Файл: за мерзімді жоспар блімі 4 а алгебралы блшектер.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 05.12.2023

Просмотров: 26

Скачиваний: 5

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

7.4 А Алгебралық бөлшектер

Мектеп: № 43 жалпы орта білім беретін мектебі

Күні 25.04.2018

Мұғалімнің аты- жөні: Хайдарова Асель Сафиуллаевна

Сынып 7 «a»

Қатысқаны 18

Қатыспағаны 0

Сабақ тақырыбы:

Алгебралық бөлшектерге амалдар қолдану (3 cағат)

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

7.2.1.19 алгебралық бөлшектерді қосу және азайтуды орындау;

Сабақ мақсаты

  • Алгебралық бөлшектерді қосу және азайту алгоритмін қолдана алады;

  • Алгебралық бөлшектерді көбейткіштерге жіктеп, ортақ бөлімін таба алады;

  • Алгебралық бөлшектерді түрлендіру арқылы тепе-теңдіктерді дәлелдей алады

Бағалау критерийлері

  • Алгебралық бөлшектерді қосу және азайту алгоритмін қолданады;

  • Алгебралық бөлшектерді көбейткіштерге жіктеп, ортақ бөлімін табады;

  • Алгебралық бөлшектерді түрлендіру арқылы тепе-теңдіктерді дәлелдейді.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар

- алгебралық бөлшектерге қолданатын амалдардың тәртібін түсіндіреді;

- алгебралық бөлшектерге қолданатын әрбір амалды түсіндіреді.

Пәндік лексика мен терминология

  • айнымалының мүмкін мәндері;

  • өрнектердегі айнымалылардың мүмкін мәндер жиыны;

  • рационал өрнек;

  • бүтін өрнек;

  • бөлшек өрнек;

  • алгебралық бөлшек;

  • бөлшектерді қысқарту;

  • бөлшектің негізгі қасиеті;

Диалогқа қажетті сөз тіркестер

– … бөлшектің мағынасы болмайды;

– ... сонда, тек сонда ғана бөлшек нөлге тең болады ;

– өрнектің мүмкін мәндер жиынын табу үшін … ;

  • – бөлшекті ортақ бөлімге келтіру үшін … керек;

  • – … үшін бөлшектің алымы мен бөлімін көбейткіштерге жіктейміз;

  • – бөлшектердің ортақ бөлімін табу үшін … керек;

Құндылықтарға баулу

«Мәңгілік ел» жалпы ұлттық идеясының құндылықтарына сай «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» құндылығы ,ынтымактаса жұмыс істеуге, бірін бірі құрметтеуге , өмір бойы үздіксіз білім алуға тәрбиелеу

Пәнаралық байланыс

Қазақ тілі

Алдыңғы білім

Жай бөлшектерді қосу мен азайту, алгебралық бөлшек,алгебралық бөлшектің негізгі қасиеті,алгебралдық бөлшектерді қосу және азайту

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңдері

Жоспарланған жұмыс

Ресурстар

Сабақтың басы

(2-7минут)

Уәж туындату

1. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасу, түгендеу.

2.Ынтымақтастық атмосферасын туғызу.

Әдіс:«Өзіңізге тілегенді басқаларға тілеңіз»

Оқушылармен «Шаттық шеңберін» құрып, бір біріне математикалық терминдерді қолданып лебіздерін білдіреді.

ҚБ «Шапалақтау»(оқушылар өз сыныптастарының жылы лебіздеріне алғысын білдіріп, қолдарын шапалақтайды)

3. Топқа бөлу

Саралау тәсілі«Жіктеу» (аралас гендерлік топ)

Содан соң оқушыларды « Қысқаша көбейту формулалары» арқылы 4 топқа бөлемін. Оқушылардың әрқайсысына қысқаша көбейту формулаларымен шығаруға берілген есептер жазылған кеспе қағаздары таратамын. Бірдей формулалармен шығарылатын есептері бар оқушылар бір топқа топтасады.

І топқа

1.(m-4)(m+4)

2. (2а-3в)(2а+3в)

3.(8х+9у)(8х-9у)

ІІ топқа



1. (х+4)(х2-4х+16)

2. (5+х)( 25-5х+х2)

3. (3а+4в)( 9а2-12ав+16в2)

ІІІ топқа



1. (4а-1)(16а2+4а+1)

2. (2p-q)(4p2+2pq+q2)

3. (x-6c) (x2+6xc+36c2)

ҚБ «Отшашу»

(тапсырманы дұрыс орындап,қолдарын отшашу әдісімен шапалақтау арқылы өз орындарын тапқанын білдіреді)
4. Алдыңғы білімді қайталау

«Серпілген сауал» әдісі

Саралау тәсілі:«Диалог және қолдау көрсету»(Оқушыларға тапсырманы орындау барысында жан- жақты әрі нақты көмек қажет ететін жағдайда, мұғалімнің сөзбен қолдау көрсету және ынталандыруы)

Сұрақ-жауап түрінде оқушылар диалог арқылы ауызша жұмыстанады. Әр топ бір-біріне доп беру арқылы cұрақ қояды.

1. Алгебралық рационал бөлшек дегеніміз не?

2. Айнымалылардың қандай мәндерінде рационал өрнектің мағынасы болмайды?

3. Алгебралық бөлшекті қосу ережесі қандай?

4. Алгебралық бөлшектерді азайту ережесі қандай?

5. Әріптердің қандай мәндерінде бөлшектердің негізгі қасиеті орындалады?

6. Айнымалылардың қандай мәндерінде рационал бөлшектерді қосу мен азайту амалдары орындалады?

7. Қандай жағдайда екі рационал бөлшектің ортақ бөлімі осы бөлшектердің бөлімдерінің көбейтіндісіне тең болады?

8. Қандай жағдайда екі рационал бөлшектің ортақ бөлімі осы бөлшектердің біреуінің бөліміне тең болады?

Дескриптор:

  • Алгебралық рационал бөлшек анықтамасын біледі;

  • Айнымалылардың мүмкін мәндері ереежесін біледі;

  • Алгебралық бөлшекті қосу және азайту ережесін біледі;

  • Алгебралық бөлшек қасиетін біледі.

ҚБ «Басбармақ»

Толықтай түсінсе, сенімді болса

Түсінуге жақын болса

Түсінбесе, сенімсіз болса
Топтар бір- бірін «Басбармақ» әдісімен бағалайды.












Сабақтың ортасы

(7-32 минут)

Саралау тәсілі «тапсырма»

(Саралау жұмысының тәсілдерін қолданып оқушыларға күрделілігіне қарай алға ілгерлеп отыратын тапсырмаларды беріп отырамын)

1.« Ашық микрофон» әдісі

Оқушылар қолдарына микрофон ұстап, мұғалімнің берген есептеріне тез әрі нақты жауап береді.

Бағалау критерийі

  • Алгебралық бөлшектерді қосу және азайту алгоритмін қолданады;

Ойлау дағдыларының деңгейі: қолдану

а

в

с

+

-

-



















Дескриптор:

  • Алгебралық бөлшектерді ортақ бөлімге келтіреді

  • Алгебралық бөлшектерді қосындысын есептейді;

  • Алгебралық бөлшектерді айырмасын есептейді;

  • Жауабын айтады.

ҚБ: Мұғалімнің мадақ сөздері ( жарайсың, керемет,өте жақсы)

Жақсы жауап беріп, белсенді қатысқан оқушыларды мадақтап отырады.

Жеке жұмыс.

Әдіс: «Конверттегі сұрақтар»

Оқушыларға нұсқалары бойынша конвертке салынған есептер беріледі.

Бағалау критерийі

  • Алгебралық бөлшектерді қосу және азайту алгоритмін қолданады;

  • Алгебралық бөлшектерді көбейткіштерге жіктеп, ортақ бөлімін табады.

Ойлау дағдыларының деңгейі: қолдану

1. Амалдарды орындаңыз:

Нұсқа 1 Нұсқа 2

1. - 1. +

  2. 2.

  3. + 3. +

  4. 4.

 5. 5.

Дұрыс жауаптарды интербелсенді тақта арқылы көрсетіледі











-1









Дескриптор:

  1. Бөлімдерін ортақ бөлімге келтіреді;

  2. Қысқаша көбейту формулаларын қолданады;

  3. Алгебралық бөлшектерді қосады және азайтады;

  4. Өрнектерді ықшамдайды


ҚБ «Пайыз» өзін –өзі бағалау (әр оқушы өзінің қаншалықты орындағаны бойынша пайызбен бағаланады,

1 есеп дұрыс болса 20%-,2 есеп дұрыс болса 40% ,3 есеп дұрыс 60%, 4 есеп дұрыс болса 80%, 5 есеп дұрыс болса 100%.
2. Жұппен жұмыс

Әдіс:«Дауыстап ойлау»

Топта отырған оқушылардың көршілерімен жұптастыру арқылы жұпқа бөлінеді, сонда әр топта 2 жұптап отырады.Жұптаса отырып берілген тақырыпты біреуі дауыстап оқиды, екіншісі тыңдай отырып ой түйеді. Бір біріне түсіндіреді.

Бағалау критерийі

  • Алгебралық бөлшектерді қосу және азайту алгоритмін қолданады;

  • Алгебралық бөлшектерді көбейткіштерге жіктеп, ортақ бөлімін табады.

Ойлау дағдыларының деңгейі: қолдану

Амалдарды орындаңыз:

А) В)

С) Д)

Дұрыс жауаптары









Дескриптор:

  • Алгебралық бөлшектерді ортақ бөлімге келтіреді

  • Ұқсас мүшелерді біріктіреді

  • Алгебралық бөлшектерді қосады және азайтады;

  • Өрнектерді ықшамдайды

ҚБ: «Смайликтер» оқушылар бірін- бірі бағалайды

Жұптық жұмыстарды бағалау үшін жұптар дәптерлерін алмасып, өзара бір-бірін тексеріп,қалыптастырушы бағалау смайликтер дәптерлеріне жапсырады.

Топтық жұмыс .

Саралау тәсілі «Қарқын» ( есептерді тез орындап болған оқушыларға қосымша тапсырмалар беріледі)

Бағалау критерийлері:

  • Алгебралық бөлшектерді қосу және азайту алгоритмін қолданады;

  • Алгебралық бөлшектерді көбейткіштерге жіктеп, ортақ бөлімін табады;

  • Алгебралық бөлшектерді түрлендіру арқылы тепе-теңдіктерді дәлелдейді.

Ойлау деңгейлерінің дағдылары: қолдану, жинақтау
Әдіс: «Стоп кадр»

Әр топқа оқулықтағы А,В, С деңгейлерінен бір-бір есептен беріледі.Берілген есептерді әр топта шығарып, тақтаға кезекпен шығарады. Топ мүшелері кезекпен кезек тақтаға шығады. Есептерді шығарып жатқан кезде мұғалімнің «Стоп» деген белгісімен келесі оқушы сол есепті жалғастырып шығара алу керек.

39.12( А деңгейі)

1)

2)

3)

Дескриптор:

  • Бөлшектерді ортақ бөлімдерге келтіреді

  • Ұқсас мүшелерді біріктіреді

  • Өрнектерді ықшамдайды

Қосымша тапсырма

Амалдар дұрыс орындалған ба? Қатесін тап.







Дескриптор:

  • Бөлшектерді ортақ бөлімге келтіреді

  • Ұқсас мүшелерді біріктіреді

  • Шыққан өрнекті теңдіктегі бөлшекпен тексереді

39.17 (В деңгейі)

1)

2)

3)

Дескриптор:

  • Бөлшектің бөлімінің ЕКОЕ табады;

  • Жай бөлшектерді ортақ бөлімге келтіреді;

  • Алгебралық бөлшектерді қосады және азайтады;

  • Өрнектерді ықшамдайды

Қосымша тапсырма

Бөлшектерді қысқартаңыз

1) ;

2) ;

3) ;

Дескриптор:

  • Ортақ көбейткішті жақша сыртына шығарады;

  • Қысқаша көбейту формулаларын қолданады;

  • Алымы мен мен бөліміндегі көбейткіштерге жіктейді;

  • Бөлшектерді қысқартады

39.20 (C деңгейі)

  1. және

  2. және

  3. және

өрнектерінің тепе-теңдігін дәлелдеңдер

Дескриптор:

  • Бөлшектерді теңестіреді;

  • ортақ көбейткіштерді жақша сыртына отырып, көбейткіштерге жіктейді;

  • қысқаша көбейту формуласын пайдаланып, көбейткіштерге жіктейді;

  • бөлшектері қысқартады;

  • тепе- теңдікті дәлелдейді.

Қосымша тапсырма





Дескриптор:

  • Қысқаша көбейту формуласын пайдаланады;

  • Алгебралық бөлшектерді қосады және азайтады;

  • Өрнектерді ықшамдайды.

ҚБ «Блоб ағашы»(өзін-өзі бағалау)

(топтағы әр оқушы өзін қай деңгейде тұрғандығын бояйды)

Сергіту сәті: «ия, жоқ»

Берілген тұжырымдар дұрыс болса оң қолдарын,, бұрыс болса сол қолдарын көтереді

  • Кез келген бөлшекті өрнек рационал өрнек болады;

  • Кез келген рационал өрнек бөлшекті өрнек болады;

  • Кез келген рационал өрнек бүтін өрнек болады;

  • Кез келген бүтін өрнек рационал өрнек болады;

  • Кез келген алгебралық бөлшек бөлшекті өрнек болады;

  • Кез келген көпмүше бүтін өрнек болады









Интербелсенді тақта




20%-1+

40%-2 +

60%-3+

80%-4+

100%-5+





Оқулық «Алгебра»

7 сынып, Алматы «Мектеп» 2017

А.Е. Әбілқасымова

Т.П. Кучер




Сабақтың соңы

( 32-40 мин)



Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырма

Бөлім: «Алгебралық бөлшектер»

Оқу мақсаты 7.2.1.19 алгебралық бөлшектерді қосу және азайтуды орындау

Бағалау критерийі Білім алушы

• Алгебралық бөлшектерді қосудың алгоритмін қолданады

• Алгебралық бөлшектерді азайтуды орындайды

Ойлау дағдыларының

деңгейі

Қолдану

1 тапсырма

Амалдарды орындаңыз:


Дескриптор

  • Қысқаша көбейту формуласын қолданады;

  • Бөлшектердің ортақ бөлімін табады;

  • Алгебралық бөлшектердің қосындысын есептейді;

  • Алгебралық бөлшектердің айырмасын есептеді;

  • Өрнектерді түрлендіреді;

  • Жауабын жазады.


2.

Дескриптор Білім алушы

- ортақ көбейткіштерді жақша сыртына отырып, көбейткіштерге жіктейді;

- қысқаша көбейту формуласын пайдаланып, көбейткіштерге жіктейді;

- бөлшекті қысқартады;

- тепе теңдікті дәлелдейді.

ҚБИнтербелсенді тақтадағы жауаптар арқылы «бағдаршам» әдісімен өзін өзі бағалайды.
Кері байланыс «Желкенді қайық»

  • Егер оқушыға сабақ ұнаса және тапсырманың барлығын сәтті орындаған болса, желкенді жасыл түске бояйды;

  • Егер оқушыға сабақта белгілі бір қиындықты кездестірген болса, желкенді сары түске бояйды;

  • Егер оқушыға сабақ барысында тапсырмаларды орындау қиын болып, мұғалімнің көмегі қажет болса, желкенді қызыл түске бояйды.


жасыл-өте жақсы орындалған

сары-толықтыру керек

қызыл-қайта қарау керек




Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Диалог және қолдау көрсету арқылы сыныппен жұмыс, топпен жұмыс, жеке жұмыс және жұппен жұмыс кезінде сараланған деңгейлік тапсырмалар орындатамын. Қысқаша көбейту формулалары жазылған кеспе қағаздар арқылы топқа бөлемін. «Серпілген сауал» әдісі арқылы үй тапсырмасы тексеріледі. Есеп шығаруда «Ашық микрофон», «Конверттегі сұрақтар», «Дауыстап ойлау», « Стоп кадр» әдістерін қолданамын. Деңгейлік тапсырмалар және кейбіреулері үшін қосымша есепті ұсынамын. Топтық жұмыс кезінде ЖАДА жүзеге асырылады. Жеке оқушыларға мұғалім тарапынан қолдау, мадақтау, арқылы ынталандыру жүзеге асырылады.

Қалыптастырушы бағалау түрлері: оқушылардың сабаққа ынтасын көтеру үшін « Бағдаршам», «Мұғалімнің мадақтауы», «пайыз», «Блоб ағашы», «смайликтер».

Тапсырмалардың барлығы дискрипторларымен берілді, қалыптастырушы бағалауларын жүзеге асырамын.

Оқушылардың партада дұрыс отыруын қадағалаймын.

АКТ- ны уақытылы қолдану 20минуттан асырмау.

Психологиялық жағымды ахуал туғызу «шаттық шеңбері».

«Ия,жоқ» сергіту сәтін ұйымдастыру