ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 07.12.2023

Просмотров: 40

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


  • Коктейль түтішесін алып, оны дәл ортасынан бөлу;

  • Ақ қағазға бояудың бір тамшысын немесе бояудың екі түрін суға езіп, бір-біріне жақын етіп тамызу;

  • Әр түрлі бұтақшалар пайда болу үшін тамған бояудың дәл ортасынан сыртқа қарай әр түрлі бағытта үрлеу;

  • Сулы шүберектің ұшын бояуға малып, дөңгелектей отырып, бет-әлпеттің пішінін келтіру;

  • Суретті кептіріп, жіңішке қалқаламмен көз, мұрын, қас, ерінді салу.

Бұндай «сиқырлы» суреттерді салу бала бойындағы көркемдік қабілетті, қиялды, елестетуді дамытып, ауыз бұлшық еттері мен тыныс алу ағзаларын жаттықтырады.

«Сия тамшысы» графикасы

Сия тамшысы әдісінде балаларды қара және түрлі-түсті «сия тамшысын» түсіре білуге үйрету мақсаты көзделеді. Субояқтың, түрлі-түсті тушьтің түсін өзгертуге, жаңа тамшылар түсіруге, оларды қоршауға, аяқтап салуға, әр түрлі бағытта жүргізілген сызық, нүктелерді пайдаланып, тамшының пішінін өзгертуге болады. Бала сия тамшысына қарап одан қандай бейне, зат немесе жеке бөлшектер көргенін ажыратады, ал бұл балалардың қиялы мен ойлануының дамуына әсер етеді.

Қолдану ережесі:

  • Сия тамшысын қағазға түсіру, неге ұқсайтынын табу, қосымша бөлшектерін бейнелеу;

  • Сия тамшысын қағазға түсіру, қағазды көтеріп немесе бүгіңкіреп субояқты ағызып бейне туғызу;

  • Қылқам көмегімен ұсақ тамшылар, содан соң кей жерлерге ірі және орташа тамшылар түсіру керек.

Бала алғашқыда қағаздағы тамшыны әр түрлі нәрсеге ұқсатуға тырысады, Қағазды ары-бері аударып көреді, ал соңынан тамшыны ойланып, қандай да бір бейнеге ұқсайтындай етіп түсіруге ұмтылады, шеттерін үрлеп «жөнге келтіреді», яғни «дақтан» бейне тудырады.

«Жіп» графикасы

Баллар «жіп» графикасы арқылы ерекше, «сиқырлы», «құпиялы» суреттер салуға тамаша мүмкіндік алады.

«Жіп» графикасы негізінде түсірілетін сиқырлы сызықтарды қылқаламмен, фломастермен немесе қарындашпен түсіру мүмкін емес.

Қажетті заттар:

  • А-3, А-4 форматты немесе картон қағаз, көлемінде 20х20 см болғаны дұрыс;

  • Ұзындығы 30-40 см болатын жіп;

  • Табақша немесе жалпақ ыдысқа құйылған езілген бояу;

  • Қатты қылқалам.

Жұмыс барысы:

  • Картон немесе қағазды бүктеу;

  • Жіптің 2/3 бөлігін қою бояуға батыру (қылқаламмен жіптегі артық бояуды түсіруге болады);

  • Бүктелген жіпті картон немесе қағаздың бір бөлігіне қою;

  • Оны екінші бөлігімен жабу;

  • Қағазды алақанмен үстелге басып тұрып, жіптің таа ұшынан ұстап ары-бері қозғау, соңынан суырып алу.


Бұдан аралас бейне пайда болады, балалар оларды қарап, қоршап, қосымша бөліктермен толықтырып аяқтайды.Жануарлар мен адамдардың, пейзаждар мен нәзік гүл шоқтарының бейнесі шығады.

Балалармен жеке жұмыс жүргізген жөн, сонда олар пайда болған бейненің ерекшеліктерін дэл таба алады және дұрыс ат қояды. Мұндай ақыл-ой мен тіл және бейнелеу өнері қамтылған іс-әрекет баланы интелектуалдық тұрғыдан дамытады.

«Дақ» графикасы

Бұл әдіс түспен эксперимент жасауға, суретті өз қалауы бойынша аяқтауға мүмкіндік тудыратындықтан бала үшін өте қызықты болып табылады.

Бұл үшін:

  • Қағазды екіге бүктеу;

  • Оның бір бөлігіне субояқтан ашық түсті дақ түсіру;

  • Қайтадан қағазды бүктеп, үстінен қолмен сипау (субояқ кеппей тұрғанда) керек.

Ашып қарағанда симметриялық бейне пайда болады. Енді тек қандай затқа ұқсайтынын тауып, жетпеген бөлшегін толықтырсақ болғаны.

Мұндай суретті целлофан көмегімен де түсіруге болады:

  • Дымқыл қағазға субояқ дағын түсіру (түстерді бір-біріне араластыра түсіруге болады);

  • Субояққа гүл, жапырақ, шөптер қоюға болады;

  • Полиэтилен қапшықпен жабу (оның көлемі қағаздан үлкен болуы керек және ауа көпіршігін қалдыруға болады).

Целлофан кепкен соң бейнені жеке сурет ретінда қолданады немесе ұжымдық жұмыс етіп біріктіреді.

Балалар «сиқырлы дақтарды» (пайда болған бейнені) атайды және түрлі оқиғалар ойлап табады.

Мұндай сабақтар баланың қиялын, тілін дамытады.

Бір басылымды сурет

Бір басылымды сурет (монотипия) – бұл целлофан немесе әйнекте бейнеленіп, соңынан қағазға көшірілетін сурет.

Бір басылымды сурет әдісімен салынған бейнелер балаға ғана емес, сондай-ақ оның ата-анасына да қуаныш сыйлайды.

Әдіс:

  • Целлофан немесе органикалық әйнек кесіндісіне субояқ жағу;

  • Жұмсақ целлофан бетінде қылқалам, мақта оралған сіріңке немесе саусаққа бояу жағып сурет салу (бояу қою және ашық түсті болғаны жөн);

  • Бояуды кеппей тұрып, целлофанға ақ қағазды беттестіріп қойып, қолмен сипау;

  • Қағазды көтеру.

Кейде бейне целлофанда, кейде қаағз бетінде қалады. Түсірілген бояу көлем мен оны сипау бағытына қарай әр түрлі бейнелер пайда болады.

Салют

Балалар «салют» деген жалғыз ауыз сөздің өзін естігенде қуаныш сезімін бастан кешіреді, ал оны қағазға бейнелеуге деген ұсынысты бірден қабыл алатыны сөзсіз. Бұл үшін:



  • Майлы бояуға (акварель) жуан қылқаламды батыру;

  • Оны қағазбен параллель бағытта ұстау;

  • Қылқаламды қағаз үстінде ары-бері жылжыта отырып, қарындаш немесе таяқшамен ақырын қағу.

Қағазға «түрлі-түсті от» тамшылайды. Бояу түсуін ауыстырып отыруға болады.Күндізгі «салюттің» әдемі бейнесі пайда болады.Түнгі «салютті» бейнелеу үшін:

  • Қағазға майлы пастельмен түрлі-түсті отты бейнелеу;

  • Бетті қара майлы юояумен бояу керек.

Пастельдің үстінен бояу жұқпайды, сондықтан бұл түрлі-түсті тамшының «сиқырлы» бейнесі балаға қатты ұнайды

Граттаж

Граттаж – бұл тырнау әдісі ( «граттаж» француз тілінен аударғанда grater – тырнау).

Балаға негізінен, жұмысқа даяр қағаз беріледі, алайда ересек жастағы балаға граттажға қағазды өз қолымен даярлау әр кезде қызықты болып табылады.Бұл үшін:

  • Қалың қағазға балаусыз немесе сабын жағу;

  • Үстінен жалпақ қылқаламмен қою бояу жағу;

  • Балаусыз жағылған қағазды бірнеше рет бояу керек.

Егер қағазға бояу жақсы сіңбесе, оған бірнеше тамшы сусабын (шампунь) қосу керек. Егер балаусыз немесе сабынды алдын ала боялған қағазға жақса, онда түрлі-түсті сурет пайда болады. Бояу кепкен соң ағаш таяқшамен, қалақшамен тырнап сурет салады.

Жұмыс алдында бала қандай «материалмен» жұмыс істейтінін білу үшін байқау парағы беріледі.

Балауызбен сурет салу

Балауызбен салынған сурет біріншіден көрінбейді, тек қағаздың бетінде түрлі – түсті бояулар жағылған соң, бейне пайда болады. Жұмыстың барысы:

  • Балауыз шаммен ақ қағазға сурет салу ( шырша, үй, балық, құс, жануарлар бейнесі);

  • Қылқаламмен, мақта немесе поролонмен бейненің үстінен бастыра бояу;

  • Суретке реңді тадау;

  • Парақты екіге бүктеп, екінші бөлігінде суреттің көшірмесі шыққанша қолмен ақырын сипау.

Балалар парақты ашып қарап, суреттің көшірмесі пайда болғанын көреді. Мысалы, теңіздің бетіндегі күн немесе тоғандағы ағаш бейнесі.

Далаппен сурет салу

Дәстүрден тыс әдістер жинағына ескі далаппен, лакпен, көз бояйтын теньмен сурет салуды жатқызуға болады (бірақ педагог өте мұқият, сақ болып, бұл заттарды бала қолы жетпейтін орынға қоюы керек).

Бала анасының косметика қолданғанын бақылағанды ұнатады. Әдетте, косметика қолдануға тыйым салынатындықтан, баланың өз анасының далабымен ойнауға деген құмары арта түседі. Сондықтан косметикалық құралдармен сурет салуды ұйымдастыру бала тілегінің орындалуына мүмкіндік тудырады және ол пайдалы іс болып саналады.


Өсімдіктермен бастыру әдісі

Гүлдер, шөптер, бұтақшалар, ағаштардың жапырақтары аталмыш әдіске қолдануға жарамды болып табылады.Әсіресе, жазғы уықытта табиғаттан бастыру құралдарын көптеп жинастыруға болады.

Бұл ретте реңді таңдап алу үлкен маңызға ие, себебі, түсті қағазда жапырақтар,өсімдіктер, олардың шеттері, өзек сызықтары анық көрінеді.

Гүлдер, шөптер, жапырақтар қыздырылған үтік арқылы немесе кітаптың арасына салынып кептіріледі (ең бастысы, қатты үгітіліп кетпеуі керек).

Өсімдікті:

  • Ескі газет бетіне орналастыру;

  • Оны гуашьпен бояу;

  • Бояуы бар жағымен даярланған реңге орналастыру;

  • Үстінде парақ қойып, қолмен жеке бастыру керек, бояу кеуіп кетпес үшін жұмыстың тез орындалғаны жөн.

Бастыру әдісі арқылы балалар ғажайып суреттер салады, гербарий жасап үлкендердің көмегімен әр өсімдіктің атын үлкен етіп баспа әріптермен жазады.

Жеке үлпілдек бұтақшалармен де суреттер салуға болады. Бұл, әсіресе, аңдарды бейнелеуде қолдануға ыңғайлы, олардың жүндері суретте ерекше қопсып көрінеді.Бұл әдісте бояу сұйықтау болғаны дұрыс.

Балалар таныс заттың өздері білмейтін қыры мен сырын ашқандарына және сурет салудың нәтижелі болғанына ерекше шаттанады.

Ашық сабақтар

Оқу іс-әрекет ақырыбы: Өрнек

Мақсаты: Үшбұрыштас пішінге өрнек түсіруге үйрету.

Міндеттері:Шығармашылық қиялдарын дамыта отырып, өрнектеу дағдыларын жетілдіру; дәстүрден тыс әдіс арқылы балалардың қызығушылықтарын арттыру; әсемдікке тәрбиелеу.

Керекті құралдар: ширма, қуыршақ-ханзада, ат, тауыс құсының аяқталмаған суреті, поролон, шөлмек қақпақтары, мақталы таяқшалар, гуашь, үшбұрыштас пішінді қағаздар.

Әрекет

кезендері

Педагогтың

іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық

қозғаушы

Іздену

Ұйымдастырушы

Жұмыс барысы

«Егерде мен...» ойынын ұйымдастыру.

Мақсаты: Балалардың ой-қиялын дамыту.

-Сендер қазір ертегілер еліне тап болдыңдар. Ертегіде мейірімді және зұлым сиқыршы кездеседі. Егер сендерге зұлым сиқыршы кезігіп сендерді кіп-кішкентай балаға айналдырып жіберсе не істер едіңдер? Ал үлкен дәу адамға айналдырса ше? Сендерге қандай болған ұнайды, неге?

Ойынды қортындылау.

Балалар тым кішкентай, тым үлкен болудың жақсы жақтары мен жаман жақтарын ашып айтудағы ықтимал жауаптары:

-Егер де мен кіп-кішкентай болсам барлық жерден кедергісіз өтіп кетуші едім, аз тамақ ішуші едім;

-байқамай біреу басып кетуі мүмкін;

-маса не қоңыз жеп қоюы мүмкін

-Егерде мен тым үлкен болса ешкімнен қорықпас едім, басқа қалаларға көліксіз барар едім.

-киім сыймайды, көп тамақ керек т.б

Балалар ханзаданың басынан кешкен оқиғасын мұқият тыңдап, ойланып мәселені шешу жолын ортаға салып ойларын айтады: қылқаламмен қарындаштың орнына таяқша, жапырақ ,мақта, ши қолдану

Суретті ұшақ, тікұшақ, желмен, үрлеу арқалы, әуе шарларымен ұшыруға болатындарын айтады. Қортынды шешім: әуе шарларымен ұшыруға тоқталады.

Бейнелеу құралдары орналасқан үстелге жайғасып, үлгі суретке байқау жүргізіп орындалу ретін тыңдайды.

Өздері өрнектеген пішіндерді естеріне түсіріп, қауырсынды өрнектеудегі өз ойларын айтады.

Таратылған үшбұрыштас пішінге поролон, шөлмек қақпақтары, мақталы таяқшалар арқалы гуашь бояуымен шығармашылықтарына сүйене отырып қиялдарынан өрнек түсіреді.

Бояуы кепкен қауырсынды Тауыс құсының суретіне (қалташаларына салып) орналастырады.

Тауыс құсын тамашалайды, әр қауырсыны бір –біріне ұқсамайтын ерекше екенін көрсетіп айтады. Хан тапсырмасының орындалуын көмектері тигендеріне өздерінің қуанышты екендерін білдіреді.

Ханзадамен қоштасады.

Ширма сыртынан аттың тұяғының дыбысы естіледі. Ширманы ашып келген қонақ-ханзадамен таныстыру. Ханзададан неге көңілсіз екенін сұрау. Ханзада әкесінің хан тәжіне ие болудағы берген 3 тапсырмасының 2-уін орындағанын айтады.

Ханзаданың әңгімесін тыңдап талқылау. Балалардан ханзаданың әкесінің берген 3-ші тапсырмасын орындауға көмектесулерін сұрау.

Тауыс құсының аяқталмаған суретін көрсету.

Мәселені шештіру:

Тауыстың құйрық қауырсындары бір біріне ұқсамайтын қарындашсыз, қылқаламсыз салынған өрнектен болуы керек және салынған сурет патша сарайына өзі ұшып баруы керек.

Балаларды бейнелеу құралдары даярланған үстелге жайғастыру.

Тауыс құсының ханзада салған қауырсынын үлгі ретінде қолданып жұмыс жолын көрсетіп, түсіндіру.

Өрнектеудің ережесін естеріне салу.

Көмек қажет еткен балаға жекелей бағыт бағдар беру.

Сергіту сәтін балалардың көңіл күйіне қарай өткізу: « Ақ түс аспан белгісі...»

Рефлексивті

түзетуші

Балаларға Тауыс құсының өрнекті қауырсындары арқылы қандай әсем құсқа айналғанын айтып тамашалату. Ханзадаға жасаған жақсылықтарын, өрнектеудегі жетістіктерін айтып мадақтау.

Ханзаданың мадақтауы мен алғысы, қош айтысуы



 



Оқу іс-әрекет тақырыбы:Ертегілік сарай

Мақсаты: Дәстүрден тыс граттаж әдіс арқылы сурет салу дағдыларын жетілдіру Үй, мекен жайлы түсініктерін кеңейтіп, көлемді үйдің суретін салуға үйретуді жалғастыру, Шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Сөздік қорларын молайтып, қол икемділіктерін шынықтыру;үлкеннің еңбегін қадірлеуге

тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар:Сарайларды бейнелеудің үлгі суреті; үшкір таяқшалар; қара түске боялған картондар; ойынға арналған түрлі-түсті дөңгелек картондар; аудиожазба.

Пәнаралық байланыс: айналаман таныстыру; тіл дамыту

Алдын ала жұмыс: Ғимараттар мен сәулет түрлерін байқату, сәулетші, құрылысшы, сылақшы мамандықтары туралы түсінік беру

Іс-әрекет түрлері

Педагогтың әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотивациялық оятушы

Ұйымдастыру ізденушілік

Сөздік жұмысы

Жұмыс барысы

Рефлексия-түзетуші

«Қандай түстер қосылды» ойынын ұйымдастыру

Мақсаты:Өткенді қайталап білімдерін бекіту

Шарты:тақтада қосымша түстер ілінген

Балалар қосымша түс қандай негізгі түстерден шыққанын тауып,дөңгелек картондарды берліген түстің астына бекітеді.

Ойындықортындылау.

«Бұл кім, үйі қайда?» ойынын ұйымдастыру

Мақсаты:Үй, мекен туралы түсініктерін кеңейту.

Шарты:Таспаға жазылған мультфильм үзінділерінң дыбысынан кейіпкерлерін дауысынан танып атайды. Суреттен мекендейтін жерін не үйін ажыратып көрсетеді.

Ойынды қортындылай отырып құрылыс жайлы әңгімеге ұластыру.

Балалар біздер яғни адамдар тұратын үйлерді кімдер тұрғызады?

сәулетші-архитектор, жоба-проект, құрылысшы-строитель, сылақшы-моляр сөздерін қайталау

Ең әсем сәулетті үйлерді қайда кездестіреміз.Сәулетті үйлер мен сарайлардың суреттерін көрсету.Алдына ала жұмысты естеріне түсіру, ертегідегі патша сарайлары қандай болады.

Ғимараттардың күндізгі және түнгі көрінісін салыстыру.

Астанадағы ханшатыры-күндізігі және түнгі көрінісі

Ендеше суретіміз әдемі сәулетіміз әсем шығу түнгі көріністе суреттейік, ол үшін граттаж тәсілімен сурет саламыз.

Тырнау арқылы бейнелеудің ережесін естеріне түсіру.

Балаларды білім іскерлік деңгейіне қарай бөлу.

-Сылақшылар дайын сарайлардың терезе есіктерін істейді, бояйды.

-Құрылысшылар жобаға (үлгі-суретке) сүйене отырып сарайды бейнелейді.

-Сәулетшілер өз ойларынан жаңа сарай жобалап, бейнелейді.

Балаларға өз жұмыстарын талдатып, бағалату.

Кемшіліктерін атау,жетістіктерін айтып, мадақтау, үлгі ету.

- Балалар бүгін үйлерді яғни сарайларды қандай тәсілмен бейнеледік?.

-Келесіде үй салғанда тағы қандай әдіспен бейнелегілерің келеді?


Берілген қосымша түстер негізіндегі түстерді тауып тақтаға іледі, дәлелдейді.

Кейіпкерді дауысынан

танып суреттен оның мекенін(ұясы,іні,апаны,үйі)тауыпкөрсетеді.

Балалар құрылыс жайлы өздері білетіндерін ортаға салады.

Үйді кімдер тұрғызатыны туралы айтып,құрылысшы, сәулетші, сылақшы мамандықтарына сипаттама береді.

Сөздерді қайталап, дұрыс айтуға жаттығып,есте сақтайды.

Балалардың ықтимал жауаптары: Астанада мультфильмдерде, Павлодарда, Алматыда, ертегілерде т.б

Суреттер бойынша өз ойларын ортға салады

Граттаж тәсілімен сурет ережесін естеріне түсіреді.

Үш негізгі түс арқылы үш үстелге бөлініп отырады.

Әр үстел өз мамандығы бойынша жұмыс жасап, тапсырмаларды орындайды.

Өз жұмыстарын бағалайды.

Граттаж-тырнау әдісі

Өз тілектерін білдіреді.