ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 07.12.2023
Просмотров: 65
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Корреляция коэффиценті мына мәліметті бере алмайды: байланыстың жоқтығын
Жүкті әйел бірінші рет дәрігерге тіркелгенде оның қолына берілетін құжат жүктілік бойы сақталуы тиіс, ол қай нысанды құжат? №113/е
Өлім себептеріне байланысты аурушаңдықты зерттеуде аталған біріншілік құжат қолданылады: өлім туралы дәрігерлік анықтама
ҚР денсаулық сақтау жүйесін дамытудағы негізгі басымдылықты атаңыз: медициналық көмек сапасын жоғарылату
Уақытша еңбекке жарамсыздыққа байланысты аурушаңдықты зерттеуде қолданылатын біріншілік құжат, бұл -:еңбекке жарамсыздық парағы
Бала туу жасындағы әйелдер арасында қандай экстрагенитальды аурулар жиі кездеседі деген сұраққа жауап алу үшін, осы жастағы әйелдер статистикалық зерттеуге қатысты. Мына жас аралықтарының қайсысы репродуктивті жас болып саналады? 15- 49
Денсаулық сақтау ісінің медициналық тиімділік түсінігіне жатады: денсаулық жағдайының тұрақтануы
Мына мәлімет қандай көрсеткішке жатады: 10 мың халық санына 110 ауруханалық төсек? Арақатыстық
Ағымдағы жылы тұрғындар арасындағы алғашқы аурушаңдықты талдауда қарастыру үшін қолданылатын тіркеу құжат (талон): тек (+) таңбасы бар талон
Тұрғындар динамикасы ... зерттейді: халықтың табиғи және механикалық қозғалысы
Емхана акушер-гинекологына жүктілік бойынша ерте тіркеуге алу дегеніміз ____ жүктіліктің аптасына сәйкес: 12
Аналитикалық шеберлігіне жататын менеджердің қабілеті қайсысы: ғылыми, сандық, сапалық көзқарастарды қолдану
Менеджменттегі ғылыми әдістің өкілі: Фредерик Тейлор
Нарықты тұтынушылар топтарына бөлу дегеніміз ол – нарықты: сегменттеу
Статистикалық зерттеулердің объектісі ... болып табылады: статистикалық жиынтық
Перинатальды өлім көрсеткіші дегеніміз – ол ____ нәрестелер саны: өлі туылған + 0-6 тәулік мерзімінде өлген
Тұрғындардың дәрігерлермен қамтамасыз етілуін бағалау үшін қолданылады: ара қатыстық көрсеткіші
Төсек айналымы көрсеткіші – бұл: шыққан+өлген науқастар санының жылдық орташа төсек санына
Медициналық-әлеуметтік сараптама анықтайды: мүгедектік тобы мен себебін, азаматтардың еңбекке жарамдықты жоғалту деңгейін
Вариациялық қатардың жиілігі – бұл ___ жиілік: әрбір вариантаның кездесу жиілігі
Туылу көрсеткіші тұрғындардың мына санына шағып есептелінеді: 1000
Жүктіліктіктің «Алмастыру картасы» әйелдің қолына _____беріледі: есепке алған аптадан бастап
Бақылау бірлігін таңдау байланысты: зерттеудің мақсаты мен міндеттеріне
Орта квадратты ауытқу () ____ сипаттайды: зерттелуші белгінің әртүрлілігі туралы мәлімет береді
Белгілер арасындағы байланыстың күші мен сипатын тағайындау үшін анықталуы керек: корреляция коэффициенті
Ауыл тұрғындарына медициналық көмекті ұйымдастырудың неше кезеңі бар? Үш
Учаскелік педиатр нәрестелерді перзентханадан шыққаннан кейін ____ көруі керек: алғашқы 3 күнде
Тіркеу белгілері сипатына қарай жіктеледі: атрибутивтік және сандық
Тұрғындарға стационарлық көмек көрсетуді жетілдіруге ... есебінен қол жеткізу мүмкін: жаңа заманауи медициналық және медико-ұйымдастырушылық технологияны қолдану
Бұл әдіс салауатты өмір салтын насихаттаудың негізгі, тиімді және үнемді әдісі болып табылады,оны атаңыз: ауызша
ХХ ғ. Денсаулық сақтаудың ұлы хартиясы неге бағытталған? тұрғындарға біріншілік медициналық-санитариялық көмек көрсетуді дамытуға
Туу жағдайы туралы мәлімет көзі болып табылатын біріншілік статистикалық құжат: туу туралы медициналық куәлік
Біріншілік алдын алу шаралары: қоршаған ортаны сауықтыру
Қазақстандағы сәбилер өлімі себептерінің құрылымы: тыныс алу органдарының аурулары, перинатальды кезеңде болатын жағдайлар, туа біткен аномалиялар
Қалалық емхананың негізгі құрылымдық бөлімдеріне мына аталғандардың біреуі жатпайды: қабылдау бөлімі
Аурушаңдық көрсеткіштеріне қайсысы жатпайды? жалпы өлім
Орта шама дегеніміз – бұл: статистикалық жиынтықтағы зерттелетін белгінің жалпы шамасын білдіретін сан
Варианта дегеніміз: сандық белгінің шамасы
Қалалық емхана жұмысында қолданылмайтын тіркеу нысаны – Бұл: патолого-анатомиялық зерттеулер кітабы
Профилактикалық егу картасы ,бұл_____ нысан: 063/е
Заманауи Халықаралық аурулар жіктелісінің (ХАЖ) дәл атауы: аурулар мен денсаулыққа байланысты мәселелер Халықаралық статистикалық жіктелісі
Тұрғындардың табиғи қозғалысы көрсеткіштеріне БҰЛ жатпайды: алғашқы аурушаңдық
Құбылыстар арасындағы функционалды байланыс дегеніміз – бұл: бір құбылыстың белгісіне екінші құбылыстың нақты сандық мәні сәйкес келетін байланыс
Жүктілік пен босануға байланысты берілетін еңбекке жарамсыздық парағының мерзімі: 126 күн
Аурушаңдықтың дұрыс анықтамасы: нақты уақытта (жыл) барлық ауру жағдайларының немесе әрбір түрінің барлық тұрғындар арасында немесе жекелеген топтары арасындағы аурулардың таралу жиілігі
Тұрғындардың тұрақты мекенін өзгертпестен үнемі жұмысқа немесе оқуға ылғи барып келетін қозғалыстары миграцияның _____ түріне жатады: маятниктік
Маңызды эпидемиялық емес ауруларды аурушаңдықты зерттеудің арнайы түрі ретінде бөліну себептеріне мына көрсетілгендердің қайсысы жатпайды? мамандандырылған медициналық көмекті ұйымдастыру қажеттілігіне
Сәбилер өлімі көрсеткіші дегеніміз - ______ дейінгі балалар өлімі: 1 жасқа
Вариациялық қатарды құрайтын нақты белгінің сандық мәні - бұл: варианта
Корреляциялық байланыс – бұл: бір белгінің мәніне екінші бір белгінің вариациялық мәндер қатары сәйкес келетін байланыс
Қаралуға байланысты мәліметтер бойынша аурушаңдықты зерттеу әдісінің ерекшеліктерін атаңыз: жіті, созылмалы патологиялардың таралуы жайлы көрініс береді
Үлестік көрсеткіштер қолданылады: бүтіннің үлесін көрсету үшін
Жанұялық дәрігерлік амбулатория – бұл емдеу-профилактикалық мекемелердің (ұйымдардың) ____ түріне жатады: БМСК мекемесіне
Ауыл тұрғындарына медициналық көмек көрсетуді ұйымдастырудағы кезеңдіктің мәні ... байланысты: барлық ауыл тұрғындарына білікті, мамандандырылған медициналық көмектің жақындауы
Тұтынушылар нарығын психографиялық қағидат бойынша сегменттеуге жатады: тұлғалық типі және өмір сүру салты
Әкімшілік басқару мектебінің негізін қалаушы ғалым: А. Файоль
А.Файольдің басқару қағидаттары: 14
060/е нысаны –бұл: инфекциялық ауруларды тіркеу журналы
Паллиативтiк көмек көрсетумен бұл мекеме айналыспайды: әлеуметтік көмек Орталықтары
Жүктінің және босанушының жеке картасы- бұл ____ нысан: 111/т
Денсаулық сақтау жүйесіндегі жанбасына есептеп қаржыландыру принципі дегеніміз – ол _____ есептеп қаржыландыру: әр тұрғынға
Бұл мекеме ауыл тұрғындарына медициналық көмекті барынша толық көлемде көрсетеді: облыстық аурухана
Менеджменттің 4 функциясын атаңыз: жоспарлау, ұйымдастыру, дәйектеме, бақылау
Стационар мен емхана жұмысындағы бірізділік дегенге жатпайды: жоспарлы госпитализацияны орталықтандыру
Науқастың бірнеше жыл бойы ауырып жүрген және сол ауру бойынша дәрігерге жыл сайын қаралуы статистикада аурушаңдықтың ... түрі болып саналады: жалпы аурушаңдық
Мода дегеніміз бұл - ... варианта. вариациялық қатарда ең жиі кездесетін
Тіркелінген тұрғындар саны 800-ден 2000 – ға және одан жоғары елді мекенде (ауылдық аймақ) қандай мекеме ұйымдастырылады? ФАП
Ол - балалар емханасы құрылымының ересектерге арналған бөлімнен айырмашылығын көрсетеді: қабылдау боксы фильтрмен
Емдеуші дәрігер бір мезетте 6 күннен артық мерзімге беруге құқы бар ма? Жоқ
Денсаулық туралы Кодекске сәйкес пациент – бұл: медициналық көмекті пайдаланушы заңды, жеке тұлға
«Уақытша еңбекке жарамсыздық жағдайының орташа ұзақтығы» көрсеткішін есептеу үшін ... білу қажет: уақытша еңбекке жарамсыздық күндерінің саны, уақытша еңбекке жарамсыздық жағдайларының саны
Орта шамалар арасындағы өзара айырмашылық шынайылығы көрсеткішін атаңыз: сенім коэффициенті (t)
Госпитализациялау Бюросы порталының негізгі мақсаты: азаматтардың медициналық мекемені таңдау құқығын қамтамасыз ету
Қандай медициналық көмек түріне науқастың өзі төлейді? қосымша және сервистік медициналық қызметтер
Жалпы жиынтықтың құрамы неден тұрады? зерттеу мақсатына сәйкес алынған барлық бақылау бірліктерінен
Дені сау деп табылған адамдар саны көрсеткіші – бұл: осы жыл бойы ауырмаған адам саны
Статистикалық жиынтықтың біріншілік элементін атаңыз: бақылау бірлігі
Барлық өлім себептерінің ішінен жүрек – қан тамырлары ауруларының үлесін алып қарастыратын болсақ, бұл қай көрсеткішке жатады? Үлестік
Тұрғындар құрылымының типтері: прогрессивті, стационарлы, регрессивті
Бұл міндет мекеменің мақсатын және қызметкерлердің міндеттерін жетістіктері бойынша анықтаудан тұрады: жоспарлау
Аурушаңдықты зерттеудің әдістеріне жатады, біреуінен басқасы: Халық санағы мәліметтері бойынша
Аурудың алдын алу бөлінеді: Біріншілік, екіншілік, үшіншілік
ДДҰ мәліметтері бойынша азаматтардың денсаулығы денсаулық сақтау жүйесі жұмысына тәуелді: 10 %- ға
БМСК-ті жақсартудың негізгі жолдары, біреуінен басқа: жалпы тәжірибелік дәрігерлікті (жанұялық дәрігер) енгізу
Медициналық тексеріп-қарау аурушаңдықты зерттеудің әдісі ретінде артықшылыққа ие, қандай? байқаусыз өтіп жатқан ауруды анықтауға мүмкіндік береді
Абсолюттік шама дегеніміз не? Зерттеліп отырған құбылысқа сапалық сипаттама беретін шама
Қалалық емхананың құрамы қандай негізгі бөлімдерден тұрады: Емдеу-профилактикалық, кеңестік-диагностикалық, әкімшілік-шаруашылық
Ауыл тұрғындарына көрсетілетін медициналық көмектің екінші сатысына қандай көлем сәйкес? Білікті, негізгі түрлер бойынша мамандандырылған
Ауыл тұрғындарына көрсетілетін медициналық көмектің үшінші сатысына қандай көлем сәйкес? Жоғарымамандандырылған, мамандандырылған