ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 06.12.2023
Просмотров: 13
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Сабақ жоспары
Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Python программалау тілінде 2D ойынын құру | Мектеп: №61 жоббм кмм | |||||||
Күні: 31.03.2023 жыл | Мұғалімнің аты-жөні: Жорабектегі Абдуқадірұлы Елшібек | |||||||
Сынып: 9 | Қатысқандар: | Қатыспағандар: | ||||||
Сабақтың тақырыбы | PyGame (пайгейм) кітапханасы. 1-сабақ | | | |||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 9.3.3.3 PyGame (пайгейм); кітапханасын қосу 9.3.3.4 Ойын терезесін жасау үшін PyGame (пайгейм) кітапханасының дайын модульдерін пайдалану; | |||||||
Сабақтың мақсаты | Барлық оқушылар: PyGame программасымен жұмыс жасайды; Басым көпшілігі: PyGame кітапханасын қоса алады; Кейбір оқушылар: PyGame кітапханасының дайын модульдерін пайдаланады. | |||||||
Бағалау критерийі | PyGame модулімен танысады; PyGame кітапханасының геометриялық фигуралар салатын командаларын анықтайды; PyGame командаларының көмегімен фигураларды салуды программалайды. | |||||||
Тілдік мақсаттар | Пәнге тән лексика мен терминология: Кітапхана – функция мен кластар кодтарының жиынтығы. PyGame кітапханасы – 2D ойындарын және басқа мультимедиялық қосымшаларды әзірлеуге арналған Рython программалау тілінің модулі. Диалогқа қажетті тіркестер: PyGameмодулінің қызметі.................. PyGame модулін іске қосу.................... PyGame-де түстер...............................арқылы ажыратылады. | |||||||
Құндылықтарға баулу | Өмір бойы білім алу, ынтымақтастық, құрмет, азаматтық жауапкершілік | |||||||
Пәнаралық байланыс | Математика, ағылшын тілінен терминдер қолдану | |||||||
Алдыңғы білім | Python программасымен жұмыс жасай алады. | |||||||
Сабақ барысы | ||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері | Ресурстар | ||||||
Сабақтың басы | Ұйымдастыру кезеңі Психологиялық тренинг. «Аялы алақан» жаттығуы Әр қатысушы өз парағына алақанының суретін салады да, өз орнында қалдырып кетеді, келесі қатысушының орнына барып, оның алақаны салынған суреттің ішіне оған жақсы тілек жазады. Осылай шеңбер бойымен барлығы бір-біріне тілек жазып шығады. «Құпия сандық» әдісі. Алдарына құпия сандықшасын ұсынамын. Сандықшада 2 түрлі-түсті қағаздан жасалған фигуралар салынған. Сандықшадан бір – бірден фигураларды алып, өз тобын тауып алуы керек. Үй тапсырмасы Миға шабуыл» – сұрақ-жауап әдісі. Kahoot программасы арқылы сұраққа жауап береді. Екі топқа бағалау парағы беріледі. Топтар өздерінің алған ұпайларын бағалау парағына түсіріп отырады. | Ақ парақ Компьютер, интерактивті тақта | ||||||
Сабақтың ортасы | Жаңа сабақ. Видео арқылы түсіндіру Кітапхана – функция мен кластар кодтарының жиын тығы. Python-да код кітапханасын сипаттау үшін қол данылатын термин – модуль (module). Мысалы, pygame модулін де ішкі модульдер ретінде pygame.draw, pygame.image, pygame.mouse жә не т.б. қолданылады. PyGame кітапханасы – 2D ойындарын және басқа мультимедиялық қосымшаларды әзірлеуге арналған Рython программалау тілінің модулі. РyGame көптеген платформалар мен операциялық жүйелер де жұмыс істеуге мүмкіндік беретін SDL (Simple DirectMedia Layer) ойындарын жасау үшін басқа кітапхана негізінде жасалды. Әрі қарай PyGame кітапханасының орнатылу жолын түсіндіріп, көрсетемін. Топтық жұмыс. «Пікір алмасу» әдісі. 2 топ тақырыпқа қатысты 5 сұрақ дайындайды. Смайликтер арқылы бағаланады. Жұптық жұмыс. «Венндиаграмма» әдісі Рython нұсқасымен PyGame модулінің нұсқаларының салыстырмалы талдауын жүргізіңдер. Екеуара орындайды. Практикалық жұмыс. Дискідегі 3 тапсырманы жекелей орындайды. Дескриптор: 1.PyGame кітапханасын орната алады; 2. .PyGame кітапханасының орнатылғанын тексереді. | Оқулық , бейнематериалдар | ||||||
Сабақтың соңы | Сабақты бекіту сұрақтары: 1.PyGame кітапханасы дегеніміз не? 2. PyGame кітапханасы қалай іске қосылады? Үй тапсырмасы: Python және PyGame тақырыптарының терминдеріне қатысты сөзжұмбақ құрастырыңдар. Бағалау. Бір-бірін бағалау. Бағалау парақтары таратылады. Рефлексия Бағдаршам әдісі Оқушылар:
| Бағалау парақтары | ||||||
Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз? | Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау | ||||||
Топтық тапсырмалар берілгенде топ ішіндегі әр оқушы өз рөлдерін анықтап, қабілеттеріне қарай жас ерекшеліктеріне сараланады. жеке, жұптық, топтық жұмыстармен айналысады. Жеке жұмыс кезінде Python программасымен жұмыс жасау арқылы бүгінгі сабақтың оқу мақсатына жеткеніне көз жеткіземін. | Өзара бағалау, формативті өзара бағалау. | Қауіпсіздік техникасы ережелерін компьютермен жұмыс жасау кезінде еске салу | ||||||
Сабақбойыншарефлексия | Бағдаршам әдісі арқылы | |||||||
| ||||||||
Жалпы бағалау Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)? 1: 2: Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)? 1: 2: Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет? |