Файл: Курсовая работа ( проекта) Издание басылым 032018 Стрбет из.docx
Добавлен: 06.12.2023
Просмотров: 121
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
- Диктант тақырыбы тақтаға жазылады да, алғашқы сөйлемнің бірінші сөзі жаңа жолдан басталатыны ескертіледі.
- Диктант мәтінінде кездесетін жазылуы қиын немесе ережелері өтілмеген сөздерді мұғалім үзілісте тақтаға жазып қояды.
- Диктант мәтінін мұғалім екі рет дауыстап оқып, жазылуы қиын сөздерді тақтадан қарап алуын ескертеді.
- Егер диктант мәтіні жеке сөздермен сөз тіркестерінен немесе байланысты сөздерден құралған болса, мұндай мәтіндердің әрбір сөзі мен сөйлемін мұғалім 3 рет қана қайталап оқиды.
Мұғалім оқушылардың түгелдей жазып отырғанан қадағалап, ең баяу жазатын оқушы бітісімен келесі сөйлемді оқиды.
- Оқушылар түгел жазып болғаннан кейін мұғалім мәтінді бастан аяқ тағы бір рет оқиды. Осы кезде оқушылар өз жазғандарын мұғалімге ілесе отырып тексереді. Қатесі болса түзетеді.
Осы сияқты жұмыс түрлерін жүргіздік. Енді осы өздік жұмысқа неізделен шығармашылық тапсырмалардың кейбіреуіне тоқтала кетейік.
І.Қате құрылған мәтінді, сөйлемдерді орын-орнына қойып, логикалық жүйелікті сақтап, қайта құрастырып жазу керек. Мысалы: Тышқан не айтарын білмейді де, жылды кім бұрын көрсе сол жыл басы болсын деп бір қулық ойлап табады. Ерте заманда хайуандар жыл басы болуға таласыпты. Өзі түйенің үстіне шығып, өркешіне мініп отырып алыпты.
Олардың әрқайсысы адамға тигізетін пайдасын айтып, өздерін жыл басы болуға лайықпын деп дәлелдейді. Түйе бойына сеніп құр қалыпты. Сонан соң тышқан жылды бәрінен бұрын көріп, хабар беріп, жыл басы болыпты.
Бұл жерде балаларға әдейі сюжеті таныс ертегі беріліп отыр. Мұның себебі, оларға ертегіні қалай басталып қандай оқиға болатынын, соңы немен аяқталатынын білетіндіктен, сөйлемдерді орын-орнына қойып, жүйелі түрде жазып беру жеңіл болады.
ІІ.Аяқталмаған мәтінді логикалық ойды бұзбай жалғастырып айту. Мысалы: Қоңырау соғылып, балалар үзіліске шықты. Келесі сабақ математика болатын. Мұғалім үйге қиын тапсырма берген еді. Сыныпта Мұраттан басқа ешкім қалған еді. Ол Айдостың отырған партасына барып, сөмкесін ақтара бастады. Оқиғаны әр бала бірін-бірі қайталамауға тырысып, өз ойларымен аяқтауға қажет. Әңгіме соңынан Мұраттың іс-әрекетіне баға беріледі. Мұраттың орнында сендер болсаңдар не істер едіңдер? деген сұраққа оқушылар дәлме-дәл нақты жауап беріп жатты.
ІІІ. Сөз туынды шешу, артық сөзді алып таста.
-
я,м,а,у,и,ғ,а (Мағауия) -
й,а,қ,ы,б,а,л (Ақылбай) -
қ,ш,у,ы,а,н,т,а (анықтауыш) -
о,й,а,д,а,ғ (одағай) -
й,ө,е,м,с,л (сөйлем)
Түсінік: Оқушы берілген әріптерден әр қатар бойынша бір-бір сөз шығаруы тиіс ол сөздерден мағынасы бөлегін шығаруы тиіс. Яғниартығыналыптастаукерек.
ІУ. Буынды тап.
-
жұм…ша (бақ) жұмбақша -
тыр…ша (нақ) тырнақша -
дом…ра (бы) домбыра -
қар…ғаш (лы) қарлығаш -
жел…сан (тоқ) желтоқсан
Түсінік: Оқушы бір-бір сөз шығаруы тиіс ол сөздерден мағынасы бөлегін алып тастау керек.
У. Мағыналас сөздер.
Берілгені Жауабы
-
Батыр… тоқым ер -
жылқы…есім ат -
аспан…түс көк -
әлем… зат дүние -
бәйге… айтыс жары
УІ. Сөз тізбектерін жазу (ассоциация)
-
мектеп… парта, орындық, мұғалім -
оқушы… дәптер, мектеп, кітап -
қазақ тілі… жаттығу, сөйлем, тыныс белгісі -
теледидар… үй, диван, ата-ана -
мұғалім… жаңа сабақ, жетекші, ақылшы
Түсінік: Оқушы берілген тапсырмаға қауымдасатын басқа да сөзде жазуы мүмкін, егер ол қауымдастыққа кіретін болса, берілген жауаптағыдай болу керек деген ұғым болмасын. Ол оқушыға, мұғалімге нұсқау ғана.
УІІ. Өздік жұмысқа неізделген тағы бір шығармашылық жұмыс түрі:
-
образға кіру, -
талдау және қиялдау, -
суырыпсалма ақын, -
диалог-ертегі, жұмбақ-мақалдар құрастыру.
Қорыта келгенде, зерттеу жұмысымда оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыру барысында икемділіктер мен дағдылары қалыптасып, біліктілігін дамытуды педагогикалық, психологиялық ғылымдар бойынша анықтап, оқушылардың өз бетінше жұмыс істей білу дағдыларын қалыптастыруда әр түрлі жұмыс түрлерін жүйелі жүргізудің нәтижесінде зерттеуге алынған сынып бойынша жоғары жетістіктерге жеттік. Оны мына көрсеткіш бойынша көруге болады.
Оқушылардың өздік жұмыс істеу дағдыларын қалыптастырудеңгейінің көрсеткіштері
Деңгейлер | Экспериментке дейін % | Эксперименттен кейін % | ||
БС | ЭС | БС | ЭС | |
Жоғары Орта Төмен | 9,2 20,7 35,1 | 10,6 25,4 39,0 | 20,4 26,0 38,6 | 29,3 41,6 33,1 |
Экспериментке дейінгі және эксперименттен кейінгі сараптаулар нәтижесі оқушылардың қазақ тілі сабағында өздік жұмыстарын ұйымдастыруға бағыттылған, қалыптасу деңгейі бақылау топтары мен эксперимент топтарында әрқалай жоғарылағанын көрсетеді.
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТІҢ ТІЗБЕСІ
1. Айсина М.А. Оқыту - білім мен тәрбие өзегі // Қазақстан мектебі.
– 2006. - № 2. – 28.
2. Алдабергенова Ж.Д. Оқу әдістерін тиімді қолдана білу // Сынып
жетекшісі. - № 2. – 35.
3. Ахатаева К.Б. Жоғарғы сынып оқушыларының өз бетінше жұмыстарды
орындау біліктілігін қалыптатыру / Алматы. -Автореферт.-2007. – 35б.
4. Боранбаева З.К. Әдіс – тәсілдер барысындағы оқушының іс-әрекеті
// Бастауыш мектеп. – 2000. - № 12. – 28 – 30.
5. Илина А. Педагогика / Москва. Проссвещение. – 1985. – 195.
6. Қазақ тілі бойынша оқу-әдістемелік кешен /А.Құрманова.,
Р.Молдағалиева., И.Қайырбекова., т.б. Қазақстан Республикасының Білім
және ғылым министрлігі, Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік
университеті. – 2008.-169б.
7. Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика /Алматы. – 2000. – 213 б.
8. Қасымбеков Ә. Қазақ тілі мен әдебиетін оқытуды жетілдірудің кейбір
жолдары /Алматы: «Мектеп». – 1989. – 200б.
9. Көшімбетова С.А. Оқу – тәрбие үрдісінде оқытудың инновациялық
әдіс – тәсілдерін пайдалану /Алматы. Білім жолы. – 2004. – 305б.
10. Мүшелбаева Н.Н. Оқытудың тиімді болуының мәні неде ? // Сынып
жетекшісі. – 2005. - № 3. – 35б.
11. Намысбаева Е.Н. Өзіндік жұмысты ұйымдастыру //Бастауыш мектеп.
-2004.-№4.-13-15б.
12. Оразбаева С.С. Оқушылардың сабақта өзіндік жұмысын ұйымдастыру
//Ұлағат.-2003.-№1.-21-22б.
13. Рахымбаева Н. Оқушылардың өз бетінше жұмыстарын сабақта
ұйымдастырудың жолдары // Бастауыш мектеп. – 1999. - № 10. – 30.
14. Рахметова Р.С. Қазақ тілін оқыту әдістемесі / Алматы. Ана тілі. – 1998.
– 180б.
15. Сүлейменова Р. Оқушылардың өздік жұмыстарын ұйымдастырудың
ерекшелігі //Хабаршы педагогикалық ғылымдар сериясы. – 2006. - № 1.
– 64б.
16. Табанбаева Ш.Е. Өзіндік жұмыс және шығармашылық еңбек //Қазақстан
мектебі. -2002.-№1.-18-19б.
17. Шоқай С.С. Оқушылардың шығармашылыққа итермелейтін – өздік
жұмыс // Бастауыш мектеп. -2006.-№2.-10-11б.
18. Ырысбаева Н.Н. Бастауыш сыныпта оқушыларыдң өзіндік жұмыстары
//Бастауыш мектеп.-2002.-№4.-8-9б.
19. Ырыздық А.А. Сабақтағы өзіндік жұмыстар //Бастауыш мектеп.-2007.
-№3.-17-18б.
20. Уатаева Э. Оқушылардың өз бетімен жұмыс істеу дағдыларын
қалыптастыру // Мектептегі технология. – 2007. – № 11. - 55б.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
1. Тұрғынбаева Б.А.Ұстаздық шығармашылық. Алматы: Ана тілі,2007.
2. Әбденбекқызы Ә. Оқушылардың көркем шығармашылық қабілетін дамыту. Алматы: Рауан, 2003.
3. Атыманова Қ.Ж. Балалрдың шығармашылық қабілеттерін дамытудың педагогикалық шарттары мен іс-әрекет бағыттары. // Бастауыш мектеп №5,2007.
ҚОСЫМША МӘЛІМЕТТЕР