Файл: Курсовая работа ( проекта) Издание басылым 032018 Стрбет из.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Курсовая работа

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 06.12.2023

Просмотров: 126

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Оқушылардың шығармашылық әрекеті мен танымдық қабілеттерін арттыруда мәтіннің алатын орыны ерекше. Мәтіндерді оқу, талдау барысында оқушылардың оқиғаға қатысты өз ойларын жеткізулеріне, әңгіме кейіпкерінің қылықтарын бағалай білуіне, автордың оқиғаға қатысы, көзқарасы қандай екендігін анықтай алуына назар аударылуы тиіс.

Жаттығулар мақсатына қарай тіл дамыту, тіл ұстарту, сөз мәдениеті құралдарын қолдану жаттығулары деп, ал тапсырмалар сипатына қарай ізденімдік, проблемалық және шығармашылық болып бөлінеді.

Проблемалық және шығармашылық тапсырмалар оқушылардың ойлау, танымдық, қатысымдық қабілеттерін дамытуға бағытталады. Бұл жұмыстарда мәтіндерді редакциялау, мәтін бойынша өзгеше нұсқа құру, эссе, шағын шығарма жаздыру секілді жұмыстармен қатар жоба жасау, проблемалық жағдаяттарды шешу, сөзжұмбақтар және т.б. әрекеттер қамтылады.
Жазба жұмыстарының ішінде оқушылардың өзіндік ойын, тілін қалыптастырудағы жұмыс түрі шығарма болып табылады. Ол - оқушылардың шығармашылық еңбегі.Оқушыға шығарма жазғызудағы мақсат - оның ойын, пікірін әдеби тілмен жатық, сауатты жаза білуге және шығармашылық ізденіске баулу, логикалық ой өрісін кеңейтуге машықтандыру.

Көркем мәтінді меңгертуде жиі қолданылатын жазу жұмыстарының бірі - мазмұндама. Мазмұндама жаздыру арқылы оқушылар оқыған мәтінді қабылдап, сол қабылдағандарын қайта жаңғыртуға тиіс және естерінде қалған мәліметтерді өз сөздерімен жазып беруге дағдыланады, сөз тіркесін құру, сөйлем құрау шеберлігіне жаттығады. Мазмұндама жазу арқылы бірқатар сөз тіркесі мен сөйлемдер, бейнелі сөздер оқушының есінде қалады, оқылған мәтінді қайта жаңғырту үшін сөздер мен сөйлемдерді бір — бірімен байланыстыруға жаттығады.

Мазмұндама жаздыру- оқушылардың тілдік материалдарды орынды қолдана білуге, жазбаша сөйлеудің ерекшелігі мен мәтіннің синтаксистік құрылысын меңгертуге, ең бастысы - қайта жасау қиялын дамытуға игі ықпал етеді. Осындай білім дағдыларын қалыптастыруда мазмұндаманың мынадай түрлерін жүргізуге болады: дайын мәтін бойынша мазмұндама, сурет бойынша мазмұндама, аяқталмаған мәтін бойынша мазмұндама. Жазба жұмыстары оқушылардың танымдық белсенділіктерін, ойлау жүйесін арттыруға көмектеседі. Жазба жұмыстарынан әр баланың өзіндік көзқарасы, эстетикалық және адамгершілік танымы, эмоциясы, пікірі, талдау, қорытындылау, салыстыра білу және одан қорытынды жасау қасиеттері байқалып тұруы қажет.

1.Шығарма жаздыру – дәстүрлі оқытуда да, тәжірибеде де ежелден келе жатқан әдіс. Оқытуды технологияландыру кезеңі оныњ тың жолдарынан, ұтымды әдістемесінен ізденуді талап етеді. Оқушылардың өз бетімен жұмысына негізделген шағын шығарма түрлері арқылы оқушының өз бетімен жұмыс жүргізуі – сол тың жолдардың бірі.


Оқушылардың өзіндік орындайтын жұмыстарының ішінде шығарма басты орын алады. Шығармадан оны жазған жеке оқушының өзіндік даралығы: жазып отырған тақырыбына көзқарасы, түсінігі, ой-пікірі, бұларды өзінше дәлелдеп жеткізу ерекшелігі айқын танылады. Оқушылардың өз бетінше жұмыстарында шығарма жұмыстары тақырыбы жағынан дұрыс таңдалып алынатын болса, оның оқушылар үшін білімдік те, тәрбиелік те маңызы зор.

Шығарма жазу оқушылардың шындыққа нақты қатысын қалыптастырады, еңбек үсінде өздерінің ой өрісін, тіл байлығын, шамаларын байқауына жағдай жасйды. Өз күшіне сенімін арттырады. Сонымен бірге шығарма мұғалімнің оқушының жеке басын: ерекшелігі мен икемділік қабілетін т.б. тануын да үлкен мүмкіндік береді.

2. Диктант жаздырту. Диктант дәстүрлі оқыту үрдісінде де ежелден келе жатқан жазба жұмыстардың бір саласына жатады. Диктанттың бірнеше түрі іс-тәжірибеде пайдаланылып келеді.

Олар: терме диктанты, бақылау диктанты, көру диктанты, түсіндірмелі диктант, сөздік диктанты, өздік диктанты, ескерту диктанты, ерікті диктант, шығармашылық диктант.

Диктанттарды жүргізудің басты мақсаты төмендегідей сараланады:

1) қазақ тілінен алған білімдерін тәжірибеде пайдалана білу дағдыларын жетілдіру;

2) сауаттылыққа, жазу мәдениетіне баулу;

3) көркем мәтін негізінде әдеби тілдерін ұстарту;

4) білімді өз ізденістері арқылы алу, өзін-өзі тану іс-әрекеттерін ұйымдастыру;

5) тіл дамытуға негізделген шығармашылық диктанттар технологиясын жетілдіру. [6,79] 

Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту жұмыстарын қазақ тілі сабағында түрлі тапсырмалар, ойын түрлерін жүргізу арқылы жүзеге асырылады. Сондай тапсырмалардың бірі «Сөйлемдерді толықтырып жазу». Бұл тапсырманы орындау үшін бір тақырып аясында бірнеше қысқа сөйлемдер беріледі. Сол сөйлемдерді толықтыру мақсатында бірнеше сұрақтар беріледі.

       Сөйлем                                                      Сұрақтары :

1.Жапырақтар түсіп жатыр.            Қандай жапырақтар түсіп жатыр?

2.Жел соғады.                                   Қандай жел соғады?

3.Бұлт  торлаған.                              Нені, қандай бұлт торлаған?

4.    Жаңбыр жауа бастады.                 Қалай жаңбыр жауа бастады?

5.    Адамдар жылы киіне бастайды.  Қашан адамдар жылы киіне бастайды?      

                                             

                                          

Күз.

Сарғайған жапырақтар жерге түсіп жатыр. Суық жел соғады. Аспанды сұрғылт бұлт торлаған.  Тамшылай жаңбыр жауа бастады.Күзде адамдар жылы киіне бастайды.

 Осы берілген тапсырманың нәтижесінде берілген сұрақтарға толық жауап беру арқылы сөйлемдерді толықтырып, әңгіме құралады.

 Оқушыларының сауатты жазу дағдыларын жетілдіру мақсатымен әр сабақта сөздік диктант жүргізіледі. Ол сөздердің дұрыс жазылуын меңгертіп қана қоймай, осы сөздер бойынша мәтін құрастыруға тапсырма берілді. Мысалы, саябақ,  ағаш, құс, гүл, балалар, әткеншек, экскурсия сөздерімен мынадай мәтін құрауға болады: Біздің қаламызда бірнеше саябақ бар. Онда ағаштар мен  гүлдердің түрлері өте көп. Балалар саябаққа барғанды ұнатады. Өйткені онда әр түрлі әткеншекрер бар. Жаз айларында біз саябаққа сыныптастарыммен бірге экскурсияға бардық

Оқу-тәрбие үдерісінде дидиактикалық ойындарды қолдана отырып оқушылардың тілін дамытуға, ойын, қиялын ұштауға, сөздік қорын байытуға, жан-жақты дамыған шығармашыл тұлға тәрбиелеуге   мүмкін туады.  Әр сабақ үрдісінде қандай ойын қолдануға болатынын сабақтың мақсатына, жас ерекшелігіне сәйкес таңдау керек. Мысалы,  «Әріптерді жоғалтпа» ойынында оқушылар әр әріпті жаңылмай орнына қойып, жаңылтпаш сияқты айтып беруі керек. Сәл мүдірсе болды, оқушы ойын тәртібін бұзған болып, одан шығып қалады. Сондықтан ойын тәртібін бұзбау үшін алфавитті жақсы білу талап етіледі. Бұл ойынды балалар сабақтан шаршағанда, тақырыпты пысықтау кезінде, сондай-ақ олардың кейбірі дыбыстарды дұрыс атап, жаза алмаған кездерде пайдалануға болады.

         «Сөздерді тап» ойыны алдын-ала дайындалған сөздер қима қағаздарға жазылып таратылады. Әр оқушы  сөздің ішінен сөздерді табу керек. Бұлойынға оқушылардың мүмкіндігіне қарай 5-6 минут беріледі.

Қызметкер– қыз, қызмет, қеме, теке, етек;

Алдараспан – ал, аспан,нас, рас, пана, сана,дара, ара, сал, дала;

Таңертең – таң, аң,ер,ерте,ертең,тең;

Астана – ас, тана, тас, сана, аса, ана.

       «Жалғасын тап» ойыны. Тақтаға белгілі мақалдардан екіден сөздер жазылады.

1.     Гүл ...............

Қыз................

2.     Оқу............қазғандай.

3.     Ата.................

Ана.................

              «Бәйге» ойыны шапшаң ойлауға, жинақылыққа үйрету, тез, әрі дұрыс жауап бере білуге дағдыландырады. Бұл ойынның әр қатардан бір-бірден оқушы шығады.Ойын белгілі бір тақырыпты өткеннен кейін бекіту мақсатында жургізуге болады. Сұрақтарды қойылады, оқушылар тез әрі дұрыс жауап беру қажет. Әрбір дұрыс жауап- бір қадам алға жылжу.


Мысалы: «Сөз құрамы» тақырыбынан кейін мынандай сауалдар қоюға болады.

1. Сөз дегеніміз не?

2. Сөз құрамына не жатады?

3. Түбір дегеніміз не?

4. Қосымша дегеніміз не?

Ой шақыру. Мақал-мәтелдер жарысын ұйымдастыру. Өздері білетін мақал-мәтелдерді айту, мақал-мәтелдерден оқшау сөздерді табу.

Өз тапсырмаларыңды сал оқулықтардан???


Шығармашылық тапсырма: «Ел ертеңі-жастар» тақырыбында мәтін құрастыру, синтаксистік талдау жасау.

         Қазақ тілі сабағында шығармашылық  тапсырмаларды, ойын түрлерін пайдалану арқылы оқу танымдық белсенділіктің арта түсетініне, шығармашылық қабілеттерінің дамуына  үлкен ықпалы ететіндігі сөзсіз. Сондықтан оны күнделікті сабақ үрдісінде пайдаланудың заманымызға сай ұрпақ тәрбиелеуге пайдасы орасан зор.

Қайталау кезінде өткен білімді тек еске түсіріп қана қоймайды, оқушылар бұрын назарға алмаған мәселелерге жаңаша қарап, білімдерін толықтыра түседі. Мұғалім жұмыстың алдымен мақсатын айтады, оны орындаудың жолдарын түсіндіріп, нұсқау береді. Оқушылар ойларын жинақтап, тақырып бойынша пікір-сыр жазуға талаптанады.

1. Оқулық бойынша өзіндік шығармашылық жұмыс.

Жалпы кітап, оның ішінде оқулықтардың ең алдымен білімдік маңызы өте зор. Оқушыларды өзіндік жұмыс істеуге үйретуде оқулықпен қоса хрестоматия да – мұғалімнің көмекшісі. Сабақтың сапасын жақсартып, оқушылардың үлгерімін арттыру мәселесі сабақта оқулықтың рөлін көтерумен тікелей байланысты. Мұны тәжірибе айқын көрсетіп жүр. Өз тәжірибемде шәкірттеріме ең алдымен оқулықты сүю сезімін тәрбиелеуге тырыстым. Ол үшін бірінші сабақтан бастап-ақ балаларды жаңа оқулықтың мұқабасымен, оның аты және авторларымен таныстырып өттік. Сонымен қатар әрбір өтілетін тақырыптар бойынша оқушыларға қосымша түсіндірме сөздіктерді де пайдалануға тырыстырттық.

Оқулық пен қосымша кітаптарды сабақта пайдалану ісі, негізінен үш бағытта жүрді: а) жаңа материалды түсіндіру процесінде кітаптан нақты деректер келтіру қажет болғанда; ә) мұғалім теориялық материалды түсіндірмей тұрып немесе түсіндіріп болған соң, сол теориялық материалдарды игерту мақсатымен оқушыларға өз бетінше жұмыс жүргізген кезде; б) оқушылардың іскерлігі мен дағдыларын дамыту жөнінде оларға әртүрлі жаттығулар орындатқан уақытта оқулық пайдаланылды.

2. Оқулықты жаңа материалды өтумен байланысты пайдалану.

Оқушы өзіндік тек мұғалімнің көмегімен ғана емес, сонымен бірге кітап арқылы да толықтырып, кеңейтиіп отырады. Оқулықтарда мұғалімнің түсіндіруінсіз-ақ өз бетінше үйреніп, оқушылардың меңгеріп алуына болатын жеңіл материалдар кездесіп отырады. Міне, осыларды оқушылар кітап бойынша өзіндік үйренуіне үнемі баулып отырдым. Ол үшін әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолдандық. Оқулықта шебер де түсінікті жазылған материалдар аз кездеспейді. Сондай материалдарды баяндай келіп, оқушылардың көзін жеткізерліктей әсерлі болу үшін кейде кітапқа сүйендік: кітаптың ең тиімді жерлерін оқып беріп, оқушылардың назарын оқулықта келтірілген мысалдар мен ережелерге аударып отырады.


Жаңа материалды түсіндіріп болған соң сыныпқа «енді бұл мәселе туралы оқулықтарыңда не деген екен?» не «қандай мысалдар келтірген екен?» деп, оқулыққа бағыттадық. Кітаптың тиісті бетін, параграфын, абзацын көрсеттік. Осыдан кейін әлгі материал оқылып, бойынша қорытындыланды. Кей кездерде жаңа материалды түсіндіргенде, жеңілдеу ескертулерді қалдырып кетіп, оларды сол сабақтың үстінде оқушыларға оқулық бойынша өзіндік меңгеруді міндеттедік. Оқулықтағы ең маңызды, ауыр деген кейбір ұғымдар мен ережелерге назар аударып, оларға сүйеніп отыру да жақсы нәтижелер берді. Кей кездері жаңа материалды түсіндіргенде оқулықтағы жаттығуды орындату, жаттығу жинақтары, сөздіктерді пайдалану жұмыстарымен ұштастырдық.

3. Теориялық материалды түсіндіру алдында не соңында өткізілетін өзіндік шығармашылық жұмыс. Оқушылардың оқулық бойынша істейтін өзіндік шығармашылық жұмысы көбінесе жаңа материалды түсіндіріп болған соң жүргіздік. Бұл жұмысты өткізбес бұрын, оқушылармен әңгімелесе отырып, олардың жаңа материалды қаншалықты түсінгенін айқындау керек. Егер оқушылардың жауабында кемшіліктер болса, өздерінше таптыртып, түзеттірдік. Оқулық бойынша өзіндік істейтін жұмыстарды былай топтайды:

1) Оқытылған материалдағы негізгі ойды айқындап, оны оқулықтан оқып беру не өз сөзімен баяндап шығу.

2) Айқындалған негізгі ойды дәлелдірек өз мысалдарымен келтіру. Көркем әдебиет бойынша мысалдар теріп жаздырту.

3) Тұтас материалдарды немесе оның жеке бөлімдерін төмендегіше түрде ауызша, жазбаша жоспарлау: а) сұрақтар түрінде; ә) жеке бөлімдерге ат қою; б) мәтіннен цитаталар келтіру; в) тезис жазу; г) тиісті орфограммаға байланысты сөздер мен сөйлемдер көшіріп жазу т.б. Тәжірибеде тапсырманы оқушылар қиналмай-ақ орындап отырды.

Тапсырманы көбінесе сыныпта тексердік. Ережені жатқа айтқызумен қатар, мысал келтіруін талап етіп отырдық. Мұндай жағдайда оқушылар жаңа материалды өз бетінше үйрене отырып, грамматикалық ереженің мәнін жақсы ұғып, берік игеріп алды. Ең бастысы, өтілген материалға байланысты мысалдарды сабақта өздеріне ойлап тапқыздық. Оларды көбінесе мектеп өмірінен немесе өздері оқыған, жаттап алған материалдардан келтіртуге тырыстырттық.

4. Әр алуан жаттығуларды орындағанда кітап бойынша жұмыс істеу. Жаңа материалды игерумен байланысты әр алуан жаттығулар жүргізу сияқты оқушыларға өз бетінше орындайтын тапсырмалар берудің маңызы зор. Ондағы мақсат – іскерлігі мен дағдыларын қалыптастырып, дамыта түсу.