Файл: Сценарийі. тетін орын Ебек ауылы мденисауы орталыы тетін уаыт 26. 01. 2022жыл саат 15. 00.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 06.12.2023

Просмотров: 52

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
«Ең әдемі құрақ көрпе» сайысының Сценарийі.Өтетін орын:Еңбек ауылы мәдени-сауық орталығы Өтетін уақыт:26.01.2022жыл сағат 15.00.Жүргізуші: Әлемгуль Қайырлы күн құрметті ауылдастар және қонақтар. Еңбек ауылдық Мәдени ойын сауық орталығы ұйымдастырып отырған «Ең әдемі құрақ көрпе » сайысына қош келдіңіздер ! Ата бабамыздан жалғасып келе жатқан дәстүрді ұмытпай , өскелең ұрпаққа өнеге етіп отырған аналарымыз, бүгін сол шеберліктерін алдарыңызда паш етпек . -Олай болса бүгінгі ұйымдастырылып отырған « Ең үздік құрақ көрпе » сайысына хош келдіңіздер.Болатын біздің ауыл мұратты өлке,Әр үйден қуанатын шырақ көрсе.«Құралып, шаңырағы ұлғайсын» деп,Құрайтын кеткен қызға құрақ көрпе.Өзгерту неткен қиын қонысыңды,Көнесің, Алла солай жол ұсынды.Өмір даңғыл жол емес, иір-шиір,Құрақтағы иненің жолы сынды.Ойсызға құрақ елдің ермегіндей,Бермей ме шын жарасым төрге гүлдей. Өмір сүру бір өнер деп білемін,Зергердің құрақтағы өрнегіндей.Батасыз, салтсыз болса ел өспейді,Тура жол тағдырыңа кеңес кейгі.Шаңырағы шайқалса ақ отаудың,Көзіме құрақ көрпе елестейді.Олай болса «Ең әдемі құрақ көрпе» сайысын бастауға руқсат етіңіздер. Сайысты бастамастан бұрын қатысушыларымызбен танысып алайық. 1_________________2_________________3_________________4_________________Сайыскерлеріміз орындарына жайғасып дайын болғанша бүгінгі сайысқа әділ төрелік ететін Әділқазылар алқасымен танысыпалайық. 1_____________________________________________________________2_____________________________________________________________3_____________________________________________________________4_____________________________________________________________« Ең үздік құрақ көрпе » сайысының кезеңдерімен таныстыра отырайын. І кезең- ТаныстыруІІ кезең- Ою ою уақыт беріледі. (берілген регламент бойынша оюды ойып аяқтау керек)ІІІ кезең – Үй тапсырмасы ( Өздері тіккен бұйымдарымен таныстыру)-Олай болса бүгінгі ұйымдастырылып отырған «Ең үздік құрақ көрпе » сайысын бастауға рұқсат етіңздерІ кезең. Барлық қатысушылар өздерін таныстырадыҚазақтың қолөнер туындылары халықтың күнделікті тұрмыста қолданылатын өнер жиынтығы болып табылады. Қолөнердің туындылары өте көп.Тоқу, кесте тігу, ұлттық киімдерді әшекейлеу, киіз басу. Сонымен қатар қазіргі таңда кеңінен тараған қолөнер түрі құрақ құрау. Қолөнердің негізгі композициялар оюдан тұрады. Әрбір ою өрнекте қоршаған орта және әсемдік туралы түсінік бейнеленген
ІІ кезең. Сайысымыздың ІІ кезеңі Ою ою. Берілген уақыт бойынша ақ қағаздан ою ойып көрсетулеріңіз керек -Ою- өрнек түрлерін екіге бөлеміз: 1киім кешектерге ойылса 2көрпе жастықтарға қиылған.Дәл қазіргі трэндке айналып жатқан Этно стильді алып қарасаңыз шапандардың өзін ши құрақпен көркемдеп, сәнін келтіріп сатылымға шығарып жатқан қанша қолөнер шеберлері бар. -Құрақтың негізгі мән мағынасы құрылсын, біріксін деген ұғымды білдіреді. Құрақтан қоржын, жастық, сырмақ,көрпешелер жасалады. Құрақтың 200 астам түрі бар.ІІІ кезең. Үй тапсырмасы. Әр қатысушы үйден тігіп әкелген құрақтарынң жасалу жолдарын қанша метр мата кенкендігін айтып , толықтай анықтама береді.Әділқазылар алқасы шешім шығарғанша құлақтарыңыз әсем әнде болсын. Осымен Еңбек ауылдық Мәдени ойын сауық орталығы ұйымдастырып отырған «Ең әдемі құрақ көрпе » өз мәресіне жетті. Сайыс басталғаннан бері өнерлерін бағалап отырған әділқазылар алқасын сөз кезегін бергім келіп отыр. Сайысымыз өте керемет өтті. Көрермендерге ұнады деген ойдамыз . Сайысқа қатысушылар өз шеберліктерін көрсеті!Осымен біздің «Ең әдемі құрақ көрпе сайысы аяқтады, Келесі кездескенше сау саламатта болыңыздар .Еліміз аман жұртымыз тыныш болсын!