ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 06.12.2023
Просмотров: 157
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
лимфа тамырлары орналасады, сондықтан ол тамырлы қабат, stratum vasculosum, деп аталады.
Сыртқы сірлі қабығы, tunica serosa, немесе периметрий, perimetrium, ішкіағзалық ( висцералды ) ішастардың бөлігі болып табылады. Оның астында, жатыр денесінің екі жиегі мен мойны аймағында ( сірлі қабықтың, жатырдың жалпақ байламына өтетін жерінде ) сірліасты негізі, tela subserosa,орналасады.
Жатырдың кіші жамбас қуысында орналасу қалыптары. Жатыр, қасында орналасқан - несеп қуық пен тік ішектің жағдайларына байланысты, едәуір қозғалғыш ағза болып табылады. Қалыпты жағдайда жатырдың бойлық білігінің бағыты, жамбас білігінің бағытына сәйкес келеді. Несеп қуық бос кезде, жатыр вертикалды бағытта емес, түбі алдыға қарай еңкейіп орналасады, бұл, жатырдың алдыға еңкейіп орналасқан қалпы – anteversio uteri, - деп аталады. Жатыр денесі алдыға еңкейген кезде, мойнымен алдыға қарай ашылатын бұрыш жасайды, бұл, жатырдың алдыға иіліп орналасқан қалпы - anteflexsio uteri, - деп аталады. Несеп қуық толған кезде, жатыр вертикалды бағытта біраз түзеледі. Сирек жағдайларда жатырдың артқа еңкейіп орналасауы - retroversio uteri, кездеседі. Жатырдың артқа иіліп орналасқан қалпы - retroflexsio uteri, одан да сирек кездеседі депатологиялық жағдайға жатады. Жатыр, кейде орталықтан оңға, lateropositio dextra, немесе солға қисайып, lateropositio sinistra, орналасады
Жатырдың ішастарға қатынасы. Ішастар жатыр мойнының қынаптық бөлігінен басқа бөліктерін жауып жатады. Ішастар жатырдың алдыңғы және артқы беттерін жауып, одан кейін көрші орналасқан ағзаларға өтеді. Алдыңғы бетінен несеп қуыққа өтетін жерінде қуық – жатыр ұңғылы, excavatio vesicouterina,түзіледі. Ішастар жатырдың артқы бетінен, қынаптың артқы бетіне түсіп, оның жоғарғы бөлігін жабады да тік ішекке өтеді. Бұл жерде терең тік ішек - жатыр ұңғылы, excavatio rectouterina, (Дуглас кеңістігі) түзіледі. Бұл ұңғылды бүйір жақтарынан тік ішек – жатыр қатпары, plicae rectouterinae, шектеп тұрады. Қатпардың ішінде жатырдан басталып, тік ішек пен сегізкөзге бекитін тік ішек – жатыр байламы мен тік ішек – жатыр бұлшықеті жатады.
Ішастар жатырды алдынан және артынан жаба келіп, екі бүйір жиегінде бір-бірімен қосылып, оң және сол жалпақ байламға, lig.latum uteri, айналады. Жатыр жалпақ байламмен бірге фронталды жазықтықта орналасып, кіші жамбас қуысын жоғарыда аталған екі ұңғылға бөледі. Жалпақ байлам латералды бағытта жүріп, кіші жамбас қуысының бүйір қабырғасында, ішастардың париеталды жапырақшасына жалғасады. Жалпақ байламның жатыр денесінің бүйіріне жанасып жатқан бөлігі
жатырдың шажырқайы, mesometrium, болып табылады. Жалпақ байламның анабезбен жанасқан бөлігі анабез шажырқайы, mesovarium, деп аталады. Жатыр түтігі мен анабез шажырқай арасында жалпақ байламның жатыр түтігінің шажырқайы, mesosalpinx, деп аталатын бөлігі орналасады. Жалпақ байлам жатыр мойнының деңгейінде алдыңғы және артқы жапырақшаларға ажырайды, олардың арасында, әсіресе,жатыр мойнының латералды жақтарында күпсек дәнекертінді шелмай – жатыржанындағы шелмай, parametrium, орналасадыЖалпақ байламның ішімен жатырдың дөңгелек байламы, lg.teres uteri, өтеді, ол жатырдың жоғарғы бұрышынан, жатырдың меншікті байламының астыңғы жағынан басталады, одан кейін шап өзегі арқылы өтеді де, қасаға мен үлкен жыныс ернеуі аймақтарының дәнекертінді шелмайына бекиді. Жалпақ байламның түбінде, жатыр мойны мен кіші жамбас қабырғасының арасында, негізгі байламдар, lgg.cardinalia uteri, орналасады. Олар жатырды бекітіп тұрады.
Жатырдың тамырлары мен нервтері. Қанмен қамтамасыздануы. Жатырды мықындық ішкі артериядан кететін жатыр артериясы қанмен қамтамасыз етеді. Веналары.Жатырдан шығатын ұсақ веналар жатырдың веналық өрімін құрайды. Өрімнен шығатын жатыр венасы мықындық ішкі венаға құйылады. Лимфа тамырлары: мықындық ішкі, сегізкөздік, бел лимфа түйіндеріне және жатырдың дөңгелек байламы бойымен жүріп - шап лимфа түйіндеріне құйылады. Н е р в т е н у і. Іштік қолқа мен жамбас (төменгі құрсақасты) өрімінен шығатын, құрамында симпатикалық және парасимпатикалық талшықтар бар нервтер - тікелей немесе тамырлардың бойымен келіп жатырды нервтендіреді.
ЖАТЫР ТҮТІГІ
Жатыр түтігі (Фаллоппио түтігі), tuba uterina ( грекше – salpinx), аналық жыныс жасушаларын анабезден ( ішастар қуысынан ) жатырға өткізетін жұп ағза. Жатыр түтігі, жатырдың жалпақ байламының жоғарғы бөлігінде орналасады. Ол алдымен горизонталды бағытта жүреді, одан кейін анабездің алдыңғы жиегімен жоғары көтеріліп, анабездің түтіктік шетінде және медиалды бетінің жоғарғы бөлігінде аяқталады. Жатыр түтігінің ұзындығы 12 – 14 см, ал, ішкі қуысының кеңдігі 2 - 4 мм, шамасында болады. Түтіктің жатырға ашылатын
жатырлық тесігі, ostium uretinum tubae, ішастар қуысына ашылатын іштік тесігі, ostium abdominalе tubae, болады. Әйелдердің ішастар қуысы жатыр түтігі, жатыр және қынап қуыстары арқылы сыртқы ортамен қатынасады. Жатыр түтігінің төрт бөлігін ажыратады. 1. Жатырлық бөлігі, pars uterina, атынан білініп тұрғандай, түтіктің жатыр қабырғасының ішінде орналасады. 2. Жатыр түтігінің қылтасы, isthmus tubae uterinae, жатырдың түбі мен денесінің шекарасы деңгейінде орналасатын, түтіктің ең жіңішке бөлігі. 3. Жатыр түтігінің кеңжері, ampulla tubae uterinae, түтіктің кеңейген және ең ұзын бөлігі, оның ұзындығының жартысын алып жатады. 4. Жатыр түтігінің құйғышы, infundibulum tubae uterinae,түтіктің латералды бөлігі, оның шетін көптегентүтік шашақтары, fimbria tubae uterinae, деп аталатын өсінділер алып жатады.
Олардың біреуі - анабездік шашақ, fimbria ovarica, басқаларына қарағанда ұзындау болып келеді де анабезге бекиді. Шашақтар аналық жыныс жасушасын жатыртүтігіне бағыттап отырады.
Жатыр түтігі қабырғасының құрылымы. Ішкі, шырышты қабығының, tunica mucosa, ерекшелігі - онда бойлық түтіктік қатпарлар, plicae tubariae,орналасады. Жатыр түтігі іштік тесікке жақындаған сайын, оның шырышты қабығы қалыңдайды, қатпарлар саны көбейе түседі. Шырышты қабық призматәрізді және кірпікті эпителиймен жабылған. Олардың кірпікшелері жатыр жаққа қарай толқып тұрады.
Келесі, бұлшықетті қабық, tunica muscularis, сыртқы – бойлық, ішкі – дөңгелек бағытта орналасқан, тегіс салалы бұлшықеттердің екі қабатынан құралған. Жатыр түтігінің бұлшықеті тікелей жатыр бұлшықетіне жалғасады.
Сыртқы, сірлі қабығы, tunica serosa, сірліасты негізінде, tela subserosa, орналасқан.Сірлі қабық жатыр түтігін барлық жағынан ( интраперитонеалды) жауып, төменгі жағында түтік шажырқайына, mesosalpinx, жалғасады.
Жатыр түтігінің тамырлары мен нервтері. Қанмен қамтамасыздануы. Жатыр түтігін жатыр артериясының түтіктік тармағы мен анабез артериясының тармақтары қанмен қамтамасыз етеді. Веналары. Түтіктен шығатын веналар жатырдың веналық өріміне және анабез венасына құйылады. Лимфа тамырлары. Мықындық ішкі және бел лимфа түйіндеріне құйылады. Н е р в т е н у і. Іштік қолқа мен жамбас (төменгі құрсақасты) өрімінен шығатын, құрамында симпатикалық және парасимпатикалық талшықтар бар нервтер анабез және жатыр - қынап өрімін түзеді, осы өрімдерден шығатын нервтер жатыр түтігін нервтендіреді.
ҚЫНАП
Қынап, vagina (грекше – colpos), кіші жамбас қуысының ортаңғы бөлігінде орналасқан,жоғарғы жағында жатыр мойнынан басталып, төменгі жағында жыныс саңылауына ( қынап кіреберісіне ) ашылатын түтікті ағза. Қынаптың ұзындығы 10 см - ге дейін, қабырғасының қалыңдығы 2 - 3 мм шамасында болады. Қынап дөңес жағы артқа қарап, аздап иіліп орналасқан ағза. Қалыпты жағдайда қынап қабырғалары фронталды жазықтықта қабысып орналасады. Төменінде қынап несеп-жыныс көкеті арқылы өтеді. Қынаптың: алдыңғы қабырғасын, paries anterior, және артқы қабырғасын, paries posterior, ажыратады. Қынаптың алдыңғы қабырғасының жоғарғы үштен бір бөлігі несеп қуықтың түбімен, төменгі бөлігі несеп шығаратын өзекпен жанасып жатады. Артқы қабырғасының жоғарғы аз бөлігі тік ішек - жатыр ұңғылын түзетін ішастармен, ал, төменгі бөлігі тік ішекпен жанасады. Қынап қуысының, жатыр мойнының қынаптық бөлігін қоршап тұрған, жіңішке саңылаутәрізді бөлігі - қынап күмбезі, fornix vaginae, - деп аталады. Қынап күмбезінің: алдыңғы, pars anterior, тереңдеу артқы, pars posterior, және бүйір бөліктері, partes laterales, ажыратылады. Күмбездің артқы бөлігінің тереңдеу болу себебі, қынаптың артқы қабырғасы алдыңғысына қарағанда ұзындау болады және жатыр мойнына жоғарырақ бекиді. Қынап кіреберісіне ашылатын қынап тесігі,ostium vaginae, жыныстық қатынаста болмаған қыздарда (virgo intacta), шырышты қабықтың қатпары – қыздық пердемен, hymen, жабылып тұрады. Оның кішкене тесігі болады. Босанғани әйелдерде, қыздық перденің шеңбер бойынша орналасқан кішкене дөңестер түріндегі қалдықтары (carunculae hymenales) қалады.
Қынап қабырғасының құрылымы. Қынаптың қабырғасы үш қабықтан тұрады. Ішкі, шырышты қабығының, tunica mucosa, ерекшелігі - онда көлденең бағыттағы қынаптық қатпарлар (әжімдер) rugae vaginales, орналасады. Ортаңғы сызыққа жақындаған сайын қатпарлар қалыңдай түседі де, қынаптың алдыңғы, және артқы қабырғаларында бойлық бағытта орналасқан қатпарлардың алдыңғы бағанасын, columna rugarum anterior, және артқы бағанасын, columna rugarum posterior,түзеді.Алдыңғы бағана, төменгі бөлігінде томпайып, қынаптың несеп шығаратын өзектік (үрпілік) қырын, carina uretralis vaginae, құрайды, атынан көрініп тұрғандай, бұл аралықта несеп шығаратын өзек өтеді. Шырышты қабық қалың болады (2 мм шамасында), оның негізін құрамында көптеген эластикалық талшықтары бар дәнекер тін түзеді, көп қабатты жалпақ эпителиймен жабылған. Шырышты қабықтың бездері болмайды. Қынаптың шырышасты негізі жоқ.
Келесі, бұлшықетті қабық, tunica muscularis, сыртқы – бойлық, ішкі – дөңгелек бағытта орналасқан, тегіс салалы бұлшықеттің екі қабатынан құралған. Жоғарғы жағында тікелей жатыр бұлшықетіне, төменгі жағында шат бұлшықеттеріне жанасады. Шаттың көлденең жолақты бұлшықеттері қынапты қоршап, оны қысатын қызмет атқарады (буылтық – кеуек бұлшықеті, m. bulbospongiosus, екінші атауы: қынаптың қысқышы, m.sphincter vaginae).
Сыртқы, дәнекертінді қабықты, tunica adventitia, құрамында көптеген эластикалық талшықтары бар дәнекер тін құрайды.
Қынаптың тамырлары мен нервтері.
Қанмен қамтамасыздануы. Қынапты - жатыр, несеп қуықтық төменгі, тік ішектік ортаңғы және жыныстық ішкі артериялардың қынаптық тармақтары қанмен қамтамасыз етеді. Веналары.Қынаптан шығатын ұсақ веналар қынаптың веналық өрімін құрайды. Өрімнен шығатын веналар, артериялармен аттас веналар арқылы мықындық ішкі венаға құйылады. Лимфа тамырлары: мықындық ішкі және шап лимфа түйіндеріне құйылады. Н е р в т е н у і.Іштік қолқа мен жамбас (төменгі құрсақасты) өрімінен шығатын, құрамында симпатикалық және парасимпатикалық талшықтарбар нервтержатыр - қынап өрімін түзеді.
ӘЙЕЛДІҢ СЫРТҚЫ ЖЫНЫС АҒЗАЛАРЫ.
Әйелдің сыртқы жыныс ағзалары, әйелдің жыныс аймағын, pudendum femininum, құрайды. Оларға қасаға, үлкен және кіші жыныс ернеулері, қынап кіреберісі және деліткі жатады (22 – сурет. М.Р. Сапин, 2 том, 2001 ж ).

1 2 3 4 5 6