Файл: Куандыкова Асия Жетыспаевна Зеленобор мектепгимназиясыны.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 06.12.2023
Просмотров: 20
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Куандыкова Асия Жетыспаевна
Зеленобор мектеп-гимназиясының
Бастауыш сынып мұғалімі
Тақырыбы: Ормандағы оқиға.
Мақсаты: -табиғаттың адам баласына сыйлаған басты байлығы денсаулықты
сақтаудың басты жолдары, зиянды жат қылықтардан аулақ болып,
салауатты өмір сүру екендігін ұғындыру;
-оқушылардың бойына адами игі қасиеттерді қалыптастыруға, ден-
саулықтың қадірін түсініп, сақтай білуге тәрбиелеу;
-ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын іздеген әлдеқайда
тиімдірек екендігін ұғындыру.
Көрнекілігі: орман көрінісі, табиғат дыбыстары, аңдардың костюмдері
Ормандағы оқиға
1-тиін: Болам десең желаяқ,
Жан аямау керек-ақ.
2 -тиін: Әсем асқан ол,
Жай оғындай от,алау,
Әсемдікке бастар жол,
Гимнастика екен-ау.
3-тиін:Ерте,ерте, ертемен,
Мен де өзімше тер төгем.
Айтып жүріп өлеңді,
Сергітемін денемді,
Жалқаулыққа берілмей,
Күнде,күнде ерінбей,
Жаттығамын, жүремін.
(Ортаға жөтеліп аю шығады)
Аю: Дерттердің түрлері бар мыңнан асқан,
Кейбірі жабысады бала жастан.
Асқазан, бүйрек,бауыр,өкпелерін,
Дерт шалып қабынады жаман астан.
Жаршысы денсаулықтың «Дерт пен дауа»
Бұзылып уға айналды су мен ауа.
Жер ана сортаң басып еңірейді,
Пендеме табылар деп қайдан сая.
(ортаға түлкілер шығады)
1-ші түлкі: Ауырып ем іздегенше,ауырмаудың жолын іздеген әлдеқайда тиімдірек.
2- ші түлкі:Денсаулықтың мықты болуы аю өзіңе байланысты.
1-ші түлкі:Әдетте денсаулықтың қадірін адам ауырғанда білетіні өкінішті-ақ.
2-ші түлкі:Салауатты өмір сүрудің басты шарты – темекі,нашақорлық, ішімдік.
1-ші түлкі:Денсаулықты сақтаудың бірден –бір дұрыс жолы - зиянды, жат қылықтар, темекі, наша, ішімдікке әуестік.
(ортаға қасқырлар шығады)
1-ші қасқыр: Қасқыр, мынауың не?
Аю: Ауруыңның емі осы деп түлкі беріп кетті.
1-ші қасқыр:
Темекі тамырыңды тарылтады,
Ішімдік ар-ұяттан арылтады.
Арақпен жақындасып достасқаның,
Жұрдай боп адамдықпен қоштасқаның.
Адасқанның алды жөн, арты соқпақ,
Өткеніңе өкініп, жоқты жоқтап.
Нақұрыстық,азғындық басқа келер,
Ойланбасан егерде сөзге тоқтап.
2-ші қасқыр:
Денсаулық қашаннан да алтынға тең,
Болады болашағың жарқын да кең.
Аңдамай жақын болсаң арсыздықпен,
Ойланып,көп тасымай ақылға кел.
-
Ау достым қарға, Айболитті шақырып кел.
Айболит: Денсаулық үшін тиімді және толыққанды тамақтанудың манызы үлкен. Тиімді, дұрыс тамақтану денсаулықты сақтауға, ағзаның қалыпты өсуі мен дамуына, жұмыс қабілетінің жоғарылауына және қоршаған ортаның әр түрлі жағымсыз қабілетінің қарсылығын күшейтуге ықпалын тигізеді. Негізгі қоректік заттармен қоса тамақта су, витаминдер, минералды тұздар, қоректік талшықтар болуы тиіс.
Дене жаттығуларын жүйелі түрде орындау ағзаны нығайтады, көңіл –күйді жақсартып, жұмыс қабілетің күшейтеді және денсаулықты сақтауға септігін тигізеді.
Айболит:Көмекшілерім қояндар қайдасындар? Келіңдер, аюға денсаулықты нығайтуға арналған жаттығуларды көрсетейік.
(Қояндар аюға жаттығулар жасатады.)
Аю: Темекіні тастадым,
Мен бүгін сергек күйдемін.
Жүрісім ширақ бүтіндей,
Түн де өтті тәтті түстей бір,
Жөтелсіз әрі түкірмей.
Атандық жұртқа танымал,
Қуақы кісі тілі өткір.
Өз ортамның гүлімін,
Ал жүзім қызыл шырайлы.
Ақжарқын өңім топ-толық,
Ұмыттым тұмауды,
Төсек тартып жатқанды.
1-ші қоян: Темекіден түтін сорсаң улайсын,
Өзінді –өзің жіпсіз байлап шырмайсың.
2 –ші қоян:Болар бала кісілікке үйір,
Тозар бала ішімдікке үйір.
1-ші қоян:Аурудың жақсысы жоқ,
Дәрінің тәттісі жоқ.
2 –ші қоян:Денің сау болса жаралымын деме,
Жолдасың көп болса жалғызбын деме.
Махаббат:Денсаулық ол-шыныққан,
Барлық денең мүшесі.
Жасмина:Денсаулық ол-тыныққан,
Жүйке тамыр жүйесі.
Енілік:Денсаулық ол – күлуің
Көңіл –күйің жадырай.
Диана:Денсаулық ол-жүруің
Ешбір жерін ауырмай.