Файл: 1. Дене бастапы орнынан жылдамдыпен x осіні баытына арамаарсы жріп барады. Оны координатасыны уаыта туелділігі.doc
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 06.12.2023
Просмотров: 418
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
ФИЗИКА (каз) | E | E | A | C | D | A | B | E | C | E | B | A | B | B | D | A | C | B | B | D | A | D | A | D | C | D | E | C | C | E |
1. 3 моль болатын заттың молекулалар саны A) 18,06∙1023. B) 9∙1023 . C) 15∙1023. D) 0,2∙1023. E) 4∙1023. |
2. Доп 3 м биіктіктен еденге түсіп, одан ыршып 1 м биіктікке көтерілгенде, оны ұстап алды. Доптың орын ауыстыруын аныќтаңыз. A) 2 м B) 5 м C) 1 м D) 3 м E) 4 м |
3. Суретте берілген дененің координатасының уақытқа тәуелділік графигінен тербеліс жиілігін анықтаңыз A) 0,3 Гц B) 0,25 Гц C) 0,5 Гц D) 1 Гц E) 0,2 Гц |
4. Массасы 40 кг дененің 10 м биіктіктен құлағандағы кинетикалық энергиясы (g=10 м/с2) A) 500 Дж. B) 400 Дж. C) 0,4 Дж. D) 50 Дж. E) 4000 Дж |
5. Бірқалыпты түзу сызықты қозғалыстың шартын көрсетіңіз. A) а=0, =const. B) a 0, =const. C) a=const, 0. D) a=const, const. E) a=0, =0. |
6. Зат мөлшерінің өлшем бірлігі: A) моль-1. B) г/моль. C) кг/моль. D) л/моль. E) моль. |
7. Жазық айнадан сәуленің шағылу бұрышы 60. Жарық сәулесінің айнаға түсу бұрышы A) 15. B) 45. C) 30. D) 60. E) 90. |
8. 1 нКл және 16 нКл зарядтар бір-бірінен 3 мм қашықтықта орналасқан. Олардың әсерлесу күші (k = 9109 Нм2/Кл2) A) 1210-3 Н. B) 810-3 Н. C) 1610-3 Н. D) 4810-3 Н. E) 1010-3 Н. |
9. Жылу машинасының бір циклында үшін қыздырғыштан 10 Дж жылу мөлшері алынып, салқындатқышқа 4 Дж жылу мөлшері беріледі. Машинаның ПӘК-і A) 0,6. B) 0,67. C) 0,4. D) 0,375. E) 0,25. |
10. Суретте изотермиялық процестерді көрсететін график A) 3, 6, 9. B) 3, 6, 8. C) 1, 4, 7. D) 2, 4, 7. E) 1, 5, 9. |
11. Магнит өрісі әсер етеді A) Электромагниттік өріске. B) Тыныштықтағы зарядқа. C) Қозғалыстағы зарядтарға. D) Электр өрісіне. E) Өзара әсерлесуші зарядтарға. |
12. Тұрақты 2 А ток өтетiн өткiзгiштiң кедергiсiн 10 Ом-нан 5 Ом-ға дейiн кемiтсе, ондағы бөлiнетiн қуат: A) 4 есе азаяды. B) 4 есе артады. C) өзгермейдi. D) 2 есе артады. E) 2 есе азаяды. |
13. Биік құздан 12 м/с жылдамдықпен лақтырған тас 5 с-та оның түбіне жетеді. Құздың тереңдігі: (g = 10 м/с2) A) 450 м. B) 350 м. C) 185 м. D) 250 м. E) 400 м. |
14. Дене 20 Н күш әсерінен 0,5 м/с2 үдеу алады. Дененің массасы: A) 200 кг. B) 20 кг. C) 40 кг. D) 100 кг. E) 10 кг. |
15. Ядроның тыныштық массасы MЯ мен оны құраушы Zmp протондар және Nmn нейтрондардың тыныштық массаларының қосындылары арасындағы қатынас: A) mp = MЯ + Nmn. B) MЯ = Zmp + Nmn. C) MЯ < Zmp + Nmn. D) MЯ > Zmp + Nmn. E) mn = MЯ +Zmp. |
16. Нейтрондардың көбейу коэффициентіне қатынасы жоқ тұжырым: 1. Ядролық қоспалардың нейтрондарды жұтуы. 2. Реакция аймағынан нейтрондардың шығып кетуі. 3. Ядролық реакция кезінде энергияның бөлінуі. A) 2 және 3 B) 3 C) 1 және 2 D) 1 E) 2 |
17. 40 Н күштің әсерінен массасы 2 кг дене 2 м-ге орын ауыстырды. Күштің жұмысы A) 120 Дж. B) 40 Дж. C) 20 Дж. D) 160 Дж. E) 80 Дж. |
18. Электромагниттік толқын көзінің тербеліс периоды 10-6 с. Толқын ұзындығы: A) 10-6 м B) 310-2 м C) 3010-12 м D) 300 м E) 106 м |
19. Жарық толқынының жиілігін 2 есе арттырғанда, фотондар импульсі A) 4 есе көбейеді. B) 2 есе көбейеді. C) өзгермейді. D) 4 есе азаяды. E) 2 есе азаяды. |
20. Yлкен электростатикалық зарядтармен жұмыс істейтін құралдарды қолданатын лаборатория қызметкерлерінің қауіпсіздік қорғау шаралары A) Зарядтарды бейтараптау үшін ионизаторды қосады. B) Резеңке қолғабын киеді. C) Ауаның ылғалдығын арттырады. D) Дұрыс жауабы жоқ. E) Қызметкерлер метал-тор ішінде болуы керек. |
21. Екі өткізгіш берілген: біріншісінің зарядтары екіншісіне қарағанда аз, ал потенциалы жоғары. Өткізгіштерді түйістіргенде, электр зарядтары жылжитын бағыт A) Аз потенциалды өткізгіштен көп потенциалды өткізгішке. B) Көп зарядты өткізгіштен аз зарядты өткізгішке. C) Зарядтар жылжымайды. D) Аз зарядты өткізгіштен көп зарядты өткізгішке. E) Көп потенциалды өткізгіштен аз потенциалды өткізгішке. |
22. Массасы M=1,5·107 кг паром жағамен салыстырғанда 0 = 10 м/с жылдамдықпен жүзіп келе жатыр. Паром үстінде массасы m = 1000 кг автомобиль = 10 м/с жылдамдықпен қозғалуда. Пароммен салыстырғандағы автомобильдің импульсі A) 1,5·1010 . B) 2·104 . C) 104 . D) 0. E) 1,5·104 . |
23. Кернеуі 50 кВ рентген түтікшесінің анодына жеткен электронның кинетикалық энергиясын анықтаңыз. (е=1,610-19 Кл) A) 610-15 Дж. B) 710-15 Дж. C) 510-15 Дж. D) 810-15 Дж. E) 910-15 Дж. |
24. Бірқалыпты үдемелі қозғалған автомобильдің жылдамдығы 5 секундта 10 м/с-тан 15 м/с-қа дейін өзгерген. Автомобильдің үдеуі A) 1 м/с2. B) 7 м/с2. C) 3 м/с2. D) 5 м/с2. E) 2 м/с2. |
25. Телестанцияның әсер ету аймағы көкжиек жазықтығымен шектелу себебі A) әдетте таратқыш қуаты онша үлкен болмайды. B) телеорталықтар ультрақысқа толқында жұмыс жасайды. Бұл толқындар дифракцияланбайды. C) әсер ету аймағын аттыру үшін таратушы антеннаны биіктету керек. D) телевизиялық толқындар күшті шашырайды. E) телевизиялық толқындар әр түрлі заттарда жақсы жұтылады. |
26. Серіппенің сығылуын 2 есе арттырса, серіппелі пистолетпен атылған снарядтың жылдамдығының өзгерісі A) 2 есе кемиді. B) есе кемиді. C) есе кемиді. D) 2 есе артады. E) есе артады. |
27. Жартылай ыдырау периоды 27 жыл болатын, 8 кг радиоактивті цезийден 135 жылдан кейінгі қалған атомдарының массасы: A) 25 кг. B) 0,25 кг. C) 1,256 кг. D) 0,4 кг. E) 4 кг. |
28. Зарядтары 210-9 Кл және 310-9 Кл нүктелік зарядтар 1 м қашықтықта орналасқан. Yлкен зарядтан 60 см-де екеуінің арасында орналасқан нүктедегі электр өрісінің кернеулігі: (Орта-вакуум) A) 37,5 В/м. B) 18,72 В/м. C) 187,2 В/м. D) 3750 В/м. E) 38,8 В/м. |
29. Тiзбектеп қосылған үш өткізгіштің кедергiлерi: R1=5 Ом; R2=6 Ом; R3=12 Ом. Вольтметрдің көрсетуі 1,2 В болса, амперметрдегі ток күшінің көрсетуі мен А және В нүктелерінің арасындағы кернеуді анықтаңыз A) 0,5 А, 5,1 В. B) 0,2 А, 4,6 В. C) 0,3 А, 4,5 В. D) 0,6 А, 5,5 В. E) 0,4 А, 4,8 В. |
30. Массасы m қозғалыстағы шар тыныш тұрған массасы 3m шарға соғылады. Соқтығысқаннан кейінгі шарлардың ажырау бұрышы 90 және бірінші шардың жылдамдығы 3, ал екіншісінікі . Бірінші шардың соқтығысқанға дейінгі жылдамдығы: A) 2. B) 6 . C) . D) 3. E) 3 . ФИЗИКА ПӘНІНЕН СЫНАҚ БІТТІ |
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
ФИЗИКА (каз) | A | A | B | E | A | E | D | C | A | D | C | E | C | C | C | B | E | D | B | E | D | C | D | A | B | D | B | A | B | E |
1. Ыдыста 1моль сутегі газы бар. Ыдыстағы сутегі молекулаларының санын аныќтаңыз. A) 6∙1023 B) 6∙1026 C) 2∙1023 D) 1018 E) 1023 |
2. Өткізгіштің меншікті кедергісі A) B) C) D) E) |
3. Тізбектің жалпы кедергісі. A) 4 Ом B) 3 Ом C) 0,5 Ом D) 8 Ом E) 2 Ом |
4. Параллель қосылған тізбектің кедергісі 12 Ом, кернеуі 120 В, 2 минут ішінде осы өткізгіште өндірілетін токтың жұмысы A) 240 кДж. B) 144 кДж. C) 147 кДж. D) 127 кДж. E) 282 кДж. |
5. Периоды 2 с, жылдамдығы 10 м/с, толқын ұзындығын анықтаңыз. A) 7 м. B) 20 м. C) 5 м. D) 12 м. E) 23 м. |
6. Өзен ағысының жылдамдығы 3 м/c, ал қайықтың сумен салыстырғандағы жылдамдығы 4 м/c. Өзеннің ені 40 м. Қайықтың өзенді перпендикуляр бағытта жүзіп өтіп және қайтып келу уақыты. A) 10 c. B) 13 c. C) 8 c. D) 20 с. E) 5 c. |
7. жылдамдықпен қозғалып келе жатқан шар қарсы қозғалып келе жатқан жылдамдығы сондай екінші шармен серпімсіз соқтығысады. Шарлардың массалары бірдей. Шарлардың соқтығысқаннан кейінгі жылдамдықтары: A) 0,75. B) 0. C) 0,5. D) 2. E) 0,25. |
8. Парциал қысым - егер басқа газдардың әсері жоқ десек, онда … A) атмосферадағы оттегі газының түсіретін қысымы. B) атмосферадағы су буының түсіретін қысымы. C) су буының бағанасы. D) атмосферадағы түрлі газдардың қоспасының қысымы. E) атмосферадағы азоттың түсіретін қысымы. |
9. Қолданылатын қыздырғыштың температурасы 527С және салқындатқыштың температурасы 27С болса, онда жылу машинасының мүмкін болатын ең жоғарғы ПӘК-і: A) 0,63. B) 0,73. C) 0,38. D) 0,05. E) 0,95. |
10. Механикалық резонанс дегеніміз A) Тербелмелі жүйенің меншікті жиілігі мен мәжбүрлеуші күштің жиілігі теңескен кезде еріксіз тербеліс амплитудасының күрт артуы. B) Резонатордың меншікті тербеліс амплитудасының вибратордың меншікті тербеліс амплитудасымен теңесуі. C) Жүйенің меншікті тербеліс амплитудасы мен еріксіз тербеліс амплитудасы сәйкес келген кезде тербеліс периодының күрт артуы. D) Тербелуші дененің сыртқы периодты күштердің әсерінсіз тербелуі. E) Денеге сыртқы периодтты күштердің әсерінен болатын тербеліс. |
11. Жоғарғы жиілікті тербеліске модуляцияның қолданылуы A) Сәуле шығау тығыздығын арттыру үшін. B) Төменгі жиілікті сигналды бөліп алу үшін. C) Сәуле шығару энергиясын арттыру үшін. D) Төменгі жиілікті тербелістерді алыс қашықтыққа жеткізу үшін. E) Сигналды күшейту үшін. |
12. Энергия бөліп шығара жүретін химиялық реакциялар қандай жарықтың шығару көзі болады A) Электролюминесценция. B) Хемилюминесценция. C) Фотолюминесценция. D) Катодолюминесценция. E) Жылулық сәуле шығару. |
13. Квант оптикалық генераторлар (лазерлер) қолданылатын жағдайлар: 1. Металлдарды және тері кездемелерді кесу. 2. Информацияны беру және сақтау. 3. Ұзындық өлшемі эталонын анықтау. A) 1,2 және 3. B) тек 1,2. C) тек 1. D) тек 2,3. E) тек 1,3. |
14. Бірдей элемент изотоптарындағы атом ядроларының құрамында: A) Нейтрондар саны протондар санына тең. B) Нейтрондар саны тең, протондар саны өзгеше. C) Нейтрондар саны протондар санынан әлдеқайда аз. D) Нейтрондар саны протондар санынан әлдеқайда көп. E) Протондар саны тең, нейтрондар саны өзгеше. |
15. Бір қалыпты қозғала отырып, жаяу адам 6 секундта 12 м жол жүреді. Осындай жылдамдықпен ол адамның 3 с-та жүрген жолы A) 36 м. B) 3 м. C) 6 м. D) 4 м. E) 2 м. |
16. Суретте уақыттың бір мезетінде жылдамдығын өзгерткен дененің қозғалыс графигі көрсетілген. Жолдың бірінші және екінші бөліктеріндегі дененің 1 және 2 жылдамдықтарын анықтаңыз. A) 1 3,6 м/с; 2 10 м/с. B) 1 10 м/с; 2 20 м/с. C) 1 10,3 м/с; 2 20 м/с. D) 1 3 м/с; 2 10 м/с. E) 1 3,3 м/с; 2 20 м/с. |
17. Егер радиустары бірдей екі шардың біреуі болаттан, екіншісі қорғасыннан жасалса, олар өзара әсерлескен кездегі үдеулерінің модульдерінің қатынасы: (болат = 7,8103 кг/м3; қорғасын = 11,3103 кг/м3) A) 1,9. B) 1,8. C) 1,7. D) 1,6. E) 1,4. |
18. Автомобиль 10 м/с жылдамдықпен қозғалуда. Оның кинетикалық энергиясы 2 есе кеміген кездегі жылдамдығы A) 40 м/с. B) 5 м/с. C) 20 м/с. D) 25 м/с. E) м/с. |
19. Егер газдың көлемі 3 есе кеміп, молекулалардың орташа кинетикалық энергиясы 2 есе артса, онда бір атомды газдың қысымы: A) өзгермейді. B) 2 есе артады. C) 6 есе артады. D) 6 есе кемиді. E) 3 есе артады. |
20. q электр заряды, потенциалдар айырымы 8 В, нүктелер аралығында орын ауыстырғандағы электр өрісі күштерінің жұмысы 4 Дж болады. q зарядтың шамасы: A) 2 Кл. B) 10 Кл. C) 0,5 Кл. D) 16 Кл. E) 32 Кл. |
21. Суретте электр өрісі бейнеленген. 1 және 2 нүктелердің потенциал мәні үлкен болатынын көрсетіңіз A) 1 = 2. B) 1 = 0. C) 2 = 0. D) 1 < 2. E) 1 > 2. |
22. Төменде келтірілген заттардың қайсылары үшін Ом заңы орындалады: 1. Металдар; 2. Вакуум; 3. Газдар. A) Тек қана 3. B) 1, 2 – иә, 3 – жоқ. C) Тек қана 1. D) 1, 3 – иә, 2 – жоқ. E) Тек қана 2. |
23. Шыны-сұйық шекарасынан толық шағылудың шектік бұрышы 0 = 60. Егер шынының сыну көрсеткіші n = 1,5 болса, сұйықтың сыну көрсеткішін анықтаңыз. A) nc = 1,38. B) nc = 1,34. C) nc = 1,32. D) nc = 1,36. E) nc = 1,30. |
24. Фотонның массасы электронның тыныштық массасына тең болатын сәуленің толқын ұзындығын табыңыз. (h=6,6310-34 Джс, m=9,110-31 кг) A) 2,4 пм. B) 41 нм. C) 1,8 нм. D) 1,8 пм. E) 24 нм. |
25. Қуаты 70 кВт, двигателінің тарту күші 7 кН өрге көтеріліп бара жатқан автобустың жылдамдығы: A) 10 см/с. B) 36 м/с. C) 36 км/сағ. D) 10 м/сағ. E) 3,6 км/сағ. |
26. Серіппенің сығылуын 2 есе арттырса, серіппелі пистолетпен атылған снарядтың жылдамдығының өзгерісі A) есе кемиді. B) 2 есе кемиді. C) есе кемиді. D) есе артады. E) 2 есе артады. |
27. Вакуумдық диодтағы электрон анодқа қарай 8 Мм/с жылдамдықпен қозғалады. Анодтық кернеудің мәні: (электронның массасы 9,110-31 кг; заряды 1,610-19 Кл) A) 100 В. B) 180 В. C) 200 В. D) 250 В. E) 150 В. |
28. Орам саны 120 болатын катушкадағы ток күші 7 А, оның магнит өрісінің энергиясын есептеңіз. Магнит ағыны 210-3 Вб. A) 2,07 Дж. B) 391 Дж. C) 0,84 Дж. D) 27,2 Дж. E) 0,94 Дж. |
29. Ұзындығы 2,45 м, ал тербеліс амплитудасы 0,1 м математикалық маятниктің гармониялық тербелісінің теңдеуі (g = 9,8 м/с2) A) x=0,1sin2t B) x=0,1sin2πt C) x=0,1sinπt D) x=sin2πt E) x=sinπt |
30. Толқын ұзындығы 450 нм сәуле әсерінен цинкте фотоэффект байқала ма? Цинктен электрондардың шығу жұмысы А = 4,2 эВ. ( h = 4,13610-15 эВс) A) E 2,8 эВ. А > E байқалады. B) E 2,8 эВ. А < E байқалмайды. C) Е = 0. байқалмайды. D) E 2,8 эВ. А > E байқалмайды. E) E 2,8 эВ. А < E байқалады. ФИЗИКА ПӘНІНЕН СЫНАҚ БІТТІ |
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
ФИЗИКА (каз) | A | D | D | B | B | D | B | B | A | A | D | B | A | E | C | E | E | E | C | C | D | C | E | A | C | E | B | C | A | D |