Файл: Емдеу сауытыру йымдарындаы санитарлы эпидемияа арсы тртіп.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 06.12.2023
Просмотров: 100
Скачиваний: 3
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Емдеу сауықтыру ұйымдарындағы санитарлық - эпидемияға қарсы тәртіпСанитарлық эпидемияға қарсы тәртіп дегеніміз ауруханаішілік инфекцияның таралмауының алдын алуға бағытталған санитарлық алдын алу және эпидемияға қарсы іс шаралар жиынтығы. Емдеу сауықтыру мекемесінің санитарлық эпидемияға қарсы тәртібі оның бағытына қарай анықталады.ЕПҰ-дағы мейірбике қызмет міндеттерінің ең негізгі бағыты санитарлы – эпидемияға қарсы шараларды қамтамасыз ету және орындау. ЕПҰ санитарлық эпидемияға қарсы тәртіп оның профилімен қамтамасыз етіледі. Санитарлық эпидемияға қарсы тәртіптің негізгі талаптары ҚР ДСМ инструкцияларымен, бұйрықтарымен қамтамасыз етіледі:
Санитарлық эпидемиологиялық тәртіп шаралар жинағына кіреді:
Мейірбикенің жалпы жұмыс орнындағы қауіпсіздіктің жалпы шараларыМейірбике міндеттері:
1. Қатаң төсек тәртібі - бастапқыда қатты ауырып түскен емделушілерге тағайындалады. Бұл емделушілерге күтудің толық іс-шаралары жүргізілуі керек.2. Төсек тәртібі - біршама қозғалыс белсенділігімен сипатталады, бұрылуға, белгілі бір уақытта аяқты түсіріп, төсектің шетіне отыруға рұқсат беріледі.3. Палаталық тәртіп - төсек жанындағы орындыққа отыруға, тұруға және белгілі бір уақытта палатаның ішінде жүруге рұқсат етіледі. Емделушіні палатаның ішінде тамақтандыру, дәрет алу, жуу шаралары жүргізіледі.4. Жалпы тәртіп - дәліздің ішінде еркін жүруге, баспалдақпен көтерілуге, аурухананың ауласында демалуға рұқсат беріледі. Емделушілер өздеріне жеке қызмет жасайды.Емделушілердің қозғалыс белсенділігінің тәртібін бұзуы емделушінің өзіне қатты зиян тигізуі мүмкін, тіпті өлімге дейін апарады.
-
ҚР заңы «Тұрғындардың санитарлық эпидемиологиялық саулығы тура лы» 4. 12. 02. № 361. 11-30 к. -
Сан Норма мен Ереже № 3.01.083.02. ұйымдардың және ана мен баланың ауруханалық қорғау ұйымдастыруы және құрамына талаптар. -
Сан Норма мен Ереже № 8.01.013.03 от 31.01.03 ж. «Медициналық құрал-саймандардың залалсыздандыру және зарарсыздандыру сапасына санитарлық гигиеналық және эпидемияға қарсы талаптары». -
ҚР ДС бұйрығы № 661.26.10 ҚР «Вирусты гепатиттердің ауруханадағы алдын алу шаралары». -
ҚР ДС Министрлігінің № 476.11.10.1999 ж бұйрығы «Аурухана ішіндегі инфекцияларға инфекциялық бақылауды ұйымдастыру». -
ҚР ДС Министрлігінің № 462.17.09.97 ж бұйрығы «Бөртпе сүзек және Брилл ауруы ошағында эпидемияға қарсы шараларды ұйымдастыру және орындау». -
ҚР ДС Министрлігінің № 49.19.01.04 ж бұйрығы ҚР «Қышыма ауруын анықтау және емдеу шараларын жетілдіру». -
ҚР № 445.23.11.94 ж бұйрығы «ЖИТС ауруын алдын алу». -
ҚР № 471. 18.05.01 ж бұйрығы «Туберкулезбен күресті күшейту шараларымен жағдайлар» -
ҚР № 720.31. 07.78 ж бұйрығы «Іріңді хирургиялық аурулары бар науқастарға медициналық көмекті жақсарту және аурухана ішіндегі инфекциямен күрес іс шараларын күшейту». -
№.528.15.10.1977ж бұйрық «Сіреспе ауруымен күрес шараларын жетілдіру». -
ҚР № 148. 26. 05.1992 ж бұйрығы «Зарарсыздандыру ісінің алдын дамуының іс әрекеттері». -
ҚР № 224. 3.11.05 ж бұйрығы «Залалсыздандыру ісін күшейту». -
ҚР №533. 07.06.2008 ж бұйрығы «Медициналық қалдықтарды жинауға зарарсыздандыруға, сақтауға, тасымалдауға және көмуге қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» туралы жалпы ережелерді әрбір медицина қызметкерлері білуі тиіс.
Санитарлық эпидемиологиялық тәртіп шаралар жинағына кіреді:
-
Аурухана жайларының орналасуы, қалдықтарды жинау және санитарлық ережелерін орындау Сан Норма мен Ережелер бойынша жүргізіледі. -
Инфекция ошағында (ауруханада) зарарсыздандыруды жүргізу. -
Медициналық құрал-саймандарды залалсыздандыруды жүргізу. -
Асептика және антисептика талаптарын орындалуын қатаң сақтау және бақылау.
-
биологиялық сұйықтықтар мен ластанған киім, төсеніштерді ауыстырғанда қолғап кию қажет; -
төсеніштерді сілкілеуге болмайды (қоршаған орта ластануын болдырмау мақсатында); -
лас киімдерді клеенкалы немесе полиэтилен қаптарға салу қажет; -
бөлімшеде лас киім, төсеніштерді ажыратуға болмайды; -
лас киімдерді, төсеніштерді еденге тастауға және басқа заттардың (орындық, үстел т.б.) үстіне қоюға болмайды; -
лас киімдер бөлімшеде уақытша (12 сағатқа дейін) арнайы бөлмеде жабық ыдыстарда (металл, пластмасса немесе дезинфекцияға жарайтын басқа ыдыстарда) сақталады; -
лас киіммен жұмыс істейтін персонал санитарлы киіммен қамтамасыз етілуі керек; -
таза және лас киімдерді бір ыдыста тасымалдауға болмайды;
-
Санитарлы-гигиеналық режим сақталады. -
Науқастарды стационарға қабылдау тәртібі (науқастарды педикулезге қарау және педикулез анықталған жағдайда тазалау, дене қызуын анықтау, мұрын мен жұтқыншақтан стафилококкты анықтау мақсатында жағынды алу) сақталады. -
Тазалауға қажет құрал-жабдықтарды, заттарды тазалау, қолдану және дезинфекциялауды денсаулық сақтау министрлігінің бұйрықтары және Сан Норма мен Ережелеріне сай жүргізіледі. -
Жұмыс киімдерін сақтау тәртіптері сақталады. -
Бөлімшеде пациенттерді санитарлы өңдеу мен киім-төсеніштерін ауыстыру аптасына бір рет және қажеттілігіне қарай ауыстырылады. -
Лас киімдерді, төсеніштерді және науқастың жеке киімдерін сақтау тәртіптері сақталады. -
Медициналық құрал-жабдықтарды дезинфекциялау, залалсыздау алдындағы тазалау және залалсыздау ҚР ДС министрлігінің бұйрықтарына сәйкес жүргізіледі. -
Жұқпалы ауруларға күдік болған науқастарды (ішек жұқпасына, іш сүзегі, күл ауруына, вирусты гепатиттерге күдіктену) анықтау, қатынаста болған науқастарды бақылау мерзімдері сақталады. -
Тамақтану тәртібі: тамақты тарату бөлмесі, буфеттің жабдықталуы, дайын тамақты тарату уақыты, тамақ қалдықтарын жинау және жою тәртібі, ыдыс-аяқтарды өңдеу, жинау заттарын өңдеу және сақтау тәртібі, әкелген тамақты сақтау ережелері сақталады. -
Карантинды және аса қауіпті жұқпалы аурулар анықталған жағдайда бөлімшелерде жедел көмек көрсету, аса қауіпті инфекциялар кезіндегі арнайы хабарлау схемасы көрсетілген жаднамалар дайындалған. -
ЕПҰ-да қалдықтарды жинау, сақтау, жою ережелері сақталады.
Мейірбикенің жалпы жұмыс орнындағы қауіпсіздіктің жалпы шараларыМейірбике міндеттері:
-
Қолды жуу деңгейлерін сақтау. -
Биологиялық сұйықтықтармен, сонымен қатар қанмен жұмыс істегенде қолғап кию. -
Қолғапты шешкеннен кейін тез арада қолды жуу. -
Төгілген немесе шашылған зарарлы материалды тез арада жинау. -
Қолданылған құрал-саймандарды, күтім заттарын, таңу материалдарын нормативті құжаттарға сай тез арада зарарсыздандыру.
-
Науқасты уақытша оқшаулау, жұқпалы аурулар бөлімшесіне немесе изоляторға (жұқпалы ауру түріне қарай) ауыстыру. -
Қажет концентрациядағы дезинфекциялық ерітінділерді дайындау. -
Өңдеуге арналған маркерленген инвентарді дайындау. -
Тамақ қалдықтарын, ыдыстарды зарарсыздандыру. -
Заттарды камералы дезинфекция үшін клеенка қапқа салу. -
Бөлме жиһаздарын дезинфекциялау үшін бөлме ортасына жинау. -
Жылу құбырларын, плинтус, қабырға, терезе, есіктерді дезинфекциялық ерітіндіге батырылған шүберекпен сүрту. -
Қалдықтарды жинап өртеу немесе зарарсыздандыру. -
Қабырға және жиһаздарды өңдегеннен кейін дезинфекциялық ерітіндімен еден қайта өңделеді. -
Арнайы киімді камералы дезинфекциялау үшін клеенка қапқа салу.
-
Емделушінің психикасын сақтандыру тәртібін қамтамасыздандыру. -
Ішкі күн тәртібі ережесін қатаң сақтау. -
Рационалды физикалық белсенділік тәртібін қамтамасыз ету.
1. Қатаң төсек тәртібі - бастапқыда қатты ауырып түскен емделушілерге тағайындалады. Бұл емделушілерге күтудің толық іс-шаралары жүргізілуі керек.2. Төсек тәртібі - біршама қозғалыс белсенділігімен сипатталады, бұрылуға, белгілі бір уақытта аяқты түсіріп, төсектің шетіне отыруға рұқсат беріледі.3. Палаталық тәртіп - төсек жанындағы орындыққа отыруға, тұруға және белгілі бір уақытта палатаның ішінде жүруге рұқсат етіледі. Емделушіні палатаның ішінде тамақтандыру, дәрет алу, жуу шаралары жүргізіледі.4. Жалпы тәртіп - дәліздің ішінде еркін жүруге, баспалдақпен көтерілуге, аурухананың ауласында демалуға рұқсат беріледі. Емделушілер өздеріне жеке қызмет жасайды.Емделушілердің қозғалыс белсенділігінің тәртібін бұзуы емделушінің өзіне қатты зиян тигізуі мүмкін, тіпті өлімге дейін апарады.