ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 05.12.2023
Просмотров: 91
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Дана, ғұлама, ақын, философ, математик, медицина ғылымдарына үлес қосушы Әл-Фарабидің салаларымен «Трапецияның ауданы» тақырыбында өтілген сабағыммен байланыстырдым:
| Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8.3 | Мектеп:Ө.Жәнібеков атындағы №4 жалпы орта лицей-интернаты | ||
| Күні:17.02.2020ж | Мұғалімнің аты-жөні:А.Мылтықбаева | ||
| Сынып: 8 «Г» | Қатысқаны: | Қатыспағаны: | |
| Сабақ тақырыбы: | Трапецияның ауданы | ||
| Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 8.1.3.13 трапецияның ауданы формулаларын білу және қорытып шығару | ||
| Сабақ мақсаттары | Барлығы: Трапеция ауданы формуласын біледі және қорытады; Басым бөлігі: Трапеция ауданының формулаларын іріктейді; Кейбірі: Практикалық тапсырма арқылы тұжырымдайды. | ||
| Тілдік мақсат | Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: трапеция, трапецияның биіктігі, трапецияның табандары, трапецияның диагональдері, трапецияның ауданы, трапецияның орта сызығы, трапецияның бүйір қабырғасы, тікбұрышты трапеция, тең бүйірлі трапеция. Диалогтер мен жазу үшін қолданылатын тіркестер: Трапецияның ауданын оның табандары мен биіктігі арқылы табу үшін... Трапецияның ауданын оның биіктігі мен орта сызығы арқылы табу үшін... Трапецияның ауданын оның диагональдері және олардың арасындағы бұрышы арқылы табу үшін... Трапецияның ауданын оның төрт қабырғасы арқылы табу үшін... | | |
| Бағалау критерийлері | - трапеция ауданы формуласын біледі; - трапеция ауданы формуласын қорытып шығарады және есептер шығаруда қолданады; | ||
| Құндылықтарды дарыту | Құндылықтарға баулу арқылы есептеу жұмыстарында оқушылардың өз бетімен жұмыс жасау, іздену, шығармашылық қабілеттерін арттыру. Бір-біріне құрметпен қарауға баулу, адамгершілік қасиеттерін нығайту.Белсенді қарым- қатынас, өзіндік шешім қабылдауды үйрену. | ||
| Пәнаралық байланыстар | Физика, логика, саясаттану, география, медицина | ||
| АКТ қолдану дағдылары | Тақырыпқа байланысты қосымша мәліметтер. Слайдтар | ||
| Бастапқы білім | Үшбұрыш пен төртбұрыштың және параллелограмның аудандары | ||
| Сабақ барысы | ||||||||||||||||
| Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||||||
| Сабақтың басы 10мин | І. Ұйымдастыру: Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. Сыныпта жағымды көңіл-күй қалыптастыру. «Мозайка» құрастыру арқылы топқа бөлу І топ: Үшбұрыш тобы ІІ топ: Төртбұрыш тобы ІІІ топ: Параллелограмм тобы ІV топ: Ромб тобы Үй тапсырмасын сұрау: «Ой түрткі» әдісін қолдану І топ: Үшбұрыш тобына үшбұрыштар туралы сұрақтар қойылады:
ІІ топ: Төртбұрыш тобына төртбұрыштар туралы сұрақтар қойылады:
ІІІ топ: Параллелограмм тобына параллелограмм туралы сұрақтар қойылады:
ІV топ: Ромб тобы
Дескриптор: - фигуралардың түрін анықтайды; - фигуралардың ауданын табу формулаларын айтады; ҚБ:ауызша және бағалау парақшасына жауап берген әр оқушы «+» таңбасын қояды. Оқушылар биыл Әбу Насыр Әл-Фараби бабамыздың 1150жылдық мерей тойына байланысты мен бүгінгі тақырыбымызды «Әбу Насыр Әл-Фарабидің үлес қосқан ғылым салалары» деп алдым. Сол үшін мен сендерге екінші ұстаз туралы ақпараттар оқып келеміз деп қосымша тапсырма берген болатынмын. Сол ақпаратты сабақ барысында қолданамыз. | | ||||||||||||||
| Сабақтың ортасы 25мин | Жаңа тақырыпты ашу үшін «Алфавит-шрифтограмма» әдісін қолданамыз. Топтық жұмыс:Әл-Фарабидің логика ғылым саласына қосқан үлесі 25,23,1,22,8,32,12,42,18,37,19 1,26,7,1,18,37 Жауабы: Трапецияның ауданы Трапецияның ауданын табу формуласын түсіндіру а) Трапецияның ауданын оның табандары мен биіктігі арқылы табу Трапецияның ауданы оның табандарының қосындысының жартысы мен биіктігінің көбейтіндісіне тең. — трапецияның ауданы, — табаны, — табаны, h – биіктігі б) Трапецияның ауданын оның биіктігі мен орта сызығы арқылы табу S = m*h S —трапецияның ауданы, h — биіктігі, m —трапецияның орта сызығы с) Трапецияның ауданын оның диагональдері және олардың арасындағы бұрышы арқылы табу; S —трапецияның ауданы, d1,d2 — трапецияның диагональдері α — трапецияның d1 және d2 диагональдері арасындағы бұрыш Ой өрбіту: Ауызша есептеулер Оқулықпен жұмыс: «IDEAL» әдісі арқылы оқушыларға ақпарат беріледі. I-мәтін мазмұнындағы керекті ақпаратты анықтау. D-алған ақпаратқа түсінік. E-дәлелдеу. A-дәлдеу барысындағы әрекеттер. L-қорытынды жасау, атқарылған жұмысқа рефлексия жасау. А-деңгейі. №251 - №252 Дескриптор: - есептің берілгені бойынша сызбасын дұрыс салады; - белгісіз элементтерін табу үшін өткен формулаларды қолданады; - есептің шартына сәйкес трапецияның ауданын анықтайды; ҚБ:ауызша және бағалау парақшасына жауап берген әр оқушы «+» таңбасын қояды Әл-Фарабидің математика ғылым саласына қосқан үлесі В- деңгейі. №254(ә) «Қаратал құмдары» ботаникалық қаумалының ауданын табу керек Дескриптор: - шектеусіз периодты ондық бөлшекті жай бөлшекке айналдырады; - есептің шартына сәйкес трапецияның ауданын анықтайды; ҚБ:ауызша және бағалау парақшасына жауап берген әр оқушы «+» таңбасын қояды Әл-Фарабидің география-жаратылыстану ғылым саласына қосқан үлесі №256(ә) «Бұл қызық фраза» әдісін қолдану Тең бүйірлі трапецияны қию арқылы тіктөртбұрыш жасау керек Қосымша тапсырма: Дескриптор: - берілген сурет бойынша трапецияның өлшемдерін анықтайды; - есептің шартына сәйкес трапецияның ауданын табады; ҚБ:ауызша және бағалау парақшасына жауап берген әр оқушы «+» таңбасын қояды. Әл-Фарабидің физика ғылым саласына қосқан үлесі Сергіту сәті: «Екі қолды іске қос» деп аталады Оң қолмен тіктөртбұрыш, ал сол қолмен үшбұрыш бір мезетте салу керек Әл-Фарабидің медецина ғылым саласына қосқан үлесі «Қателескен мұғалім» -әдісін қолдану арқылы Трапеция дегеніміз табан қабырғалары параллель болатын параллелограмм.трапецияның диогональдары қиылысу нүктесінде қақ бөлінеді. Трапецияның егер табандары мен биіктігі берілсе екі табанының қосындысын екіге көбейтіп, биіктікке бөлеміз. Ал егер, орта сызығы мен биіктігі берілсе екеуін көбейтіп екіге бөлеміз. Егер диогональдары берілсе диогоналдары мен олардың арасындағы бұрыштың косинусына көбейтеміз. Оқушылар оқылған мәтін бойынша қатемен жұмыс жасайды және оны түзетеді. Әл-Фарабидің саясаттану ғылым саласына қосқан үлесі | | ||||||||||||||
| Сабақтың соңы 5мин | Бағалау парағын тексеру арқылы жалпы бағалау жұмысын жүргізу
Рефлексия. «Мұғалімге жеделхат» тақтасына оқушылар стикер жапсыру арқылы орындалады.
Мұғалімге жеделхат тақтасы | | ||||||||||||||
| Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасы-ның сақталуы | ||||||||||||||
| «Ой түрткі» және «Алфавит шриптограмма» әдісі арқылы өткен тақырып пен жаңа тақырыпты ашамын. «IDIAL» әдісі арқылы жаңа тақырыптың есептерін шығартамын. «Бұл қызық фраза» әдісі арқылы қосымша тапсырмалар орындатамын. «Екі қолды іске қос» сергіту жұмыстарын жасатамын. «Қателескен мұғалім» әдісімен сабақты қорытындылаймын | Ауызша бағалау жұмыстарын жүргіземін және өз-өздерін бағалайды. Сабақ соңында бағалау парақшасы арқылы қорытынды бағалау жұмысын жүргіземін | Сынып бөлмесінде оқушы ережесін ұстану - қауіпсіздік кепілі | ||||||||||||||
| Сабақ бойынша рефлексия | ||||||||||||||||
| Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? | ||||||||||||||||