Файл: Таырыбы Мыты отбасы мыты мемлекет.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 05.12.2023

Просмотров: 105

Скачиваний: 3

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Тақырыбы: « Мықты отбасы - мықты мемлекет »Мақсаты: бала тәрбиесіндегі ата - ананың алатын орны ерекше екенді-гін түсіндіру. Отбасы мүшелері арасындағы бауырмалдық, достық қарым - қатынасты қалыптастыру, отбасы мемлекетіміздің бір бөлшегі екенін ұғындырып, оқушыларды ынтымақ пен ұжымдыққа тәрбиелеу.Көрнекілігі: техникалық құралдар, даналық сөздерӘдісі : сұрақ – жауап, пікір алысу, ой қозғауНақыл сөздер: 1. « Бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады »2. « Бала - өмірдің жалғасы , отбасының жеміс берер гүлі »Барысы : ҰйымдастыруҚұрметті балалар , біз бүгін керемет бір ғажайып әлемге саяхатқа бара-мыз. Қалай ойлайсыздар, ол қандай әлем болуы мүмкін? Ол бір өзі кіш-кентай ғана шағын мемлекет. Ол - мемлекеттің аты - отбасы.Бұл мемлекет қандай болуы керек?Адамға өмірде ең қымбаты - отбасы. Отбасында сүйіспеншілік, сыйлас-тық, татулық, бауырмалдық болғанда бірлік болады. Бір - бірін аялап, ке-шіре түсіне білгенде отбасы мықты, берік болады. Бүгінгі тәрбие саға-тымыздың тақырыбы « Мықты отбасы - мықты мемлекет » тақырыбы-на арналады. - Балалар, қалай ойлайсыздар, отбасын неге теңеуге болады. Алып құсқа ма, әлде алып бәйтерекке ме? - Дұрыс айтасыздар, менің ойымша да отбасын бәйтерекке теңесек, бала-ларды жапырақтарына теңейміз. Жапырақтар қайда бекиді?- Бұтақтарында.- Олай болса, бұтақтарын ата - анаға теңейміз. Бұтақтары қайдан тарайды?- Ағаштың діңінен.- Олай болса, олар ата - әжелеріміз. Алып бәйтерек ненің арқасында жақсы өсіп жайқалады. - Дұрыс, тамырының. Қалай ойлайсыздар, егер ағаштың діңін ата - әжеле-рімізге теңесек, тамырын кімге теңейміз. - Ата - бабаларымызға .Міне, балалар , осылай үлкен отбасы қалыптасады. Бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады. Тәртіпті де, тәрбиелі ұрпақ - отбасы мен мектеп-тен алған үлгі - өнеге жиынтығының жемісі. 1. « Тіл өнері » - мақал - мәтелдің жалғасын табу.

  • Ананың көңілі балада, ...

  • Тәрбие басы - ...

  • Ұяда не көрсең, ...

  • Балалы үй базар, ...

  • Ата көрген оқ жонар , ...

  • ... – ананың бауыр еті, көз нұры.

  • Әке - асқар тау, ...
Дұрыс жауабын сызба нұсқа арқылы жүргізіп көрсетіңіз: ана көрген тон пішер; ұшқанда соны ілерсің ; тал бесік; баласыз үй қу мазар ; бала ; баланың көңілі далада ; ана- бұлақ, бала - жағасындағы құрақ .Отбасы - бұл қоғамның негізі. Баланың болашақта жақсы азамат болып өсуі, жан - жақты тәрбиелі болуы отбасында берілетін тәрбиеге байла-нысты. 2. Ситуациялық жағдаят. 1. Сен өте асығыссың , себебі сабаққа үлгеруің қажет. Көшеде бала же-тектеп келе жатқан қарияны қағып кеттің. Ол кісі құлап түсті , немересі қорыққаннан жылап жіберді. Сен не істейсің ? 2. Саған анаң өзі жұмыстан келгенше үйді жинастырып қоюды тап-сырды. Сен достарыңмен ойнап жүріп, бұл істі ұмытып кеттің. Анаң жұ-мыстан келіп, өзі жинап, сыпырып қойды. Сен келгенде анаң ренжулі. Сенің әрекетің ? 3. Үйде ешкім жоқ. Тек сен ғана . Есіктің қоңырауы соғылды. Сен ба-рып қарасаң қаладан келген туысқаның. Сенің анаң ешкімге есікті аш-пауды тапсырған. Сенің әрекетің ?4. Бүгін анаң жақсы көретін тағамыңды жасап берді. Сен отыра қа-лып іні – қарындастарыңмен қосыла жедің де, даладағы ойынға қарай жүгірдің. Сен нені ұмыттың ?3. « Білімдіге дүние жарық » оқушылардың біліктілігін, шапшаңдығын тексеру. 1. Балдан тәтті не ? / бала /2. Қара шаңырақ иесі кім ? / кенже ұл /3. Үйдегі алтын адам кім ? / ана /4. Бес дұшпанды атаңдар? / өсек, өтірік, мақтаншақ , еріншек, бекер мал шашпақ /5. Үш арсызды ата ? / ұйқы, тамақ, күлкі /6. Қазақ халқының салт - дәстүрлерін ата? / шілдехана, бесік той, тұсау кесу, құда түсу, келін түсіру т.б. /7. ҚР мемлекетік рәміздерін ата? / елтаңба, ту, әнұран /8. Қазақтың тұңғыш ғарышкері кім? / Т. Әубәкіров /9. Күй атасы кім ? / Құрманғазы /10. ҚР тәуелсіздікті қашан алды ? / 1991 жыл 16 желтоқсан / Балалар, биыл еліміз тәуелсіздік алғанына 20 жыл толғалы отыр.Осы тәуелсіздік тұғырында нық ұстау үшін сапалы білім мен тәртіп керек. Болашақ өз ұлтын сүйетін, өз елін, жерін, отанын, отбасын сүйетін ұлт-жанды, өр намысты,биік рухты ұстау сендердің қолдарыңда. Күн мен жердің мәңгілік екені сияқты аспанымызда тәуелсіздік туы мәңгілік жел-біресін ! – деп бәріміз бірге Е. Хасанғалиевтың « Атамекен » әнін орын-дайық.

Біз мықты отбасын алып бәйтерекке теңесек, тәуелсіз еліміздің символы ретінде көкке шаншылған « Бәйтеректі » айтамыз .Ол самұрық құстың алтын жұмыртқасын аспанға көтерген алып киелі ағаш - бейбітшілік пен келісімде өмір сүруге ұмтылған ұлы мақсат көрінісі. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың « Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім жақындарына, туысқандарына деген сүйіспеншілікпен басталады »,- дегендей мемлекетіміздің іргетасын қалаушы - әр отбасы - жеке мемлекет. Әке алақаны мен ана жүрегінің жылуы бар сендер тәуелсіз еліміздің тірегі болатындарыңа сенемін. Бойларыңда от бар екен байқадым,Жүректерде шоқ бар екен байқадымӘрқашанда осы шоқты өшірмей,Жалындатып шарықтаңдар әрдайым! ,- деп сіздерге шағын естелікті ұсынамын.