Файл: Трбие сааты ырауылды ом кні 17. 04. 2023 Сынып жетекші.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 06.12.2023
Просмотров: 33
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Тәрбие сағаты | Қырғауылды ОМ | |
Күні | 17.04.2023 | |
Сынып жетекші: | Мейркулова А.Б. | |
Сынып: 10 «В» | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы: Эпиграфтар (тақырып мазмұнын ашатын) | «Қазақстанның мәдени ескерткіштері»» | |
Сабақтың мақсаты: | Оқушыларға Қазақстанның мәдени ескерткіштерін таныстыру, олардың тарихы мен ерекшеліктерін түсіндіру. Оқушылардың ой-өрістері мен білімдерін жетілдіру. Тарихи деректердің маңыздысын аша білуге және материалдарды диалектикалық тұрғыдан талдай білуге дағдыландыру. Тарихи орындарды сақтауға, қорғауға тәрбиелеу. Туған жерлеріндегі мәдени орындарды таныту.Мәдени ескерткіштердің тәрбиелік мәнін ашу. | |
Ресімдеу | Слайд,презентация | |
Музыкалық және бейне көркемдеу | интерактивті тақта, слайд | |
Үлестірмелі материалдар | мақал – мәтелдер жазылған плакаттар | |
Тақырыптық көрмелер мен ақпараттық стендтер | Презентация | |
Дайындыққа арналған әдебиет | Интернет материалдары | |
Сабақтың барысы |
Тексерілді:
Сабақтың кезеңі/ уақыт | Мұғалім әрекеті | Оқушы әрекеті | Ресурстар |
Ұйымдастыру кезеңі Саабақтың басы Сабақтың ортасы | Сабағымызды бастамай тұрып, әркім өз көңіл-күйімен бөлісейікші? Оқушылар бір-бірдеп тұрып жауап береді. -Оте жақсы балалар, қазір сендердің алдарыңда парақ берілген, сол парақтың бетіне өз көңіл-күйлеріңді смайлик ретінде салып қойыңдар. Ал енді салып болсаңдар, түсіндіріп беріңдер.Оқушылар суреттерін түсіндіреді. -Рахмет балалар, парақтарыңды сабақтың аяғына дейін сақтап қойыңдар, тәрбие сағатымыз біткен соң сабақтан алған әсерлеріңді бейнелейсіңдер. Балалар, бүгінгі сынып сағатымыз таным сабағы болмақ.Оның тақырыбы-«Қазақстанның мәдени ескерткіштері» Кіріспе: Ескерткіш дегеніміз- ұлы тұлғаларды, белгілі қайраткерлерді немесе елеулі тарихи оқиғаларды есте қалдыру үшін жасалатын мүсіндік туынды. Бұл атау монумент деген ұғымның мағынасына жақын. Алайда ескерткіш, әдетте, дүние салған адамның құрметіне тұрғызылады. Ескерткіштің кең тараған түрі де осы — көлемі нақты тұрпаттан үлкендеу мүсіндік бейнелер. Олар, әдетте, көрнекті жерге (қала алаңына, саябаққа, тарихи орындарға, тарихи адамдардың туған жерлеріне, ұрыс даласына) орнатылады. Өлген адамға ескерткіш орнату дәстүрі ерте заманда-ақ пайда болған. Кесене дегеніміз –1) қабір, бейіт, зират, мола басына салынған күмбезді мәдени-тарихи ескерткіш; 2) түркі халықтары үйді, қоныс-тұрақтарды, төбесі жабылған құрылыстарды да кесене деп атаған. Негізгі бөлім: Қазақстанда қанша ескерткіш бар? Қазақстан аумағында ежелден-ақ дамыған өркениет болғанын дәлелдейтін, тізімге алынған 25 000 ескерткіш бар. Осы ескерткіштердің ең көрнектілерін атар болсақ, олар байырғы заман адамдарының қоныстары, бірнеше мыңжылдық тарихы бар қалалар. Ал әлемдегі кірпіштен салынған бірінші күмбездердің бірі – б.з.д. ІV-IІ ғғ. Баланды ІІ кесенесі. Айша Бибі кесенесі – сәулет өнерінің маржаны. Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауидің кесенесін ЮНЕСКО әлемдік ескерткіш деп таныды. Қазақстандағы ең көне қалалар: Түркістан, Сайрам, Қазығұрт, Отырар, Сығанақ , Тараз,Шымкент,Саудакент. -Қазақстанда орналасқан қандай мәдени ескерткіштерді білесіңдер? -Бәрекелді, өте жақсы қосымша мәліметтер біледі екенсіңдер. Енді біз сендермен Қазақстанның мәдени ескерткіштеріне қысқаша шолу жасайық. Слайд қосылады, мәліметтер мен суреттер айтылып көрсетіледі. -Алдарыңдағы көріп тұрған сурет: Қабанбай батыр кесенесі Қабанбай батыр кесенесі Ақмола облысының ауыл аймағында оңтүстікте 20 км. қашықтықта Астана қаласы және солтүстік-шығыста 4 км. қашықтықта Қызылжар ауылында орналасқан. Кесененің ғимараты 2000 жылы салынған болатын. Сол күннен бастап Астана қаласының жерінде Қазақстан халқының жан-жақтан келетін киелі жерінің біріне айналған болатын. Айша-Бибі кесенесі Айша – бибі кесенесі өзінің аңызға толы рухани құндылығымен сәулет өнеріндегі ғажайып әлемде теңдесі жоқ ескерткіш болып табылады. Ескерткішті қалаған кірпіштердің әртүрлілігінің өзі таң қалдырады. Оның алғашқы қалпы біздің уақытымызға дейін тек батыс қабырғасында сақталған. Алаша хан кесенесі Мазар халық шеберлерінің қолымен XI-XII ғасырларда Алаша ханның құрметіне салынған. Оның есімі қазақтың үш жүзінің пайда болуымен тікелей байланысты. Қазақстандық әйгілі кесенелердің бірі Қаракеңгір өзенінің аңғарында, оң жағалаудан 2 км қашықтықта, Малшыбай ауылынан алшақ емес жерде орналасқан. Мазарды зерттей бастау Ш.Уәлихановтың «Қырғыз қайсақ молалары және жалпы бұрынғы туралы» атты мақаласынан бастау алады. (1855 ж.). Қалжан Ахун медресесі Бұл нысан XIX ғ. аяғында салынған медресе Қызылорда қаласының солтүстік батысында 60 шақырым жерде автокөлік тас жолы бойында және темір жолдан 100 метр жерде орналасқан.Қалжан Ахун 1862 жылы Хиуа хандығында дүниеге келген және Хиуа мен Бухараның рухани оқу орындарында білім алған. Қалжан Ахунаның әкесі Бөлекбай Ақтөбе облысындағы Жамақағлы жеріндегі табын руынан. Жас кезінде Қарақалпақстандағы туыстарының қолында тұрып, Хиуа хандығына қызмет етеді, ол жерде үлкен қызмет атқарады. 1875 жылы дүние салады. Қарақожа мешіт-медресесі Жамбыл облысы Талас ауданы Сейілбек ауылында орын тепкен мешіт, Қазақстандағы бірден-бір өзгеше сәулет ескерткіші. Алғашқы рет ескерткішті 1945 жылы Г.И.Пацевичтің басшылығымен ЭРУДА зерттеген. Кейіннен 1949 жылы Л.М.Ремпел бастаған Жамбыл облыстық музей экспедициясы зерттеді. Арыстанбаб кесенесі Арыстанбаб кесенесі ХІІ ғасырда өмір сүрген белгілі діни мистик Арыстанбаб құрметіне тұрғызылған. Алғашқы жөндеу жұмыстары 14-15 ғасырларда жүргізілген. Содан бері алғашқы салынған ою өрнектер сақталынған. Жер сілкінісінен құлаған мазардың орнына 18-ғасырда екі күмбезді құрылыс салынған. 18-ғасыр ғимараты құлап қирағаннан кейін 1909жылы қайта салынды. Қ.А. Яссауи кесенесі Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауидің кесенесі Орта Азия мен Қазақстандағы теңдесіз тарихи жәдігер. Бұл ғажайып сәулет өнерінің туындысы өз бойына ертеден келе жатқан жергілікті және Шығыс мұсылман құрылыс тәжірибесін жинақтаған бірегей ғимарат. Бұл ғажайып ғимарат Әулиелердің Сұлтаны Құл Қожа Ахмет Ясауиге зор құрмет ретінде, оған деген халықтың шексіз сүйіспеншілігіне орай, Әмір Темірдің бұйрығымен 1397 жылы салына бастаған. Махамбет Өтемісұлының жерленген жері Ескерткіштің уақыты 1846 ж. Ескерткіштің мекен-жайы Атырау облысы, Индер ауданы, Индер поселкесінен оңтүстік-шығысқа қарай 40 ш.Іргетасы – біртұтас бетон. Қабырғасы – бетоннан, ішінен және сыртынан ұлутаспен қапталған. Төбесі – бетоннан құйылған күмбезі. Сыртқы шеңбердің диаметрі –7,6 м ішкі шеңбердің диаметрі 6,2 м. Басты қабырғасының биіктігі 6,4 м күмбез барабанының биіктігі –1,8 м, барабанның сыртқы шеңберінің диаметрі 5,2 м, кесененің жалпы биіктігі –12,2 м. Мұнайшылар тұрғын үй қалашығы 1943 – 1948 жылдар аралығында салынды. Қалашықтың жалпы көлемі 55 га жерді алып жатыр. Жобасының авторлары А. В. Арефьев және С. И. Василковский. Олар осындай үздік жобасы үшін Сталин сыйлығымен марапатталған болатын. Жобасы өз алдына, жалпы географиялық орналасу жағдайы да өте қолайлы жерде, яғни, үш жағынан Жайық өзені айналып өтеді. М. Хайдар Дулати ескерткіші Ескерткіш 1998 жылы Сүлейменов көшесіндегі университеттің бас корпусының алдына Мұхамед Хайдар Дулати мырзаның 500 жылдығына арналып салынған. Авторы – О. Әуезов. Мүсіншілер – Д.Ж. Әлдеков, Н.А. Рүстемов. Ескерткіштің биіктігі 3 м. Постамент қызыл граниттен жасалған. Мұхамед Хайдар Дулати – көрнекті мемлекеттік қайраткер, дипломат, тарихшы, публицист. М.Х. Дулатидің бас еңбегі «Тарих және Рашиди» Орта Азия халықтарының тарихы туралы. Ол өз шығармасының кейіпкері, мемуаршы, осы қасиеттері орта ғасыр әдебиетінің ұлы ескерткіші Орта Азия жалпы әсіресе, қазақ халқы үшін ерекше. «Тарих және Рашиди» Алтын Орданың құлауынан кейінгі мемлекеттің дамуы және Қазақ мемлекеттінің құрылуы. 1533 жылы М.Х. Дулати өз өмірін қорғап қалу мақсатымен Индияғакеледі, онда Кашмирді жеңіп алып қалған бар өмірінде оны билейді. Қозы Көрпеш-Баян Сұлу мазары Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы Таңсық ауылы маңында ғашықтардың мазары бүгінде Х-ХI ғасырдың мемориал-ескерткіші ретінде орнатылған. Бір зерттеушілердің пікірінше, ол V-X ғасырда көтерілсе, басқалардың пікірінше X-XI ғасырда орнатылған деседі. Лиро-эпостық поэманың кейіпкерлерімен байланысқан мазар біздің күнге дейін жеткен ежелгі Қазақстан ескерткіші болып табылады. Жалпы биіктігі 11,65 м. Ескі құрылысқа көпшілігі қызығушылық білдірді. Тай – қазан Әйгілі қола қазан – Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің басты көрнектілігі болып табылады. 1935 жылы Кеңес одағы кезінде ол Ресейдегі Эрмитажға алынған. Содан 1989 жылы қыркүйек айына дейін сақталған. Қазанды елге қайтаруға М.Горбачевтың жұбайы және Олжас Сүлейменов ат салысты. Тай-қазан Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің үлкен залының ортасында орналасқан. Оны жеті металдың құймасынан Тавризден шыққан шебер жасаған. Қазанға 3000 литр су сияды, Салмағы 2 тонна, диаметрі 2,45 м. Қазан мұсылмандарға мінажат жасап болған соң таратылатын әулие суға арналған. Бұл күнде мұнда осы қазанды көріп, тиын салу мақсатымен дүние жүзінен мыңдаған саяхатшылар келеді. Бұл аумақта «Әзірет Сұлтан» қорық мұражайы жұмыс жасайды. Ол туристерді тарихи-мәдени ақпараттармен қамтамасыз етеді. Кәсіби экскурсаводтар бірнеше тілдерді менгерген- қазақ, түрік, ағылшын, орыс. Қожа Ахмет Иассауи кесенесі туралы видео көрсетіледі. Балалар енді, екі топқа бөлініп ,өз топ атауларыңды ойластырыңдар. Алдарыңда бет берілді, соған топ атауын жазып қойыңдар. Екі топ «Отан, Туған жер» туралы мақал-мәтелдер айтып жарысасыңдар. Қосымша мақал жалғастыру: 1)Еліңе қарап, ертеңіңе камдан. 2)Елің наның Жерің-анаң. 3)Ауылым алтын-бесігім 4)Туған жердің түтіні-тәтті 5)Отан-оттан да ыстық 6 Туған жер - тұғырың, Туған ел - қыдырың. 7) Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық. 8) Туған жердей жер болмас, Туған елдей ел болмас. 9) Әркімнің өз жері - жұмақ. 10) Акқу көлін аңсайды, Адам туған жерін аңсайды 11) Әркімнің өз жері — Мысыр шаһары. 12) Ұлтарақтай болса да ата қоныс — жер қымбат. Ат төбеліндей болса да туып-өскен ел қымбат. 13) Атамекен туған жер: кір-қоңыңды жуған жер, кіндігіңді кескен жер, кісі болып өскен жер. 14) Атамекен — анаң екен, Қысылғаңда панаң екен. 15) Егесіз ел азар, иесіз жер тозар. Айша Бибі кесенесі туралы видео көрсетіледі. Қорытынды : Сабағымызды қорытындылай келе, сендерге өтілген тақырып бойынша сұрақтар қояйық. 1)Ескерткіш дегеніміз не? 2)Қазақстанда қанша ескерткіш бар? 3)Қожа Ахмет Иассауи кесенесі қайда орналасқан? 4)Айша Бибі кесенесін кім салдырған? 5)Қазақстанда қандай мәдени ескерткіштер бар? -Бәрекелді балалар, бүгінгі тәрбие сағатын жақсы меңгеріпсіңдер, сендерге көп рахмет. Осымен сабақ аяқталды, сау болыңдар! | Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді, мектеп партасындағы қатарлары бойынша орындарына отырады. Оқушылар өз бетінше ойларын жазып, қорғап шығады тақта арқылы «еңбек» деген сөзге топтастыру жасайды. | Компьютер Интер белсенді тақта |
«Қырғауылды ауылындағы қазақ орта мектебі»КММ
«Қазақстанның мәдени мұралары»
10 « В»сынып
Өткізген: Мейркулова А.Б.
2022-2023 оқу жылы