Файл: Несеп жыныс аппараты.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 06.12.2023

Просмотров: 154

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
centrum tendineum perinei,құрауға қатынасады. Бұлшықет жиырылғанда сіңірлік орталықты нығайтып, бекітеді.

3. Шонданай – үңгір бұлшықеті, m.ishiocavernosus,жұп,шонданай сүйектің төмпесі мен тармағынан басталады да, үңгірлі дененің немесе деліткінің ақ қабығына бекиді. Бұлшықет жиырылғанда эрекцияны қамтамасыз етуге қатынасады.



28 – сурет. Еркек шатының бұлшықеттері мен шандырлары.

1 – ұма; 2 – буылтық - кеуек бұлшықеті;3 – шонданай – үңгір бұлшықеті; 4 – несеп – жыныс көкеті; 5 – шаттың беткей көлденең бұлшықеті; 6 – артқы өтісті көтеретін бұлшықет; 7 – бөкселік үлкен бұлшықет; 8 – артқы өтіс тесігі; 9 – артқы өтіс – құйымшақ байламы; 10 – құйымшақ; 11 – артқы өтісті қысатын сыртқы бұлшықет; 12 – бөкселік шандыр; 13 – жамбас көкетінің төменгі шандыры; 14 – шонданай – тік ішек шұңқыры; 15 – шонданай төмпесі; 16 –– сыртқы жапқыш бұлшықеттің шандыры; 17 – шаттың беткей шандыры.

Несеп – жыныс көкеті бұлшықеттерінің терең тобына екі бұлшық жатады:

1. Шаттың терең көлденең бұлшықеті, m.transversus perinei profundus, жұп, шонданай сүйектің төмпесі мен тармағынан, қасаға сүйектің төменгі тармағынан басталатын жұқа, жалпақ бұлшықет. Ол, орталыққа бағыталып, қарсы жақтағы бұлшықеттің сіңірімен қабысады да, шаттыңсіңірлік орталығынқұрауға қатынасады. Бұлшықет жиырылғанда сіңірлік орталықты нығайтып, бекітеді.

2.Несеп шығаратын өзекті қысатын бұлшықет, m.sphincter uretrae,сыңар бұлшықет, қасаға сүйектің төменгі тармағынан басталады, еркектерде несеп шығаратын өзектің (үрпінің) жарғақтық бөлігін, әйелдерде несеп шығаратын өзекті қоршап жатады. Бұлшықет үрпінің саналы қысқышы болып табылады.

Жамбас көкеті, diaphagma pelvis, шаттың артқы бөлігін құрайды. Ол арқылы тік ішек өтеді. Көкеттің пішіні үшбұрышты болып келеді, оның ұшын құйымшақ, екі бұрышын шонданай төмпелері құрайды. Жамбас көкетінің бұлшықеттері беткей және терең болып екіге бөлінеді.

Беткей тобына бір ғана бұлшықет жатады. Ол, артқы өтісті қысатын сыртқы бұлшықет,m. sphincter ani externus,сыңар,тік ішектіңартқы өтістік өзегін қоршап жатады.Бұлшықет құйымшақтың ұшынан басталып, артқы өтісті қаусырып өтеді де, шаттың сіңірлік орталығында аяқталады. Оның терең талшықтары артқы өтісті көтеретін бұлшықетпен жанасып жатады. Бұлшықет артқы өтістің саналы қысқышы болып табылады.

Жамбас көкеті бұлшықеттерінің терең тобына, кіші жамбас қуысы түбінің артқы бөлігін құрайтын екі бұлшық жатады:


1. Артқы өтісті көтеретін бұлшықет, m.levator ani, жұп,жалпақ, жұқа, үшбұрышты бұлшықет. Ол алдыңғы жағында қасаға сүйектің төменгі тармағынан, одан кейін ішкі жапқыш бұлшықеттің шандырынан, артқы жағында шонданай сүйектің тармағынан басталады. Ішкі жапқыш бұлшықеттің шандырынан басталатын жері қалыңдау болады да, артқы өтісті көтеретін бұлшықеттің сіңірлі доғасы, arcus tendineus m.levatoris ani,деп аталады. Бұлшықет артқа жүріп тік ішекті қаусырып, айналып өтеді,бұл жерде бұлшықет талшықтарының бір бөлігі тік ішектің бұлшықетті қабығына еніп, бекиді. Екінші бөлігі қуықасты безінің қапшығына ( m. levator prostatae ) бекиді, несеп қуықтың, әйелдерде қынаптың бұлшықетті қабықтарына еніп, ұласады. Артқы өтісті көтеретін бұлшықет артқы жағында артқы өтіс – құйымшақ байламы, lig.anococcygeum, арқылықұйымшаққа бекиді. Бұлшықет жиырылғанда артқы өтісті және жамбас түбін көтереді, әйелдерді қынапты тарылтады.

2. Құйымшақ бұлшықеті, m.coccygeus, жұп,шонданай қылқанынан, сегізкөз – қылқан байламынан басталып, құйымшақтың бүйір жиегі мен сегізкөздің ұшына бекиді. Бұлшықет жамбас түбін нығайтады.

Шат шандырлары. Шатты төменгі жағынан қарағанда: шаттың беткей шандыры,несеп – жыныс және жамбас көкеттерінің төменгі шандырлары ажыратылады.

Шаттың беткей шандыры, fascia perinei superficialis, адам денеснің жалпы теріастылық шандырының шат аймағындағы бір бөлігі болып табылады. Ол несеп – жыныс көкетінің беткей бұлшықеттерін және жамбас көкетінің төменгі шандырын астыңғы ( төменгі ) жағынан жауып жатады.

Несеп – жыныс көкетінің төменгі шандыры,fascia diaphragmatis urogenitalis inferior,несеп – жыныс көкетінің беткей және терең бұлшықеттерінің аралығында жатады. Несеп – жыныс көкетінің терең бұлшықеттерінің, жоғарғы (жамбас қуысы) бетінде несеп – жыныс көкетінің жоғарғы шандыры,fascia diaphagmatis urogenitalis superior, орналасады.Несеп – жыныс көкетінің жоғарғы және төменгі шандырларының аралығында, бұлшықеттердің ішінде, еркектерде, буылтық – несеп шығаратын өзек (булбоуретралды) бездері, ал, әйелдерде - кіреберістің үлкен безі ( Бартолин безі ) жатады. Несеп – жыныс көкетінің жоғарғы және төменгі шандырлары бүйір жақтарында қасаға сүйектің төменгі тармағымен және шонданай сүйектің тармағымен тұтасады. Екі шандыр бір – бірімен қасаға симфизінің астында тұтасады да (бұл жерде шаттың терең көлденең бұлшықеті қасаға симфизіне дейін жетпейді), шаттың көлденең байламын, lig.transversum perinei,

құрайды.

Жамбас көкетінің төменгі шандыры, fascia diaphragmatis pelvis inferior, жамбас көкетінің бұлшықеттерін төменгі жағынан жабады. Бұл шандыр шонданай – тік ішек шұңқырын астарлап жауып жатады.

Жамбас көкетінің жоғарғы шандыры, fascia diaphragmatis pelvis superior, артқы өтісті көтеретін бұлшықетті жоғарғы жағынан жабады.

Жамбас және несеп – жыныс көкеттерінің жоғарғы шандырлары, жамбастың париеталды шандырының, fascia pelvis parietalis, немесе іштің ішкі шандырының, fascia endoabdominalis, бөліктері болып табылады. Жамбас шандырының кіші жамбас қуысының ішінде орналасқан ағзаларды бір - бірінен бөліп тұратын табақшалары мен оларды өзара қосып, бекітіп тұратын байламдары жамбастың ішкіағзалық ( висцералды ) шандыры, fascia pelvis visceralis,болып табылады. Ішкіағзалық шандыр,еркектерде несеп қуық пен тік ішектің арасында, фронталды жазықтықта орналасқан несеп қуық - тік ішек қалқасын, septum rectovesicale,құрайды. Әйелдерде қынап пен тік ішекті, фронталды жазықтықта несеп қуық – қынап қалқасы, septum rectovaginale,бөліп тұрады. Қасаға симфизі мен қуықасты безінің аралығында, жұп, қасаға-қуықасты байламы,lig. puboprostaticum, әйелдерде -қасаға-қуық байламы, lig. pubovesicale,өтеді.

Шонданай – тік ішек шұңқыры, fossa ischiorectalis, төмен қарап тұрған күмбезге ұқсаған - жамбас көкеті мен шонданай төмпелерінің аралығында, артқы өтістің айналасында орналасқан. Шұңқырды теріастылық шелмай, paraproctus, толтырып тұрады, сондықтан, бұл аймақтың қабынуы парапроктит – деп, аталады. Фронталды жазықтықта өткізілген кесіндісінде, шұңқырдың пішіні – ұшы жоғары бағытталған үшбұрыштәрізді болып келеді. Оның латералды қабырғасын ішкі жапқыш бұлшықет пен шонданай төмпесі түзеді. Медиалды қабырғасынартқы өтісті көтеретін бұлшықет пен артқы өтісті қысатын сыртқы бұлшықет құрайды. Шұңқырдың артқы қабырғасын - артқы өтісті көтеретін бұлшықеттің артқы талшықтары мен құйымшақ бұлшықеттері шектеп тұрады. Алдыңғы қабырғасын - шаттың беткей және терең көлденең бұлшықеттері түзеді.

Шаттың тамырлары мен нервтері. Қанмен қамтамасыздануы. Ішкі жыныстық артериядан кететін: шат артериясы, тік ішектік төменгі артерия, еркек жыныс мүшесінің (деліткінің) сыртқы және терең артериялары. Веналары. Артериялармен аттас веналар - мықындық ішкі венаға құйылады. Лимфа тамырлары. Шаптың лимфа түйіндеріне құйылады. Н е р в т е н у і. Сегізкөз өрімінен кететін жыныстық нервтіңтармақтары:
шат нервтері, тік ішектік төменгі нервтер - артқы өтісті қысатын сыртқы бұлшықетті нервтендіреді, еркек жыныс мүшесінің (деліткінің) сыртқы нерві - несеп шығаратын өзектің қысатын бұлшықет пен шаттың терең көлденең бұлшықетін нервтендіреді.