ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 07.12.2023
Просмотров: 66
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Аналар өлімі себептерінің ішіндегі негізгісін атаңыз: Жатырдан қан кету
Учаскелік педиатр балалардың қай жасына дейін медициналық қызмет көрсетеді? Туылғаннан 15 жасқа
Балаларға емханада көмек ұйымдастырудың негізгі әдісі: Диспансерлік
Дәрігер дені сау баланы 1 жасқа дейін қандай жиілікпен бақылау керек? Айына 1 рет
Жүктілік пен босануға байланысты еңбекке жарамсыздық парағын ядролық сынақтарға душар болған аймақтарда тұратын әйелдерге қанша уақытқа береді? 170 күнге
Босану мен жүктілікке байланысты еңбекке жарамсыздық парағы әйелге жүктіліктің ____ аптасынан бастап беріледі. 30
Уақытша еңбекке жарамсыздық дегеніміз - бұл ...: Еңбекке жарамдылықты қалпына келтіруге қажетті уақыт аралығындағы кәсіптік жұмысын орындай алмауы
Депопуляция құбылысы елде жас пирамидасының осы типі болуымен сипатталады: Регрессивті тип
Туылу жөніндегі мәлімет көзі болып саналатын медициналық құжатты атаңыз: Туу туралы медициналық куәлік
Жалпы аурушаңдықты анықтау үшін қажет мәліметтерді атаңыз: Берілген жылы тіркелген аурулардың жалпы саны, сол аймақтағы халықтың орташа жылдық саны
Табиғи өсім көрсеткішін есептеуге қажет мәліметті атаңыз: Берілген жылы туылғандар саны, сол жылы өлгендер саны, бір жылдағы орташа халық саны
Демографиялық белгілеріне сәйкес қауіп тобына жатады, біреуінен басқасы: Зейнеткерлер
Денсаулық сақтау саласында жан басына қаржыландыру принципі нені көздейді? Жылына бір тұрғынға қаржыландыру
Белгілі бір бағамен белгілі бір уақыт аралығында науқастар қалайтын және сатып ала алатын медициналық қызмет түрі: сұраныс
Медициналық қызметті лицензиялау дегеніміз: Белгілі медициналық қызмет түрлерімен шұғылдануына құқық беретін мемлекттік құжат
Аккредитация дегеніміз не? Медициналық мекемелердің кәсіби стандарттарға сәйкестігін анықтау
Жалпы статистикалық жиынтық деген не? Зерттеу мақсатына қатысы бар барлық бақылау бірлігінен тұратын жиынтық
Таңдамалы жиынтық деген не? Арнайы әдістермен іріктеліп алынған, жалпы жиынтықты сипаттайтын сол жиынтықтың бір бөлігі
Сипаты бойынша тіркеу белгілері қалай жіктеледі? Атрибутивтік және сандық
Өзара байланысы бойынша тіркеу белгілері қалай жіктеледі? Факторлық және нәтижелік
Үлестік көрсеткіш қалай есептеледі? Құбылыс бөлшегінің бүтін құбылысқа пайызды қатынасы
Көрнекілік көрсеткіш қалай есептеледі? Салыстырмалы біркелкі шамалар қатарының біреуін 100%-ға тең деп ішіндегі біреуіне қатынасы
Қарқынды көрсеткіш дегеніміз не? Бүтіннің бөлшектерге таралуы
tm-деген нені білдіреді? Сенім шегі
Статистикалық зерттеу неден басталады? Зерттеудің мақсаты мен міндеттерін анықтаудан
Жеткілікті бақылау санын жинау мүмкіндік береді: Зерттеу нәтижелерінің нақтылығын жоғарылату
Бақылау бірлігін таңдау немен анықталады? Зерттеудің мақсатымен, міндеттерімен
Мәліметтерді жинау бағдарламасы дегеніміз не? Тіркеуге алынатын белгілердің тізбесі бар біріншілік статистикалық құжат
Мәліметтерді өңдеу бағдарламасы дегеніміз не? Статистикалық кестелердің нұсқасын жасау
Типологиялық топтастыру дегеніміз не? Сипаттау арқылы, сөзбен айтылатын белгілер бойынша топтастыру
Вариациялық топтастыру дегеніміз не? Санмен жазылатын белгілер бойынша топтастыру
Қатесіз болжамдау мүмкіншілігі неге тәуелді? Сенім шегінің шамасы
Егер іріктелген зерттеу жүргізгенде екі салыстырылатын орта немесе қатыстық көрсеткіштердің айырмашылығы нақты болмаса, онда: Бақылау санын көбейту керек
Орфан термині нені білдіреді?: сирек
Медициналық сараптамалардың түрлері: аталғандардың барлығы дұрыс
Инфекциялық емес аурулар қауіпінің негізгі факторларын атаңыз. барлық аталған нұсқалар дұрыс
Басқару әдістері: ұйымдастыру-әкімшілік, экономикалық, әлеуметтік-психологиялық
А. Маслоу «...» деп аталатын теорияны жасады: қажеттіліктер иерархиясы
Менеджмент дегеніміз не? Бұл басқа адамдардың еңбегін, ақыл-ойын және мінез-құлқын пайдалану арқылы мақсаттарға жету қабілеті
Орта буын менеджерінде жоғары деңгейде қандай қасиет дамуы қажет? Адами құндылықтар
Менеджменттегі коммуникация-бұл: Екі немесе одан да көп адамдар арасындағы ақпарат алмасу немесе ақпараттың мәні
Менеджменттің аталған функцияларының қайсысы қызметкерлердің қажеттіліктері мен мүдделеріне негізделеді? Мотивация
Қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтау-бұл: қоғамдық ғылым
Халықты дәрігерлермен , орта және кіші медициналық кадрлармен қамтамасыз ету көрсеткіші есептеледі: продецимиллде
Қолданыстағы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі» туралы ҚР Кодексі қабылданды: 7 шілде 2020 жыл
Қолданыстағы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі» туралы ҚР Кодексі құрамы ... тұрады: 7 бөлім, 30 тарау, 276 баптан