Файл: Курсовая работа ( проекта) Издание басылым 032018 Стрбет из.docx
Добавлен: 06.12.2023
Просмотров: 166
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Таңертең – таң, аң,ер,ерте,ертең,тең;
Астана – ас, тана, тас, сана, аса, ана.
«Жалғасын тап» ойыны. Тақтаға белгілі мақалдардан екіден сөздер жазылады.
1. Гүл ...............
Қыз................
2. Оқу............қазғандай.
3. Ата.................
Ана.................
«Бәйге» ойыны шапшаң ойлауға, жинақылыққа үйрету, тез, әрі дұрыс жауап бере білуге дағдыландырады. Бұл ойынның әр қатардан бір-бірден оқушы шығады.Ойын белгілі бір тақырыпты өткеннен кейін бекіту мақсатында жургізуге болады. Сұрақтарды қойылады, оқушылар тез әрі дұрыс жауап беру қажет. Әрбір дұрыс жауап- бір қадам алға жылжу.
Мысалы: «Сөз құрамы» тақырыбынан кейін мынандай сауалдар қоюға болады.
1. Сөз дегеніміз не?
2. Сөз құрамына не жатады?
3. Түбір дегеніміз не?
4. Қосымша дегеніміз не?
Ой шақыру. Мақал-мәтелдер жарысын ұйымдастыру. Өздері білетін мақал-мәтелдерді айту, мақал-мәтелдерден оқшау сөздерді табу.
Өз тапсырмаларыңды сал оқулықтардан??? Оқулық авторын, бетін көрсет
Шығармашылық тапсырма: «Ел ертеңі-жастар» тақырыбында мәтін құрастыру, синтаксистік талдау жасау.
Қазақ тілі сабағында шығармашылық тапсырмаларды, ойын түрлерін пайдалану арқылы оқу танымдық белсенділіктің арта түсетініне, шығармашылық қабілеттерінің дамуына үлкен ықпалы ететіндігі сөзсіз. Сондықтан оны күнделікті сабақ үрдісінде пайдаланудың заманымызға сай ұрпақ тәрбиелеуге пайдасы орасан зор.
Қайталау кезінде өткен білімді тек еске түсіріп қана қоймайды, оқушылар бұрын назарға алмаған мәселелерге жаңаша қарап, білімдерін толықтыра түседі. Мұғалім жұмыстың алдымен мақсатын айтады, оны орындаудың жолдарын түсіндіріп, нұсқау береді. Оқушылар ойларын жинақтап, тақырып бойынша пікір-сыр жазуға талаптанады.
1. Оқулық бойынша өзіндік шығармашылық жұмыс.
Жалпы кітап, оның ішінде оқулықтардың ең алдымен білімдік маңызы өте зор. Оқушыларды өзіндік жұмыс істеуге үйретуде оқулықпен қоса хрестоматия да – мұғалімнің көмекшісі. Сабақтың сапасын жақсартып, оқушылардың үлгерімін арттыру мәселесі сабақта оқулықтың рөлін көтерумен тікелей байланысты. Мұны тәжірибе айқын көрсетіп жүр. Өз тәжірибемде шәкірттеріме ең алдымен оқулықты сүю сезімін тәрбиелеуге тырыстым. Ол үшін бірінші сабақтан бастап-ақ балаларды жаңа оқулықтың мұқабасымен, оның аты және авторларымен таныстырып өттік. Сонымен қатар әрбір өтілетін тақырыптар бойынша оқушыларға қосымша түсіндірме сөздіктерді де пайдалануға тырыстырттық.
Оқулық пен қосымша кітаптарды сабақта пайдалану ісі, негізінен үш бағытта жүрді: а) жаңа материалды түсіндіру процесінде кітаптан нақты деректер келтіру қажет болғанда; ә) мұғалім теориялық материалды түсіндірмей тұрып немесе түсіндіріп болған соң, сол теориялық материалдарды игерту мақсатымен оқушыларға өз бетінше жұмыс жүргізген кезде; б) оқушылардың іскерлігі мен дағдыларын дамыту жөнінде оларға әртүрлі жаттығулар орындатқан уақытта оқулық пайдаланылды.
2. Оқулықты жаңа материалды өтумен байланысты пайдалану.
Оқушы өзіндік тек мұғалімнің көмегімен ғана емес, сонымен бірге кітап арқылы да толықтырып, кеңейтиіп отырады. Оқулықтарда мұғалімнің түсіндіруінсіз-ақ өз бетінше үйреніп, оқушылардың меңгеріп алуына болатын жеңіл материалдар кездесіп отырады. Міне, осыларды оқушылар кітап бойынша өзіндік үйренуіне үнемі баулып отырдым. Ол үшін әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолдандық. Оқулықта шебер де түсінікті жазылған материалдар аз кездеспейді. Сондай материалдарды баяндай келіп, оқушылардың көзін жеткізерліктей әсерлі болу үшін кейде кітапқа сүйендік: кітаптың ең тиімді жерлерін оқып беріп, оқушылардың назарын оқулықта келтірілген мысалдар мен ережелерге аударып отырады.
Жаңа материалды түсіндіріп болған соң сыныпқа «енді бұл мәселе туралы оқулықтарыңда не деген екен?» не «қандай мысалдар келтірген екен?» деп, оқулыққа бағыттадық. Кітаптың тиісті бетін, параграфын, абзацын көрсеттік. Осыдан кейін әлгі материал оқылып, бойынша қорытындыланды. Кей кездерде жаңа материалды түсіндіргенде, жеңілдеу ескертулерді қалдырып кетіп, оларды сол сабақтың үстінде оқушыларға оқулық бойынша өзіндік меңгеруді міндеттедік. Оқулықтағы ең маңызды, ауыр деген кейбір ұғымдар мен ережелерге назар аударып, оларға сүйеніп отыру да жақсы нәтижелер берді. Кей кездері жаңа материалды түсіндіргенде оқулықтағы жаттығуды орындату, жаттығу жинақтары, сөздіктерді пайдалану жұмыстарымен ұштастырдық.
3. Теориялық материалды түсіндіру алдында не соңында өткізілетін өзіндік шығармашылық жұмыс. Оқушылардың оқулық бойынша істейтін өзіндік шығармашылық жұмысы көбінесе жаңа материалды түсіндіріп болған соң жүргіздік. Бұл жұмысты өткізбес бұрын, оқушылармен әңгімелесе отырып, олардың жаңа материалды қаншалықты түсінгенін айқындау керек. Егер оқушылардың жауабында кемшіліктер болса, өздерінше таптыртып, түзеттірдік. Оқулық бойынша өзіндік істейтін жұмыстарды былай топтайды:
1) Оқытылған материалдағы негізгі ойды айқындап, оны оқулықтан оқып беру не өз сөзімен баяндап шығу.
2) Айқындалған негізгі ойды дәлелдірек өз мысалдарымен келтіру. Көркем әдебиет бойынша мысалдар теріп жаздырту.
3) Тұтас материалдарды немесе оның жеке бөлімдерін төмендегіше түрде ауызша, жазбаша жоспарлау: а) сұрақтар түрінде; ә) жеке бөлімдерге ат қою; б) мәтіннен цитаталар келтіру; в) тезис жазу; г) тиісті орфограммаға байланысты сөздер мен сөйлемдер көшіріп жазу т.б. Тәжірибеде тапсырманы оқушылар қиналмай-ақ орындап отырды.
Тапсырманы көбінесе сыныпта тексердік. Ережені жатқа айтқызумен қатар, мысал келтіруін талап етіп отырдық. Мұндай жағдайда оқушылар жаңа материалды өз бетінше үйрене отырып, грамматикалық ереженің мәнін жақсы ұғып, берік игеріп алды. Ең бастысы, өтілген материалға байланысты мысалдарды сабақта өздеріне ойлап тапқыздық. Оларды көбінесе мектеп өмірінен немесе өздері оқыған, жаттап алған материалдардан келтіртуге тырыстырттық.
4. Әр алуан жаттығуларды орындағанда кітап бойынша жұмыс істеу. Жаңа материалды игерумен байланысты әр алуан жаттығулар жүргізу сияқты оқушыларға өз бетінше орындайтын тапсырмалар берудің маңызы зор. Ондағы мақсат – іскерлігі мен дағдыларын қалыптастырып, дамыта түсу.
Сондықтан ондай тапсырмаларды үйрету және тәрбиелеу сипатында болуы қажет. Оқушылардың кiтап бойынша жасайтын өзіндік жұмысы сабақ үстiнде жүзеге асырылады. Ол үшiн мұғалім жаңа материалды баяндап, оқушылардың бiлiмiн ауызша тексеруге уақытты мейлiнше үнемдей жұмсайды да, ал оқушылардың өз бетінше орындайтын шығармашылық жұмысына көбiрек көңiл бөліндi. Оқушылардың өз бетінше iстейтiн шығармашылық жұмысын күрделендiре түсу керек. Ол үшiн алуан тәсiлдiр колдануға болады.
Жаңа материалды түсіндiру процесiнiң өзiнде-ақ оқушылардың бұрынғы бiлiмдерiне сүйене отырып, жетекшi сұраулар қою арқылы олардың логикалық ойлау қабiлетiн жетiлдiре түсуге көмектесеміз. [13,56]
2.1 Оқушылардың шығармашылық жұмыстарын, шығармашылық құзыреттілігін дамыту жолдары
Оқушылардың орындайтын өздік шығармашылық жұмыстарын ұйымдастыруда саралай оқыту әрекеті – білім алуға бағыттаған әрекет. Ол өз бетінше әрі мұғалімнің жетекшілігімен жүзеге асады.
Кез-келген дамыған өндіріс қазіргі таңда шығармашылықпен жұмыс жасауды талап ететін адамды қажет етеді. Шығармашылықпен жұмыс жасайтын адамның негізгі іс-әрекеті ақыл-ойға, әрі алған білімді басқа таныс емес іс-әрекетте тасымалдай алуға негіздейді. «Шығармашылық» ұғымы жөнінде Қазақстан Республикасы Орта білімді дамыту тұжырымдамасында: «Шығармашылық — бұл адамның өмір шындығында өзін — өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түюі, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі қажет» - делінген.
Мектептегі оқу процесі оқушылардың іздемпаздығын, танымдылық белсенділігін арттырып, шығармашылық әлеуетін дамытуында жол ашуы қажет. Оқушылардың өзіндік жұмысының жоғары формасына олардың өз еркімен амал-тәсілдер қолданып жасайтын шығармашылық жұмыстары жатады.
Оқушылардың шығармашылығын, іздемпаздығын қалыптастыруда сыныптан тыс, жеке ұжымдық жұмыстар ұйымдастыруда шығармашылық, пәндік апталықтар мен ғылыми - шығармашылық апталық, жобалар, пәндік үйірмелер мен факультативтік сабақтардың маңызы зор. Барлық жұмыстарда оқушылардың қалауы, таңдауы мен ұсыныстарын ескеру қажет. Оқушылардың танымдық іздемпаздығы мен белсенділігін, шығармашылық бағыттылығына негізделген жұмыс түрлерін пайдалану - олардың танымдық қажеттіліктерін қанағаттандыра алады. Сондай-ақ мектептегі пәндік олимпиадалар, сайыстар, көркем өнер және техникалық көрмелер, түрлі шығармашылық кештер оқушылардың ізденіс қабілетін ұштап, дербес оң нәтижеге жетуге ықпал етеді.
Шығармашылыққа үйрету тұлғаның интеллектуалдық аспектісі ғана емес, оның психологиялық, мінез-құлық ерекшеліктерін де көздейді. Оған жігерлілік, жаңа жағдайларға бейімделуге икемділік, қаржылық пен табандылық, тәуелсіздік пен адамгершілік сезімі, ынтымақтастық, қажырлы еңбекке қабілеті, белгісіз жағдайдағы өзіне сенімділік, ақиқаты іздеудегі және қарым — қатынастағы адалдық жатады. Әр сыныптағы әр оқушыға байланысты мұғалім өзінің мақсатқа жету жолдарын іздейді. Ол оның үстіне басты шарты аталған қасиеттерді көрсетуге тырысады.
Оқушылардың жоспарлы жұмыс істеуге және өз жұмысының нәтижесін өзі тексеруге, оларды тапсырманы орындаудың тәртібі мен әдістерін анықтай білуге, сабақта, бір күнгі, апта ішіндегі, ай ішіндегі өз жұмысын жоспарлай білуге ұсынылған критерийлер негізінде өз жұмысының нәтижесін талдау мен бағалауға, сондай-ақ мұндай критерийлерді өздері жасауға үйретуді көздейді.
Шығармашылық сабақтың мақсаты оқушылардың өзіндік білімділік нәтижесін құру болып табылады. Ұжымдық сабақтарда өзінің сыныптасының кемшілігін көруге өзгелердің ісінен сабақ алуға танымдық әлеуметтік ұстанымының қалыптасуына өз ортасының пікірінің әсері зор. Мұндай сабақтарда оқушылардың ұжымдық ой-пікірлері қалыптасады.
Сабақ үстінде ұжымдық шығармашылық қалыптасуы үшін оқушылардың міндеттерін көрсетсек:
- өзіндік пікірлерін дәлелдеу;
- пікірталастар мен талқылауларға қатысуы қажет;
- өзінің жолдасына мұғалімдерге сұрақ қоюы;
- жолдасының жауабыңа пікір айту;
- сыныптасының жауабы мен жазбаша жұмысын бағалау;
- үлгерімі нашар сыныптастарын оқытумен айналысу;
- үлгермеушілерге түсініксіз жерін түсіндіру;
- өз бетімен қиындау тапсырмаларды таңдау;
- танымдық тапсырманың шешімдерін табуда бірнеше нұсқасын көрсету;
- өзіндік бағалауға жағдай туғызу өзінің танымдық және практикалық әрекетін талдау;
- танымдық тапсырмаларды шешуде бұрыннан білетін әдісті қолдану арқылы орындау.
Оқушылардың шығармашылық белсенділігін қалыптастыруда сабақтарды түрленіп өткізудің маңызы ерекше. Мұндай сабақтардың тиімділігін атап өтсек: сабақ құрылымының ұйымдастырылуы сыныптағы оқушылардың іс-әрекетін бақылауға қолайлылық оқу - танымдық тапсырмаларды орындаудағы ұжымдық бірлескен әрекеттің жүзеге асуы, оқыту уақытының үнемделуі.
Шығармашылық сипаттағы сабақтар түрлерін жүйелі ұйымдастыру арқылы оқушылардың танымдық белсенділігі қалыптасып, ұстазы берген ақпаратты, іс-әрекет тәсілдері мен бағалау өлшемдерін қамтитын қоғамдық және ұжымдық тәжірибе тағлымдарын игеріп қана қоймай, оқушы барлық іс-әрекетте шығармашылық бағыт ұстанады, қабілет, білігін ұштай түседі.
«Білімнің қайнар көзі сарқылмайды, білім жолында адамзат қандайлық зор табыстарға ие болса да, адамдар ізденуден, ақиқатты ашудан және танып білуден еш айнымайды», - деп Иван Александрович Гончаров баға берген екен [12,25б]. Кез келген сабақты оқытуда түрлі әдіс-тәсілдерді пайдалануға болатыны белгілі. Ол әдіс-тәсілдер сабақтың дұрыс өтуіне, уақытты да тиімді пайдалана алуға көптеп септігін тигізетіні де жалған емес-ті. Ең бастысы, оқушының бойындағы шығармашылық құзіреттілікті де толықтай қалыптастыруына септігін тигізетіні анық.
Мысалы, кез келген сабақты ұйымдастыру барысында алдымен тақырыпқа шолу жасау арқылы немесе сабаққа кіріспе ретінде де жұмыстар жасалатыны белгілі. Сол үшін де тақырыпты түсіндіруге байланысты қандай әдіс-тәсілдермен бастаса, сабақтың да соның ыңғайына қарай өтетіні белгілі болмақ.
Көптеген тақырыптарды өткен кезде жиі қолданылатын «Миға шабуыл» деп аталатын көпке таныс әдістің негізгі мақсаты қандай да бір ақпарат болмасын сол туралы барлық білгендерін оқушылар жазбаша түрде не болмаса ауызша түрде айтатын болады. Негізі әдістің тиімділігі оқушыларға сұрақ қою, проблеманы да зерттеу арқылы ойы мен өрісін дамытады. Және де білім алушы барлық ойын емін-еркін жеткізе алатынына да куә болдық. Бұл тұста пікірлердің барынша еркін түрде айтылуы, ешқандай сынға ұшырамай қандай да бір қағазға түсіріліп, талқылау жұмыстары арнайы жүргізілетін болатыны белгілі [13,19б]. Мысалы, «Миға шабуыл» әдісін қолдану арқылы көптеген тақырыптарды өткізуге яки қолдануға болады. Мысалы, «Қазақстандағы тарихи әрі киелі жерлер» тақырыбы бойынша оқушыларға сұрақ қоюға болады. Шынында да, оқушылар сұраққа тек қана жауап беріп қана қоймай, ойлау қабілеттерін де жаңартып, негізгі әрекеттерін де жүзеге асырады.