ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 06.12.2023

Просмотров: 34

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Қысқа мерзімді жоспары

Бөлім

Компьютерлік графика

Педагогтың аты-жөні

Жорабектегі Абдуқадірұлы Елшібек

Күні: 17.02.2023 жыл

№61 жоббм кмм

Сынып: 9

Қатысушылар саны




Қатыспағандар саны




Сабақтың тақырыбы:

Cұрыптау. 2-сабақ

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

9.3.3.1 визуалды ортада (мысалы, Lazarus), бағдарламаларды әзірлеу кезінде массивтерді қолдану


Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар:

Сұрыптау ұғымымен танысады

Көптеген оқушылар:

Lazarus бағдарламасында массивтерді пайдаланып есептер құрады

Кейбір оқушылар:

Визуалды ортада массивтерді сұрыптайды


Сабақтың барысы:


Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Оқушылармен сәлемдесу, оқушыларды түгендеу.Сынып оқушыларына жағымды ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.

«Көңілді саусақ» тәсілі арқылы оқушылар саусақтырымен көңіл-күйлерін білдіреді.

Ән шумақтары бойынша топқа бөліну

Оқушыларға ел арасында көп тараған немесе оқушылардың сүйіп орындап жүретін әндері-нің шумақтары мен қайырмасы(немесе бір тобы құралатындай ән қатарлары) жазылған карточкалар таратып беріледі.Оқушылар сол әнді құрастырып,топқа бөлінеді және бірлесіп осы әнді айтуларына болады.

Үй тапсырмасын пысықтау

"Дұрыс*Бұрыс" әдісі

Ойын шарты бойынша өткен сабақ туралы бірнеше дұрыс және қате мәліметтер жазамын, сыныпты үш топқа бөліп тұрғызып, екі орындық қоямын, дұрыс мәлімет оқылса дұрыс орындығына немесе керісінше жылдам отыру керек, кім біріншісоған смайликтер беремін,соңында қай топтың смайликтері көп санаймыз









1.Мұғаліммен амандасады.

2.Сабақтың тақырыбын дәптерге жазады.

3.Сабақтың мақсаттарымен танысады.

4.Сұрақтарды өзара талқылап, ойларымен бөлісіп,ортақ ойларын жазады, пікірлерін қорғайды.





Үлестірме

қағаздар

Смайликтер

Сабақтың ортасы

Жаңа сабаққа кіріспе:

1-тапсырма «Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі арқылы тақырыпты оқуға тапсырмалар беріледі.

1-топ: Сұрыптау дегеніміз не?

2-топ: Массив элементтерін сұрыптау.

3.топ: Күнделікті өмірден сұрыптауға мысал келтіру.

3 топқа берілген тақырыпты постер қорғауды ұсынамын.

Оқушылар жеке оқиды, жұппен талдайды, топпен талықылайды. Топқа түсініксіз болған ақпараттарды талдау үшін мұғалім көмек береді.

Дескриптор

  1. Сұрыптаумен танысады.

  2. Массив элементтерін сұрыптауды біледі.

  3. Сұрыптауға мысалдар келтіре алады.

Қалыптастырушы бағалау: «Смайликтер» әдісімен жүргізіледі.

2- Тапсырма. Практикалық жұмыс

1 топ. А деңгей Қанат бүгін информатика сабағында К жаңа терминнің ағылшынша қалай айтылатынын үйренді. К(1≤К≤30). Қанатқа жаңа терминдерді әліпби ретімен сұрыпта.

2 топ. В деңгей

9-сыныпта оқитын К оқушының К(1≤К≤30) бойларының ұзндықтары берілген. Ең бойы ұзын және бойы қысқа оқушылардың қосындысын тап.

3 топ. С деңгей

N сандарының массиві берілген. Бұл жиынды кеу ретімен сұрыптап, басып шығарыңыз.

(Алматы кітап баспасы 9 сынып, Р.А. Кадиркулов, Г.К.Нұрмұханбетова 103 бет)

Дескриптор

  1. Lazarus бағдарламасымен жұмыс жасай алады.

  2. Бағдарламада массивтерді пайдалана отырып есеп құрады.

Қалыптастырушы бағалау: Оқушылар өзара бағалайды.

«Бір минуттық әнгіме» әдісі Топтық жұмыс

  1. Бірөлшемді массив элементтерін өсу немесе кему ретімен қалай сұрыптауға болады?

  2. Қалай ойлайсың интернетті қолдану барлық жағдайда біз үшін қажетті ме?

Қалыптастырушы бағалау: топпен

Мұғалімді тыңдайды

Командаларды жазады

1-тапсырманы орындайды

2-тапсырманы орындайды





Смайликтер арқылы бағалау



-Өте керемет жауап



-жақсы жауап



-қосымша дайындық керек

Карточка парағы

Сабақтың соңы

Оқушылар сабақ соңында «Аяқталмаған сөйлем» әдісі арқылы рефлексия жүргізеді.
«Мұғалімге жеделхат» тақтасына оқушылар стикер жапсыру арқылы орындалады.
Оқушылар өздеріне жақын сөйлемді таңдап, айтылған ойды жалғастырады:
- бүгінгі сабақта мен....түсіндім, ...білдім, ....көзімді жеткіздім.
- бүгін сабақта қуантқаны.....
- мен өзімді.....үшін мақтар едім.
- маған ерекше ұнағаны.....
- сабақтан соң маған........келді.
- бүгін маған..........сәті түсті.
- қызықты болғаны.....
- ......қиындық тудырды.
- менің түсінгенім.....
- енді мен......аламын

Өзін-өзі бағалау.