Файл: замерзімді жоспар тарауы 3блім. Роботтехника. Жоба (орта таырыптар нер, Крнекті тлалар).docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 06.12.2023

Просмотров: 19

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Қысқа мерзімді жоспар

Бөлімі:

Ұзақмерзімді жоспар тарауы:

3-бөлім. «Роботтехника». Жоба (ортақ тақырыптар: «Өнер», «Көрнекті тұлғалар»)

Педагогтің аты-жөні:

Унгаров А

Күні:

04.04.2023

Сыныбы:2

Қатысушыларсаны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Жобаға арналған идея

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

2.1.1.1 таңба регистрін, пернетақтаның орналасуын, меңзерді басқаруды өзгерту үшін клавиштерді пайдалану;3.2.1.2 мәтінді теру ережесін сақтау;

2.2.1.3 мәтінді өңдеу.

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушы үшін

Мәтін теру ережесін сақтай отырып, мәтіндерді өңдеуді үйренеді.

Сабақтың барысы:

Сабақтыңкезеңі/уақыты

Педагогтің ісәрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

(Ұ)

Ұйымдастыру кезеңі:

1-7 мин.



Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу

І. Қызығушылықты ояту. «Пальма, піл мен қолтырауын» ойыны

Қатысушыларүш-үштен бөлініп тұрады. Модератор топтардың қайсысы нені бейнелейтінін көрсетеді. Мысалы, «пальма» десе, ортадағы ойыншы пальма ағашын бейнелейді, қалған екеуі пальмаға соғып тұрған желді бейнелеуі тиіс. «Піл» десе, ортадағы ойыншы пілдің тұмсығын, қалған екеуі құлақтарын көрсетеді. «Қолтырауын» десе, ортадағы ойыншы қолтырауын аузын, екеуі жотасын көрсетуі тиіс. /Бұл ойын оқушыларға психологиялық жағымды көңілкүй сыйлайды/.

Топтастыру:

Топтастыру. «Пазлдар» әдісі

Мақсаты:командалар құру, топ ішінде рөлдерді бөлу дағдысына үйрету.







Ресурстар:кішкентай «миқатырғыш пазлдар» (суретті ашықхаттыбірнеше бөліктерге бөлуге де болады)

Ойын барысы:әр топ «миқатырғыш пазлдар» алады. Мақсат – бөліктерді жылдам жинау.

Жаттығудың психологиялық мәні:қатысушылар ойын түрінде командада тиімді әрекет жасауға, рөлдерді бөлуге, жұмыс сапасын жақсартуға, ортақ мақсатқа жетуге үйренеді.Талдау: командада тапсырманы орындау қалай болды? Неліктен? Тапсырманы тиімді орындау үшін не қажет деп ойлайсыңдар?
Мақсаты: белсенді оқу, оқушының мұғалімді мұқият тыңдап қана қоймай, белсенді жұмысқа тартылуын көздейтін оқыту мен оқу әдістерінің бірі болғандықтан,оқу мақсаттарына қол жеткізуде оқушылардың қажеттіліктерін, қабілет деңгейлері мен қызығушылығын ескере отырып топтастыру жоспарланды.

Тиімділігі: топтық жұмыста – бір-бірімен ой бөлісіп, пікірлесуге, өз ойын ортаға салуға; жұптық жұмыста – ақылдасып, келісімге келуге, өзгенің пікірін тыңдап, құрметтеуге; жеке жұмыста – өзіндік пікір қалыптастырып, сын тұрғысынан ойлануына мүмкіндік болады.Саралау: Оқытудың қажеттілігінеқарай топ құруда саралаудың «Жіктеу»тәсілі

қолданылады.

(МК, Ұ) Ой қозғау. «Миға шабуыл» әдісі.

Мұғалім төмендегі сұрақтарды оқушыларға қойып,

суреттерді интерактивті тақтадан көрсетеді. Оқушылар ұжымдық үлгіде білгендері бойынша өз ойларын айтып, жауап береді.

  • Халқымыздың қандайұлттықөнертүрлерін білесің?

  • Күнделікті тұрмыста ою-өрнекпен безендірілген қандай тұрмыстық заттарды

көріп жүрсің? (1сурет)

  • «Қазақтың ұлттық ою-өрнегі»тақырыбында жоба жұмысын орындауда мәтіндік редакторды қалай қолданар едің?

Қалыптастырушы бағалау

Мұғалім оқушыларды сабаққа қатысу белсенділігі мен сұраққа жауап беру деңгейіне қарай «Отшашу» әдісіарқылы бағалайды.


Интерактивті

тақта
Оқулық
Жұмыс

дәптерлері

Жаңа сабаққа дайындық.



Мақсаты:алдыңғы білім мен жаңа білімді ұштастыру үшін,жетелеуші және түрткі сұрақтарды талқылау.

Тиімділігі:оқушыға сұрақ қою, проблеманы зерттеу арқылы ой-өрісін дамытады, ойын еркін жеткізеді. Пікірлерін еркін айтып, ешқандай сынға ұшырамауыкерек, қағазға түсіругеде, ауызша талқылау жұмысын жүргізуге де болады.
Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін, мұғалім интерактивті тақтадан сабақтың тақырыбы, мақсаты, бағалау критерийлерімен таныстырады.