Файл: Курсовая работа ( проекта) Издание басылым 032018 Стрбет из.docx
Добавлен: 06.12.2023
Просмотров: 125
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
«Шығармашылық» сөзінің төркіні «шығу», «ойлап табу» дегенге келіп саяды. Көрнекті психолог Л. Выготский шығармашылық деп жаңалық ашатын әрекетті атаған. Ал Я. Пономарев оны даму ұғымымен қатар қояды. Соңғы жылдары шығармашылық сөзімен жаңалық, бастамашылық, белсенділік ұғымдары астарлас қолданылып жүр. Сонымен, осылайша ғалымдардың берген түсініктерін талдап негіздей отырып, біз шығармашылықтың мәніне мынадай анықтама береміз: шығармашылық – бұл жеке тұлғаның қойылған міндеттерді шешуде немесе бір нәрсені жетілдіруде белсенділік пен дербестік таныта отырып, өмірде болмаған тың жаңалықтарды туындататын мақсатты іс-әрекеті. Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуда логикалық тапсырмалардың да маңызы зор. Логикалық тапсырмалар оқушыларды белсенділікке тәрбиелеуге, өз бетінше іздене білуге дағдыландыру, икемділік пен шеберлікке баулу мақсатында пайдаланылады.
1-2 логикалық тапсырма???
2.1 Қазақ тілі сабақтарындағы оқушылардың шығармашылық-ізденіс жұмыстары
Педагогикалық әдебиеттерде шығармашылық-өзіндік жұмыс түрлерін әр түрлі тұрғыдан қарастырып, төмендегідей жіктейді:
1) ұйымдастыру түрлеріне қарай: ұжымдық, топтық, жеке-дара жұмыс;
2) мақсатқа бағытталу сипатына байланысты: теориялық және практикалық;
3) логикалық бағыттылығына байланысты: фактілерді бақылау және ұғымның белгілерін айрықшалау, құбылыстар арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды анықтату; өз бетімен игерген оқу материалындағы ұғымдарды анықтау және игергендерді жинақтау; кейбір типтес құбылыстарды айрықшалау; фактілер арасындағы байланысты анықтау;
4) іс-әрекеттің сипаты бойынша: репродуктивті (қайталаушы), реконструктивті-вариативті, жартылай ізденісті және зерттеушілік (шығармашылық) өздік жұмыс;
5) танымдық үдерістегі қолдану орнына байланысты: жаңа білімді қабылдау және игеру үшін арналған; алынған білімнің негізіндегі өзіндік жұмыстар; бекітуге бағытталған; білімі мен білігін жүйелеп, жалпылауға бағытталған; қайталау мен білім, білік және дағдыны тексеруге арналған өздік жұмыс түрлері;
6) мұғалім тарапынан жасалынатын жетекшіліктің сипатына, нәтижелеріне бақылау жасау тәсілдеріне байланысты шартты түрде мынандай түрлерге бөлуге болады: негізгі сабақ үстінде жүргізілетін өзіндік жұмыстар;
7) жоспар бойынша жүргізілетін жұмыстар, шығармашылық жұмыстар, сынақтар мен емтихандар түрінде орындалатын өзіндік жұмыстар;
8) оқу және шығармашылық сипаттағы үй тапсырмаларын орындаудағы сабақтан тыс өздік жұмыстар;
9) оқушылардың өздік жұмыс істеу (дербестілік) деңгейіне қарай:
- еліктеу,
- жаттықтыру,
- шығармашылық,
- зерттеу өзіндік жұмыстары.
Ғылыми-зерттеулерде оқушылардың өзіндік істейтін жұмыстары:
1) оқушылар орындайтын іс-әрекет түріне;
2) ол әрекеттердің шығармашылық сипатына;
3) оқушылардың ойын қалыптастыруда атқаратын рөліне;
4) білім алу жолына;
5) ұйымдастыру формасына қарай сипатталады. [6,102]
Дидактикамен айналысушы ғалымдар оқушылардың оқыту процесіндегі өздік жұмыстарын танымдық әрекет тұрғысынан талдай келе әрбір оқу пәнінің мазмұндық-логикалық ерекшелігіне қарай оның 4 типін анықтады.
1) Үлгі бойынша өзіндік жұмыстар. Бұл жұмыстар – мазмұны әр түрлі материалдарды пайдаланып ұйымдастырылатын жаттығулар.
2) Өзгертіп, қайта құрап жинақтайтын тәжірибенің, білімнің, дағдының негізінде орындалатын практикалық-интеллектілік жұмыстар.
3) Өзіндік істейтін вариантты жұмыстар. Бұлар ғылыми білімді қолдана білуге арналады, проблемалық мазмұнда болады. Жаңадан білім алу, логикалық қорытынды шығару талаптарын тудырады. Оқушылардың бұл жұмыстары тақырып аралық, пән аралық сипатта болып келеді.
4) Өзіндік істейтін шығармашылық жұмыстар. Ол ой мен іс-әрекеттің толық дербестігін қажет ететін жұмыс түрі, яғни өзіндік жұмыс істеудің ең жоғарғы сатысы болыр табылады.
Бұл аталған өзіндік жұмыстарды әрекет сипатына қарай жаттығу, зерттеу, шығармашылық жұмыстар деп топтастыруға болады.
* Жаттығу жұмыстары. Жаттығу деп – белгілі бір дағдыны, іскерлікті немесе ереже-анықтаманы, әдісті т.б. үйрену, меңгеру үшін, бір істі қайталап істеуді айтамыз. Оқыту процесіндегі оқушылардың еңбектерінің бірқатары осындай түрлі жаттығу жұмыстарына жатады.
* Зерттеу сипатындағы жұмыстар. Оқушылардың ойын дамыту, белсенділігі мен дербестігін қалыптастыру, өз бетінше жұмыс істеуге үйретуде зерттеу элементтері бар проблемалық тапсырмалардың орны ерекше.
Мектептерде сабақ процесінде проблемалы тапсырмалар арқылы оқушылардың өз бетінше жұмыстарын ұйымдастырудың мұғалімнің баяндауына ғана құрылған оқудан көп айырмасы, артықшылығы бар.
Біріншіден, проблемалы тапсырмалар сабақтағы қорытындылардың қандай және қалай пайда болатындығын оқушылар үшін дәлелді етеді, осы арқылы білім нанымды және сапалы меңгеріледі.
Екіншіден, проблемалы тапсырмалар оқушыларды ғылыми және логикалық ойлауға үйретеді, ғылыми іздену жолына бағыттайды.
Үшіншіден, проблемалы тапсырмалар эмоцияға молырақ әсер етеді, сондықтан балалардың оқуға қызығушылығын арттырады, білімге іштей құмартушылықты дамытады.
* Шығармашылық жұмыс. Әрбір зерттеу сипаты бар жұмыста азды-көпті шығармашылық еңбек, ал шығармашылық жұмыстың негізінде зерттеу жатыр. Оқушылардың өз бетінше жұмыстарын зерттеу сипатты жұмыстары мен шығармашылық жұмыстарын бөліп қарастыруда шарттылық бар. Бұлардың арақатынасын айқындау үшін, алдымен оқушылардың шығармашылық жұмыстары деп нені айтатынымызды қарастырайық.
Сонымен қатар, оқушылардың шығармашылық еңбегі – жаңа бір нәрсені жасай, табумен ғана шектелмейді, ол сол жаңаны табуға, жасауға жету жолын да қамтиды. [13,98]
Бір оқу жұмысы, мұғалімнің тапсырмасы болмасын, оны орындауда оқушының білімі мен дағдысы, қабілеті жұмсалатын және онан шәкірттің білімі мен іскерлік қабілеті көрінетін болса, сондай-ақ бұл еңбек оқушының осы қасиеттерін бір саты дамытатын болса, мұндай істердің бәрін шығармашылық жұмысқа жатқызамыз.
Машықкерлік тәжірибемде оқыту барысында алдыма қойған мақсатым:
- рухани бай, жан-жақты, түсінігі мол, өзін-өзі басқаруға, бір-бірінің пікірін тыңдап, бағалай білуге қалыптастыру;
- қазақ тілі сабағында оқушылардың қабілетін арттыру және дамытудың тиімді әдісін қалыптастыра білу;
- ойын ажарлап ашуда тіл шеберлігіне мән беру;
- қосымша әдебиеттер оқып, білімді күнделікті толықтыру;
- «сенің қолыңнан келеді», «сенен үміт күтеміз» деген сөздермен үнемі шабыттандырып отыру;
- үй тапсырмасын беруде оқушы бейімділігін, қабілетін ескеру.
Өзім жүргізетін сабақтарда оқушыларға бес түрлі деңгейде тапсырма беремін.
Оның бірінші деңгейінде мәтінді түсініп оқып, мазмұнын айта білу;
Екінші деңгейінде мәтін ішіндегі синоним, омоним, антонимдерді тауып, дәптерге тіркеу;
Үшінші деңгейінде синоним, омонимдермен сөйлемдер құрастыру;
Төртінші деңгейінде мәтінге деген өз көзқарасы, оны өз ойымен аяқтау, баға беру;
Бесінші деңгейінде мәтінге байланысты өз шығармашылығы бойынша жұмыстар жүргізу. Міне, осы әдістерден кейін тапсырмаларды орындау -шығармашылық жұмыстың бастамасы болмақ.
Қазақ тілі сабақтарында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыруда мына жолдарды есте ұстанған жөн:
1. Сабақты халық педагогикасымен ұштастыра отырып оқыту.
Оқыту мен тәрбиенің қайнар көзі - халықтық педагогика. Балаларды халықтық салт-дәстүрді, әдет-ғұрыпты қастерлеп, құрметтеуге үйреткен, тәрбиелеген абзал. Халық педагогикасының түрлерін сабақта пайдалану - оқушылардың сабаққа қызығушылығын, белсенділігін, шығармашылық қабілетін дамытуда өте тиімді екені мәлім;
2. Өнермен байланыстыра оқыту. "Әнге әуес, күйге құмар бала жаны сұлу, өмірге ғашық болып өседі" (Мұхтар Әуезов).
Көркемөнердің бір саласы болып келетін әдебиет пәнінің де, қазақ тілі пәнінің де басты құралы - сөз өнері. Ендеше "Әдебиет, қазақ тілі мен өнерді" байланыстыра оқытуды жүйелі түрде сабақ барысында қолдану нәтижесі жоғары жетістіктерге жетелейді;
3. Пікірталас түрлерін пайдалана отырып оқыту (пікір алмасу, ойталқы, ойкөкпар, пікірсайыс, т.б). Пікірсайыс сабақтарын өткізу үшін алдымен жақсы жағдаят бола алатын тақырып таңдалғаны жөн. Тақырып сәтті таңдалған уақытта оқушылардың этикалық-эстетикалық талғамын оятып, сезіміне әсер етіп, білім іскерліктерін, шығармашылық мүмкіндіктерін дамыта аламыз.
4. Сыныптан тыс шығармашылық жұмыстарды өткізу (Мысалы: "Қазақ тілі көшбасшысы" зияткерлік сайысы, грамматикалық ойындар, «ыстық орындық» ойыны, т.б.). Осы орайда оқыту үдерісін ұйымдастыру, дәстүрлі, дәстүрлі емес түрлерін қолдану, сыныптан тыс жұмыстардың әсерлігін арттыру — оқушы қабілетін анықтауға негізделген маңызды әрекеттер екені сөзсіз.
5. Ғылыми-зерттеу жұмысына баулу, бағыттау. Оқушыларды ғылыми жұмысқа баулудың басы оларды өз беттерімен орындалатын зерттеу, іздендіру бағытындағы тапсырмаларға төселдіруден басталады.
Шеберлік - сөздің орнын таба білу. Әрбір сабақ басталар алдында оқушыны қызықтырып әкететіндей кіріспе ойлап табу керек. Бейнелі сөздер, қызықты мәлімет, тартымды үзінді оқу мұғалімнің шеберлігіне байланысты.
Біздің мақсатымыз - мұғалімді тыңдап қана отыратын, сұрасаң ойын емес, бойын көрсететін оқушы емес, керісінше, өз пікірін ашық айтып, тыңдаушысын нандыра алатын, ана тілінің асыл маржандарын өз шығармашылығында қолдана алатын жеке тұлға, азамат даярлау. Шығармашылық қабілетті дамыту мәселесі қай кезде де ойшылдар мен ғалымдардың назарындағы нысан болып келеді. Психологтар шығармашылық қабілетті дамытуды тұлғаны дамытудың ең басты тетіктерінің бірі ретінде қарастырады, өйткені шығармашылық іс-әрекеттің нәтижесі оның қайталанбайтындығымен, бірегейлігімен ерекшеленеді.
Қазақ тілі сабағында оқушыларды шығармашылық жұмыстарға жетелеуде жазба жұмыстарының маңызы зор. Жазба жұмыстары - оқушының іс-әрекетіне негізделген ой еңбегі, шығармашылық ізденісінің жемісі, білімінің көрінісі. Қазақ тілінде жазба жұмыстары арқылы шығармашылық жұмыстарға қол жеткізу - мұғалімнің де шеберлігін талап ететін өнімді ізденіс. Қазақ тілінде жүргізілетін жазба жұмыстарының мақсатын профессор А.Жапбаров төмендегіше көрсетеді: «Жазу жұмыстарын жүргізудегі басты міндет - шәкірттерді кітаппен жұмыс істей алуға, өздігінен іздене білуге, өмірден көрген, тұшынған мәселелерге байланысты пікірін дұрыс жеткізіп, ой-түсінігін, сезімдік әсерлерін нақты тұжырымдап жаза алуға үйрету болуға тиіс».
Тілді оқытуда жүргізілетін жазба жұмыстары оқушылардың жазылым әрекетін қалыптастырады. Осы әрекетті орындау үшін жазба жұмыстарының бірнеше түрлері қолданылады. Жазба жұмыстарының түрлеріне жаттығулар, түрлі мәтіндер, диктант, мазмұндама, шығарма, т.б. жатады. Жазба жұмыстарының бұл түрлері өтілген әр тақырыптың ыңғайы мен мазмұнына сәйкес белгіленіп, оқушылардың теориялық білімдерін нығайту, шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында жүргізіледі, яғни, жазба жұмыстары бұрын өтілген грамматикалық материалдарды оқушылардың санасына тұрақтандырып, ақыл-ой әрекеттері арқылы тиянақты меңгеруге бағытталады.