Файл: 2 бож ерте кшпелілер мдениетіні алыптасуы жадайында Ежелгі азастан аумаындаы энеолит жне ола дуірін зерттеудегі жаа кзарастар Орындаан Торениязов ажымухан Курс 1курс Мамандыы Жалпы медицина Тобы 108Б.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 05.12.2023

Просмотров: 60

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

2 БОӨЖ

Ерте көшпелілер мәдениетінің қалыптасуы жағдайында Ежелгі Қазақстан аумағындағы энеолит және қола дәуірін зерттеудегі жаңа көзқарастар

Орындаған: Торениязов Қажымухан

Курс: 1курс

Мамандығы: Жалпы медицина

Тобы: 108Б

Қабылдаған: Хамытхожаева Д.Ж

Жоспар

Кіріспе

  • Ежелгі Қазақстан

Негізгі бөлім

  • Ежелгі Қазақстан аумағындағы энеолит

  • Ежелгі Қазақстан аумағындағы қола дәуірі

  • Энеолит және қола дәуірін зерттеудегі жаңа көзқарастар

Қортынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Қазақстан тарихы да дүние жүзі тарихы сияқты үлкен төрт кезеңге бөлінеді. Ежелгі Қазақстан (б.з. V ғ. дейін), Орта ғасырлардағы Қазақстан (VI – XVII ғғ.) Жаңа замандағы Қазақстан (XVII – XIX ғғ.), Қазінгі заманғы Қазақстан (XX ғ.). Ең ұзақ кезең – Ежелгі Қазақстан тарихы, ол бір миллион жылға жуық уақытты қамтиды. Ежелгі Қазақстан – тас дәуірі, қола дәуірі және темір дәуіріне бөлінеді.

Ежелгі Қазақстан — қазіргі Қазақстан жерін ежелгі адамзат баласы бұдан 1 миллиондай жыл бұрын мекен еткен.

Ежелгі Қазақстан – тас дәуірі, қола дәуірі және темір дәуіріне бөлінеді.

Ежелгі Қазақстан аумағындағы энеолит

Энеолит(лат. aeneus – мыс және гр. lіtos – тас) – неолит пен қола дәуірі аралығындағы археологиялық кезең (тас-мыс кезеңі). Энеолитте тұңғыш рет таза мыс белгілі болды және одан әр түрлі әшекей бұйымдар мен еңбек құралдары жасалды. Алайда Энеолитте тас құралдары әлі де басым болды. Энеолит дәуіріне Орталық Азиядағы Анау мен Намазғы-Төбе мәдениеті, Украинадағы Триполь мәдениеті, Оңт. Кавказдағы Шенгавий мәдениеті, Қазақстанда Жезқазған көне құдықтары жатады. Энеолит кезінде егіншілікпен қатар, аңшылық және мал шаруашылығы қатар дамыды

Энеолит кезінде егіншілікпен қатар, аңшылық және мал шаруашылығы қатар дамыды. Қазақстанда энеолит дәуірінің ашылған ескерткіштері әзірге көп емес. Олардың бір тобы қазіргі Қостанай, Ақмола облыстарындағы Торғай, Тобыл өзендерінің бойында. Осылардың ішіндегі ең жақсы зерттелгені және тарихи құнды материал бергені — Ботай қонысы. Сондықтан Қазақстанның осы аталған аймағындағы энеолиттік мәдениетті "Ботай мәдениеті" деп атайды.


Қазақстан жерiндегi ең жақсы зерттелген энеолиттiк ботай мәдениетi ескерткiштерiнiң негiзгi шоғырланған тобы Көкшетау облысында орналасқан. Олар б. э. д. III-II мыңжылдықтардағы жылқышы тайпалардың ескерткiштерi.

Ботай мәдениетi көршiлес орналасқан неолиттiк мәдениеттер атбасар мен маханжардың негiзiнде қалыптасқан. Осы мәдениеттiң басты қонысында жүргiзiлген ұзақ жылдық зерттеулер Ботайлықтардың жылқыны алғаш қолға үйреткен тайпалар екендiгiн дәлелдейтiн материалдар бердi. Олардың мал өсiрумен қатар жер жыртып, егiн егумен айналысқандығы да анықталған. Мәдениеттiң басты ескерткiшi Ботай қонысынан табылған тастан жасалған пышақ, қанжарлар, найза, жебенiң ұштарымен қатар зубр, бұғы, қарақұйрық, киiк, аю, қарсақ, қоян секiлдi т.б. аңдардың сүектерi ботайлықтарда аңшылық кәсiптiң де осал болмағандығын бiлдiредi.

Ежелгі Қазақстан аумағындағы қола дәуірі

Қола дәуірі – адамзат қоғамындағы тарихи-мәдени кезең. Ол қола металлургиясының кең қанат жайып, еңбек құралдары мен қару-жарақ жасауға арналған негізгі материалға айналуымен сипатталады. Бұл кезде неолит дәуірінің мәдениеті дамып, металл игеріле бастады. Негізінен, қола дәуірі мәдениеттері осы металл кендері көп жерлерде дамыды. Мұндай өңірлерде дайындалған қола бұйымдар бірте-бірте іргелес жатқан жерлерге де тарады. Адам баласы мысты энеолит дәуірінде игерген болатын. Оған қарағанда, қоланың қатты әрі берік болуы құрал-саймандардың сапасын арттырып, еңбек өнімділігін жоғарылата түсті. Қола дәуірінің хронологиялық шегі б.з.б. 4-мыңжылдықтың аяғы мен б.з.б. 1-мыңжылдықтың басын қамтиды.

Дәуірдің ерекшеліктері. Неолит дәуірінде-ақ байқала бастаған шаруашылық өзгерістері б. з. б. II мыңжылдықта малшылық-егіншілік экономикасы мен жоғары дамыған металлургияның калыптасуына жеткізді. Өндіруші тұрпаттағы экономикаға көшу Қазақстан аумағындағы бүкіл жағдайды түбірінен өзгертті. Қоныстарың жиі өзгертетін, жігерлі, пысық малшы тайпалар ұлан-байтақ және қуатты бірлестіктер кұрды; бүлардың калыптасуында соғыс кақтығыстары едәуір рөл атқарды. Қару енді жабайы хайуандарды аулау үшін ғана емес, сонымен қатар тайпалар арасындағы қақтығыстарда да жиі пайдаланылатын болды. Қару жасау бірте-бірте металл өндеудің дербес саласына айналды.

Археологиялык материалдар бойынша, Андронов тұрпатты ескерткіштер калдырған далалық малшы-егінші тайпалардың мәдени ортақтығы жақсы мәлім. Барлық жергілікті өзгешеліктеріне қарамастан, ұлан-байтақ аумаққа тараған бұл тайпалар неолит дәуіріндегі тайпалық ала-құлалықты айқын мәдени біркелкілік ауыстырғанын көрсетті.



Қола дәуіріндегі коғамның ілгері басуы екі факторга байланысты. Олардың бірі — жаңа дәуірді белгілеген фактор - палеометалдардың өндірістік жолмен игерілуі болды. Б. з. б. II мыңжылдықтың ортасында Қазақстан тайпалары қола бұйымдар жасау ісін меңгерді. Қоланың өзі бұйымның неге арналуына қарай, әр түрлі пропорцияда мыс пен қалайының, кейде сүрменің, құшаланың, қорғасынның қорытпасы болып табылады. Мыспен салыстырғанда қоланың бірсыпыра артықшылықтары бар: оның өзгешелігі — өзі катты, балқу температурасы төмен, түсі алтын сияқты әдемі. Қола еңбек құралдары мен қару жасау үшін колданылатын негізгі шикізат бола бастады. Қазақстан жер қойнауында полиметалдардың, ең алдымен қалайы-мыс рудаларының барынша молдығы бұл аумақта металлургияның мықты ошағы шығуының бір себебі болды.

Энеолит және қола дәуірін зерттеудегі жаңа көзқарастар

Маңғыстау тарихындағы энеолит көп жағынан алғанда шартты болып табылады. Жалпы жұрт қабылдаған қабылдаған кезеңдерге сәйкес келеді. Бұл аумақ үшін б.з.б Ү мыңжылдықтың аяғымен ІҮ ғ басына да байырғы тұрғындардың көршілермен интенцивті байланыстары немесе солтүстік пен оңтүстік – шығыстан мәдениеті өзгеше екі толқынның жергілікті ортаға құйылып қосылуы тән. Бірінші толқын Еділ – Жайық бойының энеолиттік хвалын мәдениетіне жататын шебір үлгілес ес.керткіштермен көрсетілген. Бозащы түбегінде Маңғыстау түбегінің орталық және жағалау бөлігінде тұрақтар мен жекелеген олжалар табылды. Ең елеулі тұрақ Бозащыда көшпелі құм өңіріндегі Шебер елді мекенінің маңынан табылды.

Ыдыстар саз балшықтан қолдан жасалған. Ыдыстар түбі дөңгелек конус тәрізді етіп жұмыатқа сияқты ,жабық түрде істелген. Ыдысқа ішкі жағында қыры бар жаға сияқты салмақты жиек жасалған. өрнектеу үшін негізінен тарақ сияқты қалып пайдаылған.

Шебір халқы теңіз моллюскаларының қабықтарынан жасалған ірі моншақтармен диаметрі 3-6 мм болатын цилиндр тәрізді ұсақ моншақ сияқты жаңа әшекейлер туғызды. Соңғылары теңіз қабыршақтарының қабығынан жасалған.

Қола дәуірінде Азияда бұрын қалыптасқан қала мәдениеті (Месопотамия, Элам, Мысыр, Сирия) одан әрі дами түсті және жаңа мәдениеттер (Үндістанда – Хараппа, Қытайда – Инь) қалыптасты. Мұндай жағдай Еуропада да байқалды. Қала жұрттары, сарайлар, жергілікті жазу, т.б. деректер Еуропадағы өзіндік мәдени орталық еді. Бұл дәуірде кен қорына бай Кавказдың маңызы зор болды. Ол Шығыс Еуропаның далалық аудандарын мыс бұйымдарымен жабдықтайтын Еуразиядағы ең ірі металлургия орталықтарының біріне айналды.


Қазақ жерін сол тұста мекендеген тайпалардың осы кезеңдегі мәдениеттері қола дәуірі ескерткіштері алғаш ашылған жерлердің атымен – Андрон мәдениеті, Беғазы-Дәндібай мәдениеті деп аталады. Қазақстандық археологтардан қола дәуірі бойынша Орталық Қазақстанды Ә.Марғұлан мен К.Ақышев, Солтүстік Қазақстанды А.Оразбаев, Шығыс Қазақстанды С.С. Черников пен А.Г. Максимова зерттеп, әр аймақтардағы өзгешеліктерді ашып көрсетті. Қола дәуірін кезеңге бөлуде зерттеушілер арасында әр алуан пікірлер бар. Қазақ жеріндегі қола дәуірі мәдениеттерінің басталуы мен дамуын Ә.Марғұлан негізгі үш кезеңге бөледі. Алғашқы кезеңі – ортаңғы; өркендеп дамыған кезеңі – Нұра және Атасу сатылары; соңғы кезеңі – өтпелі сәт пен Беғазы-Дәндібай мәдениетінен тұрады. Қола дәуірндегі экономиканың басты екі бағыты болып табылатын мал шаруашылығы мен металлургияның тез дамуы өндіргіш күштердің өсуіне, белгілі бір еңбек саласына маманданудың күшеюіне, қоғамдық өмірдегі ірі өзгерістерге жеткізді.

Көптеген көне кен орындарынан мыс (Жезқазған, Зырянов, Қаршыға, Жалтыр, Ащылы, Ұратөбе, Күшікбай), қалайы (Атасу тауы, Қалба мен Нарын жоталары), алтын (Степняк, Қазаншұңқыр, Балажал, Ақжал, Дайбай, Майқапшағай, Ақабек) кентастары алынды (қола Ежелгі кен қазбалары). Тас және балшық құйма қалыптарда шаруашылыққа және тұрмысқа қажетті құралдар (орақ, балта, қанжар, пышақ, найза мен жебе ұштары, т.б.) құйылды. Сәндік заттар (ілгек, тізбек, білезік, моншақ, өңіржиек, сырға, т.б.) жасалды. Қазақстан аумағын қола дәуірінде мекендеген тайпалардың әр түрлі материалдан (металл, тас, сүйек, қабыршақ) алуан түрлі заттар (еңбек құралдары, қару-жарақ, сәндік заттар, тұрмыстық бұйымдар) жасауда жоғары шеберлікке жеткені аңғарылады. Олар соғу, құю, қақтау, қысып өрнектеу, тегістеп жылтырату техникасын жақсы меңгерді, қатты материалдан жасалған заттарға өрнек сала білді. Қоныстарын өзендердің жайпақ жағасына, кең жайылмаға, мүйіске, кейде көл маңына салды. Қоныстар 6–10 үйден, үлкендері 20 үйден құралды. Тұрғын үйлері жартылай жертөлелер мен жер бетіндегі үйлер болып бөлінеді. Жартылай жертөлелер дәліз сияқты шығар аузы бар тік бұрышты, сопақ және сегіздік тәрізді салынды. Қабырғаларды бойлай тік бағандар орнатылды, арасына ағаштар немесе шарбақтар қойылып, балшықпен сыланған. Тұрғын үйлер аумағы 100 шаршы метрден 300–400 шаршы метрге дейін жетті. Орталық және Батыс Қазақстанда ағаш аз болғандықтан, тұрғын үй қабырғаларына тас көп қолданылды. Жер үстіндегі үйлердің қабырғалары бөренелерден жасалды. Қоныстарға жақын жерде рулық зираттар болды. Қабірлердің үсті айнала жалпағынан салынған немесе қырынан қойылған және қазылып орнатылған тақта тастардан тік бұрышталып, шаршыланып, дөңгелектеніп қоршалды, кейде обалар да етегінен тақта тастармен айнала көмкерілді.


Қортынды

Жоғарда айтылған аз ғана мәліметті қортындылар болсақ, Қазақстан аумағында ежелғі қола және энеолит кезеңдері өте үлкен кезеңдерді алып жатыр. Бұл, ол кезеңдердің, әлі ашылмаған сырлары көп екендігін айқындайды. Тағыда айтар болсақ, бұл кезеңдерді неғұрлым жетік зерттер болсақ, сол кездегі медениеттерге жан-жақты көз қарастардың саны көбие түсетінін дәлелдейді.

Пайдаланылған әдебиеттер

  • Ежелгі Қазақстан тарихы. Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған оқулық. Алматы : " Атамұра " 2015

  • Массон В.М., Хлопин И.Н., Неолит и энеолит, в сб.: Средняя Азия в эпоху камня и бронзы, М.–Л., 1966. Д. Байғонақов

  • «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, X том

  • «Қазақстан тарихы» (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық. 1-том. — Алматы: Атамұра, 2010.—59 ISBN 978-601-282-026-3

  • Қ19 Қазақстан тарихы: Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 10-сыныбына арналған оқулық / Ә. Төлеубаев, Ж. Қасымбаев, М. Қойгелдиев, т.б. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2006. — 232 бет, суретті. ISBN 9965-33-633-4

  • «Қазақстан тарихы» (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық. 1-том. — Алматы: Атамұра, 2010.—86 ISBN 978-601-282-026-3

  • https://e-history.kz/kz/history-of-kazakhstan/118

  • https://itest.kz/ru/attestation/istoriya-kazahstana-4077/razdel-i-epoha-kamnya-na-territorii-kazahstana/lecture/kazahstan-v-epohu-eneolita

  • https://itest.kz/kz/ent/qazaqstan-tarihy/6-synyp/lecture/mys-tas-hasyry-eneolit