ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 06.12.2023
Просмотров: 155
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
14 – сурет. Атабез және оның қосалқысының шәует шығаратын жолдары.
1 –шәует шығаратын түтік; 2 – атабездің шығаратын түтіктерін; 3 - атабез қосалқысының түтігі; 4 – атабез орталығы; 5 - атабез торы ; 6 – тік шәует өзекшелері; 7 – атабез қалқалары; 8 – иреленген шәует өзекшелері; 9 – әр түрлі үлесшелердегі шәует өзекшелерінің аралығындағы байланыс, 10 – ақ қабық; 11 – атабез қосалқының үлесшелері.
Атабез орталығында,иреленген шәует өзекшелерінің аралығындағы дәнекер тінде (интерстицийде) Лейдиг жасушалары жатады. Олар еркек жыныс гормоны - тестесторонды өндіреді.
АТАБЕЗ ҚОСАЛҚЫСЫ
Атабез қосалқысы, epididymis, атабездің артқы жиегі бойында орналасқан .Қосалқының жоғарғы жағында - басын, caput epididymidis, ортаңғы жағында - денесін, corpus epididymidis, және төменгі жағында - құйрығын, cauda epididymidis, ажыратады. Атабездің латералды бетінде: қосалқының денесі мен атабез аралығында атабез қосалқысының қойнауы, sinus epididymidis, жатады. Атабез қосалқысының басында сабағы бар көпіршік түріндегі атабез қосалқысының өсіндісі,appendix epididymis, кездеседі (мезонефростың қалдығы). Қосалқы басының жоғарғы - артқы жағында, шәуетбаудың (шәует шылбырының) алдында, алғашқы бүйректің (мезонефростың) қалдығы - қосалқы жанындағы дене, paradidymis, жатыр.
Атабездің шығарушы өзекшелері 12 - 15 шамасындағы конуспішінді атабез қосалқының үлесшелерін, lobuliepididymidis, түзеді. Шығарушы өзекшелер атабез қосалқысының түтігіне, ductus epididymidis, ашылады, ал ол көптеген иілістер жасап, қосалқы құйрығынан шыққаннан кейін шәует шығаратын түтікке жалғасады. Атабез қосалқысының түтігі жазлған кезде, ұзындығы 6-8 м-ге жетеді. Атабез қосалқысының өзекшелеріндесперматозоидтар сақталады.
Атабездің және атабез қосалқысыныңтамырлары мен нервтері. Қанмен қамтамасыздануы: атабез және атабез қосалқысын іштік қолқаның тармағы - атабез артериясы, мықындық ішкі артериядан (кіндік артериясынан) кететін - шәует шығаратын түтік aртериясы қандандырады. Веналары: атабез бен оның қосалқысынан шығатын веналар шәуетбаудың (шәует шылбырының) құрамында өтетін сабақты өрімді,plexus venosus pampiniformis, құрайды, шап өзегінде бұл өрім атабез артериясын қоршап жатады. Іш қуысында аталған өрімнен атабез венасы шығады.Атабез венасы оң жағында - төменгі қуыс венаға, сол жағында - сол жақ бүйрек венасына барып құйылады.
Лимфа тамырлары: атабез және атабез қосалқысынан шығатын лимфа тамырлары белдік лимфа түйіндеріне құйылады.
Н е р в т е н у і: атабез және атабез қосалқысын, шажырқайаралық өрімнен шығатын, құрамында симпатикалық, парасимпатикалық және сезімтал талшықтары бар, атабез өрімі, plexus testicularis, нервтендіреді.
.
ШӘУЕТ ШЫҒАРАТЫН ТҮТІК
Шәует шығаратын түтік, ductus deferens, - атабез қосалқысы түтігінің тікелей жалғасы болып табылады(12 –сурет. М.Р. Сапин, 2 том, 2001 ж ). Шәует шығаратын түтіктің ұзындығы 40 - 50 см, шамасында болады, жаплпы ені, 2.5 - 3 мм, оның ішінде - қуысының диаметрі 0,5 мм-ден аспайды. Осыдан түтік қабырғасының айтарлықтай қалың екені көрініп тұр, сондықтан ол шәуетбаудың құрамында, тығыздығына орай, оңай анықталады. Оның топографиялық 4 бөлігі ажыратылады.
Бірінші - атабездік (қосалқылық) бөлігі, ұзындығы қосалқы ұзындығына сәйкес келеді де, атабездің артында, қосалқыдан медиалды орналасады .
Екінші - шәуетбаудың құрамында өтетін шәуетбаулық (шылбырлық) бөлігі, тамырлардың медиалды және артқы жағында орналасып, беткей шап сақинасына дейін барады.
Шәует шығаратын түтіктің беткей шап сақинасынан, терең шап сақинасына дейінгі үшінші - шаптық бөлігі, шап өзегінде орналасады.
Шәует шығаратын түтіктің төртінші - жамбастық бөлігі, терең шап сақинасында шәуетбаудан бөлініп шығады. Кіші жамбас қуысында түтік ішастардың астында, ретроперитонеалды, жатады.Ол төменгі құрсақүсті артериясының бастапқы бөлігін латералды жағынан айналып өтіп, мықындық сыртқы артерия мен венаны қиып өтеді. Одан кейін кіші жамбастың бүйір қабырғасының бойымен төмен және артқа қарай бағытталып, несепағармен қиылысады да, несеп қуық пен тік ішектің арасына енеді. Несеп қуықтың түбінде, қуықасты безінің үстінде, қарама-қарсы жақтағы түтікпен жақындасып, қатар жатады. Шәует шығаратын түтіктің осы соңғы бөлігі кеңейіп,
шәует шығаратын
12 – сурет. (2 том) Сыртқы және ішкі жыныс ағзалары (сызбасы).
1 – несеп қуық; 2 - шәует қуықшалары; 3 – шәует жіберетін түтік; 4 – несеп шығаратын өзектің жарғақты бөлігі; 5 - еркек жыныс мүшесінің аяқшасы; 6 – еркек жыныс мүшесінің буылтығы; 7 – шәует шығаратын түтік; 8 – еркек жыныс мүшесінің кеуекті денесі; 9 – еркек жыныс мүшесінің үңгірлі денелері;10 – атабез қосалқысы; 11 – атабездің шығарушы өзекшелері; 12 – атабез торы; 13 – тік шәует өзекшелері; 14 – иреленген шәует өзекшелері; 15 – атабездіңақ қабығы; 16 –– төменгі ауытқыған түтікшелер; 17 – еркек жыныс мүшесінің басы; 18 - буылтық – несеп шығаратын өзек (булбоуретралды) бездері; 19 – қуықасты безі; 20 – шәует шығаратын түтік ампуласы; 21 – несепағар.
түтік ампуласын,ampulla ductus deferentis,түзеді. Ампулада сперматозоидтар сақталады. Ампуланың ұзындығы 3 - 4 см, ені 1 см-ге дейін жетеді. Ампула төменгі бөлігінде біртіндеп тарылады да, қуықасты безінің жоғарғы жиегі деңгейінде шәует қуықшаларының шығару түтігімен қосылады.
Шәует шығаратын түтіктің қабырғасы шырышты, бұлшықетті және дәнекертінді қабықтардан тұрады. Шырышты қабық, tunica mucosa, бойлық қатпарлар түзеді. Ампула сыртқы жағынан бұдырлы болады, себебі, түтік қуысының кеңейген шығыңқы жерлері - ампула дивертикулдарын, diverticulum ampullae, түзеді. Шырышты қабықтың сыртында бұлшықетті қабық,tunica muscularis, орналасқан, ол ішкі және сыртқы бойлық және ортаңғы дөңгелек тегіс салалы бұлшықет жасушаларынан құралған. Бұлшықетті қабықтыңсыртында дәнекертінді қабық, tunica adventitia, орналасады.
ШӘУЕТ ҚУЫҚШАСЫ
Шәует қуықшасы,vesicula seminalis, - жұп ағза, кіші жамбас қуысында, шәует шығаратын түтіктің ампуласынан латералды, несеп қуықтың түбі мен тік ішектің аралығында, қуықасты безінің үстінде, орналасқан (12-сурет). Ағзаның сыртқы беті бұдырлы, ішастар шәует қуықшаларының тек жоғарғы бөлігін ( экстраперитоналды ) жауып жатады. Шәует қуықшалары бөлетін сұйықтықтың әсерінен сперматозоидтар қозғалатын қасиетке ие болады және сұйылтылады.
Шәует қуықшасының жоғарғы көбінесе үшкірленген ( сирек жағдайда - кеңейген ) бөлігі - негізі, basis, ортаңғы бөлігі – денесі, corpus, және шығару түтігіне, ductus excrеtorius, жалғасатын төменгі тарылған бөлігі болады. Шәует қуықшасының шығару түтігі шәует шығаратын түтіктің соңғы бөлігімен қосылып, шәует жіберетін түтікті,ductus ejaculatorius, түзеді, бұл түтік қуықасты безін тесіп өтіп, еркектің несеп шығаратын өзегінің(үрпінің) қуықастылық бөлігіне келіп, шәует төмпешігінің бүйір жағына ашылады. Шәует жіберетін түтіктің ұзындығы шамамен 2 см, қуысының ені - бастапқы бөлігінде 1 мм-дей, несеп шығаратын өзекке енетін жерінде 0,3 мм-ге дейін тарылады.
Шәует қуықшаларының несепқуыққа қараған алдыңғы беті және тік ішекке жанасып жататын артқы беті болады. Оның ұзындығы шамамен 5 см, ені - 2 см және қалыңдығы - 1 см.болады Шәует қуықшасының кесіндісінде, оның қуысы бір-бірімен байланысқан көпіршіктер түрінде болады. Егер шәует қуықшасының сыртқы адвентициялық қабығын алып тастаса, ол жазылып, қабырғасының кеңейген шығыңқы жерлері (дивертикулдары) бар, ұзындығы 10-12 см болатын түтікке айналады.
Шәует қуықшасының қабырғасының қабықтары: ішкі – көптеген қатпарлар түзетін шырышты қабығы, tunica mucosa,шырышасты негізі, tela submucosa; ортаңғы - бұлшықетті қабығы, tunica muscularis, және сыртқы дәнекертінді қабығы, tunica adventitia, болады.Шырышты қабығы мен шырышасты негізінде көптеген бездер орналасады.
.
Шәует шығаратын түтік пен шәует қуықшасыныңтамырлары мен нервтері. Қанмен қамтамасыздануы. Шәует шығаратын түтікті, мықындық ішкі артериядан (кіндік артериясынан) кететін - шәует шығаратын түтік aртериясы қандандырады. Шәует қуықшасына - шәует шығаратын түтік aртериясы, несеп қуықтық төменгі артерия мен тік ішектік ортаңғы артерия тармақтар береді.
Веналары. Шәует қуықшасы мен шәует шығаратын түтіктен шығатын веналар, несеп қуықтың веналық өріміне және шәует шығаратын түтік венасы арқылы мықындық ішкі венаға құйылады,
Лимфа тамырлары: Шәует қуықшасы мен шәует шығаратын түтіктен шығатын лимфа тамырлары мықындық ішкі лимфа түйіндеріне құйылады..
Н е р в т е н у і: Шәует қуықшасы мен шәует шығаратын түтікті жамбас өрімінен шығатын, құрамында симпатикалық, парасимпатикалық және сезімтал талшықтары бар,шәует шығаратын түтік өрімі, plexus deferentialis, нервтендіреді.
ҚУЫҚАСТЫ БЕЗІ
Қуықасты безі, prostata ( грекше, proistanai - алдыға шығып тұру ), кіші жамбас қуысында, несеп қуықтың астында, несеп-жыныс көкетінде орналасқан. Қуықасты безі бөлетін сұйықтықтық сперматозоидтарды сұйылтады және белсендіреді.
Қуықасты безінің жоғары бөлігі негізі, basis prostatae, төменгі, жіңішкерген бөлігі – ұшы, apex prostatae, деп аталады. Бездің үш үлесі болады. Олар, оң үлесі, lobus dexter, және сол үлесі, lobus sinister, олардың арасындағы шекара алдыңғы бетінде нашар дамығанжүлге, sulcus prostatae, түрінде өтеді. Ортаңғы үлесі, lobus medius, немесе қылтасы, isthmus prostatae, қуықасты безінің негізінің артқы бөлігінде орналасып, алдыңғы жағынан - несеп шығаратын өзекпен, артқы жағынан - шәует жіберетін түтіктермен шектелген. Осы үлес қартайған шақта үлкейеді де, несеп шығаруды қиындатады. Бездің қасаға симфизіне қараған алдыңғы беті, facies anterior, тік ішекке қараған артқы беті, fasies posterior, және артқы өтісті көтеретін бұлшықетке қараған төменгі – латералды беті, facies inferolateralis, ажыратылады.
Қуықасты безінің негізі,несеп қуықтың түбіне, шәует қуықшаларына және шәует шығаратын түтіктердің ампуласына жанасып жатады. Несеп шығаратын өзек қуықасты безінің негізінен кіреді де,.одан ұшы орналасқан жерде шығады. Түтік бездің алдыңғы бетіне жақынырақ өтеді,сондықтан бездің көп бөлігі оның артында қалады Қуықасты безінің ұшы, несеп-жыныс көкетінде жатады.
Қасаға симфизі мен қуықасты безінің аралығында, жұп, қасаға-қуықасты байламы,lig. puboprostaticum, және қасаға-қуықасты бұлшықеті,m. puboprostaticus, өтеді. Қуықасты безінің артқы беті тік ішектің ампуласынан, жамбас шандырының висцералды табақшасы - тік ішек-қуықтық қалқамен, septum rectovesicale, бөлінген. Осылай жақын жанасып жатуына байланысты, тірі адамда қуықасты безін тік ішектің алдыңғы қабырғасы арқылы сипап,тексеруге болады.
Қуықасты безінің ұзындығы(жоғарғы - төменгі өлшемі) - 3 см, ені - 4 см, қалыңдығы - 2 см, салмағы 20-25 гр. шамасында болады.
Қуықасты безінің ішкі құрылымы.
Ағза сыртынан талшықты қапшықпен, capsulaprostatica, қапталған, одан бездің ішіне қарай дәнекертінді қалқалар кетеді. Олар ағзаны бездерден құралған үлесшелерге бөледі. Бездік үлесшелердің саны 30 – 50 - ге жетеді; олар негізінен қуықасты безінің артқы және бүйір бөліктерінде орналасады. Олардың шығарушы түтіктерінің, ductuli prostaticae, біразы бір – бірімен қосылып, еркектің несеп шығаратын өзегіндегі шәует төбешігіне және оның айналасына кішкене тесіктермен ашылады. Үлесшелер қуықасты безінің алдыңғы бөлігінде өте аз мөлшерде кездеседі, бұл жерде негізінен тегіс салалы бұлшықет тіні орналасады, олар еркектің несеп шығаратын өзегінің айналасында топталып орналасады.
Сонымен, қуықасты безі бұлшықетті - безді ағза, бездік ұлпадан (паренхимадан), parenchyma glandulare, және тегіс салалы бұлшықеттік заттан, substantia muscularis, түзіледі. Олардың арақатынасы шамамен бірдей болады.
Қуықасты безінің бұлшықеттік заты несеп қуықтың түбінің қабырғасындағы бұлшықет талшықтарымен бірігіп, несеп шығаратын өзектің ішкі тесігі аймағында еріксіз несеп қуықтың қысатын бұлшықетті, m. sphincter vesicae, немесе еркектің несеп шығаратын өзегін қысатын ішкі бұлшықетті, m. sphincter uretrae internus, түзуге қатысады (екеуі – бір бұлшықет).
Қуықасты безінің тамырлары мен нервтері.
Қанмен қамтамасыздануы. Қуықасты безі несеп қуықтық төменгі және тік ішектік ортаңғы артериялардан (а. іlіаса interna жүйесінен) кететін тармақтардан қанданады.
Веналары. Веналық қан қуықасты безінің веналық өріміне, одан несеп қуықтық төменгі веналарға құйылады, ал олар мықындық ішкі венаға барып құйылады
Лимфа тамырлары: қуықасты безінен шығатын лимфа тамырлары мықындық ішкі лимфа түйіндеріне құйылады..
Н е р в т е н у і: қуықасты безін жамбас өрімінен шығатын, құрамында симпатикалық, парасимпатикалық және сезімтал талшықтары бар,қуықасты безінің өрімі,plexus prostaticus,нервтендіреді. Бұл өрімді түзуге несеп қуық өрімінен келетін тармақтар да қатынасады.
БУЫЛТЫҚ - НЕСЕП ШЫҒАРАТЫН ӨЗЕК ( ҮРПІ ) БЕЗІ
Буылтық - үрпі безі ( Купер безі ), glandula bulbouretralis көлемі тас бұршақ сияқты, дөңгелек, жұп ағза. Без, несеп – жыныс көкетінің ішінде,несеп шығаратын өзектің жарғақты бөлігінің артында жатады.Бездер бір-бірінен 5 - 6 мм қашықтықта орналасады.Бездің түтігі жіңішке және ұзын ( 3 - 4 см) болып келеді, несеп – жыныс көкетін, одан кейін жыныс мүшесінің буылтығын тесіп өтіп, несеп шығаратын өзекке ашылады.
Без бөлетін жабысқақ сұйықтық , үрпінің шырышты қабығын несептің әсерінен қорғайды.
Буылтық – үрпі безінің тамырлары мен нервтері.
Қанмен қамтамасыздануы. Бұл без ішкі жыныс артериясының тармақтарымен қанданады. Веналары. Веналық қаны жыныс мүшесі буылтығының веналарына,одан ішкі жыныс венасына барып құйылады. Лимфа тамырлары: мықындық ішкі лимфа түйіндеріне барып құйылады. Н е р в т е н у і. Безді жыныс нервісінің тармақтары және жамбас өрімінен шығатын, құрамында симпатикалық, парасимпатикалық және сезімтал талшықтар бар нервтер тікелей немесе тамырлардың бойымен келіп нервтендіреді.
.
СЫРТҚЫ ЖЫНЫС АҒЗАЛАРЫ
Сыртқы жыныс ағзаларына еркек жыныс мүшесі мен ұма жатады.
ЕРКЕК ЖЫНЫС МҮШЕСІ
Еркек жыныс мүшесі, penis, несеп пен шәуетті шығару қызметін атқарады. Еркек жыныс мүшесінің түбірін, radix penis, денесін,corpus penis, басын, glans penis, ажыратады (16 –сурет. М.Р. Сапин, 2 том, 2001 ж ). .Жыныс мүшесінің бекітілген (артқы) және жылжымалы (алдыңғы) екі бөлігі бар. Бекітілген бөлігі – түбірі, қасаға сүйектеріне бекіп, ұма мен шап терісімен жабылған. Денесі мен басы - бос, жылжымалы бөлігіне жатады.Еркек жыныс мүшесі денесінің алдыңғы беті – арқашығы, dorsum penis, деп аталады.
16 – сурет. Еркек жыныс мүшесінің құрылымы.
1 – несеп шығаратын өзектің сыртқы тесігі; 2 - еркек жыныс мүшесінің басы; 3 – еркек жыныс мүшесінің кеуекті денесі; 4 – еркек жыныс мүшесінің буылтығы; 5 - еркек жыныс мүшесінің артериясы мен веналары; 6 – буылтық – несеп шығаратын өзек (булбоуретралды) бездері; 7 – шонданай төмпесі; 8 – шаттың терең көлденең бұлшықеті; 9 – несеп шығаратын өзек; 10 – несеп – жыныс көкетінің төменгі шандыры; 11 – еркек жыныс мүшесінің аяқшалары; 12 – еркек жыныс мүшесінің шандыры; 13 – еркек жыныс мүшесінің үңгірлі денелері.
Еркек жыныс мүшесі басының ұшына еркек несеп шығаратын өзегінің сыртқы тесігі, ostium uretrae externum, ашылады. Жыныс мүшесі басының артқы жуандау бөлігі – басының тәжі, corona glandis, ал, оның артында, бас мен денесінің шекарасы болып табылатын, жіңішкерген бөлігі - басының мойны, collum glandis, деп аталады.
Жыныс мүшесінің денесі жұқа терімен қапталған. Денесінің алдыңғы бөлігіндегі терісі - жақсы дамыған, екі қабаттан ( жапырақшадан ) тұратын қатпар, еркек жыныс мүшесінің күпегін, preputium penis, түзеді. Күпек жыныс мүшесінің басын еркін, жылжымалы түрде жауып тұрады. Күпектің алдыңғы шетінде тесігі болады, тесікті шектеп тұрған жиекте - күпектің сыртқы қабаты бұрылып, нәзік, жұқа, ішкі қабатына жалғасады, ол артқа жүріп, мойын аймағында жыныс мүшесі басының терісіне ауысады. Сонымен, басы мен күпегінің арасында күпек қуысы болады, ол алдында айтылғандай алдыңғы жағында тесікпен ашылады, күпекті артқа қарай жылжытқанда осы тесік арқылы жыныс мүшесінің басы ашылады. Күпектің ішкі қабатында, күпек бездері, glandulae prehutiales, орналасады, олар смегма, smegma,деп аталатын майлы сұйықтықты бөліп шығарады. Егер гигиеналық ұстанымдар сақталмаса, смегма жинала келе, қабынуға алып келеді.
Еркек жыныс мүшесі басының төменгі беті мен күпектің төменгі беті, бір – бірімен күпек жүгеншігі, frenulum preputiales, арқылы байланысып тұрады.
Балаларда жыныс мүшесінің күпегі алдыға қарай бұртиып, шығып тұрады, күпектің ішкі жапырақшасы мен бас терісінің жабысып қалып, ауырсыну сезімін тудыратын жағдайлар және басқа да қабыну үдерістері кездеседі. Осындай аурулардың алдын алу мақсатында, мұсылман халықтардың арасында сүндет деп аталатын кішкене хирургиялық әрекет жасау кең тарағаны белгілі.Сүндет жасау кезінде, балалар күпегінің шығып тұрған алдыңғы бөлігін кесіп алып, тастайды.Осыдан кейін жыныс мүшесінің басы ашық болып, күпекпен жабылмайды: смегма жиналмайды, бас терісі жабыспайды, қабыну үдерістері болмайды.
Еркек жыныс мүшесінің ішкі құрылымы. Еркек жыныс мүшесінің ішкі негізін үш дене: мүшенің арқашығын түзетін, қатар орналасқан екі үңгірлі денелер, corpora cavernosa penis, және олардың астында жататын кеуекті дене, corpus spongiosum penis, құрайды.
Үңгірлі денелердің пішіні цилиндртәрізді, бір-бірімен бітісіп кеткен, алдыңғы және артқы шеттері үшкірлеу болады, артқы шеті екі жаққа айырылып, еркек жыныс мүшесінің аяқшасы, crura penis, (еркек жыныс мүшесінің түбірі) ретінде қасаға сүйектердің төменгі тармақтарына бекиді. Үңгірлі денелер екеуіне ортақ ақ қабықпен, tunica albungea corporum cavernosum, қапталған. Ақ қабық, үңгірлі денелер аралығында жыныс мүшесінің қалқасын, septum penis, түзеді.
Жыныс мүшесінің кеуекті денесі үңгірлі денелерге қарағанда жіңішке болады, артқы бөлімінде жуандаған жыныс мүшесінің буылтығын, bulbus penis, алдыңғы шетінде де жуандапжыныс мүшесінің басын, glans penis, түзеді. Жыныс мүшесі басынын артқы бетінде ұңғыл болады, осы ұңғылға үңгірлі денелердің алдыңғы шеттері кіріп тұрады (жыныс мүшесінің басы үңгірлі денелерді қап сияқты алдынан жауып тұрады). Кеуекті дененің ішінде несеп шығаратын өзектің кеуекті бөлігі өтеді. Кеуекті дененің ақ қабығы, tunica albungea corporis spongiosi, үңгірлі дененікіне қарағанда жұқалау болады.
Ақ қабықтан шығатын көптеген өсінділер, қалқалар түрінде, жыныс мүшесінің үңгірлі және кеуекті денелерің үңгірлерін, cavernae corpori cavernosrum seu spongiosi, бір - бірінен бөліп тұрады.Үңгірлер деп аталатын бұл кішкене қуыстар бір – бірімен қатынаста болады. Кеуекті дененің қуыстары үңгірлі дененікінен кішкене болады. Бұл қуыстарға артерия тармақтары ашылады. Жыныс мүшесінің эрекциясы кезінде қуыстар (үңгірлер) қанға толады, олар үлкейіп, кеңейеді, жыныс мүшесі тығызданып қатаяды.
Еркек жыныс мүшесінің терісінде май және тер бездері болады, бірақ басының ,мойнының және күпек жүгеншесінің терісінде бездер болмайды. Тері астында теріастылық шелмай болмайды, серпімді (эластикалық) талшықтарға бай күпсек дәнекер тін жатады.Дәнекер тіннің астындаеркек жыныс мүшесінің беткей шандыры, fascia penis superficialis, ал, оныңастында еркек жыныс мүшесінің терең шандыры, fascia penis profunda,орналасады.
Жыныс мүшесінің түбіріне келетін екі байлам бар.Біріншісі, еркек жыныс мүшесін іліп тұратын байлам, lig.suspensorium penis superficiale, іштің беткей шандырынан, ақ сызық аймағынан басталып,еркек жыныс мүшесінің түбіріне, оның беткей шандырына бекиді .Екіншісі,терең орналасқан сақпантәрізді байлам, lig.fundiforme, негізі төмен қараған, пішіні үшбұрышты байлам, қасаға симфизінен басталып,үңгірлі денелердің сыртқы бетінің ақ қабығынабекиді.
1 2 3 4 5 6
Еркек жыныс мүшесініңтамырлары мен нервтері.
Қанмен қамтамасыздануы. Жыныс мүшесін сан артериясынан кететінжыныстық сыртқы артериялар және мықындық ішкі артериядан кететін – жыныстық ішкі артерияның тармақтары: жыныс мүшесі буылтығының артериясы, үрпі артериясы, жыныс мүшесінің сыртқы(дорзалді) және терең артериялары, қанмен қамтамасыз етеді. Веналары. Веналық қан артериялармен аттас веналар арқылы несеп қуықтың веналық өріміне, мықындық ішкі және сан веналарына құйылады. Лимфа тамырлары: мықындық ішкі және шап лимфа түйіндеріне барып құйылады. Н е р в т е н у і. Еркек жыныс мүшесін жыныс нервісінен (сегізкөз өрімі)келетін сезімтал жыныс мүшесінің сыртқы нерві және жамбас өрімінен шығатын, құрамында симпатикалық, парасимпатикалық және сезімтал талшықтар бар нервтер тікелей немесе тамырлардың бойымен келіп нервтендіреді.
ЕРКЕК НЕСЕП ШЫҒАРАТЫН ӨЗЕГІ ( ҮРПІ )
Еркек несеп шығаратын өзегі ( үрпі ), urethra masculinа, несеп және шәует шығару қызметтерін атқарады. Ол несеп қуықтың түбіндегі несеп шығаратын өзектің ішкі тесігінен басталады да, жыныс мүшесінің басында, несеп шығаратын өзектің сыртқы тесігімен аяқталады.Оның диаметрі 5 – 7 мм, ұзындығы 15 - 22 см шамасында болады. Несеп шығаратын өзектің топографиялық тұрғыдан: қуықастылық, жарғақтық және кеуектік үш бөліктерін ажыратады( 12 – сурет ). Сонымен қатар, оның қозғалмайтын ( бекітілген ) және қозғалмалы бөліктері ажыратылады. Қозғалмайтын бөлігіне қуықастылық, жарғақтық бөліктер және қасаға симфизіне жанасып жататын кеуектік бөліктің - сақпантәрізді байламға, lig.fundiforme, дейінгі артқы бөлімі жатады. Еркек жыныс мүшесініңсақпантәрізді байламнан кейінгі ілініп тұратын, қозғалмалы бөлігінде - кеуектік бөліктің алдыңғы бөлімі орналасады.
Несеп шығаратын өзек қуықасты безінің негізінен кіреді де, одан ұшы арқылы шығады. Бұл қуықастылық бөлігінің, pars prostatica, ұзындығы 2.5 - 3 см шамасында болады. Қуықастылық бөліктің артқы қабырғасында, бойлық бағытта несеп шығаратын өзектің қыры, crista urethralis, орналасады. Оның ортаңғы кеңейіп, дөңестенген бөлігі шәуеттік төбешік, сolliculus seminalis, деп аталады.Төбешіктің ұшында, бойлық бағытта кішкене ұңғыл, қуықастылық жатырша, utriculus prostaticus, орналасады. Жатыршаның бүйір жақтарында шәует жіберетін түтіктердің кішкене тесіктері ашылады. Қуықасты безінің шығарушы түтіктері шәуеттік төбешігікке және оның айналасына кішкене тесіктермен ашылады.