ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 06.12.2023
Просмотров: 154
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың тізбесін және олардың нысандарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 130 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 6 сәуірде № 20317 болып тіркелді.
"Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 23-4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың тізбесі;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес орта білім беру ұйымдарына арналған 1-4 сыныптарға арналған сынып журналының нысаны;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес орта білім беру ұйымдарына арналған 5-11 (12 ) сыныптарға арналған сынып журналының нысаны;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес орта білім беру ұйымдарына арналған мектепалды сыныптарының журналының нысаны;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес орта білім беру ұйымдарына арналған факультативтік сабақтардың немесе үйде оқыту журналының нысаны;
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес орта білім беру ұйымдарының педагогіне арналған күнтізбелік-тақырыптық жоспарының нысаны;
7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес орта білім беру ұйымдарының педагогіне арналған сабақ жоспарының немесе қысқа мерзімді жоспарының нысаны;
8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес жиынтық бағалау жүргізу қорытындылары бойынша талдау туралы мәліметтердің нысаны;
9) осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес тәлімгер педагогтің жас маманмен жұмыс жоспарының нысаны;
10) осы бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес тәрбие жұмысы жоспарының нысаны;
11) осы бұйрыққа 11-қосымшаға сәйкес орта білім беру ұйымдарына арналған ата-аналар жиналысы хаттамасының нысаны;
12) осы бұйрыққа 12-қосымшаға сәйкес орта білім беру ұйымдарына арналған білім алушының жеке іс қағазының нысаны;
13) осы бұйрыққа 13-қосымшаға сәйкес орта білім беру ұйымдарына арналған 1-4 сынып білім алушысының үлгерімі туралы табелінің нысаны;
14) осы бұйрыққа 14-қосымшаға сәйкес орта білім беру ұйымдарына арналған 5-11 (12) сынып білім алушысының сабақ үлгерімі туралы табелінің нысаны;
15) осы бұйрыққа 15-қосымшаға орта білім беру ұйымдарына арналған оқу-тәрбие жұмысы жоспарының нысаны;
16) осы бұйрыққа 16-қосымшаға сәйкес орта білім беру ұйымдарына арналған мектепті дамыту жоспарының нысаны;
17) осы бұйрыққа 17-қосымшаға сәйкес мектепішілік бақылау жоспарының нысаны;
18) осы бұйрыққа 18-қосымшаға сәйкес орта білім беру ұйымдарына арналған бұйрықтарды тіркеу кітабының нысаны;
19) осы бұйрыққа 19-қосымшаға сәйкес орта білім беру ұйымдарына арналған педагогикалық кеңесі хаттамалары кітабының нысаны;
20) осы бұйрыққа 20-қосымшаға сәйкес орта білім беру ұйымдарына арналған педагогтердің жеке құрамын есепке алу кітабының нысаны;
21) осы бұйрыққа 21-қосымшаға сәйкес орта білім беру ұйымдарына арналған білім алушыларды жазатын алфавиттік кітабының нысаны;
22) осы бұйрыққа 22-қосымшаға сәйкес орта білім беру ұйымдарына арналған кеткен білім алушыларды есепке алу кітабының нысаны;
23) осы бұйрыққа 23-қосымшаға сәйкес орта білім беру ұйымдарына арналған келген білім алушыларды есепке алу кітабының нысаны;
24) осы бұйрыққа 24-қосымшаға сәйкес орта білім беру ұйымдарына арналған ғылыми-әдістемелік жұмыс жоспарының нысаны;
25) осы бұйрыққа 25-қосымшаға сәйкес орта білім беру ұйымдарына арналған оқу жұмыс жоспарының нысаны;
26) осы бұйрыққа 26-қосымшаға сәйкес орта білім беру ұйымдарына арналған педагогтердің оқу жүктемесі (тарифтеу) туралы мәліметтерінің нысаны;
27) осы бұйрыққа 27-қосымшаға сәйкес орта білім беру ұйымдарына арналған ғылыми-әдістемелік кеңес хаттамасының нысаны;
28) осы бұйрыққа 28-қосымшаға сәйкес орта білім беру ұйымдарына арналған босатылған және ауыстырылған сабақтарды есепке алу журналының нысаны;
29) осы бұйрыққа 29-қосымшаға сәйкес орта білім беру ұйымдарына арналған білім алушылардың үлгерімі туралы табельдерді есепке алу кітабының нысаны;
30) осы бұйрыққа 30-қосымшаға сәйкес орта білім беру ұйымдарына арналған негізгі орта білім беру ұйымын бітіргендігі туралы аттесттатты беру және есепке алу кітабының нысаны;
31) осы бұйрыққа 31-қосымшаға сәйкес орта білім беру ұйымдарына арналған жалпы орта білім туралы аттестатты есепке алу және беру кітабының нысаны;
32) осы бұйрыққа 32-қосымшаға сәйкес орта білім беру ұйымдарына арналған мақтау грамоталарын және мақтау қағаздарын беруді есепке алу кітабының нысаны;
33) осы бұйрыққа 33-қосымшаға сәйкес орта білімнен кейінгі, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына арналған оқу жұмыс бағдарламасының нысаны;
34) осы бұйрыққа 34-қосымшаға сәйкес орта білімнен кейінгі, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына арналған күнтізбелік-тақырыптық жоспардың нысаны;
35) осы бұйрыққа 35-қосымшаға сәйкес орта білімнен кейінгі, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына арналған педагогінің сабақ жоспарының нысаны;
36) осы бұйрыққа 36-қосымшаға сәйкес орта білімнен кейінгі, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына арналған теориялық оқытуды есепке алу журналының нысаны;
37) осы бұйрыққа 37-қосымшаға сәйкес орта білімнен кейінгі, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына арналған жеке сабақтарды есепке алу журналының нысаны;
38) осы бұйрыққа 38-қосымшаға сәйкес орта білімнен кейінгі, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына арналған өндірістік оқытуды есепке алу журналының нысаны;
39) осы бұйрыққа 39-қосымшаға сәйкес орта білімнен кейінгі, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына арналған оқу жылына арналған жұмыс жоспарының нысаны;
40) осы бұйрыққа 40-қосымшаға сәйкес орта білімнен кейінгі, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына арналған колледжішілік бақылау жоспарының нысаны;
41) осы бұйрыққа 41-қосымшаға сәйкес орта білімнен кейінгі, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына арналған оқу жұмыс жоспарының нысаны;
42) осы бұйрыққа 42-қосымшаға сәйкес орта білімнен кейінгі, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына арналған оқу-әдістемелік жұмыс жоспарының нысаны;
43) осы бұйрыққа 43-қосымшаға сәйкес орта білімнен кейінгі, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына арналған педагогтердің оқу жүктемесі (тарифтеу) туралы мәліметтердің нысаны;
44) осы бұйрыққа 44-қосымшаға сәйкес орта білімнен кейінгі білімнің білім бағдарламалары бойынша білім алушының жеке білім беру бағдарламасының нысаны;
45) осы бұйрыққа 45-қосымшаға сәйкес орта білімнен кейінгі, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына арналған білім алушының үлгерім кітапшасының нысаны;
46) осы бұйрыққа 46-қосымшаға сәйкес орта білімнен кейінгі, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына арналған дипломдар беру кітабының нысаны;
47) осы бұйрыққа 47-қосымшаға сәйкес орта білімнен кейінгі, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына арналған дипломдардың телнұсқасын беру кітабының нысаны;
48) осы бұйрыққа 48-қосымшаға сәйкес орта білімнен кейінгі, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына арналған академиялық анықтама беру кітабының нысаны;
49) осы бұйрыққа 49-қосымшаға сәйкес орта білімнен кейінгі, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына арналған білім алушылардың атаулы кітабының нысаны бекітілсін.
2. "Білім беру ұйымдары білім беру қызметінде пайдаланатын қатаң есептіліктегі құжаттардың нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2007 жылғы 23 қазандағы № 502 бұйрығына (Нормативтік құқықтық кесімдердегі мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4991 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген білім беру ұйымдары білім беру қызметінде пайдаланатын қатаң есептіліктегі құжаттардың нысанындағы мынадай:
1-4 сыныптарға арналған сынып журналының,
5-11 сыныптарға арналған сынып журналының,
мектепалды сыныптардың журналының;
факультативтік сабақтардың немесе үйде оқыту журналының,
білім алушының жеке іс қағазының,
1-4 сынып білім алушыларының үлгерімі туралы табельдердің,
5-11 (12) сынып білім алушыларының сабақ үлгерімі туралы табелдердің,
бұйрықтарды тіркеу кітабының (негізгі қызметке, жеке құрам бойынша, білім алушылардың қозғалысы бойынша),
педагогикалық кеңес хаттамалары кітабының,
педагог қызметкерлердің жеке құрамын есепке алу кітабының,
білім алушыларды жазатын алфавиттік кітаптың,
кеткен білім алушыларды есепке алу кітабының,
келген білім алушыларды есепке алу кітабының,
босатылған және ауыстырылған сабақтарды есепке алу журналының,
білім алушылардың үлгерімі туралы табельдерді есепке алу кітабының,
негізгі орта білім беру ұйымын бітіргендігі туралы аттестатты беру және есепке алу кітабының,
жалпы орта білім беру туралы атестатты есепке алу және беру кітабының,
мақтау грамоталарын және мақтау қағаздарын беруді есепке алу кітабының,
техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына арналған теориялық оқытуды есепке алу журналының,
жеке сабақтарды есепке алу журналының,
техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына арналған өндірістік оқытуды есепке алу журналының,
білім алушының үлгерімі кітабының,
диплом беру кітабының,
дипломдардың телнұсқасын беру кітабының,
академиялық анықтама беру кітабының,
білім алушылардың атаулы кітабының нысандары алынып тасталсын.
3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Техникалық және кәсіптік білім департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) и 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі | А. Аймагамбетов | | |
| Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 130 Бұйрығына 1-қосымша |
Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың тізбесі
1. Орта білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың тізбесі:
1.1. білім алушыларды және (немесе) тәрбиеленушілерді оқыту және тәрбиелеу бойынша (барлық пәндердің педагогтері):
1) орта білім беру ұйымдарына арналған 1-4 сыныптарға арналған сынып журналы;
2) орта білім беру ұйымдарына арналған 5-11 (12) сыныптарға арналған сынып журналы;
3) орта білім беру ұйымдарына арналған мектепалды сыныптарының журналы;
4) орта білім беру ұйымдарына арналған факультативтік сабақтардың немесе үйде оқыту журналы;
5) орта білім беру ұйымдарының педагогіне арналған күнтізбелік-тақырыптық жоспары;
6) орта білім беру ұйымдарының педагогіне арналған сабақ жоспары немесе қысқа мерзімді жоспары;
7) жиынтық бағалау жүргізу қорытындылары бойынша талдау туралы мәліметтер;