ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 06.12.2023
Просмотров: 153
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
22 – сурет. Әйелдің сыртқы жыныс ағзалары.
1 – қасаға; 2 – ернеулердің алдыңғы дәнекері; 3 –деліткі күпегі; 4 – деліткінің басы; 5 – үлкен жыныс ернеуі; – жатырлық тесік; 6 – үрпіжанындағы қатпар; 7 – кіші жыныс ернеуі; 8 – кіреберістің үлкен безініңтүтігі; 9 – жыныс ернеулерінің жүгеншігі; 10 – ернеулердің артқы дәнекері; 11 – артқы өтіс; 12 – шат; 13 – қынап кіреберісінің шұңқыры; 14 –қыздық перде; 15 – қынап тесігі; 16 –– қынап кіреберісі; 17 – несеп шығаратын өзектің (үрпінің) сыртқы тесігі; 18 - жыныс ернеулерінің жүгеншігі.
Қасаға, mons pubis, сыртқы жыныс ағзаларының жоғарғы жағында орналасып, іш аймағынанқасаға жүлгесі, sulcus pubicus,арқылы, ал, екі жағында саннан жамбас – сан жүлгесі, sulcus pelvicofemoralis, арқылы бөлініп тұрады. Бұл аймақта теріастылық шелмай жақсы дамыған. Қасаға түкпен жабылып тұрады, түк үлкен жыныс ернеулеріне жалғасады.
Үлкен жыныс ернеулері, labia majora pudendi, қасаға симфизі аймағынан басталып, артқа қарай бағытталған, теріастылық шелмайы жақсы дамуына байланысты - пішіні дөңестеніп келетін екі тері қатпары болып табылады. Үлкен жыныс ернеулерінің аралығында жыныс саңылауы, rima pudendi, орналасады. Үлкен жыныс ернеулері ал -дыңғы жағында бір – бірімен, жалпақтау ернеулердің алдыңғы дәнекері, comissura labiorum anterior, ал,артқы жағында, жіңішкелеу ернеулердің артқы дәнекері, comissura labiorum posterior, арқылы байланысып тұрады. Үлкен жыныс ернеулерінің терісі түкпен жабылып тұрады және оларда көптеген тер мен май бездері орналасады. Үлкен жыныс ернеулерінің бір – біріне қараған, жұқа терілік беттері - шырышты қабық сияқты, қызғылттау болып келеді.
Кіші жыныс ернеулері, labia minora pudendi, үлкен жыныс ернеулерінің ішкі жағында (жыныс саңылауында) орналасатын және солар сияқты шырышты қабыққа ұқсайтын, жұқа, екі тері қатпары болып табылады. Оларды, құрамында көптеген эластикалық және бұлшықеттік талшықтары, веналық өрімі бар дәнекер тін құрайды. Кіші жыныс ернеулерінің құрамында майлы шелмай жоқ, бірақ беткей жағында көптеген майлы бездер орналасады. Кіші жыныс ернеулерінің ішкі беттері бір – біріне жанасып жатады.
Олардың алдыңғы шеттері кішкене екі қатпаршаға бөлінеді. Латералды қатпарша деліткіні жоғарғы жағынан айналып өтіп, қарама – қарсы қатпаршамен қосылады да, деліткі күпегін, preputium clitoridis, түзеді. Кішкене медиалды қатпаршалар деліткінің аяқшаларына бекиді де, өзара қосылып деліткі жүгеншігін,
frenulum clitoridis, құрайды.
Кіші жыныс ернеулерінің артқы шеттері өзара қосылып, көлденең қатпар жыныс ернеулерінің жүгеншігін, frenulum labiorum pudendi,түзеді. Жүгеншіктің жоғарғы беті аздап ұңғылдау болып келеді де – қынап кіреберісінің шұңқыры, fossa vestibuli vaginae, деп аталады.
Кіші жыныс ернеулерінің аралығында орналасқан кеңістік қынап кіреберісі, vestibulum vaginae, деп аталады. Оның алдыңғы жағынан - деліткі, артқы жағынан - қынап кіреберісінің шұңқыры шектеп тұрады. Қынап кіреберісінің түбінде, қыздық перде деңгейінде қынап тесігі,ostium vaginae, орналасады. Қынап кіреберісіне, несеп шығаратын өзектің (үрпінің) сыртқы тесігі, ostium uretrae externum, ашылады. Бұл тесік деліткі мен қынап тесігінің аралығында - буылтық түрінде жатқан - несеп шығаратын өзектік (үрпілік) қырдың ұшында орналасқан. Сонымен қатар, қынап кіреберісіне - кіреберістің үлкен және кіші бездері ашылады.
Кіреберістің үлкен безі ( Бартолин безі ), glandula vestibularis major, күрделі көпіршікті – түтікті, жұп без, еркектің буылтық – несеп шығаратын өзек (үрпі) безіне сәйкес келеді. Без, қынап кіреберісінің артқы аймағында, кіші жыныс ернеуінің астында (негізінде) – кіреберіс буылтығының дисталды шетіне жанаса орналасып, қынап кіреберісін ылғалдандыратын шырышты сұйықтық бөледі. Бартолин безінің түтігі шамамен, кіші жыныс ернеуінің артқы және ортаңғы үштен бірінің шекарасында, кіші жыныс ернеуінің негізіне ашылады.
Кіреберістің кіші бездері, glandula vestibularis minores, кіші жыныс ернеуі қабырғасыны ішінде орналасады да , түтіктері ернеудің бетіне ( қынап кіреберісіне ) ашылады.
Әйел жыныс ағаларының ішінде еркек жыныс мүшесінің денелеріне сәйкес келетін құрылымдар кездеседі, оларкіреберіс буылтығы мен деліткі.
Кіреберіс буылтығы, bulbus vestibuli, дамуы бойынша еркек жыныс мүшесінің кеуекті денесіне сәйкес келетін тақ ағза. Ол қалың веналық өрімнен құралған, сыртынан дәнекер және тегіс салалы бұлшықет тіндерінен тұратын ақшыл қабықпен қапталған. Буылтықтың пішіні тағатәрізді болып келеді. Оң және сол жақтағы ұзындау екі үлесі үлкен жыныс ернеулерінің астында жатады. Ал, оларды өзара жалғастырып тұратын аралық, жіңішке бөлігі деліткі мен несеп шығаратын өзектің (үрпінің) сыртқы тесігінің аралығында орналасады.Кіреберіс буылтығының артқы шетіне, кіреберістің үлкен безі жанасып жатады. Кіреберіс буылтығын сыртқы жағынан буылтық – кеуек бұлшықеті
, m.bulbospongiosus, жауып тұрады.
Деліткі, сlitoris, дамуы, құрылымы бойынша еркек жыныс мүшесінің үңгірлі денелеріне сәйкес келетін тақ ағза. Оның денесі,басы және екі аяқшасы ажыратылады. Денесі, corpus clitoridis, бір - бірінен қалқамен бөлініп тұратын,жұп, деліткінің үңгірлі денелерінен, corpora cavernosa clitoridis, құралған. Олар, аяқшалары, crura clitoridis, арқылы, қасаға сүйектің төменгі тармақтарынан басталады. Деліткінің денесі алдыңғы жағында жіңішкеріп, бос тұрған деліткінің басымен, glans clitoridis, аяқталады.Деліткінің басында көптеген нерв шеттері орналасқан.Деліткінің үңгірлі денелері ақ қабықпен қапталған, оны сыртынан деліткінің шандыры, fascia clitoridis, жауып жатады. Деліткіні, санымен қатар, қасаға симфизінен келетін іліп тұратын байлам, lig.suspensorium clitoridis, бекітіп тұрады.Деліткіні жоғарғы жағынан деліткі күпегі, preputium clitoridis,қоршап жатады, төменгі жағында деліткі жүгеншігі, frenulum clitoridis,орналасады.
Әйел несеп шығаратын өзегі (үрпісі), urethra feminina, несеп қуықтың түбінде, несеп шығаратын өзектің (үрпінің) ішкі тесігі, ostium urethrae internum, арқылы басталып, несеп – жыныс көкеті арқылы өтеді де, несеп шығаратын өзектің (үрпінің) сыртқы тесігі, ostium urethrae externum, арқылы қынап кіреберісіне, шамамен деліткіден 2см, төмен ашылады. Несеп – жыныс көкеті арқылы өтетін жерінде, оны шаттың несеп шығаратын өзектің (үрпінің) қысқышы, m.sphincter urethrae,қоршап жатады. Әйел несеп шығаратын өзегі қысқа, құрылымы еркектердікіне қарағанда қарапайым, себебі, тек несепті ғана өткізеді. Оның ұзындығы 2,5 – 4 см, ені 8 – 12 мм, аралығында яғни, еркектердікінен біршама кең болады. Несеп шығаратын өзек қынаптың алдыңғы қабырғасымен тұтасып, оның төменгі бөлігінде, жоғарыда аталғандай, қынаптың несеп шығаратын өзектік (үрпілік) қырын, carina uretralis vaginae, түзеді.
Әйел несеп шығаратын өзегі (үрпісі) қабырғасының құрылымы. Оның қабырғасы екі қабықтан тұрады. Ішкі, шырышты қабығы, tunica mucosa, жақсы дамыған, бойлық қатпарлары болады. Өзектің артқы қабырғасында биік, жақсы дамыған - несеп шығаратын өзектің қыры, crista urethralis,орналасады. Шырышты қабықта, несеп шығаратын өзектің шұңқыршалары, lacunae urethrales, жатады.Оларға несеп шығаратын өзектің бездері, glandulae urethrales, ашылады. Келесі, бұлшықетті қабық, tunica muscularis, ішкі – бойлық, сыртқы – дөңгелек бағытта орналасқан, тегіс салалы бұлшықеттің екі қабатынан құралған. Сыртқы, дөңгелек қабаты несеп қуықтың бұлшықетті қабығымен қоылып, несеп шығаратын өзектің ішкі тесігінің еріксіз қысқышын құрайды.
Әйелдің сыртқы жыныс ағзаларының тамырлары мен нервтері. Қанмен қамтамасыздануы. Әйелдің сыртқы жыныс ағзаларын, сан артериясынан кететін жыныстық сыртқы артерияның ернеулік алдыңғы тармақтары және жыныстық ішкі артериядан кететін шат артериясының ернеулік артқы тармақтары қанмен қамтамасыз етеді. Веналары. Әйелдің сыртқы жыныс ағзаларынан шығатын веналар, сан және мықындық ішкі веналарға құйылады. Лимфа тамырлары: мықындық ішкі және шап лимфа түйіндеріне құйылады. Н е р в т е н у і. Мықын - шап нервісінен кететін ернеулік алдыңғы тармақтар, шат нервісінің ернеулік артқы тармақтары, және сан – жыныстық нервтің жыныстық тармақтары нервтендіреді. Деліткіге жамбас өрімінің тармақтары да (вегетативтік үңгірлік нервтер) келеді.
ШАТ.
Шат,perineum,- жамбастың түбі болып табылады, оны -кіші жамбас қуысының төменгі тесігін жауып жатқан жұмсақ тіндер түзеді (27,28 – суреттер. М.Р. Сапин, 2 том, 2001 ж ).
27 – сурет. Әйел шатының бұлшықеттері мен шандырлары.
1 – шонданай – үңгір бұлшықеті; 2 – несеп – жыныс көкетінің төменгі шандыры; 3 – шаттың терең көлденең бұлшықеті; 4 – несеп – жыныс көкетінің жоғарғы шандыры; 5 – шаттың беткей көлденең бұлшықеті; 6 – артқы өтіс тесігі; 7 – артқы өтісті қысатын сыртқы бұлшықет; 8 – сегізкөз – қылқан байламы; 9 – бөкселік үлкен бұлшықет; 10 – артқы өтісті көтеретін бұлшықет; 11 – артқы өтіс – құйымшақ байламы; 12 – бөкселік шандыр; 13 – жамбас көкетінің төменгі шандыры; 14 – буылтық - кеуек бұлшықеті(жатыр – қынапты қысатын бұлшықет); 15 – шонданай сүйек; 16 –– шаттың беткей шандыры; 17 – несеп – жыныс көкеті; 18 - қынап кіреберісі; 19 – несеп шығаратын өзектің сыртқы; 20 – деліткінің басы. ;
Жұмсақ тіндерге көлденің жолақты бұлшықеттер, шандырлар және тері жатады. Шат аймағының пішіні ромбтәрізді болып келеді, оны алдыңғы жағынан - қасаға симфизінің төменгі жиегі; артқы жағынан - құйымшақтың ұшы; бүйір жақтарынан - қасаға сүйектің төменгі тармақтары мен шонданай сүйек тармақтары, шонданай төмпелері және сегізкөз – төмпе байламдары шектеп тұрады. Шат, алдыңғы жағында фронталды дерлік жазықтықта орналасқан,
несеп – жыныс аймағы, regio urogenitalis, мен горизонталды жазықта жатқан артқы өтістік аймаққа, regio analis, бөлінедіАймақтардың пішіндері үшбұрышты болып келеді де, олардың өзара шекарасы екі шонданай төмпелерін қосып тұратын көлденең сызық арқылы өтеді.Несеп – жыныс аймағында, несеп – жыныс көкеті мен сыртқы жыныс ағзалары, артқы өтістік аймақта - жамбас көкеті мен тік ішек орналасады.
Практикалық қолданыста сыртқы жыныс ағзаларының артқы жиегі ( еркектерде - ұманың артқы беті, әйелдерде – жыныс саңылауының артқы жиегі ) мен артқы өтістің алдыңғы жиегі аралығындағы кеңістік - шат деп аталады. Шат терісінде, сагитталды бағытталған шат жігі, raphe perinealis,өтеді, ол ұма жігіне жалғасады.
Несеп – жыныс көкеті, diaphragma urogenitalae, алдыңғы жағынан - қасаға симфизінің төменгі жиегімен, бүйір жақтарынан - қасаға сүйектің төменгі тармақтары мен шонданай сүйек тармақтарымен, артқы жағынан - екі шонданай төмпелерін қосып тұратын көлденең сызықпен шектелген үшбұрышты алып жатады. Аталған көкет арқылы , еркектерде - несеп шығаратын өзек (үрпі), әйелдерде – қынап пен несеп шығаратын өзек (үрпі) өтеді.Несеп – жыныс көкетінің бұлшықеттері беткей және терең топтарға бөлінеді.
Беткей бұлшықеттері:
1.Буылтық - кеуек бұлшықеті, m.bulbospongiosus,жұп, еркектерде еркек жыныс ағзасы буылтығының және жыныс ағзасының кеуекті денесінің жақын жатқан бөлігінің жігінен басталады. Буылтықты және жыныс ағзасының кеуекті денесін екі жағынан қапсыра айналып өтіп, оның ақ қабығы мен еркек жыныс мүшесінің сыртында, беткей шандырына бекиді. Бұлшықет жиырылғанда несеп шығаратын өзекті қысып, ол арқылы несеп немесе шәуеттің өтуін қамтамасыз етеді. Сонымен қатар еркек жыныс ағзасының үңгірлі денелері мен буылтық - үрпі безін ( Купер безін ) қысып, эрекцияны қамтамасыз етуге қатынасады. Әйелдерде, бұл бұлшықет, сіңірлік орталық пен артқы өтістің сыртқы қысқышынан басталып, қынап тесігін қаусырып өтеді де ( жатыр – қынапты қысатын бұлшықет, m. sphincter uterovaginalis), деліткінің сыртқы бетіне бекиді. Бұлшықет жиырылғанда қынаптың тесігін тарылтады, кіреберістің буылтығы мен үлкен безін жаншып, сөлін бөледі.
2. Шаттың беткей көлденең бұлшықеті, m.transversus perinei superficialis,жұп, несеп – жыныс көкетінің артқы жиегінде, екі көкеттің шекарасында орналасқан, шонданай сүйек тармағының төменгі бөлігінен басталып, медиалды бағытта жүреді де, қарсы жақ бұлшықетінің сіңірімен қосылып, сіңірлік орталықты,