туралы білімдерімен ғана шектелмейді. Өйткені, ол дүниенің бейнесі ғана емес, ең алдымен, дүниеге деген қатынас. Адам дүниеге бейжай немқұрайдылықпен немесе қызығушылықпен қарайды, оны не ізгілік, не зұлымдық тұрғысынан бағалайды.
Философия пәні. Философия адамның әлем мен өзінің мәнін іздей бастаған уақытта – ақ қалыптаса бастайды. Сондықтан да, философия әлемнің – жалпы теориясы және ондағы адамды теорялық тұрғыдан пайымдау.Философияны тек әлем ғана қызықтырып қоймаған, ондағы адам, оның мәні, өмір сүру заңдылықтары да оның назарынан тыс қалмаған. Өйткені, адам осы әлемде өмірге келеді, оның аясында қуанады, қайғырады, таным процесінің дәмін татиды, өледі. Философия - өзінің мәні мен мағынасы тұрғысынан адами сипатқа ие болған ғылыми сала. Өйткені, ешбір басқа әлем мен таным формасы «Әлем - Адам» күрделі байланысының барлық байлығы мен мүмкіндігін жан – жақты ашып көрсете алмайды. Философия - әлем туралы және ондағы адамның орны туралы жалпы ілім. Ол адам мен әлем байланысын қарастыра отырып, әлемді танудың, оны өзгертудің жалпы заңдылықтарын зерттейді. Философияның пәні басқа ғылымдардан ерекше. Өйткені, философия дегеніміз - өте терең теориялық білім. Оның құрамында онтология, гносеология, даму теориясы, антропология, әлеуметтік философия сияқты өте күрделі салалар бар. Философияның
даму тарихында одан эстетика, этика, психология, саясаттану жеке пәндер болып бөлініп шықты.
Тарихи дүниеге деген көзқарастың тұрпайы түрі алғашқы қауымдық қоғамның шеңберінде дүниеге келді. Оны біз – мифология дейміз (mithos – грек сөзі, баян, аңыз, logos – грек сөзі, іләм деген мағына береді). Мифология – адамдардың жаратылыс туралы түсінігіне негізделген мифтердің жиынтығы, мифтердің шығуын, мазмұнын, таралуын зерттейтін ғылым. Миф - (аңыз, ертегілер) сананың әлі толық жетілмеген біртұтас ең көне формасы. Қоғам дамуының бастапқы сатыларында қоғамдық сананың формасы мифтер барлық халықтарда болды. Мифологияда сыртқы дүние мен адам, ой мен сезім, зат пен идея, объективтік және субъективтік дүниелер арасында айқын шекара болмады. Ол шекаралар кейіннен пайда болды. Мифологияда олардың барлығы тұтасып жатты. Ол дүние жанындағы біртұтас түсінік болып табылды. Белгісіз дүниені түсіндіруге тырысудан оданда белгісіздігі мол дүниені танып білуге ұмтылу, егерде ол дүние танып білуге мүмкіндік бермесе, тәңірге немесе құпия ғаламат күшке сілтеме жасау – Мифтің өзіне тән ерекшелігі. Алғашқы қауымдық қоғамдағы әлеуметтік дамудың тым төмендігі, адамның табиғаттың әртүрлі күштеріне қарсы тұра алмауы, сонымен қатар өзінің өмірге деген қажеттіліктерін өтеу жолындағы сол табиғат құбылыстарын сезіну және түсіну іңкәрі – мифтердің Дүниеге келуінің қайнар көзі болып табылады.
Әрбір халық өзінің дүниеге келу жолында әртүрлі мифтерді ойлап шығарды. Дүниенің пайда болуы мен тәртібі, жақсылық пен жамандық, көркемдік пен түрсіздік, адам өмірінің мәні мен құндылығы т.с.с. сұрақтардың жауаптары халықтар аңыздарында әртүрлі дәрежеде берілген. Ол жағалай қоршаған табиғаттың ерекшелігіне және соған сәйкес қалыптасқан халық тіліне байланысты болса керек.
Жалпылай келе, әртүрлі халықтардың мифтерін белгілі бір топтарға бөлуге болады. Мифтердің ең үлкен бөлігінің бірі космогониялық ( cosmos – грек сөзі, әлем, genesis – грек сөзі, дүниеге келу, пайда болу) аңыздар. Оларда көбінесе Дүниенің алғашқы жағдайы хаос (chaos – грек сөзі, шексіз шашылған бытыраңқы дүние) арқылы көрсетіледі. Сиқырлы құдіретті күштің іс-әрекеті арқылы хаос жер мен көкке бөлініп, Дүниеге тәртіп келіп, әртүрлі табиғаттың құбылыстары дүниеге келеді.
Дүниеге деген жалған көзқарас ретінде мифтің қандай ерекшкліктерін атап өтуге болады?
Біріншіден, миф алғашқы пайда болған қоғамдық сананың формасы ретінде өзінің ішінде болашақта дүниеге келетін өнер, дін, саясат, мораль сияқты құбылыстардың элементтерін бойында сақтайды. Сондықтан мифті ғалымдар қоғамдық сананың синкретикалық түрі деп есептейді ( synkretismos – грек сөзі, қосылған, араласқан, бөлінбеген деген мағына береді).
Екінші ерекшелігі – мифтегі адам мен табиғаттың бірлігі, жағалай қоршаған ортаны антропоморфизациялау, адамның өзіндік мәндік қасиеттерін бүкіл табиғатқа таратуы, табиғаттың құбылыстары мен заттарын олардың адам сияқты жаны, ойы, сезімі, іңкәрі бар деп түсінуі.
Үшіншіден, мифте әлі ғылыми ұғымдар жоқ, онда қоршаған орта, әлеуметтік қатынастар көркем сөз арқылы бейнеленеді.
Сонымен мифология, қай халық болмасын, оның мәдениетінің түп нұсқасы ретінде бүгінгі заманға дейін сақталып, қазіргі жазушылар мен күйшілердің, мүсіншілер мен өлеңшілердің шабыт қиялын оятып, шығармашылығына зор әсерін тигізеді. Және әр заманның өкілдері мифтегі мазмұнға өз уақытына сәйкес баға беріп, осы уақытқа шейін ашылмаған сыр іздейді.
Уақыт өте келе мифологияның шеңберінен дін бөлініп шықты,сонымен дүниеге деген көзқарас,дүниесезімнің жаңа түрі қоғамға келді.Дін де мифологияға ұқсас табиғатымен,сонымен қатар Дүниені фантастикалық бейнелеумен ерекшеленеді.Дінде ең құдіретті ол-Құдай.Ол табиғаттан жоғары және бөлек тұрады.Құдайды ғылыми жолмен танып білу мүмкін емес,ол адамға аян арқылы беріледі де адамның жан-дүниесінде терең сенім-сезім туғызады.
Дін дегеніміз сенушілерінің әркеті мен ойлауын, моралы мен сенімін белгілеуді және шектеуді көздейтін, табиғаттан тысқары, яғни тылсым, трансцендентті құдіретке, руханинышан-түсініктерге нанатын және сиынатын, бақи, періште, шайтан секілді тылсым құбылыстарды шын деп есептейтін мистикалық түсінік жүйесі, әлеуметтік-мәдени құбылыс болып, оның көбінесе талап ететін қасиетті заты, не орыны, киелі кітабы, пайғамбары, діни наным жүйесі, сиыну ережелері мен культтары, саяси-мәдени ұйымдары болуы мүмкін.
Діни сенімнің қайнар көзі-адамның дүниені сезімдік-құндылық тұрғыдан игеруінде,ал дүниеге деген ақыл-ой,парсат арқылы келген қөзқарастарға дін қарсы келді.Ғасырлар бойы жиналып келе жатқан ғылыми деректер жағалай ортадағы білім мен ақыл-ойдың негізіндегі жасалған күрделі өзгерістер діннің өрісін тарытып,оның ғылымғы жақын түрлерін тудырады. Діни негіздегі дүние көзқарасы мифологиялық сананың табиғи жалғасы. Діни дүниетаным табиғаттан тыс, құдіретті күшке адамның мүлтіксіз бағынуын уағыздайды. Адам санасында табиғи құбылыстардың бұрмаланған бейнесін туғызады. Мифология мен діни сананың кемшіліктеріне қарсы күресті біршама батылдықпен жүргізген натуралистік философия болды. Ол жеке жаратылыстану ғылымдарының тұжырымдарына сүйене отырып, табиғат туралы тұтас көзқарас қалыптастыруға тырысты. Бірақ онда дүниені өзгермейтін нәрсе ретінде қарастыру басым еді.
Келесі тарихи қылыптасқан дүниеге көзқарастың формасы ретінде философия болып табылады. Ол мифология мен діннен дүниенің пайда болуы рационалды бағалаудан туындады. Философия – ол теориялық құрылған дүниеге көзқарас. Ол негізгі дүниетанымдық мәселелерді ойлау арқасында шешуге тырысады, ол ұғым мен пікірге сүйенеді. Философия ұғымы грек тілінен аударғанда даналыққа деген сүйіспеншілдікті білдіреді («филиа» — сүю, «софиа» — даналық). Бұл сөзді ежелгі грек ғалымы Пифагор қолданысқа енгізді, бірақ оның кең колданылуы б.д.д. V ғ. басталды. Бұл уақыттары Грекияның – жоғарғы дамыған мәдениеті бар, бай гүлденген аймақта, өздерін софистерміз (яғни даналармыз) деп айтатын адамдар болды. Философия дүниеге көзқарастың интеллектуалдық аспетілерін бірінші орынға қойды, қоғамдағы дүние мен адамды танудағы қажеттіліктің өсуін білім тұрғысынан көрсетті. Философия – ол болмыстың жалпылы негізін тану формасы. Ол мәдениеттің барлық тарихында жалпылы білім немесе рухани – адамгершілік өмірдегі жалпылы принциптерді жасауға ұмтылған. Философия алғашқыда-ақ күнделікті сананы, дәстүрлі құндылықтарды және адамгершілік нормаларды сынай бастаған. Философиялық көзқарастар мен сенімдер бүкіл дүниетаным жүйесінің негізін құрайды. Философияның өзі таным қызметтерінің ұтымды-ұғымды мәндерін және дүниетаным бағдарын негіздейді: ол ғылыми деректер мен тәжірибе жиынтығын теориялық тұрғыда ұғындырады және шындық бейнесін объективті және тарихи тұрғыда айқындауға ұмтылады.
Философияның дүниетаным ретіндегі эволюциясы 3 кезеңнен өтті:
1) космоцентризм;
2) теоцентризм;
3) антропоцентризм.
Космоцентризм - Әлем, табиғат құбылыстары-сыртқы күштердің-Космостың күшімен, әсерімен, шексіздігімен түсіндірілетін, бүкіл тіршіліктің космостық циклдарға тәуелділігін тұжырымдайтын философиялық дүниетаным (Ежелгі Үнді, Ежелгі Қытай, т.б. шығыс елдеріне және Ежелгі Грецияға тән).
Теоцентризм - бүкіл болмыс, тіршілік - тек қана құдіреттің, Құдайдың үстемдігімен түсіндірілетін пікірге сүйенетін философиялық дүниетаным түрі (ортағасырлық Европаға және таяу Шығыс елдеріне тән).
Антропоцентризм - орталығында адам мәселесі тұрған философиялық дүниетаным түрі (Қайта Өрлеу дәуіріндегі Европаға, Жаңа Заманға, қазіргі заманғы философиялық мектептерге тән).
Философиялық дүниетанымның діни және мифологиялық дүниетанымдардан айырмашылығы:
1) нақты ұғымдар мен категориялардан құралады;
2) қиялға, сенімге емес, білімге сүйенеді;