Файл: Тексерілді діскер Айтимбетова Г. С. Е. Тірбергенов атындаы тркістан индустриалды техникалы колледжі жм оу сабаыны жоспары .docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 06.12.2023

Просмотров: 41

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

  Съездің үлкен жетістігі – Қазақстанның бүкіл әлем алдында шынайы қоғамдық және дінаралық келісім мен бірлікке қол жеткен ел ретінде танылуы еді. І съезд барысында қатысушылар Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезін ұдайы түрде өткізу және оның жұмыс органы – Хатшылықты құру туралы шешім қабылдады.
  Съездердің жұмысы барысында адамзаттың өзекті мәселелері: «Діни және саяси басшылардың адамзат алдындағы жауапкершілігі»; «Діннің жастарға әсер ықпалы»; «Дін және саясаттың өзара әсерінің жаңа үдерістері мен перспективалары»; «Бейбітшілік, қауіпсіздік пен үйлесімділік үшін әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары арасында өзара құрмет пен түсіністікке негізделген үнқатысу» деген тақырыптар төңірегінде жан-жақты пікір алмасылды.
  Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съездерінің тарихи маңызы зор. Қазақстан Еуразияның географиялық қана емес, жаһандық рухани-конфессионалды орталығына айналды. 2008 жылы АҚШ конгресмені Дана Рорабахер: «Қазақстан қазіргі таңда тек Азия орталығы емес, әлем орталығына айналды», – деп жоғары баға берді.


1.Көптілді саясаттың қандай артықшылықтары бар?
2. Бірнеше мемлекеттік тілдері бар елдерді атаңдар.
3. «Елдегі конфессияаралық бейбітшілікті қалай нығайтуға болады?» деген тақырыпта эссе жазыңдар.


Атеизм – құдайға, дінге сенбеушілік.
Доктрина – іс-әрекет жасауға бағыт беретін нақтылы нұсқаулар жиынтығы.
ҚМДБ – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы.
Сепаратистер – өздері өмір сүріп отырған елден жеке мемлекет ретінде бөлініп шығуға немесе сол мемлекетке тиесілі аумақты басқа бір мемлекетке қосуға ұмтылған белгілі бір саяси топ.
Сунна, сунниттер (араб. – жол, іс-әрекет) – сүнетті ұстанушылар, Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбардың үлгі-өнегесі мен өсиетіне сай ислам дініндегі адам орындайтын амалдар.
Джеймс Монро (1758–1831) – АҚШ-тың саяси және мемлекет қайраткері, бесінші президенті (1817–1825). 1823 жылы Монро доктринасы жарияланып, «Америка тек американдықтарға» қағидаты бойынша Америка және Еуропа бір-бірінің ішкі істеріне араласпауға тиісті деп атап көрсетілді. Монро қағидаты АҚШ-тың ішкі және сыртқы саясатында көптеген жылдар бойы пайдаланып келеді.
Шығармашылық тапсырмалар.


1-тапсырма. Қосымша материалдарды пайдаланып, Ұлт доктринасы мен Монро қағидатына салыстырмалы талдау жасаңдар.


2-тапсырма. Қазақстандағы ұлтаралық және конфессияаралық келісімді нығайтуда тағы қандай бағдарламалар мен құжаттар қабылданғанын анықтаңдар.

3-тапсырма. Сабақта жинақтаған білімдеріңді қолданып, Қазақстандағы қазіргі діни ахуалға SWOT талдау жасаңдар.
  АСТАНА – ӘЛЕМ ДІНДЕРІ ҮНҚАТЫСУЫНЫҢ ОРТАЛЫҒЫ
    (2003 жылдың қыркүйегінде өткен діни съезд жайлы ой)

  2003 жылғы 22–24 қыркүйекте Астанада Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен Әлемдік және дәстүрлі ұлттық діндер лидерлерінің кең ауқымды халықаралық құрылтайының өткеніне де екі жыл болды. Бұл аз да, көп те емес. Әйтсе де осы бір ерен оқиғаға ой жүгіртіп, бағамдап, қорытындылайтын да мезгіл жеткен сияқты.
  Астанадағы жиынға дейін де мұндай форумдар әлемнің әр жерінде өтті. Бірақ олар санаулы ғана дін өкілдерін жинаудан аса алмады. Дей тұрғанмен жалпы осындай басқосулардың мақсаты – сан алуан өркениеттер мен мәдениеттер жағдайында адам баласының өзара тіл табысып, бірлік пен ынтымақта өмір сүруін баянды ету жолдарын қарастыру. Өйткені туындайтын проблемаларды шиеленістірмей шешуде дін қайраткерлерінің де қосар үлесі аз емес. Ал бұл ретте биік деңгейлі алқалы съезд өткізуге көпұлтты, бірнеше конфессиялы, ынтымағы мен бірлігі өзгеге үлгі Қазақстанның қолайлы да лайық болғандығы күмәнсіз еді.
  Астанадағы діни үнқатысуға дүниежүзінен 17 діни делегация және Біріккен Ұлттар Ұйымы, Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымы, ЮНЕСКО, ЮНИСЕФ сияқты халықаралық ұйымдардың өкілдері, БҰҰ жанындағы Бүкіләлемдік діндер лидерлері кеңесінің президенті Шри Шри Сугендра Тиртха Свами Мадхавачгарьян, Жапонияның экс Премьер-министрі Цутому Хата, Италияның Ассизи қаласының бас министрі Томас Геремек һәм 250 отандық және 60-қа жуық шетелдік журналистер қатысты.
  Әлемде өркениеттер үнқатысуы көкейкесті мәселеге айналы отыр. Қазір біз мүдделердің кең көлемдегі қақтығысы мен өзара шиеленіскен күрделі мәселелер уақытында өмір сүрудеміз. Сол себепті де, – дейді дін қайраткерлері, – оларды реттеудің немесе жоюдың бірден-бір жолы – діндердің үнқатысуы. Өйткені дін – татулық пен ынтымақты сақтаудың үлкен кепілі де. Діндер тату болса, мемлекеттер де тыныш екені дәлелдеуді қажет етпейді.



Дербісәлі Ә. Исламның жауһарлары мен жәдігерліктері. – Алматы, 2008, 201–204-беттер.



Астанада өткен діни үнқатысудың мәні мен маңызы неде?