ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 05.12.2023
Просмотров: 19
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті
Тақырып: Үйірме жұмысының маңызы мен міндеттері, түрлері
Тобы: ӨМБ-011
Орындаған: Омар Гүлнұр
Оқушылардың өз білімін жетілдірудің негізгі формасы – үйірме. Оқушылардың өзі қызығатын саласында практикалық жұмыспен айналысатын бірлестік. Егер үйірменің жұмысы қоғамдық пайдалы тапсырмаларды орындаумен, қоршап тұрған өмірмен, өндіріспен байланысты болса нәтижелі болады.
Ойдағыдай жұмыс істеу үшін әрбір жеке үйірмені білім деңгейі, іскерліктері, дағдылары шамалас екі (ең көп болғанда 3 сынып құрған абзал). Мысалы: техникалық үйірме ұйымдастырылса бастауыш сынып оқушыларына негізгі орта буын сыныптарына екінші жыл үйренетін ал жоғарғы сыныптарға одан кейінгі жылдары ұйымдастырылатын үйірмені бірнеше сатылы түрде ұйымдастыруға болады.
Үйірме арнаулы бағдарлама негізінде бірнеше жарты жылға жасалатын жоспар бойынша жұмыс істейді. Мұндай бағдарлама мектептің оқу бағдарламасына қарағанда үлгі ретінде болады. Ол үйірме жетекшісінің мектептің оқу бағдарламасына қарағанда үлгі ретінде болады. Ол үйірме жетекшісінің мектептің мүмкіндіктері мен қажеттіктерін оқушылардың жеке ерекшеліктерін талаптары мен ынталары әзірлік дәрежелерін т.б. ескеріп, нақтылы жұмыс жасауды жеңілдететін бағыт болып табылады. Әрбір үлгі бағдарлама танымдық және теориялық мәліметтердің белгілі түрлерін көздейді. Бірақ практикалық жұмыстарды таңдау әрқашан тек қана бағдарлама бойынша болмайды. Олардың орындалуы көптеген себептерде материалдық детальтармен саймандардың болуына жетекшінің білім мен іскерлік дәрежесіне үйірме мүшелерінің техникалық даярлығы мен ынталарына байланысты. Практикалық жұмыстардың сипаты мен көлеміне байланысты жетекші бағдарламаға бір тақырып бойынша көбейтуге жеке тақырыптарды шығарып, орнына жаңа тақырыптарды қосып өз өзгерістерін енгізе алады. Осыдан келіп үлгі бавғдарлама бойынша әрбір тақырыпқа берілген уақыттың шарттылығы туады. Бір түрлі модуль немесе құралды әзірлеуге жұмсалатын уақыт паралель екі үйірмеде әртүрлі болуы мүмкін, ол құрал – жабдықтарға, материалға, жұмыс істеушілердің санына олардың іскерлінгі мен басқа да жағдайларға байланысты. Жұмыс жоспарында бағдарлама тақырыптарын атап көрсетіп әрбір осы тақырыптар бойынша әңгімелер мен лабораториялық жұмыстардың графиктерін жобалап белгілеу керек. Бұл жоспарға үйірменің жүргізуге жоспарланған көпшілік шараларда енеді – экскурсия, тақырыптық кештер, көрмелер, жарыстар шығару т.с.с. жоспарды үйірме мүшелерінің түлектерімен ұсыныстарын ескерту үшін үйірме ұжымының бірінші немесе екінші сабағында талқылау қажет. Үйірме сабақтары оқушылардың мектеп бағдарламасына қосымша ой өрісін кеңейтуді ғылыми көпшілік әдебиетке ынтасы мен сүйіспеншілігін қалыптастырып оны пайдалана білуді үйретуі тиіс. Үйірмеде оқушылар үшін ережелерді қатан санаулы тәртіпті сақтау мәдени дағдыларды тәрбиелеу міндетті. Оқушылардың өз беттерінше жұмыс істей білуі тәрбиелік мақсатқа қызмет етеді. Үйірме мүшелері үйірме мүлкін сақтауға толық жауапты екендігін сезінуі қажет.
Үйірме жетекшісі староста мен басқа да сайланып қойылған адамдардың жұмыстарына бағыт беріп, оларға тапсырылған жұмыс үшін толық жауапкершілікті қажет етеді.
Үйірменің түрлері
Саз үйірмесі | Домбыра, баян, қобыз, сырнай т.б. |
Спорттық үйірме | Шахмат, шашка, күрес, теннис, шаңғы, коньки, суда жүзу, баскетбол, волейбол т.б. |
Пәндік үйірме | Математика, физика, химия, әдебиет, қазақ тілі, тарих, орыс тілі, т.б. |
Өнер үйірмесі | Би, хор, драмалық үйірме, мәнерлеп оқу т.б. |
Қолөнер үйірмесі | Тоқыма тоқу, кесте тігу, түрлі ойыншықтар тігу, гобелен тігу т.б. |
Техникалық үйірме | АВЭ – клубы, жас техниктер станциясы, машина жасау, қайықтар жасау т.б. |
Эстетикалық үйірме | Макраме, тоқыма, кесте тігу, би, ас мәзірін дайындау, жұмсақ ойыншықтар жасау т.б. |