ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 06.12.2023
Просмотров: 36
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Бөлім:3 | Адамгершілік асыл қасиет. | |
Күні: 19.01.2023. | Пән мұғалімі:Утешова Гүлжан Амангелдиевна. Машықкер:Айтпаева Ділназ Дүйсенғалиқызы. | |
Сыныбы: 5 а | Қатысқандар: | Қатыспағандар: |
Сабақтың тақырыбы: | А.Байтұрсынұлы «Адамдық диқаншысы» өлеңі. | |
Оқу мақсаты: | 5.1.1.1.әдеби шығарманың жанрына қарай фабуласы мен сюжеттік дамуын сипаттау. 5.3.4.1. оқырманның рухани дүниесіне шығарма әсерін талдай отырып,сыни хабарлама жазу. | |
Сабақтың мақсаты: | Жетекші сұрақтарға жауап беру арқылы тақырыпты ашу. Әдеби шығарманың жанрына қарай фабуласы мен сюжеттік дамуын сипаттау. Оқырманның рухани дүниесіне шығарма әсерін талдай отырып,сыни хабарлама жазу. |
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңдері | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | Бағалау | Ресурстар |
Сабақтың басы 2минут 3минут 10 минут Сабақтың ортасы 5 минут 8 минут 7 мин 8 мин | І Ұйымдастыру бөлімі Мұғалім оқушылармен амандасады. Оқушыларды түгендейді. Бүгінгі сабақтың оқу мақсаттарымен, бағалау критерийлерімен таныстырады. Жағымды психологиялық ахуал орнату үшін: «Жылулық лебізі» әдісін қолданамыз. Оқушылардың бір-біріне жылы лебіздерін білдіру арқылы жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру үшін ортаға шығады. «Кездейсоқ карта» тәсілін қолдану арқылы үй тапсырмасын тексеріп аламыз. II Жаңа сабақ Қызығушылықты ояту: «Суреттер сөйлейді» әдісі Интербелсенді тақтадан шағын бейнеролик көрсетіледі. Сол бойынша сұрақтар қойылады. 1-тапсырма Ахмет Байтұрсыновтың өмірімен оқулықтан танысып,ақпарат аламыз,сұрақтарға жауап береміз. Ахмет Байтұрсынов «Кластер» құрамыз. А.Байтұрсынов 2-тапсырма. «Адамық диқаншысы» өлеңін «Джигсо» әдісі арқылы кезекпен кезек оқиды. Түсінгенін айтып,талқылаймыз. Адамдық диқаншысы қырға шықтым, Көлі жоқ, көгалы жоқ құрға шықтым. Тұқымын адамдықтың шаштым, ектім, Көңілін көгертуге құл халықтың. Қор болған босқа кетіп еңбек, бейнет, Құлдарға құлдықтан жоқ артық зейнет. Оттай бер, жануарым екі аяқты, Адамдық хайуанға қанша қажет?! Жаратқан малды Құдай не керекке- Мінуге, сою, соғу, жүндемекке. Жорта бер қамыт киіп, қамшыңды жеп, Бұйрық жоқ ұрасың деп үндемекке. Таяққа еті үйренген қойшы жайлап, Көк есек қозғала ма түрткенге айдап? Есептен алданғандай болғандар көп, Жасықты асыл ма деп білмей қайрап. 3-тапсырма «Адамдық диқаншысы» өлеңін оқып, оқырманның рухани дүниесіне шығарма әсерін талдай отырып,сыни хабарлама жазыңыз. | Мұғаліммен амандасып, сабақтың тақырыбы, бағалау кретерийімен, оқу мақсатымен танысады. Кезекпен кезек тұра қалып «Жылулық лебізі» әдісін пайдаланып бір-біріне жүрекжарды тілектерін білдіреді. Оқушылар «Кездейсоқ карта» әдісі арқылы үй жұмысын машықкермен талқылайды. Жаңа сабақтың тақырыбын ашу мақсатында «Суреттер сөйлейді» әдісін орындаймыз. Интербелсенді тақтадан суреттер шығады,сол туралы шағын пікірталас жүреді. Оқушылар сұраққа жауап беру арқылы тақырыптың мағынасын ашады. Оқушылар интербелсенді тақтадан Ахмет Байтұрсыновтың өмірімен танысып,берілген сұрақтарға жауап береді. Оқушылар берілген тапсырманың мазмұнын түсінеді. «Адамық диқаншысы» өлеңін «Джигсо» әдісі арқылы кезекпен кезек оқиды. Түсінгенін айтып,талқылаймыз.Берілген сұрақтарға жауап береміз. Оқушыларға тапсырманы түсінеді.Орындауға кіріседі.Сөйлемді көшіріп жазып, болымсыз есімдіктің түрлену себебін түсіндіреді. | ҚБ:мадақтау сөздері. Дескриптор: -суретті баяндайды; -Пікір білдіреді. ҚБ:2 балл Дескриптор: - сұраққа жауап береді; -мағынасын ашады. ҚБ:2 балл Дескриптор: - оқиды -талқылайды - сұраққа жауап береді. ҚБ:3 балл Дескриптор: -тапсырманы түсінеді, -құрылымын сақтайды, -сыни хабарлама жазады. ҚБ: 3 балл | Тақта Жұмыс дәптерлері Суреттер. Интербелсен-ді тақта. https://youtu.be/7zz_xC2iDw4 Тақта, жұмыс дәптерлері. Интербелсен-ді тақта, жұмыс дәптерлері. Жұмыс дәптерлері |
Сабақтың соңы 2 минут | ІІІ Қорытынды: Кері байланыс: «Минус,плюс,қызықты» әдісі - Бүгінгі сабақтан қандай әсер алдыңыз? -Бүгінгі сабақ сендерге несімен қызықты болды? -Сендерді таңқалдырған не? Рефлексия: «Алғышарттар» Үй тапсырмасы: «Адамдық диқаншысы» өлеңін жаттау. | Оқушыларға кестелер таратылады. Бүгінгі сабақ бойынша өз пікірлерін «Минус,плюс,қызықты» кестесіне жазады. | | Тақта |