Файл: Курсовая работа ( проекта) Издание басылым 032018 Стрбет из.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Курсовая работа

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 06.12.2023

Просмотров: 123

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Сондықтан ондай тапсырмаларды үйрету және тәрбиелеу сипатында болуы қажет. Оқушылардың кiтап бойынша жасайтын өзіндік жұмысы сабақ үстiнде жүзеге асырылады. Ол үшiн мұғалім жаңа материалды баяндап, оқушылардың бiлiмiн ауызша тексеруге уақытты мейлiнше үнемдей жұмсайды да, ал оқушылардың өз бетінше орындайтын шығармашылық жұмысына көбiрек көңiл бөліндi. Оқушылардың өз бетінше iстейтiн шығармашылық жұмысын күрделендiре түсу керек. Ол үшiн алуан тәсiлдiр колдануға болады.

Жаңа материалды түсіндiру процесiнiң өзiнде-ақ оқушылардың бұрынғы бiлiмдерiне сүйене отырып, жетекшi сұраулар қою арқылы олардың логикалық ойлау қабiлетiн жетiлдiре түсуге көмектесеміз. [13,56]

2.1 Оқушылардың шығармашылық жұмыстарын, шығармашылық құзыреттілігін дамыту жолдары

Оқушылардың орындайтын өздік шығармашылық жұмыстарын ұйымдастыруда саралай оқыту әрекеті – білім алуға бағыттаған әрекет. Ол өз бетінше әрі мұғалімнің жетекшілігімен жүзеге асады.

Кез-келген дамыған өндіріс қазіргі таңда шығармашылықпен жұмыс жасауды талап ететін адамды қажет етеді. Шығармашылықпен жұмыс жасайтын адамның негізгі іс-әрекеті ақыл-ойға, әрі алған білімді басқа таныс емес іс-әрекетте тасымалдай алуға негіздейді. «Шығармашылық» ұғымы жөнінде Қазақстан Республикасы Орта білімді дамыту тұжырымдамасында: «Шығармашылық — бұл адамның өмір шындығында өзін — өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түюі, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі қажет» - делінген.

Мектептегі оқу процесі оқушылардың іздемпаздығын, танымдылық белсенділігін арттырып, шығармашылық әлеуетін дамытуында жол ашуы қажет. Оқушылардың өзіндік жұмысының жоғары формасына олардың өз еркімен амал-тәсілдер қолданып жасайтын шығармашылық жұмыстары жатады.
Оқушылардың шығармашылығын, іздемпаздығын қалыптастыруда сыныптан тыс, жеке ұжымдық жұмыстар ұйымдастыруда шығармашылық, пәндік апталықтар мен ғылыми - шығармашылық апталық, жобалар, пәндік үйірмелер мен факультативтік сабақтардың маңызы зор. Барлық жұмыстарда оқушылардың қалауы, таңдауы мен ұсыныстарын ескеру қажет. Оқушылардың танымдық іздемпаздығы мен белсенділігін, шығармашылық бағыттылығына негізделген жұмыс түрлерін пайдалану - олардың танымдық қажеттіліктерін қанағаттандыра алады. Сондай-ақ мектептегі пәндік олимпиадалар, сайыстар, көркем өнер және техникалық көрмелер, түрлі шығармашылық кештер оқушылардың ізденіс қабілетін ұштап, дербес оң нәтижеге жетуге ықпал етеді.
Шығармашылыққа үйрету тұлғаның интеллектуалдық аспектісі ғана емес, оның психологиялық, мінез-құлық ерекшеліктерін де көздейді. Оған жігерлілік, жаңа жағдайларға бейімделуге икемділік, қаржылық пен табандылық, тәуелсіздік пен адамгершілік сезімі, ынтымақтастық, қажырлы еңбекке қабілеті, белгісіз жағдайдағы өзіне сенімділік, ақиқаты іздеудегі және қарым — қатынастағы адалдық жатады. Әр сыныптағы әр оқушыға байланысты мұғалім өзінің мақсатқа жету жолдарын іздейді. Ол оның үстіне басты шарты аталған қасиеттерді көрсетуге тырысады.

Оқушылардың жоспарлы жұмыс істеуге және өз жұмысының нәтижесін өзі тексеруге, оларды тапсырманы орындаудың тәртібі мен әдістерін анықтай білуге, сабақта, бір күнгі, апта ішіндегі, ай ішіндегі өз жұмысын жоспарлай білуге ұсынылған критерийлер негізінде өз жұмысының нәтижесін талдау мен бағалауға, сондай-ақ мұндай критерийлерді өздері жасауға үйретуді көздейді.


Шығармашылық сабақтың базалық негізін анықтауда әр жағдайда сабақтың үйлесімді үлгісі таңдап алынды. Шығармашылық сабақтың мақсаты оқушылардың өзіндік білімділік нәтижесін құру болып табылады. Оқыту сабақтарының шығармашылық сипаты оқушының танымдық белсенділігін оятып оның шығармашылық қабілеттерінің дамуына адамгершілік қасиеттеріне әсер етеді. Ұжымдық сабақтарда өзінің сыныптасының кемшілігін көруге өзгелердің ісінен сабақ алуға танымдық әлеуметтік ұстанымының қалыптасуына өз ортасының пікірінің әсері зор. Мұндай сабақтарда оқушылардың ұжымдық ой-пікірлері қалыптасады.
Сабақ үстінде ұжымдық шығармашылық қалыптасуы үшін оқушылардың міндеттерін көрсетсек:

- өзіндік пікірлерін дәлелдеу;
- пікірталастар мен талқылауларға қатысуы қажет;
- өзінің жолдасына мұғалімдерге сұрақ қоюы;
- жолдасының жауабыңа пікір айту;
- сыныптасының жауабы мен жазбаша жұмысын бағалау;
- үлгерімі нашар сыныптастарын оқытумен айналысу;
- үлгермеушілерге түсініксіз жерін түсіндіру;
- өз бетімен қиындау тапсырмаларды таңдау;
- танымдық тапсырманың шешімдерін табуда бірнеше нұсқасын көрсету;
- өзіндік бағалауға жағдай туғызу өзінің танымдық және практикалық әрекетін талдау;
- танымдық тапсырмаларды шешуде бұрыннан білетін әдісті қолдану арқылы орындау.

Оқушылардың шығармашылық белсенділігін қалыптастыруда сабақтарды түрленіп өткізудің маңызы ерекше. Мұндай сабақтардың тиімділігін атап өтсек: сабақ құрылымының ұйымдастырылуы сыныптағы оқушылардың іс-әрекетін бақылауға қолайлылық оқу - танымдық тапсырмаларды орындаудағы ұжымдық бірлескен әрекеттің жүзеге асуы, оқыту уақытының үнемделуі.
Шығармашылық сипаттағы сабақтар түрлерін жүйелі ұйымдастыру арқылы оқушылардың танымдық белсенділігі қалыптасып, ұстазы берген ақпаратты, іс-әрекет тәсілдері мен бағалау өлшемдерін қамтитын қоғамдық және ұжымдық тәжірибе тағлымдарын игеріп қана қоймай, оқушы барлық іс-әрекетте шығармашылық бағыт ұстанады, қабілет, білігін ұштай түседі.

Шығармашылық сабақтардың оқушылар үшін мынадай маңызды жақтары бар:

  • оқушының танымдық іздемпаздығы қалыптасады;

  • сұрақтарды, мәселелерді терең талдауға үйренеді;

  • шығармашылық ой — өрісі артады;

  • кітаппен жұмыс, көркем және ғылыми әдебиеттер, баспа материалдармен жұмыс істеу біліктерін қалыптастырады;

  • ұжымдық ой — пікірлері жетіледі, топ мүшелерін пікірлерімен ортақ тұжырым жасауға үйренеді;

  • мұғаліммен оқушылардың қарым — қатынасы ынтымақтастыққа болып, сенімділіктері артады;

  • оқушы өз ойын еркін айтуға, сөз мәдениетіне үйренеді;

  • білімін жүйелі түрде толықтыруға;

  • өз әрекетіне сын тұрғысынан қарауға;

  • тұжырым жасап қорытындылауға үйренеді;

  • оқу міндеттерін тиімді шешу мүмкіндігін тудырады.


Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуда сыныптан тыс жеке ұжымдық жұмыстар ұйымдастырудағы: шығармашылық ай, пәндік апталықтар мен ғылыми апталық, жобалар, пәндік үйірмелермен факультатив сабақтарының маңызы зор. Барлық жұмыстар оқушылардың қалауы бойынша жүргізіледі, оған әртүрлі сынып оқушылары қатыстырылуы мүмкін. Осындай жүргізген жұмыстар арқылы оқушылар өздерінің әртүрлі танымдық және шығармашылық сұраныстарын қанағаттандырады.

Бұл контексте болашақ мұғалімді жаңашыл педагогтердің инновациялық тәжірибесін шығармашылық ынтамен меңгеру және пайдалану арқылы даярлаудың келешегі зор деп ойлаймыз. Жаңашыл педагогтер оқушының жеке тұлғалық абройын барынша құрметтеуге, оның шығармашылық қабілеттері мен бейімділіктерін, өздігімен ойлау қабілетін дамытуға, жағымды эмоциональдық педагогикалық үрдісті қалыптастырып, одан педагогикалық зорлықтың барлық түрін аластатуға бағытталған ізгіліктік стратегиясымен сипатталады.

Олардың тәжірибесі мына ережелерге негізделеді:

  • оқытуды мұғалім мен оқушының өзара шығармашылық қарым-қатынасы ретінде қабылдау;

  • күрделі мақсат идеясы (оқушының алдына барынша күрделі мақсат қойылып, оны орындай алатындығына сенімін нығайту);

  • өзіндік талдау (оқушылардың жұмыс нәтижелерін жеке және ұжымдық талдау);

  • ерікті таңдау (мұғалімнің оқу материалының жақсы меңгерілуі мақсатында сабақ уақытын өз бетінше пайдалануы);

  • оқушылардың өзін — өзі шығармашылық басқаруы;

  • тәрбиеге жеке тұлға тұрғысынан қарау;

  • ата — аналармен ынтымақтастық құру.

Сонымен, жаңашыл педагогтердің инновациялық тәжірибесі тұлғаны дамытуда ізгілік және шығармашылық көзқарасқа негізделген әдістер мен жүйесін құрайды.

Оқушылардың шығармашылық қабілетін арттырып, ынталандыру үшін сабақтарды мынадай жолдармен өткізуге болады:

  1. Сабақта кең көлемде көрнекі құралдарды пайдалану;

  2. Сабақты түрлендіріп өткізу;

  3. Сабақта оқушылар өздері жасаған суреттер, схемаларды пайдалану;

  4. Техникалық құралдарды тиімді қолдану;

  5. Сабаққа қатысты бейнетаспаларды, фильмдерді көрсету.


Тәжірибеден байқағанымыз, бастауыш сыныптарда шығармашылықпен жұмыс істеуге үйренген оқушы жоғары сыныптарда шығармашылық жұмыстың қай түріне болсын бейім болады және дұрыс жол табу үшін дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелдеді шешімдер қабылдай білуге тырысады. Оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулып, олардың белсенділіктерін, қызығушылығын арттыра түсу үшін шығармашылық қабілеттерін сабақта және сабақтан тыс уақытта дамытуда мен мынадай әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолданамын:

РАФТ, ИНСЕРТ тб

Әдіс-тәсілдерді жаз???????????????? Қандай шығармашылық жұмыста қандай әдіс қолдануға болады?

Ұстаз бен оқушының субъект-субъектілік қатынасы негізіндегі оқу үрдісінде бірін-бірі толықтыру, қолдау жағдайында өтеді. Жаңашыл педагогтардың тəжірибелерінде бұл айқын көрініп тұрады. Бұл кезде ұстаз оқушылардың белсенділігі мен өз бетімен талаптануына, шығармашылық мүмкіндіктеріне сүйеніп, нəтижесін болжайды. Мысалы, Н.П.Гузиктің көзқарасында, білім шығармашылық арқылы жүзеге асырылады, ал В.Ф.Шаталовта əуелі білім, сонан соң шығармашылық, Е.Н.Ильин сыныпта барлық ұжымның шығармашылықпен жұмыс жасауына қолайлы атмосфера тудырып, əр баланың пікірін тыңдауға көңіл бөледі. Оқытудың белсенді əдістері дегеніміз - оқушының таным белсенділігі дəрежесін барынша көтеретін, талпына оқуға жетелейтін əдістер. Осы əдістермен жүргізілген сабақтар кезінде сынып оқушылары түгел қарқынды, қызығушылық жəне ерікпен ойлана отырып тыңдайды, бақылайды, оқиды, еңбек етеді.

Қабілеттің дамуы, дағдының қалыптасуы оқушының нақты іс-əрекеті арқылы орындалады. Ұстаз бен оқушының субъект-субъектілік қатынасы негізіндегі оқу үрдісінде бірін-бірі толықтыру, қолдау жағдайында өтеді. Жаңашыл педагогтардың тəжірибелерінде бұл айқын көрініп тұрады. Бұл кезде ұстаз оқушылардың белсенділігі мен өз бетімен талаптануына, шығармашылық мүмкіндіктеріне сүйеніп, нəтижесін болжайды. Мысалы, Н.П.Гузиктің көзқарасында, білім шығармашылық арқылы жүзеге асырылады [10], ал В.Ф.Шаталовта əуелі білім, сонан соң шығармашылық [11], Е.Н.Ильин сыныпта барлық ұжымның шығармашылықпен жұмыс жасауына қолайлы атмосфера тудырып, əр баланың пікірін тыңдауға көңіл бөледі [12]. Оқытудың белсенді əдістері дегеніміз - оқушының таным белсенділігі дəрежесін барынша көтеретін, талпына оқуға жетелейтін əдістер. Осы əдістермен жүргізілген сабақтар кезінде сынып оқушылары түгел қарқынды, қызығушылық жəне ерікпен ойлана отырып тыңдайды, бақылайды, оқиды, еңбек етеді.