Файл: есенов колледжі жшс курсты Жмыс пнні аты азастан Республикасыны ылмысты ыы Таырыбы.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 05.12.2023
Просмотров: 29
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Сайлау немесе референдум қүжатгарына жалғандык жасау: сайлау бюллетендеріне, дауыс беру куәлігіне, сайлаушылардың тізімдеріне, сайлау хаттамаларьща және барқа да күжаттарға теріс өзгерістер енгізу немесе оларды баскаша жазу, оларға түзе-тулер енгізіп, қайта жасау, колдарды жалған түрде көю, оларға басқа мерзімдерді көрсету арқылы жүзеге асырылады. Сайлау және референдум туралы зандарға сәйкес сайлау құжатгарына дауыс беру куәлігі, сайлау бюллетендері, дауыс берудің қорытындысы туралы хаттама, сайлаушылардың тізімдері, сайланға-ны туралы куәлік, әрбір кандидатқа арналған іс кағаздары саналады. Дауысты көпе-көрінеу қате есептеу деп дауысқа түскен кандидаттар үшін берілген сайлаушылардың дауыс беру санын қасақана көбейту немесе азайту әрекетгері саналады.
Сайлаудың ңәтижелерін немесе референдум корытындыларын көпе-көрінеу дұрыс айқындамау шыңцықка сай келмейтін жағдайда кандидатты сайланды немесе сайланбады, сайлау немесе референдум еткізілді немесе өткізілмей қалды деп ресми түрде жариялаулар жатады.
Дауыс беру қүпиялығын бұзуға: сайлаушының дауыс беру бюллетенін арнаулы бөлмеде толтыруына кедергі жасау; сай-лауды, референдумды арнаулы жабдықталмаған кабиналарда өткізу; дауыс берушіні анықгау үшін сайлау бюллетеніне белгі қою; тағы сол сиякты сайлауды өткізу заңына кайшы әрекеттер жатады. Қылмыс қүрамы формальдык. Осы жоғарыда көрсетіл-ген әрекеттердін біреуін істеу қылмыстың аякталғанын білдіреді.
Аталған кылмыс субъективтік жағынан алғанда тек тікелей қасаканалыкпен жасалады. Кінәлі адам, қылмыстык кодекстін, 147-бабының 1-бөлігінде керсетілген заңсыз әрекеттердің кез келгенін заңсыз жасайтынын сезеді және соларды жүзеге асы-руды тілейді.
Қылмыстың субъектісі арнаулы — Қазакстан Республикасы Президентіне кандидаттың сенімді өкілі немесе депутаттыккд кандидатгың сенімді өкілі, бастамашы топтың, сайлау комис-сиясының немесе референдум өткізу комиссиясынын жасы 16-ға толған мүшелері,
Адам мен азаматтың әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен бостандықтарына қарсы қылмыстар
Енбек туралы зандарды бүзу (148-бап)
Казақстан Республикасы Конституциясының 24-бабына сәйкес Реепублика азаматының еңбек ету бостандығына, кызмет пен кәсіп түрін еркін таңцауына құкығы бар, сол әрбір адам-ның дербес өндіруші ретінде ңемесе еңбек.шарты бойынша.өз қалауына, қабілетіне және арнаулы даярлығына сәйкес еркін еңбек етуге мүмкіндік алу кұкығын қамтиды. Еңбек шартының еркіндігіне кепілдік беріледі. Сондай-ақ осы бапта көрсетіл-геніндей Республика азаматының қауіпсіздік-және тазалык, та-лаптарына сай келетін еңбек жағдайына, сондай-ақ жұмыссыздықтан әлеуметтік корғалуға кұкы бар. Конституцияда бекітіл-ген осы кепілдіктерді жүзеге асыруға қылмыстық заңның атқа-ратын маңызы бар. Қылмыстық заң еңбек жөніндегі занды және еңбек корғау ережелерін бұзғандық үшін арнаулы баптар бо-йынша жауаптылық белгілеген. Қазақстан Республикасының Кылмыстык кодексінде қызметкерді жеке пиғылмен жұмыс-тан заныз босату, сотгың жұмысты қайта калпына келтіру ту-ралы шешімін орындамау, сондай-ақ азаматтардың кұкыкта-ры мен зайды мүдделеріне елеулі зиян келуіне әкеп соқкан енбек туралы зандарды өзге де бұзу үшін жауаптылык көзделген (148-баптың 1-тармаУы).
Қылмыстың объектісі болып азаматгардың еңбек күқығын бұзу болып табылады. Объективтік жағынан алғанда еңбек жөніндегі занды бұзу әрекет немесе әрекетсіздік арқылы жаса-лады. Қылмыстықкодекстіңосы 148-бабындаеңбектуралы заң-дарды елеулі бүзудың мынадай үлгі тізбегін көрсетіп отыр:
1. Қызметкерді жеке пиғылмен жұмыстан заңсыз босату. Занда көрсетілген негіздерден тыскары жағдайда қызметкерді жұмыстан шығару заңсыз болып табылады. Егер лауазымды адам заңсыз, жұмыстан шығаруға негіз болмаса да өз жеке басының мүддесін көздеу ниетімен өзін сынағаны үшін кекшіл-дікпен, өзара үрыс-керістің салдарынан, босаған жұмыс орнына өз танысын немесе туысын орналастыру, мақсатын көздеп, адамды жұмыстан шығарса қылмысты жауаптылыққа тартылады.
2. Жүмысты кайта қалпына келтіру туралы соттың шешімін орындамауы. Яғни кінәлі адам кылмысты түрде әрекетсіздік жасап, соттың қдйтадан жұмысқа алу туралы занды күшіне енген шешімін орындамайды. Бұл жерде қылмыс екі бірдей объектіге: еңбек құкына және әділсотгылық мүддесіне кол сұғады.
3. Еңбек туралы занды езге де бұзу деп еңбекке дұрыс ақы төлемеуді, жұмыс уақытының ұзақтығын дұрыс сақтамау демалыс беруден бас тарту, жұмыска алудан негізсіз бас тарту, жекелеген қызметкерге занды белгіленген жеңілдіктерді қолданудан бас тарту, тағы осы сияқты .әрекеттер жатады.
Жоғарыда көрсетілген еңбек туралы зандарды бұзу — кыз-меткерді жеке пиғылмен жұмыстан заңсыз босату; жүмысты қалпына келтіру туралы сотгың шешімін орындамау; еңбек туралы занды өзге де бұзу әрекетгері мен әрекетсіздігінен аза-маттардың құқықтары мен занды мүдделеріна елеулі з«ян келтірілуі кажет. Елеулі зиян болғанда ғана іс-әрекет кылмыс қатарына жатады. Елеулі зиянның мөлшерін сот-тергеу органдары нақты жағдайларға қарап отырып анықтайды. Әдетте елеулі зиянға — адамның елеулі мөлшерде материалдық, мораль-дық зардап шегуі, ұзак уақыт,.негізсіз жұмыссыз калуы, денсаулығына зиян келтірілуі т.с.с. жатады.
Қылмыс құрамы материалдық. Еңбек туралы зандарды бұзу нәтижесінен занда белгіленген зардап орын алғанда ғана қыл-мыс аякталған деп табылады. Субъективтік жағынан бүл кыл-мыс қасақаналықпен жасалады. Кінәлі адам өзінің әрекетімен еңбек жөніндегі занды^рескел бұзғанын сеЗеді және осыны тілеп істейді. Бұл жерде қылмыстық ниет әртүрлі (мысалы, сынағаны үшін кектену, осы орынға өзіне қажетгі адамды ор-наластыру т.б.) болуы мүмкін. Қылмыстың субъектісі болып тек қана мемлекетгік немесе мемлекетгік емес аппаратка жұмы-сқа алу немесе жұмыстан шығару кұкы бар лауазымды адамдар танылады.
Әйелді оның жүктілік себебі бойынша жұмыска қабылдау-дан негізсіз бас тарту немесе жұмыстан негізсіз босату немесе үш жасқа дейінгі баласы бар әйелді нак сол себеппен жұмыска кабылдаудан негізсіз.бас тарту немесе жүмыстан босату, сон-дай-ак кәмелетке толмағанды. онын. кәмелетке толмағандығы себепті жұмысқа кабылдаудан негізсіз бас тарту немесй негізсіз жұмыстан босату — осы қылмыстың ауырлататын түріне жа-тады (148-баптың 2-тармағы). Бүл жерде қылмыстың жәбірле-нушісі — жүкті әйел немесе үш жасқа дейінгі баласы бар әйел немесе кәмелетке толмағандар болады.
Объективтік жағынан кылмьгс занда көрсетілген адамдар-ды: 1) жұмьтсқа кабылдаудан негізсіз бас тарту; 2) немесе негізсіз жүмыстан босату арқылы көрініс табады. Кылмыс осы әрекет-тердің біреуін жасаған сәтген бастап аяқталған деп танылады. Қылмыс құрамы формальдык. Субъективтік жағынан қылмыс тікелей касаналықпен істеледі. Кінәлі адам екікабат немесе үш жаска дейінгі баласы бар әйелді, кәмелетке толмағандарды негізсіз жұмысқа алудан бас тартады немесе осы адамдарды негізсіз жұмыстан босататынын сезеді және соны жүзеге асыруды тілейді.
Қылмыстык ниет — мүндай адамдарға занда белгіленген жеңілдіктер мен артықшылықтарды бергісі келмеу т.б. жатады.
Қылмыстың субъектісі арнаулы — жүмыска алу немесе одан босатуға құқығы бар лауазымды адамдар (меншік нысанына қарамастан), Қылмыстық кодекстің 148-бабының 3-тармағында баскару қьізметін атқарушы адамнын, акша қаражатын өзге максаттарға пайдаланумен байланысты жалақының толык көлемінде және белгіленген мерзімде теленуін бірнеше рет кідіртуі үшін жау-аптылык, белгіленген. Акша қаражатын өз мақсатына пайдала-нуына байланысты занда белгіленген мерзімнен екі немесе одан көп рет жалакыны беруді себепсіз кідіртуді бірнеше кідірту деп айтамыз. Қылмыстың субъектісі басқару қызметін аткаратын - лауазымды адамдар (меншік нысанына қарамастан).
Енбекті корғау ережелерін бұзу (152-бап)
Қылмыстық кодекстің 152-бабында еңбекті қорғау ережелерін бұзғандық үшін жауаптылық белгіленген. Кылмыстың тікелей объектісі еңбектің кауіпсіздік шарттарын қамтамасыз ететін қоғамдык катынастар, косымша тікелей объектісі жәбірленушінің өмірі, денсаулығы.
Қьілмыстык кодекстің .152-бабындағы норма бланкетгік дис-позицияға негізделген.
Еңбекті корғау Ережесі сан қилы жәнеартүрлі. Сондыктан Қылмыстын. кодекстің бір бабында еңбекті корғауға байланыс-ты колданылып жүрген барлық Ережелерді тізбектеп жату киын. Қазақстан Республикасының Еңбекті қорғау туралы ар-наулы заңы 1993 жылы 22 каңтарда қабылданған,"осы заң қыз-меткёрлердін еңбегін қорғау құқығын камтамасыз етуге бағыт-талған; ендірістегі жазатайым жағдайлар мен денсаулыққа зақым келтірудің алдын алу, қауіпті жәнё зиянды өндірістік факторларда барынша кеміту мақратында бұл саладағы үлітык саясатгың негізгі кағидаларын белгілейді жөне меншік түріне карамастан енбекті корғау жөнінде шаруашылык кызметі мен кәсіпорындардың барлықтүрін қамтиды.
Объективтік жағынан алғанда сөз болып отырған кылмыс кауіпсіздік техникасын, өндірістік санитария ережелерін не-месе еңбекті қорғаудың өзге де ережелерін, осы ережелерді сақ-• тауды ұйьшдастыру немесе қамтамасыз ету жөніндегі міндет-тер жүктелген адамнын бұзуы абайсызда денсаулыкка ауыр не-месе орташа ауыртпалықтағьі зиян келтіруге әкеп соғу аркы-лы көрініс табады.
Көрсетілген кылмыс әрекет күйінде, яғни еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі, өндірістік санитария ережелерін бүзу арқыды немесе әрекетсіздік күйде, яғни еңбекті қорғаудың өзге де ережелерінің талаптарың Ьрындамау жағдайында жасалуы мүмкін,
Қылмыстың бүл қүрамы материалдық кұрамдағы қылмыс болып табылады. Сондықтан Қылмыстык кодекстің 152-бабы бойынша жауаптылыққа тарту үшІн еңбекті І^>рғау ережелерін анықтаумен бірге орын алған ережені бүзудың себёпті және кінәлі байланысынан болған зардапты анықтау ете қажет.
Еңбекті қорғау ережелерін бұзудың төсілдері әртүрлі, ол занда (152-баптың 1-тармағында) нақты көрсетілген.
Қылмыстың зардабы — денсаулықка ауыр немесе орташа ауырлыктағы зиян келтіру. Олардың түсінігі ҚК-тің 103, 104-баптарында берілген. Субъеқтивтік жағынан қылмыс кінәнің абайсыздык нысаны (менмендік немесе немқұрайдылық) аркы-лы істеледі. Қылмыстың субъектісі арнаулы — еңбекті корғау ережелерін сактауды ұйымдастыру немесе қамтгамасыз ету жөніндегі міңдеттер өзіне жүктелген 16-ға толған адам. Осы баптың 2-тармағында (152-бап) осы кылмыстың ауырлататын түрі — еңбекті қорғау ережелерін бұзудан абайсызда адам еліміне өкеп соққан әрекеттер үшін жауаптылык белгіленген. Абайсыздаадамөлімініңтүсінігі ҚК-тің 101-бабында көрсетілген.
Жеке құқықтар мен бостандықтарға қарсы қылмыстар
Жеке өмірге кол суғылмаушылыкты бұзу (142-бап)
Қазақстаң Республикасының Конституциясының 18-бабының 1-тармағында "Әркімнің жеке өміріне, өзінің және отба-сының құпиясына қол сұғылмауына, абыройы мен ар-намы-сынын корғалуына кұқығы бар",— делінген, Жеке өмірге кол сұғушылыкты бұзу қылмыс болып табылады. Қылмыстың тіке-лей объектісі жеке өмірге кол сұғылмаушылыкты реттейтін қоғамдық қатынастар,.кылмыстың жәбірленушісі — жеке өміріне қол сұғылған адамдар.
Қылмыстың заты — жеке адамдар туралы немесе оның отбасы туралы әртүрлі мәліметтері (адамның денсаулығы, өмір сүру салты, дінге көзқарасы, жеке творчестволық жоспары, басқа адамдармен карым-қатынасы т.с.с.)
Қылмыс объективтік жағынан адамның жеке өмірі туралы, оның жеке немесе отбасы құпиясын күрайтын мәлшеттерді оның келісімінсіз заңсьіз жинау ңемесе тарату, егер осы әре-кеттер жәбірленушінің құқыктары,мен занды мүдделеріне зиян келтіру арқылы жүзеге асырылады.-Адамның жеке өмірі, онын отбасы туралы қүпиясын құрайтын мағлұматгарды жинауды заңсыз мәліметтер жинау деп айтамыз. Осы жиналған мәлімет-терді үшінші жакқа хабарлауды оны тарату деп бағалаймыз. Мұндай хабарлау баска жолдармен де жүзеге асырылуы мүмкін. Осы әрекеттерден жәбірленушінің құкыктарьі мен занды мүдделеріне зиян келтірілуі қажет. Келтірілген зиян мөлшері мүліктік немесе моральдық немесе басқа тұрғыда (отбасындағы келеңсіз жағдайлардың пайда болуы, жұмыска орналаса ал-мау, т.с.с.) болуы мүмкін. Зиян мөлшерін нақты жағдайға бай-ланысты тергеу, сот органдары аныктайды. Кылмыс занда көрсетілген зардап — жәбірленушінің құқыктары мен занды мудделёріне зиян келтірілген сәттен бастап аяқталған деп танылады.
Субъективтік жағынан бұл қылмыс тікелей касақаналыкпен істеледі. Қылмыстық ниет— пайдакүнемдік немесе өзге де жеке мүдделік.
Қылмыстың субъектісі 16-ға толған кез келген есі дүрыс адам.
Адам өзінің қызмет бабын пайдаланып жасаған нақ сол әре-кеттер, сондай-ак сондай зардаптарға әкеп соққан, осы баптың бірінші тармағында аталған мәліметгерді көпшілік алдында сөйлеген сөзде, көпшілікке көрсетілген шығармаларда немесе бұкаралык ақпарат құралдарында тарату — осы кылмыстың ауырлататын түріне жатады (142-баптың 2-тармағы).
Адам өзінің қызмет бабын пайдаланып жеке өміріне байланысты кұпияларды таратуы немесе пайдакүнемдікпен баскаға өткізуі мүмкін. Аталған мәліметтерді көпшілііс алдында (жиы-лыстарда, жиындарда сөйлеген сөздер, көпшілікке көрсетілетін шығармаларда (сурет, бейне фильм, жазба шығарма) немесе бұкаралық ақпарат кұралдарында (газет, журнал, радио, теледидар т.б.) арқылы таратылса кінәлі адам 142-баптың осы тар-мағы бойынша жауаіжд тартылады.
Хат жазысу, телефонмен сөйлесу, почта, телеграф хабарларын немесе өзге хабарлар күпиясын зансыз бүзу (143-бап)
Конституцияның 18-бабының 1-тармағына сәйкес азаматтың жеке өміріне кол сұғуға болмайды. Азаматтардын хат-хабар жазуы, телефонмен сөйлесуі, телеграф аркылы хабарлауы олар-дың жеке өмірлік құқыктары болып табылады-және мұндай хабарлаудын құпиялылығы сакталады (18-баптын 2-тармағы). Бай-ланыс мекемелері азаматгардың осындай кұқықтарын мүлтіксіз корғауға міндетті. Азаматгардың хат-хабар жазысу, телефонмен сөйлесу, телеграф арқылы хабарласу құпиясын бұзған адамдар тәртіпке, әкімшілік немесе кылмыстық жауаптылыкка тарты-лады. Теқ кана бір жағдайда Қазакстан Республикасының Кылмыстык іс жүргізу кодексінің 235-237-баптарында көрсетілген негіздер бойынша ғана хат жазысу, телефонмен сөйлесу, поч-та-телеграф женелтілімдерін немесе өзге хабарларды тұтқын-дау, оларды тексеру мен алу, жол жөнекей ұстау, тындау мен жазу өрекетгері жүзеге асырылады. Бұл әрекеттерді жүзеге асы-ру тергеуші мен прокурордың құзыретіңе жатады. Басқа не-гіздермен мұндай әрекеттерді жүзеге асыруға ешкім де кұкылы емес, мұндай ретте кінәлі адам ҚК-тің 143-бабы бойынша жауапқа тартылады.
Негізгі әдебиеттер:
1. Закон РК «О свободе вероисповедания и религиозных объединений» от 15 января 1992 г. //Ведомости Верховного Совета РК. -1996.- № 4.
1. Закон РК «Об общественных объединениях» от 31 мая 1996 г. Алматы: Жети жаргы, 1996.
2. Закон РК «О политических партиях» от 15 июля 2002 г. //Казахстанская правда. -2002.- 19 июля