Файл: Курсовая работа ( проекта) Издание басылым 032018 Стрбет из.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Курсовая работа

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 06.12.2023

Просмотров: 165

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


- Киелі жерлер несімен ерекше?

- Тарихи әрі киелі жерлердің ұқсастықтары мен айырмашылықтары қандай?

- Түркістан туралы не айтасың?

- Киелі жерлерге барып көрдің бе?

Осы және өзге де сұрақтарды қою арқылы білім алушылар тез ойланып, жауап беруге әрекет жасайды. Шығармашылық құзіреттіліктерінің де дамуы осындай қарапайым тапсырмалар арқылы жүзеге асатыны мәлім.

Қазіргі кезде қалыптасқан заманауи мұғалім оқыту стратегиясының барлық мүмкіндіктерін қолдану үшін түрлі педагогикалық тәсілдерді құрамдастыруда әртүрлі арсеналы болу қажет. Білім беру стратегиялары барлық сыныппен, топта жүргізілетін жұмыс, жеке жұмыс және білім алушылармен кері байланыстан тұрады.

Сондықтан да қазіргі таңда әр ұстаздың алдына қoйып отырған басты міндеттерінің бірі – оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетiлдiрiп отыру және жаңа педагогикалық технологияларды меңгеру болып табылады. Оқыту процесінде пайдаланылып отырған әртүрлі әдіс-тәсілдер мен жаңа технологиялар өз нәтижелерін беруде. Олар баланың жеке қасиетін аша отырып, оның танымдық қабілетін қалыптастыру және білімін кеңейтуге, тереңдетуге жағдай жасап отыр. Ұстаз болу үшін ең басты мәселе – оқыту әдісін дұрыс таңдау ғана. Жаңа педагогикалық технологиялар білім алушының жеке тұлғалық күшін арттырып, шығармашылық ойының дамуына ықпал етеді. Қазіргі таңда білім мен техниканың даму деңгейі әр оқушыға сапалы және терең білім беруіне жағдай жасап отыр.

Негізінде ұтымды тәсілдермен қамтамасыз етілген сабақтан жақсы нәтиженің шығатыны белгілі. Мысалы, Эдвард де Боно бойынша қалыптасып, кез келген әдістемелік еңбектерде барынша оң пікірде жүрген «Ақылдың алты ойлау қалпағы» деп аталатын әдіс барынша маңызды болып табылады. Бұл әдіс айтарлықтай оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын барынша дамытатыны белгілі. Мәселені барынша мұқиятты түрде талқылай отырып, білім алушының жалпы ойлаудағы қызметін жетілдіру үшін ойдың не болмаса сананың да түрлі аспектілерін жандандыру мақсатында қолдануды негізге айналдырған.

Кез келген ұсынылған мәселелердің негізі бойынша өзінің ойына толықтай талдау жұмыстарын жасау арқылы әдістің тиімділігін көруге болатыны да жалған емес. Сондай-ақ білім алушылар өздерінің ұсынылған кез келген мәселе бойыншша ойына талдау жасауға мүмкіндіктері бар. Сонымен қатар мектеп қабырғасында отырған оқушы өзінің көзқарасына рефлексия жасай біледі де, толыққанды барынша жан-жақты етіп түйіндемені де назардан тыс қалдырмасы анық. Осының негізінде танымдық әрекеттің арқасында қарым-қатынастың да шеберлігі барынша артатыны сөзсіз. Мысалы, «Қазақтың салт-дәстүрі» тақырыбы бойынша оқыту кезінде алты бірдей ойлау қақпақты барынша қолдануға болады. Мысалы делік, білім алушыларға барынша алты түрлі қалпақ беріледі. Алтауының әрбіреуінде ойлаудың түрлі элементтерін, аспектілерін де білдіретін негізгі түпкі ойдың да жатқаны ақиқат. Олардан барлық мәселені талқылау барысында барлық ой операцияларын осы қалпақтардың түсіне байланысты жауап беріледі. Сынып барынша топтарға бөлінеді де, бір топқа бір түсті қалпақ берілетіні де сондықтан. Осы тұста ұстаздың тек қана әңгімені жүргізіп қана қоятыны негізделеді де, бағытталады [14,19б].


Оқушылардың шығармашылық қабілетін арттырып, ынталандыру үшін сабақтарды мынадай жолдармен өткізуге болады:

  1. Сабақта кең көлемде көрнекі құралдарды пайдалану;

  2. Сабақты түрлендіріп өткізу;

  3. Сабақта оқушылар өздері жасаған суреттер, схемаларды пайдалану;

  4. Техникалық құралдарды тиімді қолдану;

  5. Сабаққа қатысты бейнетаспаларды, фильмдерді көрсету.

Тәжірибеден байқағанымыз, бастауыш сыныптарда шығармашылықпен жұмыс істеуге үйренген оқушы жоғары сыныптарда шығармашылық жұмыстың қай түріне болсын бейім болады және дұрыс жол табу үшін дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелдеді шешімдер қабылдай білуге тырысады. Оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулып, олардың белсенділіктерін, қызығушылығын арттыра түсу үшін шығармашылық қабілеттерін сабақта және сабақтан тыс уақытта дамытуда мен мынадай әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолданамын:

РАФТ, ИНСЕРТ тб

Біраз, көп емес, астыда бар, Әдіс-тәсілдерді жаз???????????????? Қандай шығармашылық жұмыста қандай әдіс қолдануға болады?

Ұстаз бен оқушының субъект-субъектілік қатынасы негізіндегі оқу үрдісінде бірін-бірі толықтыру, қолдау жағдайында өтеді. Жаңашыл педагогтардың тəжірибелерінде бұл айқын көрініп тұрады. Бұл кезде ұстаз оқушылардың белсенділігі мен өз бетімен талаптануына, шығармашылық мүмкіндіктеріне сүйеніп, нəтижесін болжайды. Мысалы, Н.П.Гузиктің көзқарасында, білім шығармашылық арқылы жүзеге асырылады, ал В.Ф.Шаталовта əуелі білім, сонан соң шығармашылық, Е.Н.Ильин сыныпта барлық ұжымның шығармашылықпен жұмыс жасауына қолайлы атмосфера тудырып, əр баланың пікірін тыңдауға көңіл бөледі. Оқытудың белсенді əдістері дегеніміз - оқушының таным белсенділігі дəрежесін барынша көтеретін, талпына оқуға жетелейтін əдістер. Осы əдістермен жүргізілген сабақтар кезінде сынып оқушылары түгел қарқынды, қызығушылық жəне ерікпен ойлана отырып тыңдайды, бақылайды, оқиды, еңбек етеді.

Қабілеттің дамуы, дағдының қалыптасуы оқушының нақты іс-əрекеті арқылы орындалады. Ұстаз бен оқушының субъект-субъектілік қатынасы негізіндегі оқу үрдісінде бірін-бірі толықтыру, қолдау жағдайында өтеді. Жаңашыл педагогтардың тəжірибелерінде бұл айқын көрініп тұрады. Бұл кезде ұстаз оқушылардың белсенділігі мен өз бетімен талаптануына, шығармашылық мүмкіндіктеріне сүйеніп, нəтижесін болжайды. Мысалы, Н.П.Гузиктің көзқарасында, білім шығармашылық арқылы жүзеге асырылады [10], ал В.Ф.Шаталовта əуелі білім, сонан соң шығармашылық [11], Е.Н.Ильин сыныпта барлық ұжымның шығармашылықпен жұмыс жасауына қолайлы атмосфера тудырып, əр баланың пікірін тыңдауға көңіл бөледі [12]. Оқытудың белсенді əдістері дегеніміз - оқушының таным белсенділігі дəрежесін барынша көтеретін, талпына оқуға жетелейтін əдістер. Осы əдістермен жүргізілген сабақтар кезінде сынып оқушылары түгел қарқынды, қызығушылық жəне ерікпен ойлана отырып тыңдайды, бақылайды, оқиды, еңбек етеді.



Ақ қалпақ арқылы барынша фактілер мен цифрлардың араласқан ойларды ортаға салатыны жалған емес. Қызыл қалпақ барысында болжамды түрде ішкі түйсікті де білдіреді. Қара әрине сыни пікірлер мен сабаққа деген кері байланыс ретінде жасалатын ұсыныс ретінде пайдаланса, сабақтың өмірмен байланыстығын да анықтау үшін сары түсті қалпақ арқылы нәтиже шығаруға болады. Жасыл қалпақтың нәтижесінде сабақтағы жаңадан қосылған ұғымдармен байланыстарын толыққанды орнатып жатады. Ал соңғы көк арқылы қорытынды ой ретінде де түйіндеуге болатынын естен шығармаған абзал [15,14б].

Бұл әдіс те оқушының шығармашылық құзіреттілігін қалыптастыруға тікелей әсер ететіні анық. Яки оқушы ойланады, жауап береді, жылдамдыққа да жұмыс жасайды.Өмірлік жағдаятқа қажетті дүниелерді толығымен алып шығатынына сенімді болуға негіз бар.

Жалпы, танымда немесе ғылымдарда да кездесетін үлкен бір ұғым – ассоциация екені жақсы белгілі. Кез келген дүниені ойлау барысында оның жан-жағындағы нәрселер, құбылыстар есімізге бірден оралары хақ. Мысалы, қарапайым жаз десек жап-жасыл дала, өзен, ыстық күн сынды сөздер ойымызға бірден оралатыны анық. Сонда мұғалім тақтаға бір сөз немесе сабақтың тақырыбын жазады делік. Оқушыларға бір бетке тақтаға жазылған сөзден пайда болған пікірлерін жазуды ұсынады. Сабақ тақырыбына қатысты ассоциация-сөздерді бір қатарға жазып шығу керек. Оқушылар сөздерді оқып, артық деп санаған сөздерді алып тастап, сабақ тақырыбын тұжырымдайды. Мұндай жұмыстар оқушылар мен мұғалімге ойын жіктеуді ғана емес, өздеріндегі субъекті тәжірибелерін ескере отырып, жаңа тақырыпты жоспарлауға мүмкіндік беретіні белгілі. Осындай тиімді тәсілдерді сабақта қолдану барысы еңбегімізді биікке шығаратыны анық.

Абстрактылы ойлау дағдыларын қолдануды талап ететін ауқымды ашық сұрақ немесе проблеманы шешуге арналған тапсырманы қолдана отырып, сабақта атмосфера орнатулары қажет. Пысықтау үшін жауаптарын күтіп, нәтижесімен де бөлісіп отыру жөн. Білім беруші білім алушыға қазіргі жаңартылған білім беру мазмұны бойынша баға қоймағанмен, қалыптастырушы бағалауды күнделікті сабақта жүзеге асырып отыратыны белгілі-ақ. Оқушының жұмысын екіге бағалау немесе көңілі толмайтынын айту арқылы оның психологиясына әсер еткен былай тұрсын, мұғалімнің өзіне қойған бағасы ретінде есептелуі қажет екендігін ескерте кеткеніміз абзал.

Көбінесе тақырыпты өткен кезде барынша ұтымды қолдануға болатын әдістердің ерекшелігі сабаққа деген тиімділігінде болуы шарт. «Эссе жазу» немесе «Еркін әңгіме» деп аталатын әдіс арқылы білім алушылар кез келген өткен тақырыпты толықтай қорытып, өзінің ойын айтулары үшін қолдануға болады. Оқыған мәлімет бойынша да өздерінің
ойларына талдау жасап, кездескен проблеманың негізінде өзінің көзқарасына рефлекцияны да барынша жасай алады. Сондай-ақ білім алушылардың шығармашыл тұрғыдан да ойлауларына тікелей қатысы бар екенін ұмытпаған абзал. Таным әрекетінің үдерісі ретінде қарым-қатынас жасау барысында шеберлік артатыны да жалған емес. Осы тұрғыдан білім алушыларда оқылым мен жазылым тіпті тыңдалым дағдыларының да қалыптаса бастайтыны туралы дәлелденген ақпараттар жетерліктей.

Қазақ тілінде берілген мәтіндерді бағалау кезінде не болмаса сыни тұрғыдан оқыту бойынша да аталмыш әдісті еркін түрде пайдалануға болатыны да шындық. Мысалы делік, берілген тапсырма бойынша да өз ойын айту үшін 10-15 сөйлемнен қағаз бетіне түсіреді. Эссе жазарда оқушылар міндетті түрде нақты деген критерийлер де берілетіні анық. Соңында соған байланысты да кері байланыс жасауға ыңғайлы болады. Бұл қос әдіс шығармашылық құзіреттілікті қалыптастыруда алатын орны зор.

Халқымыздың рухани көсемі А.Байтұрсынов «Мұғалім әдісті көп білуге тырысу керек [11,36б]. Оларды өзіне сүйеніш, қолғабыс нәрсе есебінде қолдануы керек» дегендей, өзім де ұйымдастыруда нәтижелі болатын әдістерді сұрыптап пайдалануға болады. Озық тәжірибелермен танысып, пән мұғалімдерімен тәжірибе алмасу арқылы да көптеген нәтижеге қол жеткізуге болады. Өйткені, сабақтың тартымды өтуі, ұтымды тәсілдерді дұрыс қолдана білу бізден, яғни бүгінгі мұғалімнен ізденісті талап етеді. Қорыта айтқанда, ғылым мен техниканың жедел дамыған, ақпараттар ағыны күшейген заманда ақыл – ой мүмкіндігін қалыптастырып, адамның қабілетін, талантын дамыту мектептің басты міндеті болып тұр. Ол бүгінгі білім кеңістігіндегі ауадай қажет жаңару мұғалімнің қажымас ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеуді жүзеге асыратын жаңартылған педагогикалық технологияны меңгеруге үлкен бетбұрыс жасалуы қажет. Өйткені мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқу үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді.

ІІI. Қорытынды бөлім

Жаңартылған білім беру мазмұнында қушылардың шығармашылық құзыреттілігін дамытудың маңызы.

(Жаңартылған білім берудің маңыздылығы: оқушы тұлғасының үйлесімді қолайлы білім беру ортасын құра отырып, сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе жасау, АКТ-ны қолдану, коммуникативті қарым-қатынасқа түсу, жеке, жұппен, топта жұмыс жасай білу, функционалды сауаттылықты, шығармашылықты қолдана білуді және оны тиімді жүзеге асыру үшін қажетті тиімді оқыту әдіс-тәсілдері (бірлескен оқу, модельдеу, бағалау жүйесі, бағалаудың тиімді стратегиялары) қурс барысында қарастырылады. Жаңартылған білім беру бағдарламасының ерекшелігі – спиральді қағидатпен берілуі және табиғи тәсіл «өмірмен байланыс» ұғымына негізделуі.

Инновациялық білімді дамыту, өзгеріс енгізу, жаңа педагогикалық идеялар мен жаңалықтарды өмірге әкелу – уақыт талабы. Бұрынғы оқушы тек тыңдаушы, орындаушы болса, ал қазіргі оқушы өздігінен білім іздейтін жеке тұлға, еркін ойлаушы азамат екендігіне мән беруіміз керек. Қазіргі оқушы:

• дүниетанымы, қабілеті жоғары;

• дарынды, өнерпаз;

• ізденімпаз, талапты, ойы ұшқыр;

• еркін ойлай отырып, ойын еркін жеткізе алатын;

• өз алдына мақсат қоя білетін оқушы болып қалыптасуы қажет. Шығармашылық қабілет, өзіндік жұмыс істеу іскерлігі мен дағдылары өздігінен пайда болмайды, ол мақсатты түрде ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті мен шығармашылық, тәжірибелік сипаттағы әртүрлі тапсырмаларды орындау процесінде қалыптастырылады. Тұлға шығармашылығының маңыздылығы көрнекті қазақ ойшылдары мен ағатушылары Әл-Фараби, Ж. Баласағұни, А. Құнанбаев, Ш. Құдайбердиев, А. Байтұрсынов, Ы.Алтынсарин, М. Көпейұлы, Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев, М. Дулатов және т.б. еңбектерінде ашып көрсетілген. Кез-келген дамыған өндіріс қазіргі таңда шығармашылықпен жұмыс жасауды талап ететін адамды қажет етеді. Шығармашылықпен жұмыс жасайтын адамның негізгі іс-әрекеті ақыл-ойға, әрі алған білімді басқа таныс емес іс-әрекетте тасымалдай алуға негіздейді. Отандық педагогика мен психологияда ерекше жаңа шешімдерге әкелетін «шығармашылық» термині кең қолданылған.

Қорыта келгенде, оқушылардың өздік шығармашылық жұмыстары өздiгiнен орындау бiлiктiлiгiн қалыптастыру, оқытудың жаңа технологияларын пайдалану тиiмдi болып табылады.

Оқушылардың шығармашылық жұмыстарын өз бетінше орындау бiлiктiлiгi, олардың белсендiлiгiн арттырып, ұқыптылыққа, ұстамдылыққа, өз бетінше іздене білуге үйренеді.