ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 06.12.2023
Просмотров: 95
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Механика тақырыбына
Физикадан тест сұрақтары
Орындаған: Рысбек Н. Ж.
Тексерген: Алькина А. Б.
1. Бірқалыпты түзу сызықты қозғалған автомобиль 10 с ішінде 150 м жол жүрді. Дәл осындай жылдамдықпен ол 3 с ішінде қандай жол жүреді?
А) 30 м; В) 20 м; С) 60 м; Д) 45 м; Е 15 м;
2. Бірдей 10 м/с жылдамдықпен жол айырығынан бірдей уақытта 60º болатын бағыттармен ажыраған екі автомобиль 20 с өткеннен кейін бір - бірінен қандай қашықтықта болады?
А) 150 м; В) 300 м; С) 200 м; Д) 100 м; Е) 250 м;
3. Ені 40 м өзенді жүзіп өткен жүзгішті су ағысы қарсы жағалауға өткенше 30 м - ге ығыстырған. Жүзу қашықтығы қандай болған?
А) 50 м; В) 20 м; С) 35 м; Д) 60 м; Е) 25 м;
4. 36 км/сағ жылдамдықпен жүріп келе жатқан автобусты жүргізуші аялдамаға 50 м қалғанда тежей бастады. Осы кездегі үдеу модулі қаншаға тең?
А) 2 м/с2; В) 1,5 м/с2; С) 1 м/с2; Д) 0,5 м/с2; Е) 3 м/с2;
5. Еркін құлаған дененің 4 секундтағы жүрген жолы қанша?
А) 60 м; В) 80 м; С) 70 м; Д) 75 м; Е) 90 м;
6. 2 м/с2 үдеумен лифт арқылы жоғары көтеріліп бара жатқан массасы 70 кг адамның салмағы қанша? А) 140 Н; В) 120 Н; С) 150 Н; Д) 130 Н; Е) 160 Н.
7. 5 м/с2 үдеумен жерге түсіп келе жатқан массасы 80 кг парашютистің салмағы қаншаға азайған? А) 380 Н; В) 10,4 Н; С) 420 Н; Д) 440 Н; Е) 400 Н.
8. Қатаңдығы 100 кН/м тіркеу арқанмен массасы 3 т автомашинаны 2 м/с2 үдеумен сүйреген кездегі арқанның ұзаруын табыңыз. А) 3 см; В) 4 см; С) 5 см; Д) 6 см; Е) 7 см.
9. Массасы 50 кг жүкті блокқа асылған арқан арқылы 750 Н тұрақты күштің көмегімен жоғары көтереді. Осы кездегі дененің үдеуі қаншаға тең болады? (g=10м/с2). А) 1,6м/с2; В) 1,8м/с2; С) 2 м/с2; Д) 2,2м/2; Е) 2,4 м/с2.
10. Жер бетіндегі салмағы 700 Н адамның массасы Ай бетінде қаншаға тең болар еді? Ай бетіндегі еркін түсу үдеуі 1,623 м/с2.
А) 10 кг; В) 10,5 кг; С) 11,62 кг; Д) 11,83 кг; Е) 12,4 кг.
11. Үстінде бала отырған массасы 20 кг шананы қар үстімен қозғалыс бағытына 60º бұрышпен 100 м қашықтыққа сүйрегенде қанша жұмыс істеледі? Үйкеліс коэффициенті 0,03. А) 200 Дж; В) 240 Дж; С) 260 Дж; Д) 300 Дж; Е) 280 Дж.
12. 800 м/с жылдамдықпен ұшқан 10 г оқтың кинетикалық энергиясының 8 м/с жылдамдықпен қозғалған массасы 1 т автомашинаның кинетикалық энергиясына қатынасы қаншаға тең? А) 1/100; В) 1/10; С) 1/1; Д) 1/1000; Е) 1/10000.
13. Кинетикалық энергиясы 100 Дж және импульсі 50 кг*м/с. Дененің массасы неге тең? А) 15,0 кг; В) 12,0 кг; С) 12,5 кг; Д) 13,0 кг; Е) 14,0 кг.
14. Тік жоғары қарай 30 м/с жылдамдықпен лақтырылған массасы 100 г дененің ең жоғарғы нүктедегі потенциалдық энергиясын анықтаңыз.
А) 45 Дж; В) 50 Дж; С) 35 Дж; Д) 40 Дж; Е) 450 Дж.
15. 10 м биіктіктен еркін түскен, массасы 2 кг дененің Жер бетіне 4 м қалған кездегі потенциалдық және кинетикалық энергияларын анықтаңыз.
А) 60 Дж,90 Дж; В) 70 Дж,100Дж; С) 80 Дж,120 Дж; Д) 80 Дж,110 Дж; Е) 70 Дж,110Дж.
16. Массасы 0,5 кг дененің еркін түсу уақыты 2 с. Осы кездегі ауырлық күшінің жұмысы қаншаға тең? А) 70 Дж; В) 80 Дж; С) 90 Дж; Д) 100 Дж; Е) 110 Дж.
17. Массасы 10 г оқ қалың тақтайға 800 м/с жылдамдықпен кіріп одан 400 м/с жылдамдықпен ұшып шықты. Тақтайды тесіп өту үшін оқ қандай жұмыс атқарған?
А) 1800 Дж; В) 2400 Дж; С) 2000 Дж; Д) 2200 Дж; Е) 2600 Дж.
18. Массасы 2 т жүкті көтергіш кран 30 с ішінде 6 м биіктікке көтерді. Кран двигателінің қуаты қандай? А) 3 кВт; В) 3,2 кВт; С) 3,4 кВт; Д) 3,6 кВт; Е) 4 кВт.
19. Қатаңдығы 500 Н/м динамометр пружинасына 40 Н күш әсер еткенде қанша жұмыс істелінеді? А) 1,6 Дж; В) 1,8 Дж; С) 2 Дж; Д) 2,2 Дж; Е) 2,4 Дж.
20. Диаметрі 4 см құбырдағы судың жылдамдығы 1 м/с. Осы құбырмен тікелей жалғасқан диаметрі 2 см құбырмен су қандай жылдамдықпен ағады?
А) 3,6 м/с; В) 4 м/с; С) 4,2 м/с; Д) 4,4 м/с; Е) 5 м/с.