Файл: Заттар интернеті.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 06.12.2023

Просмотров: 20

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Қысқа мерзімді жоспары

Бөлім

Заттар интернеті

Педагогтың аты-жөні




Күні




Сынып 11

Қатысушылар саны




Қатыспағандар саны




Сабақтың тақырыбы:

«Ақылды үй»

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары


11.5.2.4 - «Ақылды үй» датчиктерінен алынған деректерді шығаруды ұйымдастыру

11.5.2.5 - «Ақылды үй» датчиктерінен алынған деректерді шығару программаларын әзірлеу

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар:

«Ақылды үйдің» датчиктерін айтып бере алады;

Көптеген оқушылар:

«Ақылды үй» датчиктерінен деректерді еруді ұйымдастырады.








Сабақтың барысы:


Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

1.Оқушылармен амандасу.

2.Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарымен таныстыру.

3.Үй тапсырмасын тексеру.

Оқушылар дәптерлерді өзара ауыстырады, үй тапсырмасын тексереді.
ҚБ: жұлдыз / 2 балл/


1.Мұғаліммен амандасады.

2.Сабақтың тақырыбын дәптерге жазады.

3.Сабақтың мақсаттарымен танысады.

4.Дәптерлерін өзара ауыстырады, үй тапсырмасын тексереді.

5.Бағалайды.

Жұлдыз

2 балл


Жұмыс дәптері

Сабақтың ортасы


Оқулықпен жұмыс

Ақпаратты «Инсерт» әдісі бойынша оқу. Топтағы оқушылар мәтінді оқып, арнайы белгі қойып

отырады:

+ - мұны білемін;

– - мен басқаша ойлағанмын, бұл менің ойлағаныма қарама-қарсы болып шықты;

v – мен үшін бұл жаңа нәрсе;

? – маған бұл түсініксіз, түсіндіру, нақтылау қажет.

Топтың спикері оқылған нәрсенің мәнін түсіндіреді. Мұғалім оқушылармен сөйлеседі. Мәтіннің

түсініксіз жерлерін түсіндіреді.

«Джигсо» әдісі

Әр топ «Ақылды үй» және датчиктерден деректерді беруді ұйымдастыру» постерін дайындайды

Өзара бағалау. «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі

Білу және түсіну

1. «Ақылды үй» дегеніміз не?

2. «Ақылды үй» жүйесіне қандай міндеттерді артуға болады?

3. «Ақылды үйдің» негізгі сипаттамаларын атап бер.

4. Бірыңғай басқару жүйесіне қандай жүйелер кіреді?

5. «Ақылды үйде» қандай датчиктер пайдаланылады?

Қолдану

Деңгейлік тапсырмалар:

А деңгейі. Тапсырыс беруші сендерге жарықтандыруда «Ақылды үй» жобасын жасауды

ұсынды. Сендерге қандай құрылымдар қажет болатынын ұсыныңдар.

В деңгейі. Интернеттің іздеу жүйесін пайдаланып, «Ақылды үй» прайс парағын жасаңдар,

орташа құнын есептеңдер.

С деңгейі. httr://smarta.kz/solutions/Smart-house сайтының материалдарын зерттеңдер, егер

сендерге «Ақылды үй» таныстырылымын жасауды ұсынса, сайтқа қандай өзгеріс енгізер

едіңдер?

Жоғарғы деңгейдегі дағдыларын дамыту

1. «Ақылды үйдің» өзектілігі неде?

2. Қалай ойлайсыңдар, қай жағдайда «ақылды үйге» сымды, ал қандай жағдайда сымсыз

жабдық түрін қолданған тиімді?

Топтық жұмыс

Топта мына мәселені қалай шешу керектігін талқылаңдар: көппәтерлі үйдің тұрғындары ақылды

үйдің жүйесін орнатпақ болды. оларға қандай құрылғыларды орнатуға кеңес берер едіңдер?

Мұғалімді тыңдайды




Презентация


Сабақтың соңы

1.Оқушыларға өзін-өзі бағалауды ұйымдастырады.

2.Кері байланыс: «Смайлик»

барлығын түсіндім

менде сұрақтар қалды

Өзін-өзі бағалау.




Плакат /слайд/

Үй тапсырмасы

1. «Ортаның параметрлеріне жауап беретін «ақылды үй» датчиктері» деген тақырыпта

таныстырылым жаса.

2. «Ақылды үйлердің» болашағы тақырыбына хабарлама жаз.

3. Жапония мен Қазақстандағы үйді автоматтандыру жүйелеріне талдау жаса.