Файл: Несеп жыныс аппараты.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 06.12.2023

Просмотров: 156

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Нефронның проксималды иреленген өзекшесі, tubulus contortus proximalis, шумақ қапшығы қуысының жалғасы болып табылады. Ол төмен пирамидаға түсіп, одан кері, жоғары көтеріліп, нефрон (Генле) ілмегін, ansa nephroni, түзеді. Сондықтан, ілмектің төмендеген және жоғарылаған өзекшелері (тік өзекшелер) ажыратылады. Оның жоғарылаған өзекшесі дисталды иреленген өзекшеге, tubulus contortus distalis, жалғасады.Дисталды иреленген өзекше, жинақтаушы өзекшеге, tubulus renalis colligens, құяды. (6 –сурет. М.Р. Сапин, 2 том, 2001 ж ). Жинақтаушы өзекше нефронға жатпайды да, несеп шығаратын жолдардың бастапқы бөлігі болып табылады.

Шумақтан шығатын әкетуші артериола, қайтадан, нефрон өзекшелерін қоршап жататын капиллярларға бөлінеді. Бұл капиллярлар арқылы бүйрек өзекшелеріндегі су мен организмге қажетті қоректік заттардың қанға қайта сіңірілуі жүреді. Бұл үдеріс - реабсорбция деп аталады.

Жинақтаушы өзекшелер пирамида арқылы өтеді, олар жол бойында бір – бірімен қосылып, көптеген (15 – 20) қысқа бүртіктік түтікшелерді, ductuli papillares, құрайды. Олар бүйрек бүртігіне келіп ашылады. Бүртіктің ұшындағы осындай көптеген тесіктер торлы алаңды, area cribrosa, түзеді.

Әр бүйректегі нефрондар саны миллион шамасында, екі бүйректегі барлық нефрондардың жалпы ұзындығы 100 км шамасында болады.

Нефрондардың екі түрі бар: 80% - ға жуығының, бүйрек денешіктері қыртысты заттың сыртқы жағында орналасып, қыртыстық нефрондар - деп аталады Олардың Генле ілмегі қысқа болып, милы заттың сыртқы бөлігіне дейін ғана түседі. Қыртыстық нефрондардың 1% - дайы толығымен қыртысты затта орналасады.

Екіншілері – юкстамедуллалық (милы зат жанындағы) нефрондар шамамен 20% - ды құрайды да, қыртысты заттың ішкі аймағында, милы затпен шекаралас жатады. Олардың Генле ілмегі ұзын болып, милы затта терең орналасады.

Бүйрек сегменттері, үлестері, үлесшелері. Бүйрек артериясының бүйректегі ірі тармақтарының орналасуына байланысты, 5 сегмент ажыратылады.Олар: жоғарғы сегмент, segmentum superius; алдыңғы жоғарғы сегмент, segmentum аnterius superius; алдыңғы төменгі сегмент, segmentum аnterius inferius; төменгі сегмент, segmentum inferius, және артқы сегмент, segmentum posterius, деп бөлінеді. Әрбір сегмент 2-3 үлестен тұрады. Бүйрек үлесін,
lobus renalis, бүйрек пирамидасы және оған жанасып жатқан бүйректің қыртыстық заты құрайды. Бүйрек бағаналарында орналасқан үлесаралық артериялар мен веналар үлестердің шекарасы болып табылады. Әрбір бүйрек үлесінің құрамында 600-ге дейін қыртыстық үлесшелер болады. Қыртыстық үлесшенің, lobulus corticalis, құрамына бірсәулелі бөлік және оны жан – жағынан қоршап тұрған бүктелген бөлік кіреді. Үлесшелер үлесшеаралық артериялар және веналармен шектеледі.

Бүйрек тостағаншалары мен түбегі (бүйректің экскреторлық жолы). Бүйрек бүртігі арқылы бөлінетін несеп бүйректің кіші тостағаншасына, calyx renalis minor, өтеді.Олардың саны 8 – 10 аралығында болады да,. бір кіші тостағаншаға 2 - 4 бүртіктер ашылады. Кіші тостағаншалар екі - үштен бір - бірімен қосылып, екі немесе үш бүйректің үлкен тостағаншаларын, calyces renales majores, құрайды. Үлкен тостағаншалар бірігіп, үлкендеу қуысты, бүйрек түбегін, pelvis renalis ( грекше – pyelos, осыдан түбектің қабынуы - pyelitis, пиелитдеп аталады), түзеді. Бүйрек тамырларының артында орналасқан түбек, төмен қарай біртіндеп тарылып, бүйрек қақпағы аймағында несепағарға ауысады. Кіші, үлкен тостағаншалар мен бүйрек түбегінің қабырғалары – шырышты, бұлшықеттік және сыртқы дәнекертінді қабықтардан тұрады.


Бүйректің кіші тостағаншаларының күмбездік ( форникалдық ) аппараты. Кіші тостағаншаның бүртікті қоршап жатқан кеңдеу бөлігі – күмбез, fornix, деп аталады.Күмбез қабырғасында тегіссалалы бұлшықеттер: күмбезді көтеретін бұлшықет, m.levator fornicis, және күмбезді қысатын бұлшықет, m. sphincter fornicis, бойлық бұлшықет, m. longitudinalis fornicis, иірмелі бұлшықет, m.spiralis calycis, ажыратылады.

Күмбездік ( форникалдық ) аппаратқа: бүйрек бүртігі, күмбез және оны қоршап жатқан тамырлар мен нервтер жатады. Ол несетің бүйректен шығуын және кері ақпауын реттеп отырады: күмбезді көтеретін және бойлық бұлшықеттер тостағаншаны кеңейтіп, несептің жиналуын қамтамасыз етсе, күмбезді қысатын бұлшықет пен иірмелі бұлшықет тостағаншаны тарылтып, несепті төмен қарай айдайды.

Бүйректің экскреторлық жолының үш түрі болады.

1.Эмбриондық түрі - кіші тостағаншалар бірден бүйрек түбегіне ауысады, үлкен тостағаншалар болмайды.

2.Феталдық түрі - кіші және үлкен тостағаншалар несепағарға ауысады, түбек қалыптаспаған.

3.Жетілген түрі - кіші тостағаншалар үлкен тостағаншаларға, соңғылары бүйрек түбегіне, ал,ол несепағарға жалғасады.
Бүйректің тамырлары мен нервтері. Бүйрекке қан бүйрек артериясы (іштік қолқаның тармағы) арқылы келеді, ол бүйрек қақпасында көбінесе алдыңғы және артқы екі тармаққа бөлінеді.Олар түбектің алдында және артында орналасады. Бүйрек қойнауында бұл артериялар сегменттік, одан әріүлесаралық артерияларға, aa.interlobares, тармақталады, бұл артериялар бүйрек бағаналарында, бүйрек пирамидалары арасымен жүреді. Үлесаралық артерия пирамидалардың негіздері деңгейінде, доғалық артерияларға,aa. arcuatae, бөлінеді. Олардан қыртыс затқа қарай кететің көптегенүлесшеаралық артериялар, aa. interlobulares, үлесшелердің арасымен өтеді де, әкелуші артериолаларды береді. Әкелуші артериола бүйрек денешігіне енеді де, капиллярларға бөлініп, шумақты, glomerulus, түзеді.Шумақтан әкетуші артериола, шығады да, қайтадан, нефрон өзекшелерін қоршап жататын капиллярларға бөлінеді.Бұл капиллярлар арқылы бүйрек өзекшелеріндегі су мен глюкозаның қанға қайта сіңірілуі жүреді. Бұл үдеріс - реабсорбция деп аталады және несеп түзілудің екінші кезеңі болып табылады.Е кіншілік несеп 1,5 - 2 литр шамасында түзіледі . Үлесаралық және доғалық артериялардан бүйректің милы затын қанмен қамтамасыздандыратын тік артериолалар кетеді.


Қыртысты заттың капиллярлық торынан венулалар шығады, олар үлесшеаралық веналарға құйылады. Үлесшеаралық веналар, милы заттың веналары сияқты доғалық веналарға құяды. Олар үлесаралық веналарға құяды. Үлесаралық веналардың қосылуынан бүйрек қойнауы ішінде бүйрек венасы түзіледі. Бүйрек венасы төменгі қуыс венаға ашылады.

Лимфа тамырлары қантамырлар мен қатар жүреді де, белдік лимфа түйіндеріне құяды. Н е р в т е н у і: бүйрек өрімі, plexus renalis, бұл өрімді, құрсақ өрімінен, шажырқайаралық өрімнен кететін симпатикалық нервтер; құрсақ өрімінен кететін кезбе нервтің парасимпатикалық тармақтары түзеді
НЕСЕПАҒАР.

Несепағар, ureter, бүйрек қақпасынан түбектің жалғасы ретінде шығып, несеп қуыққа ашылады(10 –сурет. М.Р. Сапин, 2 том, 2001 ж ). .



10 - сурет. (2 том) Несепағарлар,түбектер және тостағаншалар. Рентгендік көрінісі (пиелография).

1 – бүйректің кіші тостағаншалары; 2 – бүйректің үлкен тостағаншалары; 3 –бүйрек түбектері; 4 – несепағарлар.

Несепағардың қызметі бүйректен шығарылған несепті несеп қуыққа жеткізу. Несепағардың ұзындығы 30 -35 см., қуысының диаметрі 4 - 10 мм шамасында болады. Ол бүйрек сияқты ішастар артында ( ретроперитонеалды) орналасқан. Несепағар топографиялық жағынан үш: іштік бөлікке, pars abdominalis, жамбастық, pars pelvina, және қабырғаішілік,pars intramuralis, - бөліктерге бөлінеді. Іштік бөлігі белдің үлкен бұлшықетінің алдымен төмен түседі. Несепағардың алдында атабез (немесе анабез) артериясы мен венасы орналасады. Жамбастық бөлігіне өтетін жерінде оң несепағар аш ішек шажырқайының түбірімен, ал сол жақтағысы – сигматәрізді жиек ішектің шажырқайының түбірімен қиылысады. Оң несепағардың жамбастық бөлігі ішкі мықын артериялары мен веналарының, ал сол жақтағысы жалпы мықын артериялары мен веналарының алдында орналасқан. Кіші жамбас қуысында несепағарлар жапқыш артериялар мен веналардың медиалды жағында орналасады.

Еркектерде несепағардың жамбастық бөлігі шәует шығаратын түтіктің сыртқы жағында орналасады да, оны қиып өтіп, шәует қуықшасының ұшынан төмендеу деңгейде, несеп қуықтың қабырғасын қиғаш бағытта тесіп өтеді (қабырғаішілік бөлігі). Әйелдерде несепағардың жамбастық бөлігі анабездің артқы, бос жиегін бойлай түсіп, жатыр мойнын латералды жағынан айналып өтеді де, қынаптың алдыңғы жағында., несеп қуыққа қиғаш бағытта енеді.

Несепағардың үш: 1) түбектің несепағарға ауысатын жерінде;

2) іштік бөлігінің жамбастық бөлігіне ауысатын жерінде (шекаралық сызық деңгейінде);

3) қабырғаішілік бөлігінде - тарылған бөліктері ажыратылады.

Несепағардың қабырғасы – шырышты қабық, tunica mucosa, бұлшықетті, tunica muscularis, және сыртқы дәнекертінді қабықтан, tunica adventitia, тұрады.Шырышты қабықта бойлық қатпарлар, шырышты бездер, жекеленген лимфоидты түйіншелер орналасады.

Бұлшықетті қабық жоғарғы 2/3 бөлігінде екі қабаттан ( ішкі - бойлық, сыртқы – дөңгелек талшықтар), ал төменінде үш қабаттан (сыртқы жағынан бойлық талшықтар қосылады) тұрады.

Несепағардың тамырлары мен нервтері.

Қанмен қамтамасыздануы: несепағарды бірнеше артериялардың тармақтары қандандырады. Жоғарғы бөлігін бүйрек және атабез (анабез) артерияларының тармақтары қанмен қамтамасыз етеді. Ортаңғы бөлігін іштік қолқадан, мықындық жалпы және мықындық ішкі артериялардан кететін тармақтар қандандырады. Төменгі бөлігіне несепқуықтық жоғарғы, төменгі және тік ішектік ортаңғы артериялардың тармақтары барады. Веналары: атабез (анабез) венасына және белдік, мықындық ішкі веналарға құйылады. Лимфа тамырлары: несепағардан шығатын лимфа тамырлары белдік және мықындық ішкі лимфа түйіндеріне құйылады.

Н е р в т е н у і: парасимпатикалық нервтенуі, жоғарғы жағында - кезбе нерв, ал, төменгі бөлігінде -жамбастың ішкі ағзалық нервтері нервтендіреді. Симпатикалық нервтенуі , жоғарғы бөлігінде -бүйректік, ортаңғы бөлігінде - несепағарлық және төменгі бөлігінде - төменгі құрсақастылық өрімдерденкететін тармақтар нервтендіреді.

НЕСЕП ҚУЫҚ
Несеп қуық, vesica urinaria, кіші жамбас қуысында орналасқан, несeп жиналатын құрылым болып табылады. Несеп қуықтың сиымдылығы әр адамда әртүрлі: 250 - 700 мл шамасында болады (11 –сурет. М.Р. Сапин, 2 том, 2001 ж ). .






11 – сурет. (2 том) Несеп қуық, несеп шығаратын өзектің (үрпінің) қуықастылық бөлігі және қуықасты безі.

1 – кіндіктік ортаңғы байлам; 2 ,3 – несеп қуықтың бұлшықетті қабығы; 4 – шырышты қабық; 5 - несеп қуық үшбұрышы; 6 – несеп қуық тілшігі; 7 – жатыр түтігінің ампуласы; 8 – түтік шашақтары; 9 – жатыр шажырқайы (жатырдың жалпақ байламы); 10 – несеп қуық; 11 – несеп қуықтың шырышты қабығы; 12 – несепағар тесігі; 13 – деліткі аяқшасы; 14 – деліткі денесі; 15 – деліткі басы; 16 –– несеп шығаратын өзектің сыртқы тесігі; 17 – қынап тесігі.


Несеп қуықтың: ортаңғы бөлігі - денесі, corpus vesicae, жоғарғы үшкірленген бөлігі - ұшы, apex vesicae, төменгі кеңейген бөлігі - түбі, fundus vesicae, ажыратылады. Түбінің несеп шығаратын өзектің ( үрпінің ) ішкі тесігіне жалғасатын тарылған бөлігі - мойны, cervix vesicae, деп аталады

Топографиясы. Несеп қуық кіші жамбас қуысында, қасаға симфизінің артында орналасады. Қасаға симфизі мен несеп қуықтың аралығындағы кеңістік қуықалдындағы кеңістік, spatium prevesicale, - деп аталады. Бұл кеңістікте күпсек ( борпылдақ) шелмай қабаты жатады. Еркектерде, несеп қуықтың артқы беті тік ішек, шәует қуықшалары және шәует шығаратын түтіктердің ампулаларымен, ал түбі қуықасты безімен жанасады. Әйелдерде несеп қуықтың артқы беті жатыр мойны мен қынаптың алдыңғы бетімен, ал түбі – несепжыныс көкетімен жанасады.

. Еркектерде несеп қуықтың жоғарғы бетіне аш ішектің ілмектері, ал әйелдерде – жатыр денесі мен түбі жанасады. Бүйір беттері артқы өтісті көтеретін бұлшықетпен шектеседі.

Бос несеп қуық ішастармен бір жағынан - артқы беті жағынан, экстраперитонеалды жабылған. Несепке толған несеп қуық қасаға симфизінен жоғары көтеріліп, ішастарды да көтереді. Бұл жағдайда ішастар несепқуықты жоғарғы, бүйір және артқы жақтарынан ( мезоперитонеалды) жабады.

Еркектерде, ішастардың тік ішекке ауысатын жерінде, тік ішек-қуық ұңғылы, excavatio rectovesicalis, әйелдерде - жатырға ауысатын жерінде, қуық-жатыр ұңғылы,excavatio vesicouterina, түзіледі.

Несеп қуық кіші жамбас және іш қабырғаларына байламдар мен бұлшықеттер арқылы бекітіліп тұрады.

Кіндіктік ортаңғы байлам, lig. umbilicale medianum, несеп қуықты кіндікпен байланыстырып тұрады. Еркектерде - қасаға-қуықасты байламы,lig. puboprostaticum, қасаға-қуықасты бұлшықеті,m. puboprostaticus, тік ішек-қуық бұлшықеті, m. rectovesicalis, әйелдерде - қасаға-қуық байламы, lig. pubovesicale, қасаға-қуық бұлшықеті,m.pubovesicalis, болады.

Бұдан басқа, несеп қуықты белгілі бір деңгейде несеп шығаратын өзектің бастапқы бөлігі және несепағардың соңғы бөлігі, олармен қатар еркектерде - қуықасты безі, ал әйелдерде - несеп-жыныс көкеті бекітіп тұрады.
Қабырғасының құрылымы. Несеп қуықтың қабырғасы төрт: шырышты қабық, шырышасты негізі, бұлшықетті және дәнекер тінді қабықтардан түзілген. Ішастармен жабылған жерлерінде сірлі қабық болады.

Шырышты қабық, tunica mucosa, шырышасты негізінің жақсы дамуына байланысты, несеп қуық босаған кезде көптеген қатпарлар түзеді. Қуық толған кезде қатпарлар тегістеліп кетеді. Несеп қуықтың мойны аймағында несеп шығаратын өзектің ( үрпінің ) ішкі тесігі, ostium uretrae internum, жатады. Осы ішкі тесік пен несеп қуықтың артқы қабырғасындағы екі несепағарлар тесіктерінің (ostia ureteres) аралығында - несепқуық үшбұрышы,trigonum vesicae, орналасады. Бұл үшбұрышта қатпарлар түзілмейді, себебі шырышасты негізі болмайды. Үшбұрыш негізінде, несепағарлар тесіктерінің аралығында - несепағараралық қатпар, plica interureterica, орналасады. Бұл қатпардың артында, қуықасты безі өскен сайын ұлғая беретін, несепағарартындағы шұңқыр, fossa retroureterica, жатады. Кейбір кездері, несеп шығаратын өзектің ( үрпінің ) ішкі тесігінің артында, дөңестеу жер - несеп қуық тілшігі, uvula vesicae, орналасады. Бұл тілшік көбінесе, қартайған сайын, қуықасты безінің ортаңғы үлесінің үлкеюінің нәтижесінде пайда болады.

Шырышты қабықта шырышты бездер, glandulae vesicales, жекеленген лимфоидты түйіншелер, noduli lymphoidei solitarii, орналасады.

Бұлшықетті қабық, tunica muscularis, үш қабаттан құралған. Ішкі және сыртқы қабаттарын бойлық бағытта орналасқан бұлшықет талшықтары, ортаңғы қабатын көлденең бағыттағы талшықтар түзеді. Бұлшықетті қабықтың негізгі қызметі, несепті қуықтан шығару болғандықтан, ол несепті итеріп шығаратын бұлшықетт,m.detrusor urinae, деп аталады. Көлденең қабат талшықтары, несеп шығаратын өзектің ішкі тесігі аймағында, санаға бағынбайтын несеп қуықтың қысқышын, m. sphincter vesicae, түзеді.

Дәнекертінді қабық, tunica adventitia, несепқуықты сыртынан жауып жатады. Сонымен қатар, ішастар сыртқы қабықты құрауға қатынасады. Бос несеп қуық ішастармен - экстраперитонеалды, несепке толған несеп қуық - мезоперитонеалды орналасады.

Несеп қуықтың тамырлары мен нервтері.

Қанмен қамтамасыздануы: жоғарғы бөлігін кіндік артериясынан кететін - a.vesicalis superior, төменгі бөлігін мықындық ішкі артериядан кететін - a.vesicalis inferior, қандандырады. Веналары: несеп қуықтың веналық өріміне және мықындық ішкі веналарға құйылады. Лимфа тамырлары: несеп қуықтан шығатын лимфа тамырлары несеп қуықжанындағы және мықындық ішкі лимфа түйіндеріне, құйылады.

Н е р в т е н у і: парасимпатикалық нервтенуі -жамбастың ішкі ағзалық нервтері нервтендіреді. Симпатикалық нервтенуі - төменгі құрсақастылық өріміненкететін тармақтар нервтендіреді.

ЕРКЕК ЖЫНЫС АҒЗАЛАРЫ

Еркек жыныс ағзалары,organa genitalia masculina, ішкі және сыртқы жыныс ағзалары болып екі топқа бөлінеді.Ішкі жыныс ағзаларына: атабез қосалқыларымен бірге, шәует шығаратын түтік, шәует қуықшалары, қуықасты және буылтық – несеп шығаратын өзек (булбоуретралды) бездері; сыртқы жыныс ағзаларына: еркек жыныс мүшесі мен ұма жатады.


ІШКІ ЖЫНЫС АҒЗАЛАРЫ
АТАБЕЗ

Атабез, testis, (грекше,orchus, sеu didymis) – жұп, аралас без, себебі, ол бір жағынан экзокринді без ретінде, еркек жыныс жасушалары - сперматозоидтарды түзетін болса, екінші жағынан эндокринді без ретінде, қанға еркек жыныс гормондарын бөледі.

Атабез шат аймағындағы - ұмада орналасады.. Атабездің орташа ұзындығы - 4 см, ені - 3 см, қалыңдығы - 2 см, болады. Ағзаның салмағы – 15 -30 гр. шамасында кездеседі Атабездің: дөңестеу келген латералды беті, facies lateralis, және медиалды беті, facies medialis; алдыңғы жиегі,margo anterior, және артқы жиегі,margo posterior; жоғарғы шеті,extremitas superior, және төменгі шеті, extremitas inferior, ажыратылады. Артқы жиегіне атабез қосалқысы жанасып жатады. Жоғарғы шетінде атабездің кішкене өсіндісі, appendix testis, орналасады (парамезонефралдық түтіктің краниалдық шетінің рудименті) .

Сол жақтағы атабез, оң жақтағысына қарағанда төмендеу орналасады.

Атабездің ішкі құрылымы. Атабез сыртынан, талшықты ақ қабықпен, tunica albuginea, қапталған. Оның астында атабез ұлпасы(паренхимасы), parenchyma testis, орналасады. Атабездің артқы жиегі бойынша, ақ қабықтың буылтықтәрізді өсіндісі атабез ұлпасының артқы бөлігіне еніп, атабез орталығын, mediastinum testis, түзеді. Орталықтан шығатын дәнекертінді жұқа қалқалар, septula testis, атабез ұлпасын сaны 250 - 300-ге дейін жететін үлесшелерге, lobuli testis, бөледі.Үлесшелердің ұштары атабез орталығына, негіздері ақ қабыққа тіреледі. Үлесшеде бір - үш иреленген шәует өзекшелері, tubuli seminiferi contorti, орналасады.Әр өзекшенің ұзындығы 70- 100 см - ге дейін болады. Олар әрі қарай атабездің орталығына қарай бағыттала отырып, үлесшенің ұшына жақындағанда бір-бірімен қосылып тік шәует өзекшелеріне, ductuli seminiferi recti, айналады .Тік өзекшелер атабез орталығында орналасқан атабез торына, rete testis, ашылады .Тордан, атабез қосалқысының түтігіне құятын 12 -15 шамасындағы атабездің шығарушы өзекшелері, ductuli efferentes testis, шығады. Шәует құрамына кіретін еркек жыныс жасушалары - сперматозоидтар тек қана иреленген өзекшелерде өндіріледі, ал қалған өзекшелер шәует шығарушы жолдарға жатады(14 –сурет. М.Р. Сапин, 2 том, 2001 ж ).