ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 06.12.2023
Просмотров: 31
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
| | |||||||
Күні: 03.05.2023жыл | Мұғалімнің аты-жөні: А.С.Алимбаева | |||||||
Сынып: 7 «А» сынып | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||||
Сабақтың тақырыбы | Тыныс белгілері | |||||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары | 7.2.7.1- ғаламтор, энциклопедия, газет-журналдар, оқулықтардан алынған деректерді қолдану, авторына сілтеме жасау | |||||||
Сабақтың мақсаттары | Барлығы: Сөйлем соңында қойылатын тыныс белгілер жайлы білімдерін толықтырады. Мәтіндегі тыныс белгілердің қойылу орындарын ажыратады; Көпшілігі: Жазба тілде тыныс белгілерін дұрыс қолданады; мәтін бөліктерін анықтап, болжайды; Кейбірі: Өз пікірлерін ортаға еркін салады; дәлелдей алады | |||||||
ЕБҚ үшін | Сөйлем соңында қойылатын тыныс белгілер жайлы біледі. | |||||||
Бағалау критерийлері | Сөйлем соңында қойылатын тыныс белгілерді біледі, оларды ажыратады Мәтіндегі сөйлем соңында қойылатын тыныс белгілерін дұрыс қолдана алады Мәтін мазмұнын түсінеді; мәтіннің бөліктерін анықтайды Қажетті бөлігін болжайды Айтылу мақсатына қарай сөйлемдер құрайды, түрлендіреді. Өз пікірлерін еркін ортаға салады, дәлелдей алады | |||||||
Құндылықтарды игерту | Жалпыадамзаттық құндылықтар | |||||||
Тілдік мақсаттар | Менің ойымша ... Келісемін, себебі ... Келіспеймін, себебі ... | |||||||
Осыған дейін меңгерілген білім | Сөйлем соңында қойылатын тыныс белгілері | |||||||
Жоспар | ||||||||
Жоспарланатын уақыт | Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер | Дереккөз | ||||||
Сабақтың басы | Ұйымдастыру: Оқушылармен сәлемдесу. Оқушыларды «Қар қағаздары» арқылы топқа бөлу. Онда Абай Құнанбайұлының бес асыл пен бес дұшпаны беріледі. Сол бойынша білім алушылар екі топқа бөлінеді. І топ: қанағат, рақым, терең ой, талап, еңбек ІІ топ: еріншек, бекер мал шашпақ, өсек, өтірік, мақтаншақ
Оқушылар жалғастыра отырып, үзінді оқиды. «Поэзия минуты» Бес нәрседен қашық бол, Бес нәрсеге асық бол. Адам болам десеңіз Өсек , өтірік, мақтаншақ, Еріншек, бекер мал шашпақ – Бес дұшпаның білсеңіз. Талап, еңбек, терең ой, Қанағат, рақым, ойлап қой – Бес асыл іс көнсеңіз ...
| Интербел-сенді тақта | ||||||
Сабақтың ортасы | Тақырыпты болжау ! ? . ... Сабақтың тақырыбы: Тыныс белгілер – мекені Оқушыларды сабақ мақсатымен таныстыру. Сөйлем соңында қойылатын тыныс белгілерге шолу І топ. «Қос құты» әдісімен нүкте мен сұрақ белгісінің қойылу ерекшеліктерін айтып шығады ІІ топ. «Фишбоун» әдісімен леп белгісінің қойылу себебін түсіндіреді. Сұрақтар:
(Екі топ кезек-кезек айтуы керек.) «Бағдаршам» арқылы екі топ бір-бірін бағалайды. (Т) Мәтінмен жұмыс. Мәтіндегі түсіріліп кеткен тыныс белгілерін қою. Мәтіннің бөліктерін анықтап, қажетсіз бөлікті алып тастау, қажетті бөлігін болжау («Болжау» әдісі.) Дескриптор
Әр топ бір-бірін дескриптор арқылы «Бас бармақпен» бағалайды. (ЖЖ) Оқушылар сөйлем соңында қойылатын тыныс белгілерді қатыстыра отырып, жазба жұмысын орындайды 1-жұп: Абайдың Семей кітапханасында танысқан досы Михаэлиске құттықтау хат жазыңдар. Әр түрлі тыныс белгілерін қолдан. 2-жұп: Абай Әйгерімді алғаш көргенде қандай ойда болды? Елестетіп, ойларыңды жаз. Әр түрлі тыныс белгілерін (! ? . ...) қолдан. 3-жұп: «Мәтін жазудағы 5 қадам» әдісімен «Мен білетін Абай» тақырыбында мәтін құра. Екі сөйлеміңді түрлендір: 1) !? 2) ! 4-жұп: Оқылған мәтін бойынша диалог құра. Әр түрлі тыныс белгілерін (! ? . ...) қолдан. 5-жұп: Сөйлемдерді берілген тыныс белгілеріне қарай түрлендіріп, қайта құрап жаз. Оқушылар «Тыныс белгілері» арқылы мұғалімге керібайланыс жасайды ! - Менің көңіл күйім керемет! Мен тақырыпты толық меңгердім. Тапсырмаларды қиналмай орындадым. . - Менің көңіл күйім жақсы. Тақырыпты меңгердім. Тапсырмаларды орындадым. Дегенмен бір-екі қате жібердім. Тапсырмаларды орындауда аса қатты қиналмадым. ? - Менің көңіл күйім орташа. Тапсырмаларды орындауда біраз қиналдым, әрі көбірек қате жібердім. Маған тақырыпты қайталау керек | Интербел-сенді тақта «Болжау» әдісі «Қос құты» әдісі «Фишбоун» әдісі «Бағдар-шам» әдісі Мәтін «Болжау» әдісі «Бас бармақ» әдісі «Мәтін жазудағы 5 қадам» әдісі «Тыныс белгілер» әдісі | ||||||
Сабақтың соңы | Рефлексия. «Бір минуттық эссе» Мені таңғалдырды ... Мен үшін .... қиын болды. Мен білдім ... Мен алдағы уақытта ... Сабақты Абай Құнанбайұлының «Сенбе жұртқа тұрса да қанша мақтап» өлеңімен аяқтау. Сенбе жұртқа тұрса да қанша мақтап, Әуре етеді, ішіне қулық сақтап, Өзіңе сен, өзіңді алып шығар, Еңбегің мен ақылың екі жақтап, ... Үйге тапсырма: Тыныс белгілер туралы ережені қайталау. | «Бір минуттық эссе» | ||||||
Қосымша ақпарат | ||||||||
Саралау. Оқушылар сөйлем соңында қойылатын тыныс белгілерді қатыстыра отырып, жазба жұмысын орындайды 1-жұп: Абайдың Семей кітапханасында танысқан досы Михаэлиске құттықтау хат жазыңдар. Әр түрлі тыныс белгілерін қолдан. 2-жұп: Абай Әйгерімді алғаш көргенде қандай ойда болды? Елестетіп, ойларыңды жаз. Әр түрлі тыныс белгілерін (! ? . ...) қолдан. 3-жұп: «Мәтін жазудағы 5 қадам» әдісімен «Мен білетін Абай» тақырыбында мәтін құра. Екі сөйлеміңді түрлендір: 1) !? 2) ! 4-жұп: Оқылған мәтін бойынша диалог құра. Әр түрлі тыныс белгілерін (! ? . ...) қолдан. 5-жұп: Сөйлемдерді берілген тыныс белгілеріне қарай түрлендіріп, қайта құрап жаз. | Бағалау «Бағдаршам», «Бас бармақ», «Тыныс белгі» әдістері | Пәнаралық байланыс: әдебиет, өзін-өзі тану Қауіпсіздік ережелерін сақталуын қадағалаймын | ||||||
Ойлану Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? | Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз. | |||||||
| ||||||||
Жалпы баға Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)? Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)? |