Файл: ылыми жоба Таырыбы Слікті емдік асиеті! Кадырбекова Глназ,Олжабек Мадина.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 06.12.2023
Просмотров: 51
Скачиваний: 3
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
№1 Зеренді орта мектебі
Ғылыми жоба
Тақырыбы: «Сүліктің –емдік қасиеті!»
Кадырбекова Гүлназ,Олжабек Мадина
1 «Ә»-сынып
Секциясы: дүниетану
Жетекшісі:Мукажанова Камила Дулатовна
Бастауыш сынып мұғалімі
2015-2016 ж
Зеренді 2015
Мазмұны
І Кіріспе:
1.1.Абстаркт............................................................................................................2
1.2.Аннотация..........................................................................................................3
1.3.Сүлік сөзіне түсінік беру................................................................................4
1.4.“Әулие” құрт туралы аңыз...............................................................................5
ІІ Негізгі бөлім:
2.1.Гирудотерапия дегеніміз не?.........................................................................6
2.2.Сүліктердің түрлері.........................................................................................7
2.3.Сүлік сілекейінің емдік қасиеті....................................................................8
2.4.Сүліктің қан соруы.........................................................................................9
2.5.Сүлікті сақтау................................................................................................10
2.6.Сүлікті қалай салады?.................................................................................11
2.7.Қазақстанда сүлік салу...........................................................................12-13
ІІІ Қорытынды:
3.1 Менің ұсынысым.............................................................................................14
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер.........................................................................15
Абстракт:
Зерттеу мақсаты:Инемен емдеу сияқты сүлік те адамның денсаулығына шипа бола алады. Сүлік сілекейі арқылы адамның қанын тазартып, имунитетін күшейтіп, ағзасын жақсартып, қанның ұюына тосқауыл болады.
Міндеті:Сүлікпен емдеудің пайдасын терең зерделеу
Болжам: Адамдар зиянды химиялық дәрілерден гөрі сүлікпен емделсе, халқымыздың денсаулығы нығаяды.
Зерттеу кезеңдері:
Сүлік туралы мәлімет жинастыру;
Сүліктің емдік қасиеттерін зерттеу;
Сүліктің емдік қасиетін медицина тұрғыдан дәлелдеу.
Зерттеу әдістері:іздену, зерттеу, деректі әңгімелер жинау, жазып алу
Зерттеу жұмысының жаңашылдығы:Шипагер ата-бабаларымыздан келе жатқан қасиетті, әулие құртпен емделудің маңызы.
Нәтижесі:Гирудотерапия-денсаулық кепілі
Зерттеу жұмысының практикалық мәні: Сүліктің емдік қасиеттерін алуан түрлі аурулардың алдын алуға және жоюға пайдалану.
Аннотация
Республикамыздың сүлік салумен айналысатын медициналық
орталықтар саны жылдан-жылға көбейіп келеді. Сүлікті барлық ауруға ем деп айтуға болады Инемен емдеу сияқты сүлік те биологиялық белсенді нүктелердің терісіне қадалады cүлік қан құрамындағы қабынуға қарсы қасиеттері бар. Шлактар мен токсиндерден тазарта алады.
1991 жылы Украинаның Донецк қаласында дүниежүзілік дәрігерлердің басқосқан жиынында сүлікті емшара мақсатында қолдану керектігі жайлы әңгімеленіп медицинада толық дәлелденген.
I.Кіріспе
1.1.Сүлік сөзіне түсінік беру(сөз тіркестері ).
Сүлік (лат. Hirudinea) – буылтық құрттар типінің бір классы. Тіршілік ететін 400 түрі белгілі, еркін қозғалатын жыртқыштар немесе жануарлардың қанымен қореқтенетінэктопаразиттер. Сүліктерде сегменттер саны тұрақты, параподиялары, қылтандары болмайды. Бас (простомиум) және аналь ( пигидиум) бөлімдері жоқ. Денесінің алдыңғы және артқы жағында сорғыштары дамыған. Целом қуысы редукцияланып, лакунарлық жүйеге айналған. Ішкі мүшелерінің арасы паренхимаға толы. Көпшілігі гермафродиттер, тікелей (личинкасыз) дамиды.
Халқымыздың баяғыдан келе жатқан сөз саптауларында (сүліктей сұлу, сүліктей жұтылған, сүліктей сорды, сүліктей жылтыр) дейтін ауыспалы мағынадағы тіркестер кездеседі. Сүлік сорғанда өңі қуарды, қаны ашты, сүліктей қадалып, жабысып алды, айырылмады. Сүліктің жып-жылтыр, мөлдіреген, қара түсті көркем бейнелері көз алдымызға келе қалады. Оның өте жабысқақ екенін, қадалған жерінен қан алмай жан қоймайтынында нақты көрсетеді емес пе?!
Олай болса ерте заманда-ақ көпшілік қауым сүліктің сыр – сипатын, ерекшеліктерін жақсы тани білгендігіне күмәніміз жоқ. Ал, бүгінде біз сүлік жайлы не білеміз?
1.2.“Әулие құрт”туралы аңыз.
Сүлікпен емдеу ежелден бар әдіс. Египет фараондарының қабірі қабырғаларынан осындай емдердің болғанын растайтын жазулар табылғаны ақиқат. Тағы бір тарихи деректі алға тартып көрелік. Үндістанның көп қолды Дханвантари емші Құдайының бір қолында сүліктің суреті болса, бір қолында шөптің суреті бейнеленген екен. Демек, сүліктің көне заманнан бастап емдік қасиеті болғанына бұлар бірден-бір дәлел емес пе?!
Би кешіне әзірленген сәнқойлар беттерінің ұшында қызғылт рең пайда болып, жанарлары жарқылдап тұруы үшін құлақтарының сыртына сүлік салдырғаны белгілі, оның үстіне таңға созылған би кешінде олар шаршамайтын болған.
…Ертеде Сүлеймен пайғамбар алыс жолдан шаршап-шалдығып, аяғы ісіп келе жатқан соң, жолда кездескен көлшікке аяғын салып демалады. Сол арада мызғып кеткен пайғамбар ояна келе аяғының ісігінің кетіп, бойындағы ауырлықтың жоғалғанын және денесі жеңілдеп қалғанын байқайды. Тек аяғының астында майда құрттар мен кішкене ғана қан ағып жатқанын көреді. Риза болған Сүлеймен пайғамбар құрттардың арқа тұсынан сипап, ризашылығын білдіреді. Бүгінде медициналық сүліктердің арқа тұсындағы өрнектер пайғамбардың төрт саусағының іздерінен қалған екен деген аңыз бүгінгі күнге осылайша жеткен екен.Қазақтар осы аңыз әңгімеге сәйкес медициналық сүліктерді “Әулие құрттар”деп атаған.
Яғни біздің ата-бабаларымыздың түсінігінше медициналық сүліктер су патшасы Сүлейменнің әулие құрты.
ІІ. 2.1.Гирудотерапия дегеніміз не?
Ғылымда сүлік салуды – гирудотерапия деп атайды. Қазіргі таңда гирудотерапия – кардиология, офтальмология, дерматология, хирургия, гинекология, урология, неврология және герентология саласында кеңінен қолданылатын, күретамыр, қан тамыры, тері ауруларына, өкпе, бас сақинасы, инфаркт, инсульт, тәрізді сырқаттарға өте шипалы ем. Ең ғажабы, бұл күндері кейбір адамдар сүлік салудың көмегімен арықтай да бастады.Гирудотерапияның тиімділігі сүлік адамның артық арам қанын сорып алады, сөйтіп, қан айналысын жақсартады, сүліктің сілекейі биологиялық белсенді заттарға бай, осы түрлі ферменттерден тұратын сүлік сілекейі адамның қанын тазартып, иммунитетін күшейтіп, ағзасын жасартады, түрлі ферменттермен бірге қанның ұюына тосқауыл қоятын гирудин және 100-ге жуық биологиялық пайдалы заттар сүлік сілекейінің басты айырмашылығы.
2.2.Сүліктердің түрлері:
1.Нағыз сүлік
2.Жалпақ сүлік
3.Жақты сүлік
4.Жұтқыншақты сүлік
5.Ежелгі сүлік
Нағыз сүліктер класс тармағы - қылтандарыжоқ.Целом қуысыредукцияланып лакуна, синус түріндеқалған. Қаңжүйесі де редукцияланып, оныңқызметін лакуна жүйесіатқарады. Бұларғаекі отряд жатады: тұмсықты сүліктер –жәнежақтысүліктер .
Жалпақ сүліктер
Жалпақ сүліктер тұқымдасының өкілдері әр түрлі омыртқасыз және омыртқалы жануарлардың паразиттері. Құстардың жұтқыншағы мен кеңірдегінде паразиттік тіршілік етеді.Қосмекенділердің, ұлулардың паразиттері. Кейбір сүліктер өз ұрпағының дамуына қамқорлық жасайды. Жұмыртқаларын денесімен жауып немесе жас ұрпақтарын денесінде алып жүреді
Жақты сүліктер отряды
Ауыз қуысындағы үш хитинді тістері - тісті ара сияқты жақты құрайды..Жақты сүліктер медициналық сүлікке жатады. Қоғалы көлдерде, өзен қайырларында, тоспаларда, ағын суларда, Сырдария бойларында, Кавказ суларында өте көп. Ұзындығы 120-150 мм, алдыңғы және артқы сорғыштары жақсы жетілген. Омыртқалы жануарлардың қанымен қоректенеді. Медицинада кейбір ауруды сүлік салып емдеу әдісі ертеден бар. Мұныгирудотерапия дейді. Сүліктің 15-ке жуық түрі емге пайдаланылады. Медициналық сүлікті гипертония, склероз, инсульт, көз, тері ауруларын емдеуге қолданады. Сүліктің гирудин затынан дәрі-дәрмек жасайды.
Жұткқыншақты сүліктер
Жұтқыншақты сүліктер тұқымдасының өкілдері жыртқыштар - ұсақ құрттармен, насекомдардыңличинкаларымен қоректенеді. Үлкен үшқырлы жұтқыншағы болады. Артқы сорғышы дамымаған. Тұщы суларда жиі кездеседі. Қара теңіз, Каспий жағалауларында да мекендейді.
Ежелгі сүліктер тармағы
Денесінің алдыңғы сегменттерінде қылтандары бар. Целомметамерлі бөлшектерге бөлінген, қан айналу жүйесінің қан тамырлары жақсы жетілген.
2.3.Сүлік сілекейінің емдік қасиеті
Медициналық сүлік тұщы суда тіршілік етеді. Ұзындығы 8-12 сантиметр болады. Оның сілекейінде гирудин және гиалуронидаза деген заттар бар. Гирудин қанның ұюына кедергі келтіреді, гиалуронидаза дене талшықтарында зат алмасу процесіне әсер етеді. Гирудиннен дәрі-дәрмектер жасалады.Сүліктің сілекейі қабыну процесіне қарсы күресу, иммундық жүйені қоздыру, қан тамырларының склероздық процесін азайту, қан ұю үрдісін болдырмау және ұйыған қанның түйіршіктерін езу қасиеттеріне ие. Сүліктің сілекейінен дестабилаза деген фермент жасалып шығатынын анықтап отыр. Бұл фермент фибриндік қоюланған заттарды жою дәрежесіне жеткізе алады.
2.4.Сүліктің қан соруы
Медициналық аш сүлік бір сорғанда 10 мл. қан сорып, оған тойған соң адам денесінен өзі сыпырылып түсіп қалады. Егерде адам денесіне 8-10 сүлікті қоятын болса, олар 300-400 мл. қанды сорып алады және де
сүліктің сорған жерінен қан өздігінен алты сағаттан бір тәулікке дейін ағады.Егерде адам ағзасынан қанды аздап қана алу қажет болса, онда кішкентай сүліктерді аз уақытқа ғана қояды. Сүлік салғанда науқастың жасына, қосалқы ауруына, дене салмағына, қан қысымына, сүліктің жағдайына көңіл бөлу қажет. Сүлікті қолданғанда тәндегі өзгерістердің қатерлі болып кетуі мүмкін болғандықтан, сүлікті аллергиялық ауруы бар сырқатқа, қансыраған адамға, қан қысымы төмендерге, қан ұю процесі нашарлаған ауруға пайдалануға болмайды.
2.6.Сүлікті қалай салады?
Сүлік салар алдында мынандай заттарды дайындап алу қажет: шыны түтік қысқыш, глюкоза ерітіндісі, залалсыздандырылған сулық, мақта, дәке, тұзды су, ұстара, сабын, оны жаққыш. Сүлік қоятын жердегі шаштарды 1-2 сағат бұрын қырып, жуады. Сүлік сабын иісі шыққан жердегі қанды сормайды.
Жүйелік әрекеттер:
1. Сүлік қоятын теріні қайнаған жылы суға малынған, залалсыздандырылған дәкемен сүртеді.
2. Әзірлеген жерді залалсыздандырылған глюкоза ерітіндісімен сүртеді.
3. Бір сүлікті артқы жақ сорғышымен түтікке салады.
4. Түтікті сүлік қоятын жерге төңкеріп, сүлікті шығарады.
5. Сүлік қанды сора бастаған кезде денесі жиырылып қимылдайды.
6. Сүліктің артқы жағындағы сорғышына сулық (салфетка) салу керек.
Сүлік салу тәртібі:
Сүлікті қарақұсқа салғанда құлақтың шеміршегінен 1 сантиметр артқа қояды.
Сираққа тамырдан 1 сантиметр қашықтыққа шахмат тәрізді етіп сүлік салады.
Миокард инфаркті кезінде немесе осы ауруға шалдығу дегенде сүлікті жүрек үстіндегі кеуде терісіне, 3-ші және 5-ші қабырға аралығына, төс сүйектен солға қарай 1 сантиметр өлшеп барып салады.
Тромбофлебит ауруында тромбымен бітеліп қалған вена қан тамырларынан бір сантиметр өлшеп, осы тамырдың екі жағынан да сүліктерді қояды.
Жүрек ауруларының салдарынан ұлғайған бауырға арнап сүлікті кеуденің оң жағындағы қабырғалардың астындағы теріге жабыстырады.
2.5.Сүлікті сақтау
Сүлікті сулы ыдысқа салып қояды. Сырқатты емдеу үшін аш сүліктер қолданылатындықтан, олар 2-3 ай суда қалқып жүруге тиіс. 3-5 литрлік банкіде 300-ге дейін сүлік ұстайды.
Сүлік сақталған судың құрамында хлордың болмауы керек.