Файл: Блім Мемлекет жне ы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 06.12.2023

Просмотров: 44

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Бөлім: Мемлекет және құқық

1 сабақ 11 «А»-01.09.2020ж 11 «Ә»-02.09.20

Педагогтің аты-жөні: С.Өтегенова

Пәннің атауы: Құқық негіздері

Сабақтың тақырыбы:

Заңшығару жүйесі.Құқықтық актілердің құрылымы

Сабақтың мақсаты:

11.1.1.1 - нормативтік құқықтық актілердің негізгі элементтерін анықтау;

11.1.1.2 - нормативтік құқықтық актілердің әзірленуі, қабылдануы мен күшіне ену процесін зерттеу

Сабақтың барысы:Қазақстан Республикасы Конститутциясының 1- бабына сәйкес Қазақстан Республикасы, құқықтық мемлекет болып табылады.Қазақстан Республикасының заң шығару жүйесі өмірдің түрлі салаларындағы реттелетін қатынастардың сипатына, сондай-ақ мемлекет органдарының жалпы иерархиялық жүйесіндегі нормативтік актілерді қабылдайтын органдардың орнына байланысты құрамдас элементтерге бөлінетін мемлекеттің қолданыстағы нормативтік актілерінің өзінің әлеуметтік бағыты мен мақсаты бойынша бірыңғай кешенін білдіреді.

Заң шығару жүйесідеп құқықтың ішкі мазмұндық және құрылымдық сипаттамалары көрініс табатын нормативтік- құқықтық актілердің жиынтығын атайды.Заң шығару жүйесі қарай горизонталды, вертикалды және кешенді жүйелерін бөліп көрсетуге болады. Нормативтік құқықтық актілердің ең негізгі құрылымдық элементтері:

-актінің түрлі (заң,декрет,Жарлық,қаулы және т.б.);

-актіні қабылдаған орган(лауазымды адам);

-реттеу нысанын білдіретін атауы;

-актінің қабылданған(шығарылған)күні,орны және оның тіркеу нөмірі;

-тиісті нормативтік құқықтық актілерге қол қоюға ресми уәкілеттік берілген адамдардың қолтаңбалары;

Әрбір нормативтік құқықтық актінің атауы оның мәнін және негізгі мазмұнын білдіреді. Нормативтік құқықтық актінің ең ежелгі құрылымдық элементтеріне кіріспе,мақалалар және тармақтар жатады. Заң шығару жүйесін және өзге де нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және ұсыну,қабылдау,тіркеу,күшіне енгізу,өзгерту,толықтыру,қолданылуын тоқтату және тоқтата тұру,жариялау,түсіндіру ерекшеліктері және басқа да мәселелер 1998 жылы қабылданған «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен реттеледі.

Сабақ барысында орындалатын тапсырмалар:

1-тапсырма:Заң шығару жүйесіне қатысты кестені толтырыңдар.Ұғымдарды салыстырып,ұқсастықтары мен айырмашылықтарын көрсетіңдер:

Заң шығару жүйесі

Горизонталды

Вертикалды

Кешенді











2-тапсырма: Қазақстан Республикасының заңнамалық жүйесінің ерекшелігі неде екенін сипаттап жазамыз.

3-тапсырма: Тест сұрақтарына жауап беріңдер:

1.Жоғары биліктің белгілі бір мәселе бойынша шығарған заң күші бар қаулысы:

А)Конститутция

В)Бап

С)Декрет

Д)Нормативтік құжат

Е)Переамбула

2.Құықтық шығармашылық органның негізін қалаушы құқықтық нормалар қамтылған ресми құжаты:

А) Нормативтік құқықтық акті

В)Директива

С)Құқықтық жүйе

Д)Переамбула

Е)Декрет

3.Жоғарғы органдардың төменгі органдарға берген бұйрық нұсқаулары:

А)Директива

В)Декрет

С)Переамбула

Д)Нормативтік құжат

Е)Конститутция

4.Нормативтік актілердің кіріспе бөлімі:

А)Нормативтік құжат

В)Құқықтық жүйе

С)Переамбула

Д)Конститутция

Е)Директива

5.Қандайда бір құжаттағы бөлім,тараулар:

А)Бап

В)Переамбула

С)Директива

Д)Конститутция

Е)Декрет


Сабақты қорытындалау:


  1. «Заң шығару жүйесінің» мәні неде?

  2. Қазақстан Республикасының « Нормативтік құқықтық актілер» туралы заңы қай жылы қабылданды?

  3. Қазақстан Республикасының заңнамалық жүйесінің ерекшелігі неде?




Бөлім: Мемлекет және құқық

2 сабақ 11 «А»-02.09.2020ж 11 «Ә»-03.09.2020ж

Педагогтің аты-жөні: С.Өтегенова

Пәннің атауы: Құқық негіздері

Сабақтың тақырыбы:

Заңдылық және құқықтық тәртіп.

Сабақтың мақсаты:

11.1.1.3 - заңдылық және құқықтық тәртіп ұғымдарын нақты мысалдармен түсіндіру;

Сабақтың барысы:Заңдылық пен құқықтық тәртіп өзара байланысты құбылыс ретінде әрекет етеді:ең алдымен заңдылық – бұл құқықтық тәртіптің маңызды шарты, ал құқықтық тәртіп – іске асырылған заңдылық.

Құқықтанудағы заңдылық түрі қырынан қарастырылады: құқыққа негізделген қоғамдық саяси режим ретінде; жалпы құқықтық қағидат; мемлекеттік басқару әдісі;демократиялық мемлекеттің жұмыс істеу принцпі және т.б.

Құқықтық тәртіп – қоғамдық тәртіптің құрамдас бөлігі.Құқық тәртібі қоғамдық өмірдің түрлі салаларын реттейтін, адамдардың мінез-құлқына әсер ету сипатымен бір-бірінен ерекшеленетін әлеуметтік нормалар түрлерін: әдет-ғұрыпты, мораль нормаларын, ұйымдардың ішкі ережелерін жүзеге асыру негізінде қалыптасады.Құқық тәртібі мемлекетте белгіленген тәртіп негізінде қабылданған құқық нормаларымен реттеледі.Қоғамдық қатынастар құқығын реттеуші ретінде құқық тәртібі барлық азаматтардың,органдар мен ұйымдардың заңдылықты сақтауымен,субъективтік құқықтарды қамтамасыз етіп,іске асыруымен, заңды міндеттіліктерді орындауымен сипатталады.

Құқық тәртіп қоғамдық тәртіптің бір бөлігі ретінде мынадай ерекшеліктерімен байқалады:ол құқық нормаларына негізделеді; заң нормаларын іске асыру нәтижесінде пайда болады;мемлекет қамтамасыз етеді;қоғамдық қатынастардың жүйесінің ұйымдастырылуы үшін жағдай жасайды; адамды неғұрлым еркін етеді; өмірді жеңілдетеді;заңдылықтың қорытындысы болады.

Құқықтық тәртіптің келесі принцптерін белгілейді: айқындық ,жүйелілік, ұйымшылдық, жүзеге асырылатын мемлекеттік кепілдік немесе құқық қорғау,тұрақтылық, бірлік.

Құқықтық сана – мемлекет пен құқық және криминология теориясының категориясы.Құқықтық сана құқықтық мәні бар құбылыстардың көрінісімен және парыздық құқықтық тәртіппен байланысты қоғамдық, топтық жеке сана аясын қамтиды.Ол қоғамдық өмірдің әлеуметтік – экономикалық жағдайларымен, оның мәдени – құқықтық, демократиялық не авторитарлық дәстүрлерімен айқындалады.

Құқықтық мәдениет – белгілі бір мемлекеттік діни, этникалық қауым мүшелері қабылдаған, олардың қызметін реттеу үшін пайдаланылатын құндылықтар, құқықтық идеялар, наным – сенімдер, мінез – құлық қалыптары, құқықтық дәстүрлер жүйесі.Бір мемлекет шеңберінде бірнеше құқықтық мәдениет болуы мүмкүн. Әсіресе көпұлтты, көпдінді қоғамға тән.

Сабақ барысында орындалатын тапсырмалар:

1-тапсырма: Ұғымдардың қысқаша анықтамасын жазып,кестені толтырыңдар:


Заңдылық

Құқықтық тәртіп

Құқықтық сана

Құқықтық мәдениет











2 -тапсырма: Тест сұрақтарына жауап беріңдер:

1. Құқыққа негізделген қоғамдық саяси режим ретінде; жалпы құқықтық қағидат; мемлекеттік басқару әдісі;демократиялық мемлекеттің жұмыс істеу принцпі:

А)Конститутция

В)Құқықтық тәртіп

С)Заңдылық

Д)Құқықтық мәдениет

Е)Құқықтық сана

2. Қоғамдық өмірдің түрлі салаларын реттейтін, адамдардың мінез-құлқына әсер ету сипатымен бір-бірінен ерекшеленетін әлеуметтік нормалар түрлері:

А)Құқықтық сана

В)Құқықтық тәртіп

С)Құқықтық жүйе

Д)Переамбула

Е)Құқықтық мәдениет

3.Мемлекет пен құқық және криминология теориясының категориясы:

А)Құқықтық мәдениет

В)Құқықтық сана

С)Переамбула

Д)Нормативтік құжат

Е)Конститутция

4.Құқықтық нұсқамаға жауап қана емес,адамның әлеуметтік белсенділігін көрсету тәсілі:

А)Құқықтық жүйе

В) Ұйымшылдық

С)Айқындық

Д)Жүйелілік

Е)Заңды мінез-құлық

5.Дамуды жеделдету мақсатында қоғамдық жүйені толық және ішінара өзгерту процесі:

А)Жаңғырту

В)Хаос

С)Жүйелілік

Д)Айқындық

Е)Декрет
3–тапсырма: Заңдылық пен құқықтық тәртіптің ұқсастықтары мен айырмашылықтары.(50 сөзден тұратын эссе жазу)


Сабақты қорытындалау:


  1. Қазіргі қоғамда құқықтық тәртібі қандай маңызға ие?

  2. Заңдылықты, құқықтық тәртіпті нығайтудың негізгі жолдары қандай?




Бөлім: Мемлекет және құқық

12 сабақ 11 «А»-23.09.2020ж 11 «Ә»-24.09.2020ж

Педагогтің аты-жөні: С.Өтегенова

Пәннің атауы: Құқық негіздері

Сабақтың тақырыбы:

Мемлекет қоғамның саяси жүйесінде.

Сабақтың мақсаты:

11.1.1.5 - қазақстандық қоғамның саяси жүйесінің негізгі элементін анықтау.

Сабақтың барысы: «Саясат» ұғымы.Халық биліктің жалғыз қайнар көзі.Саясатты білу үшін «тұрғын», «халық», «қоғам» ұғымдарын жете түсіну қажет.

Тұрғындар – белгілі бір аумақта бірге тұратын адамдар жиынтығы.

Қоғам – белгілі бір нормаларға негізделген адамдар арасындағы өзара қарым-қатынас жүйесі.

Халық – тілі, мәдениеті,аумағы, діні,тарихы және т.б. ортақ белгілері бойынша ерекшеленетін адамдардың белгілі бір тобы.Халық саяси жағынан сауатты,бостандық идеясы арқылы біріккен,өз құқығы мен мүдделерін белсенді түрде қорғай алатын болса ғана халық болып есептеледі.Ол өз көшбасшысына баға беріп, биліктің жетістігі мен кемшілігіне назар аударады.Билік халықтан шығады.Халық заң шығару мен оны талқылауға белсенді араласып, заңның орындалуын қадағалауы керек.Қоғам атынан заңды қадағалауды депутаттар жүзеге асырады.

Саясаттың белгілері:

  • саясат дегеніміз билік саласындағы қарым-қатынас;

  • саясат дегеніміз қоғамдық өмірді ұйымдастыру тәсілі,оның мәні таптардың, топтардың,жеке тұлғаның,элитаның әртүрлі мүдделерін үйлестіру;

  • саясат дегеніміз элита мен көшбасшылардың қоғамды басқару қызметі;Мұнда мемлекеттік билік институты қызмет етеді.Парламент, Президент,Үкімет және басқа да мемлекеттік органдар.

Саяси билік – жалпыұлттық немесе жалпымемлекеттік міндеттерден туындайтын азаматтар мен қоғамның мінез-құлұын қадағалау мүмкүндігі.

Саяси жүйе – бір-бірімен өзара әрекеттесетін нормалардың, идеялар мен оларға негізделген саяси институттардың,мекемелердің, азаматтар мен мемлекет арасындағы өзара байланысты

ұйымдастыратын әрекеттер жиынтығы.


Сабақ барысында орындалатын тапсырмалар:

1-тапсырма: «Саясат» жөнінде айтылған анықтамаларды жазбаша орындаңдар:


Тұлғалар

Жауабы

Аристотель

М.Вебер

В.И.Ленин






2 -тапсырма: Мемлекеттік билік институттарының қызметі:


Президент

Парламент

Үкімет











3 –тапсырма: Саяси жүйенің түрлері:

Тоталитарлық

Либералды-демократиялық









Сабақты қорытындалау:


  1. Саяси билік ресурстары дегеніміз не?

  2. Саяси биліктің негізгі сипаттамасы.

  3. Саяси жүйенің құрамына қандай кіші жүйелер жатады?




Бөлім: Мемлекет және құқық

12 сабақ 11 «А»-28.09.2020ж 11 «Ә»-28.09.2020ж

Педагогтің аты-жөні: С.Өтегенова

Пәннің атауы: Құқық негіздері

Сабақтың тақырыбы:

Қазақстан Республикасы - құқықтық мемлекет.

Сабақтың мақсаты:

11.1.2.1 - Қазақстан Республикасының саяси-құқықтық актілері (Қазақстан Республикасының құқықтық саясат концепциясы, Қазақстан Республикасының адам құқығы саласындағы ұлттық іс-қимыл жоспары концепциясы және тағы басқалар) негізінде құқықтық мемлекеттің принциптерінің жүзеге асырылуын түсіндіру

Сабақтың барысы:Мемлекет дегеніміз– жария саяси биліктің ерекше аппараты. Оның негізгі міндеті қоғамды басқару, қоғамдағы тәртіпті қамтамасыз ету, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау.1995жылы 30 тамызда Конститутция бүкілхалықтық референдумда қабылданып, басты заң ретінде танылды.Конститутцияның 1-бабында Қазақстан Республикасы өзін құқықтық мемлекет ретінде бекітті.Құқықтық мемлекеттің мақсаты – азаматтың құқықтары мен бостандықтарын толығымен қамтамасыз ету үшін жағдай жасау, сондай-ақ билікті асыра пайдалануға жол бермеу мақсатында биліктің әрекет ету құқығын шектеу.

Барлық конститутциялық нормалар іс жүзінде жүзеге асырылады. Жоғары билік пен басқару органдарының барлық әрекеттері Конститутцияға негізделуі тиіс.Адам құқықтары мен бостандықтары Қазақстан Республикасы Конститутциясында бекітілген және олар мемлекеттің қорғауында.

Қазақстан Республикасында билікті заң шығарушы, сот және атқарушы деп үш тармаққа бөледі.Биліктің бұл үш тармағы өзара дербес,тәуелсіз тепе-теңдік және тежемелік жүйеде әрекет етеді.

Сабақ барысында орындалатын тапсырмалар:

1 -тапсырма: Мемлекеттік билік институттарының қызметі:


Заң шығарушы

Сот

Атқарушы










2 –тапсырма:Төмендегі терминдердің мағанасын ашып, жазыңыздар:





Мағанасы

1.Вето

2.Импичмент

3.Вотум

4.Сот төрелігі





3 –тапсырма:Құқықтық мемлекеттің белгілері:

1.

2.

3.

4.

5.


Сабақты қорытындалау:


  1. Құқықтық мемлекеттің мақсаты қандай?

  2. Құқықтық мемлекет қазіргі заманғы биліктің ең жақсы модельі екенін дәлелдеңдер.




Бөлім: Мемлекет және құқық

15 сабақ 11 «А»-05.10.2020ж 11 «Ә»-05.10.2020ж

Педагогтің аты-жөні: С.Өтегенова

Пәннің атауы: Құқық негіздері

Сабақтың тақырыбы:

Қазақстан Республикасында азаматтық қоғам институттары және олардың тиімділігі

Сабақтың мақсаты:

11.1.2.2 - Қазақстан Республикасы азаматтық қоғамының негізгі функционалдық қажеттілігін түсіндіру;

Сабақтың барысы: Азаматтық қоғамның міндеті – билік пен қоғам алдында азаматтардың мүддесін білдіру, билік қызметіне және осы қоғамның ішкі және сыртқы саясатын қалыптастыруда қоғамдық бақылауды жүзеге асыру.

Белгілі бір саяси идея негізінде топтасқан адамдардың ерікті бірлестігін – саяси партия деп атайды.Партияның мақсаты - мемлекеттің басқаруға қатысу және билік үшін күрес.Әр саяси партияның өз бағдарламасы болады. Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 15 шілдедегі

« Саяси партиялар туралы» заңы бойынша әрекет етеді.Саяси партиялар азаматтардың, түрлі әлеуметтік топтардың саяси ерік-жігерін көрсетуге, мемлекеттік органдарда, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында олардың мүдделерін білдіруге және оларды қалыптастыруға қатысады.Қазақстан Республикасында алты саяси партия бар.

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 қаңтарда қабылданған «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Заңы бар.Осы заңға сәйкес Үкіметтік емес ұйымдар жұмыс істейді.Оған қоғамдық бірлестіктер,мекемелер, заңды тұлғалардың одақтары және т.б. кіреді.

Қазақстан Республикасында 1999 жылғы 23 шілдеде «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заң қолданысқа енгізілді.БАҚ қызметі Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі жаныныдағы Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетімен реттеледі.

Сабақ барысында орындалатын тапсырмалар:

1-тапсырма. Бұқаралық ақпарат құралдарының қызметі:

2
1

3
–тапсырма:
Қазақстандағы ресми партиялар:


2




4

6

5


3 –тапсырма: Үкіметтік емес ұйымдарға тән ортақ белгілері:

1.

2.

3.

4.

5.

6.

7.

Сабақты қорытындалау:


  1. Саяси партиялардың мақсаты қандай?

  2. Қазақстан Парламентінде қайсы партияның өкілдері бар?

  3. Мемлекет ҮЕҰ қызметін бақылауға тиіс пе?