ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 06.12.2023
Просмотров: 83
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Заттар мен энергия алмасуы туралы түсінікЖалпы заттар мен энергия алмасуының не екенін айтар болсам, заттар мен энергия алмасуы деп заттар мен энергияның организмде өзгеруі жүретін химиялық, физикалық және физиологиялық үрдістерінің жиынтығын айтамыз. Сонымен қатар заттар алмасуы 4 кезеңнен тұрады. Олар:
Энергия алмасуының зерттеу әдістеріне келер болсам, 2 түрі бар:
Жылу реттелуіЕң алдымен изотермия туралы айта кетсем, изотермия - дене мен организмнің ішкі ортасы температурасының тұрақтылығы.Сондай-ақ изотермия гомеостаздың маңызды көрсеткіштерінің бірі болып табылады.Келесі дене температурасының тұрақтылығы. Ол бірқатар жылу түзуші, жылуды шығарушы ағзалардан тұратын функциялық жүйе, сондай-ақ олардың қызметін реттейтін механизмдер қамтамасыз етіп отырады.
Сонымен қатар, жылу реттелуінің өзіне тән типтері бар. Олар:
Келесі изотермияның реттелуіне келер болсам, ондағы терморецеторлар шеткі және орталық деп бөлінеді. Шеткі бөліміне: тері, кілегейлі қабат, ішек-қарын жолы ағзалары жатады. Ал, орталық бөліміне: гипоталамус, ортаңғы ми, ми қыртысы жатады.Сондай-ақ, - суық рецепторлары (Краузе сауытшалары),- жылу рецепторлары (Руффини денешіктері) деп аталады.Импульстердің таламус, гипоталамус және ми қыртысына келу жолын түсіндіре кетсем:ең алдымен, импульстер терморецепторлардан афференттік жүйке талшықтарының бойымен жұлынға келеді. Содан соң, жұлын-таламус жолымен таламусқа, гипоталамусқа және ми қыртысына келеді. Сонымен қатар, гипоталамустың алдыңғы ядролары физикалық жылу реттелуін қадағаласа, артқы ядролары химиялық жылу реттелуін қадағалайды.Ал, гуморальдық реттелуін ішкі сөлініс бездері атқарады. Мысалы: гипофиз, қалқанша безі, жыныс бездері және т.б.Гормондарына келер болсам, мысалы: тироксин, адреналин, норадреналин және т.б.
-
Қоректік заттардың ішек-қарындағы гидролизі – қоректік заттардың ферменттік ыдырауы. -
Гидролиз өнімдерінің қанға және лимфаға сіңуі. -
Қоректік заттар мен О2 жасушаларға тасымалдануы – заттар мен энергияның жасуша ішілік алмасуы. -
Заттар алмасуының соңғы өнімдерінің сыртқа шығарылуы.
-
АТФ синтезі -
Механикалық жұмыс -
Химиялық синтез -
Заттардың тасымалдануы -
Электрлік жұмыс (МП, ӘП) -
Дене температурасын сақтау -
Организмнің тіршілігін, өсуін және дамуын қамтамасыз ету.
-
аш қарында, ас қабылдаған соң 12-14 сағаттан кейін. -
дене еттері босаңсыған, толық тыныштық күйде.
-
Қара жұмысқа жоқ мамандықтар. Мысалы: мекеме басшылары, мұғалімдер, дәрігерлер және т.б. Оларда энергияның шығу мөлшері: 2200-2800 ккал/тәул. -
Дене еңбегімен және жеңіл еңбекпен айналысатындар. Мысалы: жаттықтырушылар, агнрономдар, дүкеншілер және т.б. Оларда энергияның шығу мөлшері: 2300-3000 ккал/тәул. -
Еңбегі механикаландырылған мамандықтар: токарьлар, бригадирлер және т.б. Оларда энергияның шығу мөлшері: 2500-3200 ккал/тәул. -
Жартылай механикаландырылған мамандықтар: мұнайшылар, металлургтер және т.б. Оларда энергияның шығу мөлшері: 2900-3700 ккал/тәул. -
Қара жұмысшылар: шахтерлер, ағаш кесушілер және т.б. Оларда энергияның шығу мөлшері: 3900-4300 ккал/тәул.
Энергия алмасуының зерттеу әдістеріне келер болсам, 2 түрі бар:
-
Тікелей калориметрия – организмнен бөлінген жылуды бикалориметрде (Этуотер-Бенедикт камерасы) тікелей өлшеу. -
Жанама калориметрия – энергия шығынын денеге сіңген оттегінің не денеден шыққан көмірқышқыл газының мөлшерін өлшеу арқылы анықтайды (Дуглас әдісі, оксиспирография).
| Белок алмасуы | Көмірсу алмасуы | Май алмасуы |
| Белок- қуат қоры, жасуша негізін құратын құрылыс материалы. Тәуліктік нормасы: 90-100г. Белок алмасуын реттейтін орталығы –гипоталамустың сұр затында. Гипоталамустың әсері вегетативтік жүйке жүйесі мен ішкі сөлініс бездер арқылы реттеледі. Симпатикалық жүйке жүйесі диссиммиляция, ал парасимпатикалық ж.ж. ассиммиляция үрдістерін күшейтеді. Белок синтезін соматотропин, тироксин гормондарда күшейтеді. | Көмірсу- энергия көзі. Тәулігіне – 400-500г көмірсу керек. Көмірсу алмасуына ми қыртысы, гипоталамус, ішкі сөлініс бездер әсер етеді. Симпатикалық жүйке жүйесінің қозуынан адреналин глюкозаның қанға өтуін күшейтеді бауырдағы гликогенолиз үрдісін ативтеу арқылы . Парасимпатикалық жүйке гликоген түзілуін күшейтеді. | Май негізгі энергия көзі, пластикалық маңызы. Тәулігіне -70-100г майы керек. Май алмасуының реттейтін арнайы орталық гипотаталамуста орналасқан. Симпатикалық жүйке жүйесі денедегі май қорының жұмсалу және тотығу қарқынын күшейтеді. Парасимпатикалық ж.ж. май алмасуына керісінше әсер етеді. |
Сонымен қатар, жылу реттелуінің өзіне тән типтері бар. Олар:
-
Гомойотермді (жылы қанды жануарлар мен адам) -
Пойкилотермді (салқын қанды жануарлар). -
Гетеротермді (аю, суыр және т.б.)
| Химиялық механизм (жылудың түзілуі) | Физикалық механизм (жылудың шығарылуы) |
| Жылудың түзілуі заттар алмасуымен, белоктардың, майлар мен көмірсулардың тотығуымен байланысты. Бұл экзотермиялық реакция. | Жылудың шығарылу жолдары:
|