Файл: Курсовая работа ( проекта) Издание басылым 032018 Стрбет из.docx
Добавлен: 06.12.2023
Просмотров: 124
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Бүгінгі мектеп партасындағы жас жеткіншектердің зияткерлік қуаты – мемлекеттің баға жетпес байлығы. Сондықтан бала бойындағы қабілетті анықтай отырып, қамқорлыққа алу, оны дамыту – мұғалімдер қауымы үшін ортақ іс.
Оқушылардың шығармашылық қабілетін арттырып, ынталандыру үшін сабақтарды мынадай жолдармен өткізуге болады:
1.Сабақта кең көлемде көрнекі құралдарды пайдалану;
2.Сабақты түрлендіріп өткізу;
3.Сабақта оқушылар өздері жасаған суреттер, схемаларды пайдалану;
4.Техникалық құралдарды тиімді қолдану;
5.Сабаққа қатысты бейнетаспаларды, фильмдерді көрсету.
Мұғалім алғашқы сабақтан бастап әрбір оқушының жеке ерекшеліктерін, ынтасы мен бейімділігін, оқу мен еңбекке ұқыптылығын ескере отырып, оқу үрдісін жүргізуі керек.
Ертеңіне лайық ұрпақ тәрбиелемеген елдің келешегі жоқ десек, сол ұрпақты тәрбиелеудегі ұстаз еңбегі – ұлы еңбек. «Ұстазын сыйламаған елдің ұрпағы азады», - дейді халық даналығы. Осыған байланысты шығармашылық, ізденіс деген әр ұстаздың алдында тұрған үлкен міндет деп ойлаймын.
Қазіргі заман талабына сай жаңа технологияларды пайдалану оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуін ұйымдастыруда тигізер пайдасы зор. Оқушылардың өздік жұмысы - мұғалімнің қажетті нұсқаулары бойынша оқушылардың оқу жұмысының жеке дара және ұжымдық түрі.
Өздік тапсырмаларды орындау барысында оқушылардан белсенді ойлау, әр түрлі танымдық тапсырмаларды орындау талап етіледі. Осының нәтижесінде оқушылар өздігінінен бақылауды үйренеді, оларда тапсырылған істі орындаудағы жауапкершілік сезім, еңбексүйгіштік, табандылық, ұйымшылдық, бір-біріне деген жолдастық көмек қалыптасады.
Қазақ тілі сабағының дидактикалық мақсатына қарай өздік жұмыстар:
-
жаңа материалдарды оқып үйренуге дайындық, -
жаңа материалды оқып үйрену, -
бекіту, -
қайталап пысықтау, -
бақылау деп бөлуге болады.
Қазақ тілі пәнін оқытудың мақсаты – оқушылардың жеке бас ерекшелігіне қарай қабілетін аша отыра, осы пәнді теориялық және тәжірибелік жағынан сараланған түрде даралап оқыту, сөйлестіру, жазу мәдениетін жетілдіру, өзіндік ой-пікірін дамыту.
Ал, оқушылардың өзіндік шығармашылық жұмыстарын қазақ тілін оқыту процесінде қолдануда көрнекті ғалым және әдіскер В.В.Голубковтың оқыту жұмыстарының қандай түрі болса да даралап алмай барлық оқу-тәрбие жұмысымен етене байланыста алғанда ғана тиімді, маңызды болады деген пікір айтқан болатын.
Оқушының шығармашылық қабілетін дамыту үшін бірнеше шарт орындалуы тиіс. Олар:
-
Шығармашылық қабілетін дамытуды ерте бастан қолға алу;
2. Жүйелі түрде шығармашылық әрекет жағдайында болу;
3. Шығармашылық іс-әрекетке жағдай туғызу.
Шығармашылыққа баулудың, өзіндік іс-әрекетін ұйымдастырудың төмендегідей түрлері бар:
Тақырыпты мазмұнына сай жинақтау
Арнайы бір тақырыпқа пікірталас тудыру
Шығарма, шағын әңгіме құру
Сөзжұмбақ құру, шешу
Қиялдау арқылы сурет салу.
Оқушылардың шығармашылық іс-әрекетін жетілдіру бағыты танымдық біліктерінің қалыптасу белгілеріне, танымдық тапсырмаларды орындау мүмкіндіктеріне қарай оларды шартты түрде мынадай 3 топқа бөлуге болады.
Бірінші топ - танымдық іс-әрекетте табанды; міндеттері мен мақсатын біледі; ізденімпаз, пән бойынша дербес шығармашылық жұмыстарға белсене қатысуымен ерекшеленеді.
Екінші топ - ізденіске ұмтылады, бірақ шығармашылық тапсырмаларды орындауға барлық уақытта бірдей бейімділік көрсете бермейді;
танымдық тапсырмаларды орындау әдіс-тәсілдерін табуға құлшыныс білдіреді; тапсырмаларды орындауда мұғалім көмегін қажет етеді.
Үшінші топ - шығармашылық сипаттағы тапсырмаларды орындауға құлықсыз; белсенділігі төмен; репродуктивті сипаттағы тапсырмаларды ұнатады; жұмысты орындауда үлгіні қажет етеді, оны орындауда көмекті қажетсінеді.
Сонымен, шығармашылық іс-әрекет талаптарын, сондай-ақ оларды мектепте ұйымдастыру жолдарын зерттеу - мәселені дамытып, жетілдіру тетігін анықтауға және мынадай тұжырымдар жасауға мүмкіндік береді:
- оқушылардың шығармашылық дербестігін дамыту арқылы оның жеке тұлғасын қалыптастыруға болады;
- танымдық іс-әрекет түрлері төменнен жоғары қарай, кезекті түрде, белгілі бір ретпен, жүйемен жүргізілуі нәтижесінде шығармашылығы дамиды;
- танымдық іс-әрекетті дұрыс ұйымдастыру біліктері мен ізденімпаздықтың қалыптасуы оқушыларды шығармашылыққа баулиды.
Оқушылардың орындайтын өздік шығармашылық жұмыстарын ұйымдастыруда саралай оқыту әрекеті – білім алуға бағыттаған әрекет. Ол өз бетінше әрі мұғалімнің жетекшілігімен жүзеге асады.
Саралай оқытуды ұйымдастыру арқылы баланың ойы абстрактіден нақтыға қарай өрлейді, ілімдік ойлауы қалыптасады. Оқушы дамуының негізгі болып табылатын әрекет, оқу әрекеті әрбір сабақтың өзегі деп түсіну керек. Саралай оқытуды ұйымдастыру арқылы бала ақыл -ой деңгейі мен белсенді әрекеті арқасында репродуктивті емес өнімді нәтижеге жетеді.
Оқушылардың жеке ерекшеліктері сабақтың сұрақ беру, кіріспе әңгіме, оқыған материалды, тағы да басқа тиянақтау сатыларында ескерілуі тиіс. Мәселен, үлгерімі жақсы оқушыларға берілген сұраққа тікелей жауап беру талап етілсе, орташаларына ойланып, қажетті есептеулер жасауға, суреттерін салуға уақыт беріледі, ал үлгірімдері төмендеріне нақты сұрақтың тізімі, жауап берудін жоспар үлгісі ұсынылады. Оқыту үрдісін оқушылардың жеке ерекшеліктеріне сай ұйымдастыру үшін оқу – тәрбие жұмысында мұғалім өзіне лайық әдіс енгізеді.
Өздік шығармашылық жұмыс әдісінде мына мәселелер көзделеді:
-
Оқушылардың жеке ерекшеліктерін зерттеп, типтік топтарға бөлу. -
Оқу үрдісінің барлық сатыларында әр түрлі топтардағы оқушыларды оқыту, тәрбиелеу және дамытудың әдістемелігін жасау. -
Әр алуан мақсатта жеке дидактикалық материалдардың жүйесін құру. -
Білімді бағалау, бақылай жүйелерін жетілдіру.
Оқушыларды топтарға бөлгенде олардың оқуға және жұмысқа деген қабілеті ескеріледі. Оқуға қабілеттілік деп оқушының неғұрлым қысқа мерзім ішнде білімнің биік деңгейіне жету қабілетін түсінеміз. Бұл белгі бойынша оқуға қабілеті жоғары, орташа, стандартты немесе төмен деп 4 топқа бөлінеді.
Сыныпта барлық балалардың ойлау қабілеті бірдей емес. Сондықтан сабақ кезінде әрқайсысының деңгейіне қарай жұмыстың түрін таңда, сол тақырыпты егеру көзделсе, өте пайдалы.
Бірінші деңгей (оқытушылық деңгей) – білімнің минималдық шегі.
Граммаикалық тапсырмалар, жазба жұмыстарын орындау, мәтінді түсініп оқу, жаңа сөздерді сөздікке жазып алу, сұрақтарға түсініп жауап беру.
Екінші деңгей (алгоритімдік деңгей) - үйренушілік деңгейдегі білімін
толықтыру күрделі материалдарды жүйелей алуы, алған білімдерін басқа тапсырмаларды орындағанда пайдалана алуы, сол тақырыпты еркін меңгергені ескеріледі.
Үшінші деңгей (эвристикалық деңгей) – материалды саналы түрде
меңгеру. Бұл деңгейде оқытушылардың меңгерген білімдерін тереңдету үшін танымдық ізденіс, әр – түрлі логикалық тапсырмаларды талдай, жинақтай алатын және салыстыра білуді қажет етеді.
Төртінші деңгей (шығармашылық деңгей) - өз бетімен оқу материалын
меңгеру. Құбылысты өз бетімен талдай келіп, шағын шығармашылық тұрғыдан зерттеу жұмысын жүргізуге баулу.
Деңгейлік тапсырмалардың өзі дамытпалы түрде болады. Барлық оқушы
өз қызметін ең төменгі деңгейдегі тапсырмаларды орындаудан бастайды да, оларды міндетті түрде толық орындап болғаннан кейін ғана келесі деңгейге көшіп отырады. Бұл оқушылар арасында жарысу жағдайларын туғызады және әр оқушының мемлекеттік стандарт деңгейде білім алуына кепілдік береді. Әр оқушының өз қабілетіне, қызметіне сәйкес жоғары жағдай жасайды.
Деңгейлік саралау оқушы мен мұғалімнің белсенді шығармашылық
қызметін дамытумен қатар, оқушыларға өз білімін жаңа әдіспен бағалауға мүмкіндік береді. Меселен, оқушылардың алған бағасы арнайы таблода көрсетіліп тұрады. Әр деңгейдің өз бағалауы бар. Олардың барлығы оқушылардың көз алдына тұрады. Мұның өзі білім берудегі демократия критерийлері болады. [8,99] ?????????
Оқушылардың өздік шығармашылық жұмысын ұйымдастыруда даралап –
саралап оқытудың маңыздылығы:
1.Сынып оқушыларын жаппай жұмыс істеуге әкеледі.
2.Бос отырған оқушы болмайды.
3.Әркім өзінің білім деңгейін біліп, оны дамытуға тырысады.
4.Қиындықтарды жене білуге дағдыланады, пәнді оқып үйренуге қызығушылығы пайда болады.
5.Ізденіс дағдысы қалыптасады.
Оқушылардың өздік шығармашылық жұмысын ұйымдастыруда даралап-
саралап оқытуда күтілетін нәтиже:
-
Алдына қойған мақсатына жете алатын оқушы тәрбиелеу. -
Әр оқушы өз білім деңгейін, мүмкіндігі, іскерлігін біліп ғана қоймай оны дамытады. -
Өз бетімен ізденіс дағдыларын шығармашылық қабілетті жетілдіретін, шығармашыл тұлға тәрбиелеу.
Ерекшелігі:
-
Таланттылар өздерінің қабілеті мен икемдігін одан әрі бекіте түседі,
әлсіздер оқуға ниет білдіріп, сенімсіздіктен айырылады.
-
Оқушылардың оқуға деген ынтасы артады. -
Білім дәрежесі бірдей топтарды оқыту ісі женілдейді.
Сондықтан да мұғалімдерге саралап - даралап оқыту технологиясын қазақ тілі сабағында пайдаланған өте тиімді.
Сонымен қатар, қазақ тілі сабағында оқушылардың өздік білімділігін, қабілетін қалыптастыру үшін «Ұжымдық оқыту технологиясын» да қолдануға болады.
Осы технология оқушының қабілетін дамытуға, еңбек етуге баулып, ынтымақтастық, ұйымшылдық қабілеттерін оятуға тәрбиелейді. Өзін –өзі басқаруын қалыптастырып, байқампаздыққа таратады.
Оған мынадай басты талаптар қойылады:
-
әр оқушының еңбектенуі және оның еңбегін пайдаға жарату; -
өзінің еңбегімен қоса басқаның да еңбегіне жауапкершілікпен қарау; -
өзі оқи отырып, қасындағы оқушыны да оқыту; -
серіктесінің түсінбегенін түсіндіріп көмектесу; -
әрбір оқушы кезектесіп (ауысып)не оқушы, не мұғалім болады; -
әр оқушы кезек тәртібін сақтап барлығын үйретеді, ал жұп жекеше түрде барлық мүшесін үйретеді.
Әдістеменің ерекшелігі:
-
жекелеу оқыту; -
қасындағы оқушымен жұптасып оқыту; -
топпен оқыту; -
ұжымдық оқыту.
Бұл технологияның тиімділігі сол, жаңа тақырыпты оқушылар шығармашылық ізденіс үстінде өздігінен меңгеруі тиіс. Сондықтан сабақтарда оқушылардың ынтасын, белсенділігін арттыру үшін, оларға мәселелік сұрақтар қойылып отырады. Тақырып бойынша жасалған деңгейлік тапсырмалар жүйесі дамыта оқыту идеясын жүзеге асыруға мүмкіндік береді, өйткені ол білім сапасының дамуын қамтамасыз етеді.
Оқушылардың білімін жүйелі түрде меңгеруіне және жеке оқушының қабілет деңгейлерін дамытуда “Сын тұрғысынан ойлау”, “Модульдік оқыту ” технологияларын күнделікті сабақтарымда қолданамын. Сын тұрғысынан ойлау – сынап қарау емес, оқушының шыңдалған ойлау әрекеті.
Негізгі мектеп оқушыларының оқытуда тиімді әдістерді пайдалана арқылы оқушының білімге деген қызығушылығын арттырады, терең ойлау қабілетінің белсенділігін қалыптастыруға болады. Бұған дейін оқушы мұғаліммен оқулыққа ғана бағынатын тыңдаушы ғана еді, енді ол сын тұрғысынан ойланып, өз ойын дәлелдей алатын. Сынып оқушылары топпен, жұппен жұмыс істей арқылы өзара пікірлесіп, ең ұтымды жауапты тауып айтуға үйренеді. Берілген сұраққа тынымсыз іздене отырып, әр оқушы өз ойын еркін айтуға, оны дәлелдеп, қорғай білуге мүмкіндігі бар.
Оқушының белсенділігі, ауызша, жазбаша жұмыстарға, бақылау-бағдарлауға, практикалық тәжірибе жұмыстарына, бір сөзбен айтқанда, оқу процесінің барлық кезеңіне қажет. Бұл жерде оқушының белсенділігі ұғымы мен өз бетінше істейтін жұмыстары дегенді ажырата білу керек.
Бұдан шығатын қорытынды:
1) Оқушылардың өзіндік жұмыс істеуі үшін белгілі дәрежеде олардың ой белсенділігі, дербестігі керек.
2) Оқушылардың өзіндік істейтін жұмыстары олардың ой - әрекет дербестігін, жұмыс дағдыларын қалыптастырады. [14,63]